553
Subscribers
-324 hours
-97 days
-1730 days
Posts Archive
553
Өзім күткен әрекетті өзгеге істедім.
Өзгенің істегенін өзіне қайтармадым.
Жүрегімнен ұялдым…
553
…Болмақ емес ешқашан соңы кештің,
Мұң теңізі — махаббат,
Соны кештім…
Неге сүйдім?
Білмеймін!
Не үшін сүйдім?!
Айта алмаймын…
Неліктен өліп-өштім?
553
– Әлемде қаншама тіл бар, солардың қайсы ең әдемі екен?
– Ең әдемісі – махаббат тілі…
…және саған сенің тіліңде сөйлейтін адам жолығуын тілеймін. Солай болсын. Өміріңнің соңғы күніне дейін жаныңның не қалайтынын адам тіліне аудару машақатынан құтылғайсың!..
553
Жақсы болса алғаның,
Жарық сәуле шырағың.
Жайлауындай өмірдің,
Жайлы қоныс тұрағың.
Жақсы ағайын жігітке,
Жағысады туыстай.
Жақсы құдаң бар болса,
Сыйласады суыспай.
Жақсы бажа, бөлемен,
Бір демалыс, тыныстай.
Жақсы жезде апаңмен
Еркелетер ұрыспай.
Өз балаңнан кем емес,
Жақсы болса күйеуің.
Шаршағанда шалдығып,
Нағашы бір сүйеуің.
Адал туған жиенің,
Жұлынындай жүйенің.
Арамза болсаң аулақ кет,
Маңына келме — тілеуім!..
553
Кешегі сарбаздардың қазасы біздің дәстүрден алшақ екенімізді көрсетті.
Біз қазаны солай естіртетін бе едік?
Хан Абылайға Бөгенбай батырдың қазасын Үмбетей жырау толғанып отырып жеткізген.
Сөз жетпенді саз жеткізген. “Ақсақ құлан” фольклордағы бар үлгі.
Қорғаныс министрі тікелей жауапты адам. Әскери қимыл тез шешім қабылдап, жауапкершілікті ала білуді қажет етпейтін бе еді? Министр хабарды ести сала Маңғыстаудан табылу керек еді. 14 сарбаздың мәйітін өзі бас болып көтеріп шығару керек еді моргтен. Әр шаңыраққа өзі бас болып барып, бірінші “соққыны” алу керек еді. Талап кетпейді ғой оны “тылда” “тығылып” отыратындай! Үндеуінің өзі азалы күннің кешінде бірақ шықты. Әскери адамға қатқылдық керек безбүйрек қаттылық емес. Азалы күн бітті. Бірақ азалы жүрек ше? Оған не дауа?..
553
Бүгін көкемізді жерледік.
Атамның елу төрт жасында көрген кенжесі.
Олар 17 еді.
Екеуі ғана қалды.
Ағасы мен апасы.
Әкемнен қалған соңғы көз солар…
553
Бола ма өзі бұлай, ә?!
Сыздады жүрек мұңая.
“Елім!” — деп кеткен ұлдарың,
Кебіндеп қайтты-ау, Құдая!..
Сайманды сарбаз, сауытты,
Еңіреттің-ау халықты…
Тербетті теңіз кеудесі,
Бесікті емес, табытты!..
Таусылдым бүгін.
Қуыспын.
Қысылдым.
Біттім.
Бүрістім.
Толқын боп ұрды-ау жағаға,
Зарлаған үні туыстың…
Жүректі жыртты қаралы үн,
Тағдыр-ау ащы-ақ талағың!
Бәріңді басам бауырыма,
Амалым қанша!
Амалым?!.
Қыркүйек, 2026
553
Балаларының қазасын мәйітхана қоршауының ар жағынан сыдыртып оқи салу деген…
Жүрек бар ма өздерінде?
Не деген сорақылық…
553
Тұрсағаң “құлағын” мойнына асып алыпты.
Қария көрген әркім-ақ бұл жайға жылы күле қарар. Менің атам да осы “құлағын” жоғалтып отыратын. Аппарат кейдегісін шыңылдап мазаны алады. Сондайда шешеді де, артынан “бармысың бауырымға” түлген жұрт боп кірісеміз))
Атамыз сондай ізденіске түспеудің оңтайлы жолын тауыпты)) ғалым ғой қайткенмен…)
553
Тұрсағаң “құлағын” мойнына асып алыпты.
Қария көрген әркім-ақ бұл жайға жылы күле қарар. Менің атам да осы “құлағын” жоғалтып отыратын. Аппарат кейдегісін шыңылдап мазаны алады. Сондайда шешеді де, артынан “бармысың бауырымға” түлген жұрт боп кірісеміз))
Атамыз сондай ізденіске түспеудің оңтайлы жолын тауыпты)) ғалым ғой қайткенмен…)
553
Кеше ұстаздың асында бір емес бірнеше адамның аузынан естіген бір сөз болды.
Ол: “Тоқсан жыл ғұмыр кешіп бір жаманшылығын көрсетпей өткені, артынан ізгілік қага қалдырғаны қандай ғажап…” — болды.
Ойлап қарасам ол шынында әзиз ғұмыр сүрген екен. Көңілге қарап тұратын. Жұмсақ сөйлейтін. Күлімдеп жүретін. Көзінің нұры таймаған, жанының жұпары сейілмеген күйі Раббысына қайтты.
Бүгін ғой біз жүрегіміз тыныш болса, жанымыз жүдемесе деп нендей істерге барып жатамыз. Өз қорқынышымызды аттай алмай қиындықтарға жол береміз. Ал ол бар ғұмырында кісі көңілін ойлап өтті. Көңіл көлеңкесінде Алланың рахманы бар деп білді…
553
Телегей тегіз көңілге орап, дүниеге сыймас сезімге бөлеп, бірде балаша алды-артын ойлаттырмай алақайлай қуантып, бірде қарттарша дүниенің ақырын кештіре аһ ұрызып, солай бола тұра үміттің жібін үзбей келе жатқан Жап-жарық дүнием!
Ақталмаса да адалдықтың ақ көрпесіне орап, айтпаса да айшықты сезініме сеніп, дәл Өзіне келгенде шексіз күтіп, дәйім түсініп, ғұмыр бойы бағалап өтетін болдым…
