DALA INSIDE
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Показати більше📈 Аналітичний огляд Telegram-каналу DALA INSIDE
Канал DALA INSIDE (@dalainside) у мовному сегменті Казахська є активним учасником. На даний момент спільнота об'єднує 10 234 підписників, посідаючи 18 219 місце в категорії Новини і ЗМІ та 899 місце у регіоні Казахстан.
📊 Показники аудиторії та динаміка
З моменту свого створення невідомо, проект продемонстрував стрімке зростання, зібравши аудиторію у 10 234 підписників.
За останніми даними від 19 жовтня, 2026, канал демонструє стабільну активність. Хоча за останні 30 днів спостерігається зміна кількості учасників на -131, а за останні 24 години на -6, загальне охоплення залишається високим.
- Статус верифікації: Не верифікований
- Рівень залученості (ER): Середній показник залученості аудиторії становить 37.01%. Протягом перших 24 годин після публікації контент зазвичай збирає 13.45% реакцій від загальної кількості підписників.
- Охоплення публікацій: В середньому кожен допис отримує 3 788 переглядів. Протягом першої доби публікація в середньому набирає 1 377 переглядів.
- Реакції та взаємодія: Аудиторія активно підтримує контент: середня кількість реакцій на один пост – 25.
📝 Опис та контентна політика
Автор описує ресурс як майданчик для висловлення суб'єктивної думки:
“✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.”
Завдяки високій частоті оновлень (останні дані отримано 20 жовтня, 2026), канал підтримує актуальність та високий рівень охоплення публікацій. Аналітика показує, що аудиторія активно взаємодіє з контентом, що робить його важливою точкою впливу в категорії Новини і ЗМІ.
"Банктер туралы жаңа банк заңда мұндай деректердің қатарына ірі депозиттер, ірі ақша аударымдары, көлемді төлемдер, қолма-қол ақша шешіп алу операциялары және кредит портфелі бар. Яғни мемлекет кім ақшаны депозитке салды, оны қайда аударды, бәрін көріп отырады. Бұрын мұндай деректер банктік құпия арқылы жабық болатын", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Бір жағынан, жүйе күмәнді ақша ағындарын, банк активтеріндегі тәуекелдерді ертерек анықтауға көмектесуі мүмкін. Екінші жағынан, мұндай ақпаратқа қол жеткізу тәртібі банк құпиясы мен азаматтардың жеке деректерін қорғау тұрғысынан ерекше маңызды. Қазір заң бұл мәліметтердің қорғалуын талап етеді. Дегенмен нақты қолжетімділік тетігі мен оның қауіпсіздігі шешуші рөл атқаратыны анық. Жаңа талап 2027 жылдан бастап күшіне еңбек. Бұл қаржы секторындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа кезеңін ашайын деп тұр. https://t.me/dalainside
«Бұл адам жылдар бойы Алматыдағы қуғын-сүргін жүйесінің негізгі тетіктерінің бірі болды. Тәуелсіз редакцияларды тұншықтыру ісін тікелей өзі үйлестірді, «сенім ұялатпайтын» журналистердің тізімін жасады, билік мүддесіне қызмет ететін арандатушылық әрекеттерді ұйымдастырды», – деп жазды журналист.Шәріпбаев Боқаевтың оппозициялық көзқарастағы қоғам белсендісі ретінде таныла бастағаннан бері кезінде өз әрекетінен зардап шеккен адамдардан кешірім сұрамағанын да алға тартады. Журналистің пайымдауынша, Боқаевтың қоғамдық белсенділігі белгілі бір шеңберден аспайды. Ол жекелеген министрлер мен шенеуніктерді өткір сынағанымен, «ескі Қазақстанның» ықпалды өкілдеріне қатысты мәселелерді айналып өтеді. Атап айтқанда, Шәріпбаев Боқаевтың «ҚазТрансГаздағы» ықтимал қаржылық заңбұзушылықтар, Дариға Назарбаеваның активтері, ЭКСПО бюджетіне қатысты даулы мәселелер жөнінде зерттеу жүргізбегеніне назар аударды. Мұндай таңдамалы сынның себебін Шәріпбаев Боқаевтың бұрынғы қызметтік байланыстарымен түсіндіреді. Оның жазуынша, 2014 жылы Кәрім Мәсімов билікте ықпалды қызмет атқарып, ақпарат кеңістігіне бақылау күшейген тұста Боқаев Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кейін Нұрлан Нығматулиннің ықпалымен қызметін жалғастырып, Президент Әкімшілігі басшысының сол кездегі орынбасары Бағлан Майлыбаевтан тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін шектеуге қатысты тапсырмалар алып отырған деп мәлімдейді журналист. https://t.me/dalainside
Шабуыл жасаушы өзі жариялаған материалға өзі шағым түсіре алады. Осылайша контентті орналастырған адам мен оны бұғаттауды талап еткен аккаунттар бір ұйымдасқан топтың бөлігі болуы ықтимал.Екінші сценарий – беделді түсіру. Әдетте экономика мен сәясатты талқылауға арналған чат аяқ астынан порнографиялық материалдарға толса, оқырманның сол ортаға деген сенімі төмендейді. Адамдар пікір жазуды тоқтатып, топтан шыға бастайды. Нәтижесінде ақпараттық ресурс пен оқырман арасындағы байланыс әлсірейді. DALA INSIDE кей кездері кейбір топтарға кедергі келтіріп қоятыны жасырын емес. Әрине, ол әдейі жасалмайды. Бірақ инсайд сол уақытқа кездейсоқ сәйкес келіп қалады. Әсіресе ықпалды кландар жабық есіктің ар жағында саудаласып жатқанда біздің инсайдтар "туф, керек емес кезде аяққа оратылған материал екен" деген бағаға ие болады. Арна сонысымен құнды және қазір оны еліміздегі ықпалды топтардың барлығы оқиды. Және санасады. Қазір DALA INSIDE арнасының мүлде жауы жоқ деп ойлаймыз. Бір ұсақ құрылысшыны есепке алмағанда ешбір тараппен арамыз суымаған. Керісінше, еліміздегі ең ірі үш клан да біздің ақпараттық жұмысымыздың мәнін түсінеді және құрметпен қарайды. Себебі біз диалогқа ашық алаң деп саналамыз. Және осы ашықтығымызды қандай шабуыл болса да сақтай бермекпіз. https://t.me/dalainside
«Бүгінде үйіміз жылы әрі жайлы. Тұрғындардың мәселесіне назар аударып, осы жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысқан «Әділет» партиясына, әкімдікке және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді осы үйдің тұрғыны Галина Клопотовская.Осылайша, партияның атсалысуымен үйдің кіреберісі жөнделіп, шатыр жабындысы және инженерлік желілер, соның ішінде апатты жағдайдағы құбырлар ауыстырылды. «Әділет» партиясы осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береді. Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнадан оқи аласыздар 👇 https://t.me/adilet_partiyasy
«Бүгінде үйіміз жылы әрі жайлы. Тұрғындардың мәселесіне назар аударып, осы жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысқан «Әділет» партиясына, әкімдікке және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді осы үйдің тұрғыны Галина Клопотовская.Осылайша, партияның атсалысуымен үйдің кіреберісі жөнделіп, шатыр жабындысы және инженерлік желілер, соның ішінде апатты жағдайдағы құбырлар ауыстырылды. «Әділет» партиясы осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береді. Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнадан оқи аласыздар 👇 https://t.me/adilet_partiyasy
«Қазіргі сегіз айдағы статистикаға қарасақ, 2026 жылдың қорытындысы шамамен 300–305 мың бала болуы мүмкін. Ал біз өсу, оның ішінде қауіпсіздік және экономикалық моделімізді жылына 400 мың нәресте өмірге келеді деген есеппен болжаған болатынбыз. Туу көрсеткішінің азаюы 30 жылдан кейін бізге «Жапония синдромы» сияқты экономикалық проблемалар алып келеді. Зейнеткерлердың саны жұмыс істейтін жастардан артып кетсе, бюджет әлеуметтік қамтамасыз ету секторын бұрынғыдай алып жүре алмайтын болады», - деп түсіндірді, мәселеге қатысы бар DALA INSIDE дереккөзі.Қазақстанда 2022 жылы туғандар мен қайтыс болғандардың айырмасы 270,4 мың адам болған. Яғни демография жылына +270 мың адам беріп келді. 2025 жылы осы жағымды сальдо 200 мың адамға дейін азайды. Ал халық өсімінің екінші көзі болып табылатын миграция осы олқылықты жаба алмай отыр. 2025 жылдың қаңтар–тамызында Қазақстанға кеткендерден 10 210 адам артық келген болса, биыл осы кезеңдегі оң миграциялық сальдо 5 558 адамға дейін түсті. Яғни табиғи өсім әлсіреп жатқанда, миграциядан келетін қосымша өсім де екі есеге жуық қысқарған. 2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелсе, 2025 жылы ол 115,9 мыңға дейін төмендеді. Бір жылда неке саны шамамен 6,2%-ға азайды. Биылғы көрсеткіш осы деңгейден аспайды деген болжам бар. Ал 2024 жылы 40,5 мың ажырасу тіркелсе, 2025 жылы 45,7 мың жұп ажырасқан. Неке саны 6,2%-ға азайып отырған кезде ажырасу саны 12,8%-ға көбейді. Мамандар құбылыстың негізгі себебін, яғни отбасы институтының психологиялық-құлықтық әлсіреуінен немесе экономикалық төмен жағдайдан туындағанын анықтауы тиіс. Егер мәселе экономикаға қатысты болса, онда қосымша бюджеттік стимулдар енгізу талқылануы мүмкін. Ал психологиялық-құлықтық себепті тек идеология ғана түзете алады. https://t.me/dalainside
"Себебі мұндай әрекеттерден бюджет шығыны артып барады. Жоғары аудиторлық палатаның Үкіметке жолдаған құжатында 2021–2023 жылдары жеке пайдалануға әкелінген жеңіл автомобильдер мен өзге көлік құралдарын жолаушылар кедендік декларациясының орнына тауар декларациясымен рәсімдеуден бюджетке 71,2 миллиард теңге шығын келгені көрсетілген. Көлікті тауар декларациясымен емес, кедендік декларациясымен рәсімдеу керек. Сол 2021–2023 жылдары жеке тұлғалардың тауар декларациясымен рәсімдеген импорты 6,5 есе өскен. Оның 94 пайызын құны 1,4 трлн теңге болатын көлік құралдары құраған", - деп жазады ол.Қазір кейбір делдалдар елге жеткізіліп қойған көліктерді бұрынғы тәртіппен рәсімдеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Алайда кедендік бақылаудың күшейетіні екі ай бұрын ескертілді. Соған қарамастан тапсырыс қабылдап, клиенттің ақшасын алған брокерлер енді туындаған мәселенің жауапкершілігін мемлекетке ысыруға тырысып отыр. Егер оларға жеңілдік жасалса, заң талабын сақтап, барлық салық пен кедендік төлемді толық өтеген компаниялармен арада теңсіздік туады. Өйткені біреулер көлікті ресми тәртіппен әкелсе, енді біреулер оны жеке адамның атына рәсімдеп, арзан баға ұсынған. Сондықтан бақылаудың күшеюін ресми дилерлерді қолдау деп қана қарауға болмайды. https://t.me/dalainside
"Біз биылға доллар курсын 540-пен болжап, импорттық қосымша құн салығынан келетін сома параметрін анықтағанбыз. Ал іс жүзінде ұлттық валюта долларға шаққанда 90 теңгеге қымбат шықты да, болжанған жоспардан 700 миллиард теңгеге қалып қалдық", - деп түсіндірді, Ұлттық экономика министрлігіндегі дереккөз.Бұл өз кезегінде Құрылтай депутаттары мен Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттік жоспарлау процесін сынауына алып келді. Қыркүйектегі валюталық нарық статистикасы біраз нәрсеге көзді ашады. Бір айдағы биржалық сауда көлемі 10,4 миллиард доллар болған. Орташа күндік айналым 415 миллионнан 474 миллион долларға өскен. Ұлттық қордан сатылған валюта небәрі 200 миллион долларды, сәйкесінше жалпы сауданың 1,9 пайызын құраған. Демек, теңгенің күшеюі мемлекеттің Ұлттық қордан доллар сатуына қатты байланысты емес. Тіпті, Ұлттық Банк Ұлттық қор операцияларын айналау аясында жоспарланған қосымша 200–300 миллион долларлық операцияны кейінге қалдырды. Себебі мемлекетсіз ақ биржада доллар тым көп сатылып жатыр. Үкіметтің алдында ыңғайсыз таңдау тұр. Инфляцияны төмендету үшін теңгенің сатып алу қабілеті сақталғаны жақсы. Бюджеттің теңгелік түсімін көбейту тұрғысынан доллардың қымбат болғаны қолайлырақ. Бірақ бюджет жоспарын орындаудың ең оңай жолы ретінде әлсіз теңгеге сүйенсек, оның құнын халық импорттық тауарлар мен күнделікті шығындар арқылы төлейді. https://t.me/dalainside
«Еуроодақтан тек Германия ғана 1,2 миллиард еуроға қаржылық кепілдік ұсына алды. Ол қаржы бұл жобаның жұмырына жұқ болмайды. Сосын сутегі зауытының өнімін кепілді түрде сатып аламыз деген ешқандай офтейк контракттар да жарияланбады. Ал қазір жасыл тақырып күн тәртібінен кетіп барады. Оған Трамп факторы мен Еуропадағы саяси аренада әсіре оңшылдардың бас көтеруі әсер етуде», - дейді, дереккөз.АҚШ президенттігіне Дональд Трамп келгелі климаттың өзгеруіне қатысты қозғалыстар, жасыл энергия тақырыбы бүкіләлемдік алаяқтық деп таныла басталды. АҚШ-та сутекке берілетін 45V салық жеңілдігі қысқара бастаған соң, Thyssenkrupp Nucera сияқты алпауыттар бірқатар жобалардан бас тартты. Бұл әлемдік инвесторларға қатал сабақ болды. Олар бүгін мемлекет субсидия берсе де, ертең саяси билік ауысып, ережені өзгерте салатынын байқады. АҚШ тұрмақ Еуропадағы саяси ландшафт та өзгеруде. Оңшылдар мен еуроскептиктер күшейді. 2022 жылы Қазақстан мен Svevind Energy Group «Hyrasia One» жобасына қол қойғанда «жасыл энергия» саяси трендтің шыңында еді. Қазір Еуропарламентте «жасылдар» позициясынан айырылып, 74 орыннан тек 53 орынды ғана сақтап қалды. Олардың орнын Patriots for Europe және ECR сияқты оңшыл фракциялар басуда. Қазақстан «Hyrasia One» жобасына 50 миллиард еуро инвестиция келуі мүмкін деген жылы үмітпен қараған еді. Сол себепті Вольфганг Кропптың жер, тағы да басқа мәселелерін еш қиындықсыз шешіп берген. Еуропалық инвесторлар пулы қолдамай қойса, онда жасыл сутегі өндіретін бірегей ел боламыз деген үмітіміз желге ұшпақ. DALA INSIDE осы маңызды жобаның тағдырын бақылайтын болады. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
«Себебі Теңіз сияқты алып кен орнында жаңа инвестициялар, бұрғылау бағдарламасы, газды кері айдау, жабдықтарды жаңарту бірнеше жыл бұрын жоспарлануы керек. Оның үстіне ТШО-ның өз құжаттарында 2033–2040 жылдарға дейін жаңа горизонталды ұңғымалар бұрғылау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни кен орнының экономикалық өмірі 2033 жылмен бітпейді. Ондағы технологиялық шешімдердің барлығы Теңізшевройлдікі. Сондықтан басқа компания келе салып, бұл жұмысты жалғастырып алып кете алмайды. Қазақстан, Chevron мен ExxonMobil контрактты ұзарту мен оның жаңа шарттарын 2030 жылдан қалдырмай шешуі тиіс».Биыл Шевронның Теңізге арналған негізгі капиталы салынып болды. Future Growth Project аяқталып, 2025 жылы өндіріс 39 млн тоннаға мұнайға жетті. Жобада әу бастан қуатты жылына шамамен 40 млн тонна деңгейіне жеткізу бекітілген еді. Ол орындалды. Демек Қазақстан инвестициялық тәуекелдің басым бөлігі өтелгендіктен рентаның бөлінуін қайта қарауды талап ете алады. Дереккөз сөзінше Қазақстан екі түрлі стратегияны таңдауы мүмкін. Біріншісі – қаржылық cost, яғни ТШО-дан елімізге келетін ақша ағынын арттыру. Оны ТШО-дағы Қазмұнайғаздың үлесін 20 пайыздан 25 пайызға арттыру мен ТШО үшін салық режимін қатаңдату арқылы жасауға болады. Ал екінші жол өндірістік-инвестициялық бағытқа келеді. Оның аясында ТШО-ның ішкі нарыққа мұнай беруін бекітіп, осы мұнайға арнап төртінші мұнай өңдеуі зауытын салу, ТШО сатып алуларын толық қазақстандық қызметтер мен тауарларға көшу сынды талаптар болуы ғажап емес. 2025 жылы Теңіз кенішінен 39 млн тонна мұнай өндірілді. ТШО-ның Қазақстанға тікелей қаржылық төлемдері 10,6 млрд долларды құрады. Қазір ТШО-дағы акционерлер үлесі Chevron - 50%, ExxonMobil - 25%, ҚМГ - 20%, Lukoil - 5%. https://t.me/dalainside
«Біздікілер оған дайындалып қойған. Бірақ Қазақстанның қазіргі қорғаныс жастығы бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Шілде соңында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері шамамен 63,7 млрд доллар болды. Оның ішінде алтынның құны 48 млрд доллардан асады. Бұған Ұлттық қордың валюталық активтерін қоссақ, резерв көлемі 120 млрд доллардан асады. Қазір біз ФРЖ ставкасының өсуінен негатив күтіп отырған жоқпыз», - деді, DALA INSIDE дереккөзі.Ұлттық Банк тамызда валюталық интервенция жасамаған еді. Теңге сол айда 2,6%-ға нығайып, бір доллар 461,57 теңгеге дейін түскен. Ал кеше 444 деңгейіне дейін құлады. Осы қыркүйекте бюджет трансферттері үшін Ұлттық қордан 200-300 млн доллар сату жоспарланған және бұған қоса бұрынғы операцияларды «айна» қағидаты бойынша өтеуге байланысты нарыққа валюталық ұсыныс түседі. Демек қысқа мерзімде ішкі нарықта доллар тапшылығы байқалып отырған жоқ. Сыртқы қарыз жағынан да бір маңызды нюанс бар. Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 2026 жылғы 1 сәуірде шамамен 182,8 млрд доллар болған. Бұл үлкен сан болып көрінеді. Бірақ оның шамамен 87,4 млрд доллары тікелей инвестиция аясындағы компанияаралық қарыз. Оны түгелдей Үкімет қайтаруға тиіс мемлекеттік борыш ретінде қарау қате. Мемлекеттік сыртқы қарыздың өзі керісінше биыл қысқарып отыр. Ол 1 шілдеде шамамен 8,35 трлн теңге болды. Сондықтан ФРЖ ставкасының өсуі Қазақстанның ертең сыртқы борышын өтеу қабілетіне тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен де, енді жаңа долларлық қарыздар мен еуробондтарды орналастыру қымбаттайды. Біздің осал жеріміз төлем балансына келіп тірелетін сияқты. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ағымдағы шот тапшылығы шамамен 1,8 млрд долларға жетті. Оның негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларға қажетті жабдық пен аралық тауарлар импортының қатты өсуі еді. Экспорт бірінші тоқсанда 19,1 млрд долларға жетсе, импорт $14,8 млрд болды. Алайда инвестициялық табыстардың шетелге шығарылуы ағымдағы шотты минусқа түсірді. Ұлттық Банктің бастапқы болжамы бойынша 2026 жылы ағымдағы шот тапшылығы ЖІӨ-нің шамамен 3,7%-ын құрауы мүмкін. Сонымен қатар екінші тоқсанда жағдайдың едәуір жақсарғаны байқалады. Қазіргі есеп бойынша II тоқсанда ағымдағы шот шамамен 3 млрд доллар профицитке шығып, жартыжылдық қорытындысында шамамен 1 млрд доллар оң сальдо қалыптасуы тиіс. II тоқсанның нақты дерегі осы айдың соңында жарияланады. Әзірге қорғаныс жастығы жеткілікті. Бірақ Федералды резерв жүйесінің Вашингтондағы түнгі шешімі біздегі Ұлттық Банктің базалық ставканы ары қарай жылдам төмендету мүмкіндігін азайтты. ФРС ставкасы өсіп жатқан кезде бізге енді ставканы төмен түсіру аса қауіпті. Сондықтан ставка бойынша 23 қазанда өтетін комитет отырысы қызу болатын сияқты. DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Өзгерістер болса жазамыз 👇 https://t.me/dalainside
Жеті айдың қорытындысы да осы картинаны көрсетеді. Республикалық бюджет кірісі 12,36 трлн теңгені құраса, оның 9,34 трлн теңгесі салықтан түскен. ҚҚС бюджетке 4,26 трлн теңге әкелгенімен, жоспар небәрі 90,3%-ға орындалған. Корпоративтік табыс салығынан 2,73 трлн теңге жиналып, жоспардың 96,8%-ы орындалды.Сонымен бірге бюджетті ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі әлі де Ұлттық қор болып отыр. Қаңтар-шілде аралығында бюджетке 2,80 трлн теңге трансферт түскен. Оның 2,32 трлн теңгесі Ұлттық қордан берілген кепілдендірілген трансферт. 2026 жылға мұндай трансферттің жалпы көлемі 2,77 трлн теңге болып бекітілген. Демек жеті айдың өзінде жылдық лимиттің басым бөлігі пайдаланылып қойған. Заң бойынша биыл Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылмаған. Ұлттық банк бюджеттегі консолидация әзірге кірісті күрт өсіру арқылы емес, шығыстарды шектеу арқылы жүріп жатқанын атап өтеді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік шығыстар номиналды түрде 11,7%-ға ұлғайғанымен, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 24,7%-дан 23,5%-ға төмендеді. Мұнайлы емес дефицит 7,1%-ға дейін қысқарды. Бірақ жалпы бюджет тапшылығы, керісінше, ЖІӨ-нің 3,2%-ына дейін өскен. Оған қоса, бюджетке қарыздың өзі барған сайын қымбатқа түсіп келеді. Жеті айда мемлекеттік борышты өтеуге 2,43 трлн теңге жұмсалған. Ал бүкіл жылға жоспарланған сома 3,47 трлн теңге болып отырб Яғни қарыз бойынша пайыздар мен төлемдердің өсуі білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым секілді басқа бағыттарға жұмсалатын бюджет ресурсын біртіндеп тарылтады. Бұдан бөлек, кіріс пен шығыс арасындағы алшақтық та кеңейіп отыр. Қаңтар-шілдеде республикалық бюджет шығыстары 14,75 трлн теңгеге жетсе, кірістер 12,36 трлн теңге болды. Бюджет тапшылығы бірінші жартыжылдықтағы 2,13 трлн теңгеден жеті ай қорытындысында 2,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оны қаржыландыру үшін жыл басынан бері 4,68 трлн теңге көлемінде қарыз тартылған. Осылайша салық реформасының алғашқы нәтижесі парадоксалды болып шықты. Иә, салық көбірек жиналып жатыр. Бірақ ол бюджеттің құрылымдық проблемасын жойған жоқ. Сондықтан оған болашақта реформа деп атау емес, коррекция деген атау берілуі мүмкін. Себебі реформа - фундаменталды нәрселерді өзгертетін ұғым. Қазір фундаменталды ештеңе өзгермеді. DALA INSIDE реформа барысын бақылап отырмақ. Бірге бақылайық 👇 https://t.me/dalainside
Қазір механизм былай жұмыс істейді. Бензин мен дизельдің көтерме бағасы белгіленген деңгейден жоғарылаған жағдайда қосымша маржаның 50%-ы акциз арқылы алынады. Мәселен, бензин бойынша акциз формуласына көтерме бағаның шекті деңгейден асқан бөлігінің 50%-ы енгізілген. Дизельге де ұқсас механизм қолданылады. Бұл формула Үкіметтің қолданыстағы қаулысында бекітілген.Алайда мұнай өндірушілерінің есебінше, мәселе тек осы 50%-бен шектелмейді. ҚҚС пен басқа да жанама салықтарды қосқанда, либерализациядан пайда болған маржаның нақты фискалдық алынуы қазірдің өзінде орта есеппен 64–70%-ға жетеді. Ал қосымша акциз арқылы алынатын үлес 95%-ға көтерілсе, ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Егер ішкі нарықтағы бағаны еркін жібергеннен кейін пайда болған маржаның 95%-ы қайта алынатын болса, компаниялар үшін либерализацияның экономикалық мәні жоғалады деген уәж айтылып отыр. Нәтижесінде өндірушілер ішкі нарыққа мұнай жеткізуден шығын шегуі, жаңа кен орындары мен өндіріске инвестиция салуға ынтасы төмендеуі мүмкін. Ал ұзақ мерзімде бұл жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне де әсер етуі ықтимал деп қауіптенеді сала өкілдері. Айта кетейік, жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылдан бастап мұнай өнімдеріне қолданылатын базалық акциздер де өсті. Бензиннің көтерме саудасындағы базалық ставка 38 134 теңге/тонна деңгейінде белгіленген. DALA INSIDE бұл бастаманың Үкіметте қандай деңгейде қаралып жатқанын және 95% көрсеткішінің нақты қай мемлекеттік органнан шыққанын анықтауды жалғастырады. https://t.me/dalainside
«Банктер экономиканы қолдай қоймағандықтан, мемлекет ҚНРДА арқылы өзінің риторикасын қатаңдатты. Тіпті келесі жылы банктер ұстап отырған мемлекеттік қарызды толық қайтарып алу керек деген консенсус бар. Қазір банктер график бойынша борыштарын төлеп отыр. Бірақ ол мемлекетті қанағаттандырмайды. Банктер барлық қарызын бірден қайтарса, дәл сол ақшаны мемлекет «Бәйтерек» қорына беріп, кәсіпкерлік пен бизнесті қаржыландыра бастауы мүмкін», - дейді, дереккөз.Еліміздегі банктерде ақша қоры аз емес. 1 тамыздағы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 75,6 трлн теңгеге жетті. Оның 23,2 трлн теңгесі жоғары өтімді активтер қатарында. Бір айдың өзінде өтімді активтер тағы 4%-ға көбейген. Демек, ақша бар. Ұлттық банктің 7 күндік депозиттік аукциондары тамыз-қыркүйекте 16,75% кірістілікпен өтті. 4 қыркүйектегі бір ғана аукционға банктер 2,7 трлн теңге әкелген. Сонда банктердің экономика мен бизнесті қаржыландырғаннан көрі, ноталар мен облигацияларға ақша сала салып, оңай табыс табуға үйреніп алғанын көреміз. Бір ғана мысал. 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекет алдындағы қарызы 900 миллиард теңгеден кем түсейтін Alatau City банкінің инвестициялық бағалы қағаздары клиенттерге берген кредитінен де көп болған. Оның 1,4 триллион теңгелік инвестициялық портфелінің кемінде 756,8 миллиард теңгесі мемлекеттік облигациялар мен Ұлттық банк ноталарына салынған. Сонда банктің облигация мен басқа инвестициялық қағазға салған ақшасы клиенттерге берген кредитінен 218 миллиард теңгеге көп. Қазіргі қалыптасқан жағдайда банктер экономиканы кредиттеуге мүлде құлықсыз. Ал мемлекет кәсіпкерлікті күшейтіп, түрлі нысандар салу үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр. Үкіметтің банктерді ортақ іске тарту бойынша ниеті мүлде орындалмады. https://t.me/dalainside
Қазақстанда аналитика жоқ емес. Министрліктер, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, ҚСЗИ, зерттеу институттары мен сарапшылар жеткілікті. Бірақ көбінде осы ақпараттың барлығы бір жерге жиналып, мемлекеттік шешім қабылдауға арналған тұтас аналитикалық өнімге айнала бермейді.Үкімет кез келген реформаның экономикалық тиімділігін есептей алса да, оның үш жылдан кейін инфляцияға, бизнеске, өңірлерге, халықтың табысына немесе қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер ететінін кешенді бағалау әлдеқайда күрделі. Вице-президент институтының маңызды функцияларының бірі осындай стратегиялық аналитикалық сүзгі болатыны сөзсіз. Үкімет белгілі бір бастама ұсынса, Президентке тек сол бастаманың артықшылықтары емес, оның балама сценарийлері, тәуекелдері мен ұзақ мерзімді салдары да қатар беріле бастамақ. Бұл система Think tank деп аталады. Оның басты фокусы бүгінгі мәселені ғана емес, ертеңгі салдарын көруге бағытталған. Демек Қазақстан шешім қабылдаудың жаңа архитектурасына ауыспақ. Мысалы, қыркүйек-қазан айларында осы жүйе арқылы қабылданған алғашқы шешімдерді көретін боламыз. https://t.me/dalainside
- Кім жауап береді? - Жүргізушілердің шығынын кім өтейді? - Сапасыз жанармайдың АЗС-ке дейін жетуіне кім жол берді? - Ең бастысы, мұндай жағдайды алдын ала анықтауы тиіс бақылау жүйесі неге жұмыс істемеді?Бұл жерде мәселе бір партия бензинде ғана емес. Мәселе - жанармай сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанында. Халық көлігі істен шыққаннан кейін тексеру жүргізу бақылау емес, салдармен күресу деп айтар едік. Енді Энергетика министрлігі тек бензиннің қайдан шыққанын анықтап қана қоймай, неге бұл жағдайдың алдын алмағанын да қоғамға түсіндірсін. https://t.me/dalainside
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
