cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Ұшқын

Більше
Рекламні дописи
261
Підписники
Немає даних24 години
+17 днів
-230 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
Махаббатты сақтау үшін үнемі өсіп, үнемі рухани жоғарылап отыр. Тәніңді тәрбиелемесең, жаныңды тазаламасаң, ақылыңды көбейтпесең махаббат та тоқтау судай тобарсиды. Махаббат үшін де күнделікті күрес, қарапайым еңбек керек. Бексұлтан Нұржекеұлы
Показати все...
🔥 9 3🍓 2
Үміт ағаштың жапырағы іспетті. Сәті келгенде бұйырмаған дүние өзінен өзі үзіліп түседі. Көңіл одан ортаймайды. Қайта күреңденіп, қоңырланып, ана-мынаған елеңдемейтін бір сарабдал күйге қарай көшеді. Ал Сенім ағаштың тамырындай болады. Жапырағынан жалаңаштанып, сәні мен салтанатынан ажырап, құр бұтағын қаһарлы қыстың аязы қанша қарып, ызғарлы желі қанша сырқыратса да тамыры тереңге кеткен ағаш түр бермейді. Сол Сенім жоғалған күні ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақ не, тамыры өлген ағаш не - бірдей… Ал тамыр мен жапырақтың арасы, діңгегі - махаббат. Тамырың шірісе махаббатыңды бөле алмайсың, жапырағың жайқалмайды. Өзің де қуыстанасың, өзгеге де берерің болмайды…
Показати все...
14🍓 2
Қазақтың қазақ болып, елдің ел боп кетуіне бір ғана тұлға емес, бір мүддені ұстанған бірнеше тұлға әсер еткенін ұмытпаған жөн. Хәкім Абайдың “Единицасы” бір-ақ тұлға емес. Тұлғалық келбет. Яки болмыстың кемелене жетуі. Олар әр салада бірнешеуден шықса ғана елдің елдігі, ұлттың ұлыстығы білінеді.
Показати все...
7🍓 2🔥 1
Кеселдің тағы бірі - тұлғаны кіршіксіз деп ойлау. Пайғамбарлық сипатын тым әсірелеу немесе пенделік сиқын тым жарнамалау. Алғашқысын елбасына қолдандық. Кейінгісінен Сәбит Мұқанов шыға алмай тұр. Бірақ қайсы бірін айтсаң да бір қазаққа жететұғын еңбегі бар. Тым әсіренің кесірінен екеуінің де құты қашып тұр-ақ!.. Түсінер жан бар ма?!
Показати все...
6🍓 2
Бізден қалмай келе жатқан үлкен бір дерттің алды - жершілдік. Солтүстіктегісі - сұлтаным, Оңтүстіктегісі - оғланым, Шығыстағысы - шынарым, Батыстағысы - батырым дейтін жан бар ма. Бір бүйрегі еліне бұрып тұрады да өз елінен болмаса өзегі өртінбейтін ағалар бар. Болмаса бір тұлғаның туын тіктеймін деп тұғырына басқа тұлғаны сап қоятыны тағы бар. Олардың бірі болмаса бірі шырақ боп жанбайтын ай мен күндей екенін, оларды бөліп-жармай, кемсітпей, кемітпей қарау керек екенін қашан ұғамыз?..
Показати все...
4🍓 2
Сыйлық жасау үшін валентин емес махаббат керек))
Показати все...
🤣 4🍓 3 2😍 2
Бұл жалғанда әкең аман жүрге - жаныңа жайлы. Анаң аман жүрсе - жүрегіңе жайлы. Өңменіңнен өтер желді де, миыңды шағар жер сызын да, мына тірліктің тынысы кең дүние емес тұлғаңды тоғытар тор екенін де оның тар екенін де әкең мен шешең өткенде түсінесің. Неше күннен бері ештеңеге бейіл де жоқ, бейім де жоқ. Салың суға кеткендей, жаның жүдеп Жаратқаннан тілеу тілегеннен басқа амал жоқ екен. Адам не деген әлсіз?.. Адам не деген бейшара?..
Показати все...
💔 12🍓 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Шешем менің еңкейіп бара жатыр…
Показати все...
💔 13🍓 2
Показати все...
🍓 5
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Өзімде ең ұлы ақын сезініп жүрген кезім. Сөйтсеееем…))
Показати все...
9🤣 4🍓 1