ar
Feedback
Ұшқын

Ұшқын

الذهاب إلى القناة على Telegram
554
المشتركون
+224 ساعات
+97 أيام
+2530 أيام
أرشيف المشاركات
Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деп дұға жасап жүрген екен: "Бисмиллаһ, Уа, Алла Тағалам! Аяғымның сүрінуінен және сүріндірілуінен, адасудан және адастырылудан, әділетсіздік жасаудан және әділетсіздікке ұшыраудан, дөрекі қылық жасаудан және дөрекілікке ұшыраудан САҒАН сыйынамын" (Имам Әбу Дәуіт, Әдеп, 102). Жұма қабыл болсын!

Шашыңның әр талында, Сезімнің аяты бар. Тәпсірлеп тарқадым да, Сәтімді боядым әр. Ештеңе жасамай-ақ, Рең бердің күйіме қанық. Кірпігің — асатаяқ, Қаққанда — дүние жарық. Шерім де тарқағандай, Шөлім де қанғандайын. Кетерсің қайталанбай, Жолың ғой бар маңдайым. Қолымда барлығы бар — Несіне таусыламын. Сен менің алда ұғынар, Сабағым я сынағым… Шілде, 2026

Жұмекен Нәжімиденовтың сырмағы
Жұмекен Нәжімиденовтың сырмағы

Мен жыласам бола ма?

Бар дейді ғой махаббат жер бетінде…

photo content

29 жастағы Шерхан Аймахан өз кінәсін мойындамағаны былай, марқұм Нұрай Серікбайдың өзін айыптады. Есіңізде болса сотталушы марқұмға 35 рет пышақ салынған. Оны 4 адвокат қорғап отыр. Сөз жоқ.

Қағазға жазбаған қаламдарды да тастауға қимадым, Маңдайға жазбаған адамдарды да…

Біздің ешбірімізге алдағы он, жиырма, бес, болмаса бір жылда, тіпті ертең не боларын алдын ала білу бұйырмаған. Біз өзімізді іштей алдап, “бұның бізге ешқандай қатысы жоқ, бұл бізді айналып өтеді” - десек те, ештеңе бізді айналып өтпейді. Ерте ме, кеш пе бәрібір болады. Осындайда ең бастысы кейінге қалдырмай, дәл осы шақта «мен сені жақсы көрем» деп, яки кешірім сұрап, татуласып, сүйіп үлгеру керек. Махаббаттың кері сипаты - жек көру емес, немқұрайлылық. Сұлулықтың кері сипаты - бұл көріксіздік емес, немқұрайлылық. Сенімнің кері сипаты-адасушылық емес, немқұрайлылық. Сол сияқты өмірдің керісінше сипаты - өлім емес, сол өмірге де, өлімге де немқұрайлы қарау. Шын өлімнен ертерек немқұрайлылықтан, енжарлықтан, парықсыздықтан өліп кетуге болады.    Эли Визель, Нобель сыйлығының лауреаты

Адам алдана білмесе, кеп-келте ғұмырында басынан кешіретін сан-сапат тауқымет пен азапқа бір күн де төзе алмас еді. Көңілдің қорғанышы — алданыш. Әбіш Кекілбайұлы

Ойлашы, сенің каналыңнан жұмыс үстелінде тұрған қалам салғыштың ұсқынсыздығын көріп этетикалық қалам салғышты оған қоса бір т
+1
Ойлашы, сенің каналыңнан жұмыс үстелінде тұрған қалам салғыштың ұсқынсыздығын көріп этетикалық қалам салғышты оған қоса бір тамаша кітапты сыйлайды…

Бетпақтықты намыс көретіндер-ай…

Әкем-ау, күлші. Сүйші. Сенші…

Сәби мінезді еркем-ай, керім, Жарқын ізеттім, көркемім дедім. Дара көңілді кең пейілдім-ай, Ұлпадай жайсаң мөлтеңім менің. Тағдырдың қапас ауыр сынағын, Айпара ашқан сәуір шуағым. Хаһиқи, адал айдай сұлуым, Өтірік, өсекпен жала, шылығын, Өңшең өлімтік қара сұғының, Түгін тазартар жанашырымын! Сұраған Рахметұлы (Пушкиннен)

photo content

Осы отырғанда бұрынғы ақсақалдарды сағынып отырмын. Сөзі мірдің оғындай, көзі мерген, белі бүгіліп бара жатса да еңсесі биік еді сол жарықтықтардың. Қиқары да болды арасында. Сөйлесе дүйім жұртты аузына қаратқаны да болды. Қабағымен жалпақ жұртты ығатынын да көрдім мен. Екі-ақ куыз сөзімен орып түсіретін де бар еді олардың арасында. Неге олар сондай болды да бүгінгілерден бата сұрасаң тілек айтады?.. Айтары жоқ па? Байқары болмады ма? Ақсақалдыққа да дайын бару керек екен…

Жүдә, осылай өз сөзің өз алдыңнан шығып тұрады))
Жүдә, осылай өз сөзің өз алдыңнан шығып тұрады))

Бір жарық мекен байқала ма алдан?

Еламан Саған ғана төгіліп тоят табам, Жынды болам, Данадай ой ақтарам. Егер менің өмірім өлең болса, Әр тармағым өзің боп аяқталам. Күнге орайсың жанымның бұрыштарын, Саған айтсам жазылар құрыш жаным. Егер менің өмірім ара болса, Бал жинайтын өзіңсің гүлстаным. Желкен болсам желдейсің жетелеген, Қарызым бар өзіңде өтемеген. Егер менің өмірім маса болса болмай-ақ та ызыңдап кете берем!.. Көтересің барлығын, Мейірбансың, Еттен емес алтыннан құйылғансың. Егер менің өмірім ұя болса, Бақ құсы боп адаспай бұйырғансың. Көктемдейін өзіңмен күзім кешкен, Ырыс дарып басыма қызыр көшкен. Егер менің өмірім тоқтап қалса, Өзің болып жалғасам үзілместен… Шілде, 2026