566
Subscribers
No data24 hours
-57 days
+1030 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+5
in 0 channels
August '26
+43
in 2 channels
Get PRO
July '26
+45
in 1 channels
Get PRO
June '26
+44
in 0 channels
Get PRO
May '26
+38
in 0 channels
Get PRO
April '26
+11
in 0 channels
Get PRO
March '26
+25
in 0 channels
Get PRO
February '26
+20
in 0 channels
Get PRO
January '26
+64
in 1 channels
Get PRO
December '25
+36
in 1 channels
Get PRO
November '25
+31
in 2 channels
Get PRO
October '25
+33
in 1 channels
Get PRO
September '25
+12
in 1 channels
Get PRO
August '25
+13
in 1 channels
Get PRO
July '25
+15
in 2 channels
Get PRO
June '25
+17
in 1 channels
Get PRO
May '25
+22
in 1 channels
Get PRO
April '25
+35
in 3 channels
Get PRO
March '25
+40
in 3 channels
Get PRO
February '25
+49
in 2 channels
Get PRO
January '25
+59
in 1 channels
Get PRO
December '24
+63
in 3 channels
Get PRO
November '24
+61
in 2 channels
Get PRO
October '24
+75
in 0 channels
Get PRO
September '24
+29
in 2 channels
Get PRO
August '24
+43
in 2 channels
Get PRO
July '24
+51
in 1 channels
Get PRO
June '240
in 5 channels
Get PRO
May '240
in 2 channels
Get PRO
April '240
in 2 channels
Get PRO
March '24
+1
in 2 channels
Get PRO
February '24
+19
in 1 channels
Get PRO
January '24
+275
in 5 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 07 September | 0 | |||
| 06 September | +1 | |||
| 05 September | 0 | |||
| 04 September | +2 | |||
| 03 September | +1 | |||
| 02 September | 0 | |||
| 01 September | +1 |
Channel Posts
| 2 | Мен үйлі болған болған достарыма “Әй, жарықтық, кешкісін үйге бара сала “шаршадым!” деп шалқайып жатпай, әйел, бала-шағаңа көңіл бөл! Намаз қандай парыз болса, әйелге ықылас қою, баланы тәрбиелеу сондай парыз! Деңгейлес екеуі. Өлгеніңше мойныңнан түспейді. Жұмыс, шаршау сылтау емес. Әйелің де шаршайды дәл сендей. Бақ, тәрбие бер, көңіл бөл!” — деп қақылдаймын да отырамын.
“Өзің үй болғанда көреміз” — дейді олар менің сөзіме мезі боп.
Бұйрығы болса көреді ғой. Бірақ бүгіннен балаларыма кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін қай кітапты бірінші оқып беруім керектігін, классикалық туындылармен қай кезден таныстыруым керектігін ойластырып қойдым. Ертегілер әрине бірден айтылады… Қызыма жазылған хаттардың легі бар. Мен оларды шама келгенде әлеужеліге телміртпеуге тырысам.
Құдай алдына құлшылығымды бұлдап бармаспын. Балаларыма барымды берсем далада қалмаспын… Хәкім айтпақшы: “өзің жаман болсаң балаңның оқыған құранынан не пайда? Өзің жақсы болсаң, кім саған құран оқымайды?..” Өзімнің жақсылығым жеткіліксіз. Шамам келгенше балаларым да жақсы болсын деп шақылауым керек… | 45 |
| 3 | Николай Цискаридзенің “Менің үйімде “қонаққа арналған ыдыс”, “тойға киетін киім” я “шығарда киілетін киім” болған жоқ. Біз бар жақсы дүниені бірыңғай пайдаландық. Ең жақсы ыдыс-аяқ үстел үстенде күнделікті қолданылды. Ең әдемі киім күнделікті киілді. Өмірді дәл қазір сүру керек. Әрдайым әдемі киіну керек…” — деген сұхбатын естіп қалдым.
Ғажап қой, байқайсыздар ма? Біз тіпті орындықтың өзін қаптап қоямыз ғой. Сырт киімді күнделікті кию қайдан…
Болашақта отбасымда мұндай дүниелер болмайды деп шештім. Бар жақсы бүгін пайдаланылып, бүгін киіледі. Сүйген жарым мен сүйікті балаларым үшін “ертең киер” дүние болмайды.
Өмірдің салтанатты сәтін күтпей, әр сәтті салтанатты өткіземіз. | 45 |
| 4 | Бүгінгі біздің ішіп жүрген шайымыз шай деуге келмейтініне көз жетті, көңіл сенді ал… | 70 |
| 5 | Мұхтар Мағауин мен Болат Атабаевтың еңбек пен талантқа қатысты айтқан ойлары қатты ұқсайды екен.
Мағауин журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында: «Адам үнемі еңбектеніп жүруі керек. Еңбекпен бабын табады. Ал баппен бірге бағы жанады», – деген еді.
Атабаев та еңбек пен талантқа қатысты өзгеше бір ой айтыпты. Назар салып қойсаңыздар:
«Адам кәсіби мамандықтың биігіне жету үшін «Я хочу, я знаю, я умею» деген үш әрекетті жасау керек. «Я хочу» – мотивация. Ішкі қажеттілік. «Я знаю» – білім. «Я умею» – операция. Навыки. Дағды. Сол білгенді тоқи білу. Осы үшеуі бір адамның бойынан табылмаса, мамандық биігіне шығамын деп ойламай-ақ қойыңдар.
Марқұм Асқар Тоқпанов қайтыс болар алдында бір ай төсегінің басында отырдым. Ол кісінің дәрістерін тыңдамағанмын. Бірақ кәсібилігіне тәнті болдым. Сол кісі айтып еді: «Бұл өмірде бақытты болу үшін үш үлкен дүние керек: сүйікті жұмыс, сүйікті жар, адал дос».
Дүниеде осы үшеуіне бірдей жеткен адам бар ма деп сұрағанымда: «Карл Маркс», – деп жауап берді. Шынында да, Карл сүйікті жұмысын тапты. «Капиталды» жазды. Фабрикант, теорик досы Фридрих Энгельс көп көмектесті. Жазушы досы үшін ақшасын аямады. Әйелі Женни Маркс бес бала туып берді. Өлгенше қасында болды. Әйелі күйеуін «Еркектің төресі» деп санады.
Сосын Тоқпановтан: «Осы үшеуінің қайсысын таптыңыз?» – деп сұрадым. «Сүйікті жұмысымды», – деді.
Жоғарыда айтқан үш формула бір адамда кездеспесе, талант күйінде ғана қаласыңдар. Талантты адам көп. Талант дегеніміз – Құдайдың бергені. Талантқа білім қосылмаса, таусылып қалады. Ішкі қажеттілікпен толтырып отыру керек. Таланты біткен адам арақ ішеді. Сосын талантын күтіп отырып, жан-жағына ойран салады. Арақ деген – допинг. Сондықтан еңбек пен білім керек». | 88 |
| 6 | “Құлындарым, ештеңеден қорықпаңдар, қол ұстасып, жарассаңдар болды. Өызметтеріңізге дайынбыз…” — деді құдағилардың бірі.
Ба-аар, әнеки аналар… | 91 |
| 7 | Оқу өз алдына, оқығаныңды тоқу керек. Миға, парастқа, тәрбиеге қонбаған білім, білім емес. | 101 |
| 8 | Қырғыз еліндегі Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында көрсетілген хореографилық қимыл, анығында түп бабаларымыздың танымдық биі, әлеужеліде қайталанып, тез тарап жатыр.
Не десе де ғажап көрініс. Ұлттық код жүрек түбінен қайта үн қатқандай… | 103 |
| 9 | No text... | 111 |
| 10 | My name is Ira Levinson.
I’m an ordinary man who fell in love with an extraordinary woman.
Around this room you will see some beautiful and priceless works of art.
Ruth had an incredible eye for talent, while I only had eyes for her.
For me, the great joy of collecting wasn’t in the art itself, but in the person I collected it with.
My beloved Ruth.
The happiness these paintings brought her was immeasurable.
And sharing that happiness was the great privilege of my life.
We celebrated, we achieved.
We endured, we compromised.
And above all, we loved.
The true work of art was the longest ride Ruth and I shared.
This thing called life.
There’s not a painting here I wouldn’t trade in a heartbeat to hear her voice, or see her smile, just one more time.
Signed, Ira Levinson.
The Longest Ride, 2015 | 113 |
| 11 | Махаббаттың басқа атауы — өміріңнің соңына дейін жаныңның не қалайтынын адам тіліне аудару машақатынан құтылу. | 1 |
| 12 | Айналамда Сен жоқсың, бірақ мен Сені ғана айналып жүрмін… | 15 |
| 13 | Дәл осы айда мен Сені шексіз сағынам.
Есіңде ме, Тәңір өзі жарылқап, Тағдыр өзі жолықтырған еді Сені маған… | 113 |
| 14 | Сен қалай есіңе алмай жүрсің мені,
ойламай: “Жүр-ау, - деп, - тек құр сүлдері”.
Жаныңды жүдетпей ме сүйіктіңнің
күндіз-түн сені ойлаумен күрсінгені.
Жоқ әлде уақыт таппай жүрсің бе оған,
болмаса жасырдың ба шын сырды одан?
Шындықтан сескенесің несіне сен:
адамдар білсін бәрін, білсін қоғам.
Білем: жүр өшкендей боп арай-нұрың,
жылатып жүрегіңді қамайды мұң.
Қалыпқа жұрт сиятын сыймаушы ең ғой,
бұл күнде шыдап жүрсің қалай, күнім?
Фариза | 213 |
| 15 | Құрар Құрылтайды құрдық. Сәтін салсын Жаратқан ендігісіне.
Құрметті Әділет партиясынан сайланған 110 депутат, сіздер өтсін деп баспаған тау, шықпаған төбе қалмады, алған орындарыңыз құтты болғай, бірақ ел ішінде қалған мына біздің қасықтап жиған абыройды айрандап төкпеңіздер!.. Шамаларыңыз жеткенше адам боп қалыңыздар ал!.. | 186 |
| 16 | Қырғыз елінде өткен көшпенділер ойынының салтанаты көздің жауын алады.
Ғаламат көрініс.
Көрші ағайынның ұлттық қолөнерді де өз деңгейінде сақтап қалғанын ерекше бағалаймын. Олар ұлттық киімдегі, төсек-орындағы, жасау-жоралғыдағы ою-өрнектің үлгісін жөнімен қолданып келеді. Пашан-қамзолдеріндегі көркемдік деңгейі көп-көрім-ақ. Бізде бұл жолды Ғазизаның “Елтересі” мен Айжан апайдың “Зерлеуі” ғана дұрыс ұстанған. Әуелгісі ескі нұсқаны заманауи үлгіде қайтарумен айналысып жатса, кейінгісі алтындап зерлеу техникасын жаңғыртты. Ал кейінгі бренд шығарғыштардың шапан үлгісін түсінбей-ақ қойдым. Бағасы да удай боп тұр. Бағасы арзанын алайын десең біздің үлгі емес. Болмаса қытай мен түркиенің тіккені. Исі шықпайды қазақтың… | 172 |
| 17 | …Жақындай бере:
– Ал, енді,
Тоқтама, – дедім, – тарт! – дедім,
Шапқылап ала жөнелді
Арқалап шағын портфелін.
Емірендім сол сәт, егілдім,
Сезінсін қайдан сотқарың:
Алғашқы жүгін өмірдің
Арқалап бара жатқанын!..
Әбдіраштың Жарасқаны
Білім күні құтты болсын! | 166 |
| 18 | Жүректің қағысын қалыпқа түсіргендейміз.
Енді қол-аяқтың ұйығаны басылса…
Ертең мезгіл ауысады.
Есағаң “жаңа жыл қыркүйекте болу керек” дейтін.
Туар айда тынысымыз да түзелер.
Тұрмысыз да түзелер… | 169 |
| 19 | Қара жолға тасырқатпай тұяқты,
Арам ойдан айырыл да сүй ақты.
Досқа адал болу үшін адамға,
Алдыменен ұят керек сияқты.
Досбол Беласаров | 165 |
| 20 | Көп адам түзелу деген өзіңді жек көруден басталады деп ойлайды. Өз-өзіңе қатал болуды – шынайылық, ал қатігездікті – күш деп қабылдайды. Бірақ нәпсі жек көрумен түзелмейді, ол даналықпен тәрбиеленеді.
Әһлу Сүннет жолында тәртіп деген – өзіңмен соғысу емес, өзіңді дұрыс бағытқа салу. Хазіреті Имам Ғазали (қ.с.) нәпсіні жылқыға теңеген: жүгендемесең – тулап кетеді, ал тізгіндеп отырсаң – сені мақсатыңа жеткізеді. Жылқыны қамшылай бергеннен жүйрік болмайды, баптағаннан жүйрік болады. Сол сияқты нәпсіні әлсізсің деп сөкпейді, қайта Аллаға қарай сапар шегу үшін күшейтеді.
Тәртіп – соқыр шектеу емес, саналы таңдау. Мекерлігіңе ерік бермей арыдағы абыройды ойлау. Тыйылу, бойұсыну оңайлықпен келмейді. Себебі оның артында несібелі сый тұр.
Көп адам қателессе, «ауырсынсам ғана түзелемін» дегендей, өзін іштей жазалап тастайды. Бірақ үмітсіздік – Аллаға апаратын жол емес. Хасан әл-Басри айтқан: момын адам нәпсісін балаға білім үйреткендей сабырмен, қайталаумен, жұмсақтықпен жетелейді, жазғыру арқылы емес.
Біреуге ашумен жауап бермей қалған кезіңде, сен өзіңді тұншықтырып жатқан жоқсың – өзіңді кейінгі өкініштен сақтап тұрсың. Шаршап тұрсаң да намазға тұрғаның – өзіңді қинау емес, өзіңді биікке тәрбиелеу.
Тәртіп – құлшылық. Өйткені ол әр жолы өз қалауыңнан гөрі Алланың разылығын таңдауың. Әр жасырын нәпсіні жеңген сайын, оның билігі әлсірейді, жүректің нұры күшейеді.
Мәселе нәпсімен күресуде емес. Мәселе – оны махаббатпен, дұрыс ниетпен істейсің бе, әлде өзіңді жек көріп істейсің бе? Өзін тәрбиелеуді қорлық емес, құрмет деп түсінген адам тәртіптің тұзақ емес, еркіндікке апарар жол екенін ұғады. | 191 |
