529
Подписчики
+124 часа
-37 дней
+430 день
Архив постов
529
Алматы. Жып-жылы жаңбыры
Жанына ол қыздың ұнайтын.
Ал оның тағдыры, жан-мұңы
Жарысып жаңбырмен жылайтын.
Ақ нөсер астында тұратын,
Оларда ұқсастық бар шығар.
Бір-бірін тек үнсіз ұғатын.
Тамшыға қосылып тамшылар.
Қарайтын тамшының көзіне
Себебі, тым жақсы көретін.
Мөп-мөлдір моншаққа өзі де
Айналып кеткісі келетін...
Қалқаман Сарин
529
Көбелектер — мына жалғандағы ең өткінші, ең көркем жаратылыс. Олар белгісіз бір жақтан келіп, ештеңе сұрамай, қысқа ғана ғұмырын үнсіз өткізеді де, кейін біздің әлемге мүлде ұқсамайтын басқа бір әлемге қалықтап кете баратындай…
Харуки Мураками
529
«Баққа балама» дейсің,
Ауырсам қайтем?..
«Артқа қарама» дейсің,
Сағынсам қайтем?..
«Кешірші мені» дейсің,
Сезімді қайтем?..
«Өшірші мені» дейсің,
Өзімді қайтем?..
«Бақытқа лайықсың!» дейсің,
Сен емес пе едің?..
Оралмас ғажайып күйсің,
Елемес те едім…
529
Сырғиды қолға тұрмай уақыт-сынап,
Алматы – жүрегіме жақұт тұрақ.
...Қорланын қорықпай-ақ жырға қосқан
Менен де Естай ақын бақыттырақ.
529
Аты еді Ұзынағаш ауылының,
Сүйетін ағашының бауырын күн.
Желегі желмен ойнап ұқтырады
Бағасын сағынудың, зарығудың...
Уже доступно! Исследование Telegram 2025 — ключевые инсайты года 
