uz
Feedback
Ұшқын

Ұшқын

Kanalga Telegram’da o‘tish
553
Obunachilar
-324 soatlar
-97 kun
-1730 kun
Postlar arxiv
Сен ауырма!.. Сен ауырсаң, Ауырар бүкіл ғалам! Сен ауырсаң, Күн сөніп, Аспан жылап, Жер шары боп кеудеңде лүпіл қағам!..

Бұлшықетіңді қалай жаттықтырсаң әр сәтке қуана білуге де солай жаттық. Әйтпесе ол да атрофияға ұшырайды.

Бүгін адам, ертең топырақ. Бір уыс құм болғаныңда біреудің көкейіне құйыласың да өкініш атанасың. Жұтындырмай жүдетесің. Енді біреудің жүрегіне құйыласың да сағыныш атанасың. Әр соққан сайын сарғайтасың. Ал басқалардың етегіне жабыссаң жабыстың. Уақыт өткенде кеуіп үйкелеумен кете саласың. Өмір дегенің осы, айналайын…

Repost from N/a
photo content

Жылылық іздедім жүректен, Іңкәрлік іздедім көңілден…

Таң…
Таң…

Өзім күткен әрекетті өзгеге істедім. Өзгенің істегенін өзіне қайтармадым. Жүрегімнен ұялдым…

Намазға есті жығылса — Маңайын жарық қылады. Намазға есер жығылса — Маңдайын жарып тынады.

…Болмақ емес ешқашан соңы кештің, Мұң теңізі — махаббат, Соны кештім… Неге сүйдім? Білмеймін! Не үшін сүйдім?! Айта алмаймын… Неліктен өліп-өштім?

Жүрегіме түскен жараның бірде біреуін жауларым салған жоқ…

– Әлемде қаншама тіл бар, солардың қайсы ең әдемі екен? – Ең әдемісі – махаббат тілі… …және саған сенің тіліңде сөйлейтін адам жолығуын тілеймін. Солай болсын. Өміріңнің соңғы күніне дейін жаныңның не қалайтынын адам тіліне аудару машақатынан құтылғайсың!..

Жақсы болса алғаның, Жарық сәуле шырағың. Жайлауындай өмірдің, Жайлы қоныс тұрағың. Жақсы ағайын жігітке, Жағысады туыстай. Жақсы құдаң бар болса, Сыйласады суыспай. Жақсы бажа, бөлемен, Бір демалыс, тыныстай. Жақсы жезде апаңмен Еркелетер ұрыспай. Өз балаңнан кем емес, Жақсы болса күйеуің. Шаршағанда шалдығып, Нағашы бір сүйеуің. Адал туған жиенің, Жұлынындай жүйенің. Арамза болсаң аулақ кет, Маңына келме — тілеуім!..

Дұғаммен құшақтадым 🤍

Кешегі сарбаздардың қазасы біздің дәстүрден алшақ екенімізді көрсетті. Біз қазаны солай естіртетін бе едік? Хан Абылайға Бөгенбай батырдың қазасын Үмбетей жырау толғанып отырып жеткізген. Сөз жетпенді саз жеткізген. “Ақсақ құлан” фольклордағы бар үлгі. Қорғаныс министрі тікелей жауапты адам. Әскери қимыл тез шешім қабылдап, жауапкершілікті ала білуді қажет етпейтін бе еді? Министр хабарды ести сала Маңғыстаудан табылу керек еді. 14 сарбаздың мәйітін өзі бас болып көтеріп шығару керек еді моргтен. Әр шаңыраққа өзі бас болып барып, бірінші “соққыны” алу керек еді. Талап кетпейді ғой оны “тылда” “тығылып” отыратындай! Үндеуінің өзі азалы күннің кешінде бірақ шықты. Әскери адамға қатқылдық керек безбүйрек қаттылық емес. Азалы күн бітті. Бірақ азалы жүрек ше? Оған не дауа?..

Бүгін көкемізді жерледік. Атамның елу төрт жасында көрген кенжесі. Олар 17 еді. Екеуі ғана қалды. Ағасы мен апасы. Әкемнен қалған соңғы көз солар…

Тудың өзі тұғырында тұрмай төмендегені қандай ауыр…

Бола ма өзі бұлай, ә?! Сыздады жүрек мұңая. “Елім!” — деп кеткен ұлдарың, Кебіндеп қайтты-ау, Құдая!.. Сайманды сарбаз, сауыт
Бола ма өзі бұлай, ә?! Сыздады жүрек мұңая. “Елім!” — деп кеткен ұлдарың, Кебіндеп қайтты-ау, Құдая!.. Сайманды сарбаз, сауытты, Еңіреттің-ау халықты… Тербетті теңіз кеудесі, Бесікті емес, табытты!.. Таусылдым бүгін. Қуыспын. Қысылдым. Біттім. Бүрістім. Толқын боп ұрды-ау жағаға, Зарлаған үні туыстың… Жүректі жыртты қаралы үн, Тағдыр-ау ащы-ақ талағың! Бәріңді басам бауырыма, Амалым қанша! Амалым?!. Қыркүйек, 2026

Балаларының қазасын мәйітхана қоршауының ар жағынан сыдыртып оқи салу деген… Жүрек бар ма өздерінде? Не деген сорақылық…

photo content

Әр кітаптан Сені ғана табамын, Әр Өлеңнен Сені ғана оқимын…