fa
Feedback
DALA INSIDE

DALA INSIDE

رفتن به کانال در Telegram

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

نمایش بیشتر

📈 تحلیل کانال تلگرام DALA INSIDE

کانال DALA INSIDE (@dalainside) در بخش زبانی قزاقی بازیگری فعال است. در حال حاضر جامعه شامل 10 502 مشترک است و جایگاه 17 881 را در دسته اخبار و رسانه‌ها و رتبه 854 را در منطقه كازاخستان دارد.

📊 شاخص‌های مخاطب و پویایی

از زمان ایجاد در невідомо، پروژه رشد سریعی داشته و 10 502 مشترک جذب کرده است.

بر اساس آخرین داده‌ها در تاریخ 25 اوت, 2026، کانال فعالیت پایداری دارد. در ۳۰ روز گذشته تغییر اعضا برابر -135 و در ۲۴ ساعت گذشته برابر -4 بوده و همچنان دسترسی گسترده‌ای حفظ شده است.

  • وضعیت تأیید: تأیید نشده
  • نرخ تعامل (ER): میانگین تعامل مخاطب 35.18% است و در ۲۴ ساعت نخست پس از انتشار، محتوا معمولاً 14.69% واکنش نسبت به کل مشترکان کسب می‌کند.
  • دسترسی پست‌ها: هر پست به طور میانگین 3 695 بازدید دریافت می‌کند. در اولین روز معمولاً 1 543 بازدید جمع‌آوری می‌شود.
  • واکنش‌ها و تعامل: مخاطبان به‌طور فعال حمایت می‌کنند؛ میانگین واکنش به هر پست 69 است.

📝 توضیح و سیاست محتوایی

نویسنده این فضا را محل بیان دیدگاه‌های شخصی توصیف می‌کند:
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

به لطف به‌روزرسانی‌های پرتکرار (آخرین داده در تاریخ 26 اوت, 2026)، کانال همواره به‌روز و دارای دسترسی بالاست. تحلیل‌ها نشان می‌دهد مخاطبان به‌طور فعال با محتوا تعامل دارند و آن را به نقطه اثرگذاری مهم در دسته اخبار و رسانه‌ها تبدیل کرده‌اند.

10 502
مشترکین
-424 ساعت
-387 روز
-13530 روز
آرشیو پست ها
Көліктер істен шығып, жүргізушілер шығынға батуда. Энергетика министрлігі бұған дейін қайда қарады? Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізушілер АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтып, жаппай шағымдануда. Бірінде қозғалтқыш тұрақсыз жұмыс істей бастаған, енді бірі көлігін жөндеуге жүз мыңдаған теңге жұмсауға мәжбүр болған. Сонда жанармай сапасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдар осы уақытқа дейін не істеді? Энергетика министрлігі мәселе қоғамда резонанс тудырып, жүргізушілерден көптеген шағым түскеннен кейін ғана Павлодар мұнай-химия зауытында тексеру жүргізіп, бензиннен сынама ала бастаған. Сонда сапаны бақылау жүйесі тек көліктер бұзылып, халық шығынға батқаннан кейін ғана іске қосылды ма? Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әзірге мәселенің нақты себебі анықталмағанын мәлімдеді. АЗС өкілдері зауытқа сілтейді, ал зауыт өз өнімінің сапасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Осы аралықта қарапайым жүргізуші нақты жауапсыз қалып отыр. Егер сараптама нәтижесінде көліктердің бұзылуына сапасыз бензин себеп болғаны дәлелденсе, бірнеше маңызды сұрақ туындайды.
- Кім жауап береді? - Жүргізушілердің шығынын кім өтейді? - Сапасыз жанармайдың АЗС-ке дейін жетуіне кім жол берді? - Ең бастысы, мұндай жағдайды алдын ала анықтауы тиіс бақылау жүйесі неге жұмыс істемеді?
Бұл жерде мәселе бір партия бензинде ғана емес. Мәселе - жанармай сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанында. Халық көлігі істен шыққаннан кейін тексеру жүргізу бақылау емес, салдармен күресу деп айтар едік. Енді Энергетика министрлігі тек бензиннің қайдан шыққанын анықтап қана қоймай, неге бұл жағдайдың алдын алмағанын да қоғамға түсіндірсін. https://t.me/dalainside

Қош бол, Бендер-Аббас? АҚШ-тың Иранды оқшаулау операциясы Қазақстанның мұхитқа шығу жоспарын бұзып отыр АҚШ Иранға қарсы «Economic Outcast» атты жаңа экономикалық науқан бастап кетті. Енді Вашингтон үшінші елдер мен шетелдік компанияларға да ескерту жасап отыр. Иран экономикасының санкцияға түскен салаларымен жұмыс істегендер АҚШ қаржы жүйесіне қолжетімділігін жоғалтуы мүмкін. Жаңа қысым ең алдымен қаржы, технология, алтын, авиация және теңіз тасымалына бағытталған. Дәл осылардың ішінен Қазақстанға теңіз тасымалы бағыты ауыр тиеді. Себебі, біздің Иранның Парсы жағалауындағы Бендер-Аббас портында терминал салуымыз теңіз тасымалы категориясына жартылай еніп тұр.
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside

✋ Қош бол, Бендер-Аббас? АҚШ-тың Иранды оқшаулау операциясы Қазақстанның мұхитқа шығу жоспарын бұзып отыр АҚШ Иранға қарсы «Economic Outcast» атты жаңа экономикалық науқан бастап кетті. Енді Вашингтон үшінші елдер мен шетелдік компанияларға да ескерту жасап отыр. Иран экономикасының санкцияға түскен салаларымен жұмыс істегендер АҚШ қаржы жүйесіне қолжетімділігін жоғалтуы мүмкін. Жаңа қысым ең алдымен қаржы, технология, алтын, авиация және теңіз тасымалына бағытталған. Дәл осылардың ішінен Қазақстанға теңіз тасымалы бағыты ауыр тиеді. Себебі, біздің Иранның Парсы жағалауындағы Бендер-Аббас портында терминал салуымыз теңіз тасымалы категориясына жартылай еніп тұр.
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside

🔥 Құрылтайға жаңа адамдар керек. "Ескі Қазақстанның" кейіпкерлеріне ол жерде орын жоқ Журналист Самал Ибраева өз телеграм арнасына ондаған жылдар бойы Парламенттен шықпаған өкілдердің менмендік пен тәкаппарлық ауруына шалдыққаны мен мұндай ескі кодтың жаңа заманға мүлде келмейтінін жазады. Самал Ертісбаевтың тонына дәл назар аударды. Саяси бәсеке қатты болуы мүмкін, пікірталас өткір болуы мүмкін. Бірақ оппонентті кемсіту мен интеллектуалдық үстемдік көрсету басқа нәрсе. Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті бұдан арылуы тиіс.
"Перуашевтің «Штрафстан» деген сөзіне қатысты да ойланатын нәрсе бар. Елдегі проблеманы сынау бір бөлек, ал мемлекетті сырт көзге кемсітетін атаумен таңбалау бір бөлек. Саясаткер айтқан әр сөзінің елдің ішкі аудиториясына ғана емес, сыртқы имиджіне де әсер ететінін түсінуі керек".
Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес, адамдарында болуы тиіс. Қазақстанға енді бұрынғы саяси сахнаның мәңгілік кейіпкерлерін қайта-қайта айналдыра беру емес, жаңа саяси элита қалыптастыру маңызды. Құрылтай шын мәнінде жаңарудың институтына айналғысы келсе, онда оның ішінде де жаңа Қазақстанның адамдары отыруы керек. https://t.me/dalainside

🪎 Теңге Еуропа мен Азиядағы ең мықты валюта атанды Қазақстан теңгесі 2026 жылы Еуропа мен Азиядағы ең табысты валютаға айналды. Financial Times мәліметінше, жыл басынан бері ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 9,7%-ға нығайған. Бұл көрсеткіш бойынша теңге екі құрлықтағы барлық валютаны басып озды. Британ басылымы теңгенің күшеюін мұнай бағасымен емес, ең алдымен Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына шетелдік капиталдың жаппай келуімен байланыстырады. Бір жылдың ішінде шетелдік инвесторлардың теңгемен шығарылған мемлекеттік облигациялар портфелі шамамен $2 млрд-тан $5 млрд-қа дейін өскен. Қазір олардың үлесі ішкі мемлекеттік қарыз нарығының 10%-ына жуықтап қалды. Шетелдік инвесторларды Қазақстанға бірнеше фактор тартып отыр. Біріншіден, елдегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер теңгелік активтердің кірістілігін тартымды етеді. Екіншіден, Қазақстан халықаралық агенттіктерден инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингін сақтап отыр. Бұл көптеген ірі институционалдық қорлар үшін принципті мәселе: олардың мандаты рейтингі төмен елдердің облигацияларына ақша салуға мүмкіндік бермейді. Financial Times келтірген ING экономисі Дмитрий Долгиннің бағалауынша, теңгенің биылғы нығаюы сауда балансынан гөрі капитал ағындарымен көбірек байланысты. Яғни қазіргі бағамға экспорттық түсімнен бөлек, Қазақстанның қаржы нарығына кіріп жатқан шетелдік ақша елеулі қолдау көрсетіп отыр. Бұл процесті алдағы уақытта Euroclear одан әрі күшейтуі мүмкін. Қазақстан теңгемен шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық Euroclear есеп айырысу жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде әлемдік инвесторларға қазақстандық облигацияларды сатып алу, сақтау және саудалау әлдеқайда жеңілдейді. FT дерегінше, осы жоспар жарияланғаннан кейін капитал ағыны айтарлықтай жандана түскен.
Ендігі үлкен мақсат — Қазақстанның мемлекеттік облигацияларын JPMorgan GBI-EM дамушы елдердің халықаралық облигациялық индексіне енгізу. Егер Қазақстан осы индекске кірсе, қазақстандық қағаздарға сұраныс тағы өсуі ықтимал. Себебі әлемдегі көптеген ірі инвестициялық қорлар активтерін дәл осындай индекстерге сүйеніп бөледі.
Қазақстанға тек портфельдік капитал емес, тікелей инвестициялар да қайта келе бастаған. Financial Times бірінші тоқсанда тікелей шетелдік инвестиция көлемінің $6,3 млрд-қа дейін қалпына келгенін атап өтеді. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы мұнаймен шектелмей, көлік дәліздеріне, цифрлық және технологиялық инфрақұрылымға қарай ауысып келеді. Бұл Қазақстан үшін маңызды өзгеріс. Теңге бұрын көбіне мұнай бағасына тәуелді валюта ретінде қабылданса, енді оған халықаралық капитал нарығындағы сұраныс та ықпал ете бастады. Қазақстанның ішкі мемлекеттік қарыз нарығы біртіндеп жаһандық инвесторлар үшін жеке инвестициялық активке айналып келеді. https://t.me/dalainside

🟣🟣🟣🟣🟣 Заң мен тәртіп, еңбек пен жауапкершілік – әлеуметтік норма болуы тиіс «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай теледебаттың қорытынды сөзінде заң мен тәртіпті сақтау, еңбекті бағалау, білім мен ғылымды дамыту және қоғамдық жауапкершілікті күшейту қажеттігін айтты. Ол жастарды қолдауға, қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға және әлеуметтік әділетсіздікке жол бермеуге басымдық берілетінін атап өтіп, азаматтарды 23 тамызда №1 «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Экраннан да, эфирден де - өз дауысымыз Сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталғанда, көбіне мінберден жаттанды сөздерді оқитын кәсіби дикторлар мен жалдамалы актерлердің дауысын естуге үйреніп қалғанбыз. Алайда «Әділет» партиясы бұл жолы мүлдем басқа жолды таңдады. Олар жасандылықтан бас тартып, басты назарды шынайылыққа бұрды. Бұл науқанның басты кейіпкері де, дауысы да - партияның өз кандидаттары. Олардың көбі үшін кәсіби түсірілім алаңы мен үнді жазу студиясы мүлде жаңа әлем болса да, сайлаушылармен тікелей, өз атынан тілдесуді жөн көрді. Өйткені айтылған әр сөз бен берілген әр уәденің артында шақырылған актер емес, ертең осы бастамалар үшін жауап беретін нақты адам тұруы керек. Осылайша, әр бейнеролик пен радиоэфирден түрлі өңір мен әр салада жүрген азаматтардың өз үні шықты. Қоғам белсендісі Еділ Хамза, «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров, атом саласының маманы Бекжан Әлімқұлов, заңгер Айжан Аймағанова мен журналист Ульяна Әшімова экраннан ойларын бүкпесіз жеткізсе, қаржыгер Ренат Бектұров радио толқынында үн қатты. Науқан тек қысқа үндеулермен шектелмей, адам тағдыры арқылы ашыла түсті. Деректі фильмдер сериясында параспортшы Айсұлу Сүлейменова, аграрлық саланың майталманы Геннадий Зенченко, балалар құқығын қорғаушы Динара Закиева, эколог Шынасыл Ерназар, белсенділер Серік Есматов пен Аят Сүгірбай, заңгер Үнзила Шапақ пен журналист Ирина Тен өздерінің өмірлік жолын, нендей шешімдер мен сезімдер оларды саясатқа алып келгенін жайып салды. Тіпті құқық қорғаушы Гүлзира Атабаеваның күресі комикс кейіпкерінің оқиғасы ретінде жаңа қырынан суреттелді. Медиаштаб жетекшісі Әлия Адамбаева атап өткендей, бұл жай ғана түсірілім емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіну. Бағдарламаның әрбір тармағын оны әзірлеген, оған сенетін және ертең жүзеге асыратын жандардың өз аузынан есту - шынайы сенімге жасалған батыл қадам болды.

🚜 Қазақстан калий импортына тәуелділіктен арылуға шешуші қадам жасады Қазақстан агрохимиядағы ең осал тұсын жабуға кірісті. Елде азот пен фосфор тыңайтқыштары өндірілгенімен, калийдің 100%-ы әлі күнге дейін импортталады. Қазіргі ішкі қажеттілік жылына шамамен 14 мың тонна болып отыр. Бірақ парадокс мынада. Қазақстанның өзінде 6,6 млрд тоннадан астам расталған калий тұзының қоры бар. Негізгі база Сәтимола, Шалқар және Жилян кен орындары болып табылады. Яғни ондаған жыл бойы өз жерімізде жатқан стратегиялық шикізатты сырттан сатып алып келгенбіз.
Енді осы дисбаланс жойылғалы тұр. Батыс Қазақстандағы Сәтимола кен орнында Qazaq Kalium ірі тау-кен байыту кешенін салып жатыр. Жобаға шамамен $2,4 млрд инвестиция қарастырылған, өндірістің басталуы 2028 жылдың басына жоспарланған.
Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін» түгел өз ішінде өндіруге мүмкіндік алады. Әсіресе қуаңшылық пен топырақтың тұздануы күшейген жағдайда калий егіннің климаттық стресс пен ауруларға төзімділігі үшін стратегиялық маңызға ие. Оның үстіне ішкі нарықтың өзі тез өсіп келеді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемі 2023 жылғы 679 мың тоннадан 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Ең қызығы Қазақстанға тек өзін қамтамасыз ету жеткіліксіз болуы мүмкін. Сәтимола секілді қорлар толық игерілсе, ел калий импорттаушыдан экспорттаушыға айналып, Қытай мен басқа да ірі аграрлық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Осылайша, бізде бұрыннан бар 6,6 млрд тонна шикізат енді экономикалық активке айналғалы тұр. Қазақстанның калийге импорттық тәуелділігі әзірге аяқталған жоқ. Бірақ оны түбегейлі жоятын өндірістік база қазір салынып жатыр. 2028 жылдан бастап агрохимиядағы соңғы импорттық «ақтаңдақтың» жабылуына нақты мүмкіндік бар. https://t.me/dalainside

«Болашақты бірге құрамыз»: «Әділет сөзі» жобасында ел тұрғындары не айтты? «Әділдік деген не?» деген қарапайым сауалға әр қазақстандық өзінше жауап берді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған ашық микрофонда жиналған пікірлердің басты лейтмотиві - адалдық, жаңа технологиялар және әлеуметтік теңдік болды. Ален Бейсенбеков:
«Біз әділ қоғамда өмір сүруге лайықтымыз, ол үшін ең алдымен өзімізге адал болуымыз керек. Менің арманымдағы Қазақстан - жасанды интеллект дамыған, IT саласы озық, тіпті аэротаксиі бар заманауи мемлекет».
Махаббат Мусина:
«Ата-анам кішкентайымнан "сенімді ақта, әр ісіңе адал бол әрі жауапкершіліктен қорықпа" деп үйретті. Мен үшін әділдік осы қарапайым қағидалардан тұрады».
Қатысушылар ел дамуын білім сапасы, тұрақты жалақы, лайықты зейнетақы және әр азаматтың жеке жауапкершілігімен байланыстырады. Партия бұл ұсыныстарды тек қалада ғана емес, аймақтарды аралап жүрген мобильді керуендер мен цифрлық платформалар арқылы да жинап, сайлауалды бастамаларына арқау етуде. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

⛽️ Қашаған дауы Вашингтонға жетті. ExxonMobil Қазақстаннан қорғануда Конгресс лоббиін қоса бастағанға ұқсайды Қашаған төңірегіндегі миллиардтаған долларлық дау енді халықаралық арбитраж шеңберінен шығып, Вашингтондағы саяси деңгейге көтеріліп барады. DALA INSIDE дереккөзі NCOC-дің америкалық акционері ExxonMobil корпорациясының Қазақстан билігінің үстінен Ақ үйге шағымданып, өзінің ықпал арналарын іске қоса бастағанын ескертеді. Оған себеп жеткілікті. ICIJ жариялаған жаңа тергеуде Қазақстан Қашағанды игеру кезінде жасалған жалпы сомасы 10,7 млрд доллар болатын келісімшарттарға күмән келтіріп отырғаны айтылды. Астана кейбір контрактілерде баға қолдан көтерілген, мүдделер қақтығысы болған және жемқорлық тәуекелі бар деп есептейді. Бұл талап Қашаған бойынша Қазақстан қойып отырған шамамен 160 млрд доллар көлеміндегі үлкен арбитраждық даудың бір бөлігі. Мәселенің өзегі қарапайым. Қашағандағы PSA моделі бойынша инвесторлар әуелі жұмсаған шығынын мұнай есебінен қайтарып алады. Шығын неғұрлым көп болса, Қазақстанның толыққанды табысқа шығуы соғұрлым кешігеді. Сондықтан Астана қазір ондаған жыл бұрын жазылған миллиардтаған долларлық шығынның қаншасы шын мәнінде негізді болғанын қайта тексеріп жатыр.
"ExxonMobil үшін бұл өте ауыр прецедент. Оның үстіне америкалық компания Қашағанды одан әрі кеңейтуге ондаған миллиард доллар инвестиция салуға дайын екенін білдірген, бірақ мұны қазіргі даулардың шешілуімен байланыстырып отыр. Яғни бір жағынан Қазақстан өткен шығындар үшін есеп сұрайды, екінші жағынан ExxonMobil болашақ инвестицияны келіссөз құралы ретінде ұстап отыр", - дейді, дереккөз.
Chevron мен ExxonMobil бұған дейін КТК мәселесінде АҚШ билігінің саяси ресурсымен жұмыс істей алатынын көрсетті. Енді дәл сондай механизм Қашаған бойынша да іске қосылып жатқанға ұқсайды. Алайда Қазақстан бұл жолы позициясын қатайтып отыр. NCOC-қа экологиялық талаптар бойынша бірнеше миллиард долларлық санкциялар қойылды, активтеріне шектеу салынды, ал негізгі дау халықаралық арбитражда жалғасуда. Астана енді бұрынғы ойын ережесін түгел қайта қарауда. Егер Қазақстан Қашағандағы миллиардтаған долларлық шығындардың бір бөлігін заңсыз немесе негізсіз деп дәлелдей алса, бұл тек өтемақы мәселесі болмайды. Бұл Қашағаннан түсетін болашақ табыстың бөліну моделін де өзгертуі мүмкін. Сондықтан ExxonMobil-дың Вашингтонды іске қосуы бекер емес. Қашаған үшін негізгі шайқас енді Атырау облысынан Вашингтон округына ауысты. DALA INSIDE бұл тартыстың қалай өрбитінін бақыламақ👇 https://t.me/dalainside

Мәди Мырзағараев: Әділетсіздікке нүкте қоямыз Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында Jibek Joly телеарнасында командалық теледебат аяқталды. Пікірталасқа «Әділет» партиясының атынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев қатысты. Дебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі». Теледебаттың бірінші кезеңінде Мәди Мырзағараев заң үстемдігі, сот пен құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі, мемлекеттік органдардың ашықтығы және азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі партияның ұстанымын таныстырды. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

🚀 Киев КТК-ны Patriot-қа алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырғанға ұқсайды Жабық есік жағдайындағы соңғы отырыстан кейін, Украина бұдан былай Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына тиіспеуге түпкілікті гарантиясын толық растаған. Дәл сол кезде Patriot әуе қорғанысы жүйесі бойынша келіссөздер алға жылжып, Вашингтон Киевке аса қажет болып тұрған компоненттерді бірнеше партиямен беруге келіскені туралы ақпарат пайда болды. Осы аптада Украина Қара теңіздегі танкерлерге рұқсат беру алгоритмін пысықтап, іске қоспақ. Сонда қазақ мұнайын тасымалдау қауіпсіз бола түседі.
Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді.
Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты. КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді. Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды. Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс. DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇 https://t.me/dalainside

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады.
«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер бірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде.
Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

«Әділет» тағы да көш бастады: екінші теледебаттың қорытындысы «Әділет» партиясы көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысы
«Әділет» тағы да көш бастады: екінші теледебаттың қорытындысы «Әділет» партиясы көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша саяси партиялардың теледебатында кезекті рет жеңіске жетті. «Жетінші арнадағы» дебаттардың қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы көрермендердің 45,48% дауысын жинады. Екінші орынды 15,58%-бен «Ауыл» партиясы иеленсе, үшінші орынға 12,01%-бен Respublica партиясы жайғасты. Қалған орындар төмендегідей бөлінді: ОСДП — 9,71%; «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 7,98%; Қазақстан халық партиясы — 6,96%; «Байтақ» партиясы — 1,58%.

💸 Қазақстанның мемлекеттік қарызында сыртқы борыш қысқарып, ішкі нарықтың рөлі арта бастады Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 36,4 трлн теңге болған, яғни өсім шамамен 2 трлн теңге немесе 5,7%-ды көрсетті. Бірақ бұл өсімнің негізгі бөлігі сыртқы қарыз есебінен емес, ішкі міндеттемелердің артуынан қалыптасты. Мемлекеттің ішкі қарызы жыл басындағы 26,14 трлн теңгеден 28,47 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыру көлемінің артқанын білдіреді. Ал сыртқы мемлекеттік қарыз керісінше қысқарды. 2026 жылдың басынан бері сыртқы міндеттемелер көлемі 3,9%-ға азайып, 8,35 трлн теңгені құрады. Оның ішінде еурооблигациялар көлемі 5,01 трлн теңгеден 4,81 трлн теңгеге дейін төмендеді.
"Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды көрсетеді. Біріншіден, Қазақстан сыртқы валютадағы қарызға тәуелділікті біртіндеп азайтып келеді. Мемлекеттік борыштың ішкі көздер арқылы қалыптасуы валюталық тәуекелдерді төмендетеді. Себебі сыртқы қарыз көбіне доллар немесе басқа валюталарда алынады, ал оны өтеу бюджетке қосымша қысым түсіруі мүмкін. Екіншіден, ішкі қарыз нарығының дамуы экономиканың қаржы жүйесі үшін қалыпты тәжірибе. Көптеген дамыған мемлекеттер бюджет тапшылығын негізінен ішкі облигациялар шығару арқылы қаржыландырады. Бұл жағдайда негізгі кредиторлар ретінде ішкі инвесторлар, банктер, зейнетақы қорлары және қаржы ұйымдары жақсы дамиды", - дейді, DALA INSIDE арнасына жағдайды түсіндірген Үкіметтегі инсайдер.
Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы деңгейі экономиканың көлемімен салыстырғанда әлі де басқарылатын деңгейде қалып отыр. Негізгі мәселе қарыз көлемінде ғана емес, оны қандай мақсатқа жұмсап жатқанына байланысты. Егер тартылған қаражат инфрақұрылымға, өндіріс пен экономикалық өсімге бағытталса, ол болашақ табысты арттыра алады. Сонымен бірге ішкі қарыздың жылдам өсуі де бақылауды қажет етеді. Себебі мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің артуы пайыздық шығындарды көбейтеді және бюджетке қызмет көрсету жүктемесін ұлғайтуы мүмкін. Сонда жалпы картина мынадай. Қазақстанның мемлекеттік қарызы номиналды түрде өскенімен, оның құрылымында сыртқы борыштың қысқаруы байқалады. Бұл елдің халықаралық валюта нарықтарына тәуелділігін төмендететін және қаржылық тұрақтылық тұрғысынан оң фактор. Енді Үкімет ішкі қарыздың өсуін экономикалық қайтарымы жоғары жобалармен байланыстырғысы келеді. Ол уақытылы қолға алынып отырған бастама. https://t.me/dalainside

🟣 Wildberries Қазақстанға көшу нұсқасын стратегиялық жабық жиналыста талқылаған Маркетплейстің басқарушы компаниясы - ООО "РВБ" Қазақстанға көшкен "inDrive" схемасын зерттей бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Wildberries үшін Қазақстандағы қатысуын тек қойма жалдаумен шектемей, корпоративтік құрылымын да біздің юрисдикцияға жақындату мүмкіндігі өте қажет болып тұр. Әңгіме Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы редомициляция немесе соған ұқсас корпоративтік көшу туралы болған сияқты. Осы схеманы іске асырса, Вайлдберрис халықаралық құрылымын сақтай отырып, басқару орталығының бір бөлігін Қазақстанға ауыстырады. Демек жергілікті инфрақұрылымға сүйенеді және санкциялық әрі логистикалық тәуекелдерін азайтады. Қазақстан бұған дейін Ресейден көшкен бірқатар технологиялық компанияларды осы схемамен қабылдаған болатын Ал АХҚО шетелдік компанияларға заңды тұлға мәртебесін, активтері мен міндеттемелерін сақтай отырып, юрисдикциясын ауыстыруға мүмкіндік береді.
"Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін компания шамамен 10% сақтау қуатынан айырылып, Қазақстаннан балама қойма алаңдарын іздей бастады. Онымен қатар, маркетплейс Қазақстанда онсыз да ауқымды логистикалық база құрып жатыр. Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын, құны 47,7 млрд теңгелік хаб салынуда. Оның іске қосылуы 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Алматыда тағы 103 мың шаршы метрлік орталық ашу жоспары бар. Логикаға сай, Қазақстан Wildberries үшін тек өткізу нарығы емес, Ресейден тыс тауар ағынын қайта бөлетін қауіпсіз логистикалық плацдармға айналуы мүмкін", - дейді, дереккөз.
Келген инсайд бойынша, әзірге нақты шешім қабылданбаған. Қосымша зерттеу және бұл сценарийді іске асыруға қажет қаржылық инвестицияларды, заңдық тәуекелдерді есептеу қажет деп танылған. РВБ тобының 2025 жылғы жалпы тауар айналымы - GMV 6,1 трлн рубльден асты. Бұл 2024 жылғы 4,1 трлн рубльмен салыстырғанда 49%-ға көп. Топтың таза пайдасы 104 млрд рубльден 175 млрд рубльге өскен. Инфрақұрылымға, IT мен жаңа жобаларға салынған инвестиция көлемі 310 млрд рубльден асқан. Бірақ 2026 жылғы балансында үлкен проблемалар пайда болатыны анық. Биыл маркетплейстің таза пайда көрсету мүмкіндігіне қатысты үлкен сұрақтар бар. DALA INSIDE бұл мәселені қадағалап отырмақ. https://t.me/dalainside

Әр облыс жас мамандардың ипотекасына 1 млрд теңге бөлу керек– «Әділет» теледебатта тың ұсыныс айтты Бүгін саяси партиялардың
Әр облыс жас мамандардың ипотекасына 1 млрд теңге бөлу керек– «Әділет» теледебатта тың ұсыныс айтты Бүгін саяси партиялардың ұлттық теледебатында әр партияның өкіліне екі сұрақ қойылды. Соның бірі – ауылдағы дәрігер мен мұғалім тапшылығын жою үшін партиялар не істейді? «Әділет» партиясының атынан барған кандидат Ренат Бектұров партия атынан да, өз атынан да мынандай нақты мәселелерді айтты: Біріншіден, «Дипломмен ауылға» сияқты жас мамандарды қолдайтын бағдарламаларды МОНОҚАЛАЛАРҒА да енгізу керек. Екіншіден, ауылға барған жас мамандарды қолдауға бөлінетін қаржыны сақтап қалу. Үшіншіден, әр облыс сол аймаққа баратын жас мамандарға ипотека беру үшін млрд теңге бөлуі тиіс.
«Жас мамандарды тарту оңай, ұстап қалу маңызды. Жас мамандар аймаққа бала-шағасымен барғаннан кейін, сол балаларына жақсы білім бергісі келеді, денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс болғанын қалайды. Сондықтан, біздің партияның сайлауалды бағдарламасының үшінші бағыты «Мықты өңірлер - мықты ел» деп аталады. Өңірлер мен қалалар арасындағы теңсіздікті азайту керек», - деді Бектұров.
Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Жасанды интеллект пен дрондар шоуы: «Әділет» партиясы Түркістан халқына ерекше көңіл күй сыйлады Бүгін Түркістандағы кештің сәні бөлек болды. Әуелі ашық аспан астында концерт өтіп, оның соңы көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлаған дрондар шоуына ұласты. Мұндай көріністі Түркістан жұртшылығы күнде көре бермейді. Жүздеген дрон бір мезетте көкке көтеріліп, Қазақстан картасын, Мемлекеттік ту, Тайқазан, қыран бейнесін және өзге де ұлттық нышандарды әуеде бейнеледі. Көздің жауын алған көрініс көптің көңілінен шықты. Шоудың ең әсерлі тұсы – көрерменнің ықыласы болды. Балалар жарқыраған бейнелерден көз алмай, бір-біріне көрсетіп мәз болса, ересектер ерекше сәтті телефон камерасына түсіруге асықты. Әр жаңа композиция аяқталған сайын алаң ду қол шапалаққа бөленді. Осылайша бүгінгі кеш көпшіліктің көңілінде ұзақ сақталатын әсерлі сәтпен қорытындыланды.

Шын тектілер ту көтерді Осы аптада «Тектілер ту көтереді» республикалық БАҚ өкілдері арасындағы байқауының жеңімпаздары салта
Шын тектілер ту көтерді Осы аптада «Тектілер ту көтереді» республикалық БАҚ өкілдері арасындағы байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Бұл байқаудың идеясы «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асановқа тиесілі. Бірлестіктің құрылғанына 5 жыл толды. Осы айтулы датаға орайластырылған байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ге жуық баспа, интернет-басылым, радио және телеарна журналистері қатысып, ұлттық тәрбие, қоғамдық сана, ортақ жауапкершілік, рухани мұра және азаматтық ұстаным тақырыптарындағы шығармаларын ұсынды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен төрт негізгі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Ұйымдастырушы Нұркен Асановтың айуынша, қоғамдық ұйым құрудағы негізгі мақсат – қоғамды сөзбен емес, нақты іспен өзгерту. Осы бес жыл ішінде жүзеге асқан мыңдаған бастама бір ғана идеяға – азаматтық сананы күшейтіп, елдік жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
"Саналы қоғам – сапалы мемлекет болары ақиқат. Соңғы бес жыл ішінде «Сенімен Болашақ» қазақ қоғамында шама-шарқынша орасан еңбектер атқарды. Қазір амалы-төкпелі заманда өмір кешудеміз. Дүниенің тоқсаннан астам елінде үлкенді-кішілі қақтығыстар мен қан төгістер орын алуда. Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында аспанымыз ашық, ұйқымыз тыныш. Бірақ бағаламағанға бақ, қадірлемегенге құт қонбайды. Осы бейбіт заманды пайдалана отырып, сеніміне, нанымына, ұлты мен нәсіліне қарамастан, адами құндылықтарды ту етіп, ұлттық құндылығымызды тұғырына отырғызуға ел болып жұмыла еңбек етуіміз керек. Елге, ел мүддесіне жаны ашитын азаматтық қоғам қалыптастыруға сіз болып, біз болып қызмет етуіміз шарт", – деді Нұркен Асанов.
Ал мақсатқа жетудің ең тиімді жолы – ағартушылық. Ол тек мұғалімнің немесе ғалымның міндеті емес, қоғамға ықпал ететін әрбір мамандықтың, соның ішінде журналистиканың да басты миссиясы. Сондықтан дәстүрлі түрде өтіп тұратын байқау ағартушылық құндылығын қоғам санасына бекітуде маңызды рөл ойнайды.
"Біздердің "Сенімен Болашақ" азаматтық қоғам өкілдері ретінде негізгі міндетіміз халыққа, қоғамға қызмет ету болса, БАҚ өкілдерінің де міндеті осы қоғамға, ақпарат алаңындағы ағартушылық арқылы елдік мүддеге қызмет болып табылады. Яғни бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Ал елдік қызмет, қоғамға жақсылық ойлау мен әділеттілікті ту еткен журналистерді де бағалау, құрметтеу әрбір азаматтық қоғамның міндеті болса керек", - деп түйіндеді, Нұркен Асанов.

Құрылтай сайлауы: «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды. Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынш
+1
Құрылтай сайлауы: «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды. Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша үгіт-насихат кезеңі басталды. Осыған орай «Әділет» партиясы Республикалық штабын ашып, сайлауға қалай қатысатындарын мәлімдеді. Партияның көздеп отырған жұмысы өте ауқымды көрінеді. Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, сайлауалды науқан аясында партия республика бойынша 21 мыңнан астам іс-шара өткізеді. Жиындарға Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, 30 мыңға жуық сенімді өкіл мен өңірлік штабтардың мүшелері қатысады.
«Бүгін – 23 шілдеде сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды. «ӘDILET» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының реформаларын, еліміздің алдында тұрған зор мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында барлық күш-жігерін жұмсайды», – деді Айбек Дәдебай.
👉 толығырақ