555
Підписники
-124 години
+97 днів
+2630 день
Архів дописів
555
Тағы 5 минутқа бөгелші…
(Мен Сені сүйем)
Мен Сені күтіп алам
(Мен Сені сүйем)
Концертке екі билет алдым
(Мен Сені сүйем)
Бұл кітапта Сен барсың…
(Мен Сені сүйем)
Қарашы мынаған
(Мен Сені сүйем)
Тоқташы, суретке түсіріп алайын
(Мен Сені сүйем)
Бірге барайық
(Мен Сені сүйем)
Сен келгенге тапсырысты ұзақ күтпеу үшін жеңіл тамақ алдыртып қойдым…
(Мен Сені сүйем)
555
Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деп дұға жасап жүрген екен: "Бисмиллаһ, Уа, Алла Тағалам! Аяғымның сүрінуінен және сүріндірілуінен, адасудан және адастырылудан, әділетсіздік жасаудан және әділетсіздікке ұшыраудан, дөрекі қылық жасаудан және дөрекілікке ұшыраудан САҒАН сыйынамын" (Имам Әбу Дәуіт, Әдеп, 102).
Жұма қабыл болсын!
555
Шашыңның әр талында,
Сезімнің аяты бар.
Тәпсірлеп тарқадым да,
Сәтімді боядым әр.
Ештеңе жасамай-ақ,
Рең бердің күйіме қанық.
Кірпігің — асатаяқ,
Қаққанда — дүние жарық.
Шерім де тарқағандай,
Шөлім де қанғандайын.
Кетерсің қайталанбай,
Жолың ғой бар маңдайым.
Қолымда барлығы бар —
Несіне таусыламын.
Сен менің алда ұғынар,
Сабағым я сынағым…
Шілде, 2026
555
29 жастағы Шерхан Аймахан өз кінәсін мойындамағаны былай, марқұм Нұрай Серікбайдың өзін айыптады.
Есіңізде болса сотталушы марқұмға 35 рет пышақ салынған.
Оны 4 адвокат қорғап отыр.
Сөз жоқ.
555
Біздің ешбірімізге алдағы он, жиырма, бес, болмаса бір жылда, тіпті ертең не боларын алдын ала білу бұйырмаған. Біз өзімізді іштей алдап, “бұның бізге ешқандай қатысы жоқ, бұл бізді айналып өтеді” - десек те, ештеңе бізді айналып өтпейді. Ерте ме, кеш пе бәрібір болады. Осындайда ең бастысы кейінге қалдырмай, дәл осы шақта «мен сені жақсы көрем» деп, яки кешірім сұрап, татуласып, сүйіп үлгеру керек.
Махаббаттың кері сипаты - жек көру емес, немқұрайлылық. Сұлулықтың кері сипаты - бұл көріксіздік емес, немқұрайлылық. Сенімнің кері сипаты-адасушылық емес, немқұрайлылық. Сол сияқты өмірдің керісінше сипаты - өлім емес, сол өмірге де, өлімге де немқұрайлы қарау. Шын өлімнен ертерек немқұрайлылықтан, енжарлықтан, парықсыздықтан өліп кетуге болады.
Эли Визель, Нобель сыйлығының лауреаты
555
Адам алдана білмесе,
кеп-келте ғұмырында басынан кешіретін сан-сапат тауқымет пен азапқа бір күн де төзе алмас еді. Көңілдің қорғанышы — алданыш.
Әбіш Кекілбайұлы
555
+1
Ойлашы, сенің каналыңнан жұмыс үстелінде тұрған қалам салғыштың ұсқынсыздығын көріп этетикалық қалам салғышты оған қоса бір тамаша кітапты сыйлайды…
555
Сәби мінезді еркем-ай, керім,
Жарқын ізеттім, көркемім дедім.
Дара көңілді кең пейілдім-ай,
Ұлпадай жайсаң мөлтеңім менің.
Тағдырдың қапас ауыр сынағын,
Айпара ашқан сәуір шуағым.
Хаһиқи, адал айдай сұлуым,
Өтірік, өсекпен жала, шылығын,
Өңшең өлімтік қара сұғының,
Түгін тазартар жанашырымын!
Сұраған Рахметұлы (Пушкиннен)
555
Осы отырғанда бұрынғы ақсақалдарды сағынып отырмын.
Сөзі мірдің оғындай, көзі мерген, белі бүгіліп бара жатса да еңсесі биік еді сол жарықтықтардың.
Қиқары да болды арасында. Сөйлесе дүйім жұртты аузына қаратқаны да болды. Қабағымен жалпақ жұртты ығатынын да көрдім мен. Екі-ақ куыз сөзімен орып түсіретін де бар еді олардың арасында.
Неге олар сондай болды да бүгінгілерден бата сұрасаң тілек айтады?.. Айтары жоқ па? Байқары болмады ма?
Ақсақалдыққа да дайын бару керек екен…
