fa
Feedback
Ұшқын

Ұшқын

رفتن به کانال در Telegram
554
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-57 روز
-1430 روز
آرشیو پست ها
Таң…
Таң…

Өзім күткен әрекетті өзгеге істедім. Өзгенің істегенін өзіне қайтармадым. Жүрегімнен ұялдым…

Намазға есті жығылса — Маңайын жарық қылады. Намазға есер жығылса — Маңдайын жарып тынады.

…Болмақ емес ешқашан соңы кештің, Мұң теңізі — махаббат, Соны кештім… Неге сүйдім? Білмеймін! Не үшін сүйдім?! Айта алмаймын… Неліктен өліп-өштім?

Жүрегіме түскен жараның бірде біреуін жауларым салған жоқ…

– Әлемде қаншама тіл бар, солардың қайсы ең әдемі екен? – Ең әдемісі – махаббат тілі… …және саған сенің тіліңде сөйлейтін адам жолығуын тілеймін. Солай болсын. Өміріңнің соңғы күніне дейін жаныңның не қалайтынын адам тіліне аудару машақатынан құтылғайсың!..

Жақсы болса алғаның, Жарық сәуле шырағың. Жайлауындай өмірдің, Жайлы қоныс тұрағың. Жақсы ағайын жігітке, Жағысады туыстай. Жақсы құдаң бар болса, Сыйласады суыспай. Жақсы бажа, бөлемен, Бір демалыс, тыныстай. Жақсы жезде апаңмен Еркелетер ұрыспай. Өз балаңнан кем емес, Жақсы болса күйеуің. Шаршағанда шалдығып, Нағашы бір сүйеуің. Адал туған жиенің, Жұлынындай жүйенің. Арамза болсаң аулақ кет, Маңына келме — тілеуім!..

Дұғаммен құшақтадым 🤍

Кешегі сарбаздардың қазасы біздің дәстүрден алшақ екенімізді көрсетті. Біз қазаны солай естіртетін бе едік? Хан Абылайға Бөгенбай батырдың қазасын Үмбетей жырау толғанып отырып жеткізген. Сөз жетпенді саз жеткізген. “Ақсақ құлан” фольклордағы бар үлгі. Қорғаныс министрі тікелей жауапты адам. Әскери қимыл тез шешім қабылдап, жауапкершілікті ала білуді қажет етпейтін бе еді? Министр хабарды ести сала Маңғыстаудан табылу керек еді. 14 сарбаздың мәйітін өзі бас болып көтеріп шығару керек еді моргтен. Әр шаңыраққа өзі бас болып барып, бірінші “соққыны” алу керек еді. Талап кетпейді ғой оны “тылда” “тығылып” отыратындай! Үндеуінің өзі азалы күннің кешінде бірақ шықты. Әскери адамға қатқылдық керек безбүйрек қаттылық емес. Азалы күн бітті. Бірақ азалы жүрек ше? Оған не дауа?..

Бүгін көкемізді жерледік. Атамның елу төрт жасында көрген кенжесі. Олар 17 еді. Екеуі ғана қалды. Ағасы мен апасы. Әкемнен қалған соңғы көз солар…

Тудың өзі тұғырында тұрмай төмендегені қандай ауыр…

Бола ма өзі бұлай, ә?! Сыздады жүрек мұңая. “Елім!” — деп кеткен ұлдарың, Кебіндеп қайтты-ау, Құдая!.. Сайманды сарбаз, сауыт
Бола ма өзі бұлай, ә?! Сыздады жүрек мұңая. “Елім!” — деп кеткен ұлдарың, Кебіндеп қайтты-ау, Құдая!.. Сайманды сарбаз, сауытты, Еңіреттің-ау халықты… Тербетті теңіз кеудесі, Бесікті емес, табытты!.. Таусылдым бүгін. Қуыспын. Қысылдым. Біттім. Бүрістім. Толқын боп ұрды-ау жағаға, Зарлаған үні туыстың… Жүректі жыртты қаралы үн, Тағдыр-ау ащы-ақ талағың! Бәріңді басам бауырыма, Амалым қанша! Амалым?!. Қыркүйек, 2026

Балаларының қазасын мәйітхана қоршауының ар жағынан сыдыртып оқи салу деген… Жүрек бар ма өздерінде? Не деген сорақылық…

photo content

Әр кітаптан Сені ғана табамын, Әр Өлеңнен Сені ғана оқимын…

Тұрсағаң “құлағын” мойнына асып алыпты. Қария көрген әркім-ақ бұл жайға жылы күле қарар. Менің атам да осы “құлағын” жоғалтып
Тұрсағаң “құлағын” мойнына асып алыпты. Қария көрген әркім-ақ бұл жайға жылы күле қарар. Менің атам да осы “құлағын” жоғалтып отыратын. Аппарат кейдегісін шыңылдап мазаны алады. Сондайда шешеді де, артынан “бармысың бауырымға” түлген жұрт боп кірісеміз)) Атамыз сондай ізденіске түспеудің оңтайлы жолын тауыпты)) ғалым ғой қайткенмен…)

Тұрсағаң “құлағын” мойнына асып алыпты. Қария көрген әркім-ақ бұл жайға жылы күле қарар. Менің атам да осы “құлағын” жоғалтып
Тұрсағаң “құлағын” мойнына асып алыпты. Қария көрген әркім-ақ бұл жайға жылы күле қарар. Менің атам да осы “құлағын” жоғалтып отыратын. Аппарат кейдегісін шыңылдап мазаны алады. Сондайда шешеді де, артынан “бармысың бауырымға” түлген жұрт боп кірісеміз)) Атамыз сондай ізденіске түспеудің оңтайлы жолын тауыпты)) ғалым ғой қайткенмен…)

Кеше ұстаздың асында бір емес бірнеше адамның аузынан естіген бір сөз болды. Ол: “Тоқсан жыл ғұмыр кешіп бір жаманшылығын көрсетпей өткені, артынан ізгілік қага қалдырғаны қандай ғажап…” — болды. Ойлап қарасам ол шынында әзиз ғұмыр сүрген екен. Көңілге қарап тұратын. Жұмсақ сөйлейтін. Күлімдеп жүретін. Көзінің нұры таймаған, жанының жұпары сейілмеген күйі Раббысына қайтты. Бүгін ғой біз жүрегіміз тыныш болса, жанымыз жүдемесе деп нендей істерге барып жатамыз. Өз қорқынышымызды аттай алмай қиындықтарға жол береміз. Ал ол бар ғұмырында кісі көңілін ойлап өтті. Көңіл көлеңкесінде Алланың рахманы бар деп білді…

Телегей тегіз көңілге орап, дүниеге сыймас сезімге бөлеп, бірде балаша алды-артын ойлаттырмай алақайлай қуантып, бірде қарттарша дүниенің ақырын кештіре аһ ұрызып, солай бола тұра үміттің жібін үзбей келе жатқан Жап-жарық дүнием! Ақталмаса да адалдықтың ақ көрпесіне орап, айтпаса да айшықты сезініме сеніп, дәл Өзіне келгенде шексіз күтіп, дәйім түсініп, ғұмыр бойы бағалап өтетін болдым…