DALA INSIDE
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
إظهار المزيد📈 نظرة تحليلية على قناة تيليجرام DALA INSIDE
تُعد قناة DALA INSIDE (@dalainside) في القطاع اللغوي Kazakh لاعباً نشطاً. يضم المجتمع حالياً 10 502 مشتركاً، محتلاً المرتبة 17 881 في فئة الأخبار والوسائط والمرتبة 854 في منطقة كازاخستان.
📊 مؤشرات الجمهور والحراك
منذ تأسيسه في невідомо، حقق المشروع نمواً سريعاً وجمع 10 502 مشتركاً.
بحسب آخر البيانات بتاريخ 25 أغسطس, 2026، تحافظ القناة على نشاط مستقر. خلال آخر 30 يوماً تغيّر عدد الأعضاء بمقدار -135، وفي آخر 24 ساعة بمقدار -4، مع بقاء الوصول العام مرتفعاً.
- حالة التحقق: غير موثّقة
- معدل التفاعل (ER): يبلغ متوسط تفاعل الجمهور 35.18%. وخلال أول 24 ساعة من النشر يحصد المحتوى عادةً 14.69% من ردود الفعل نسبةً إلى إجمالي المشتركين.
- وصول المنشورات: يحصل كل منشور على متوسط 3 695 مشاهدة. وخلال اليوم الأول يجمع عادةً 1 543 مشاهدة.
- التفاعلات والاستجابة: يتفاعل الجمهور بانتظام؛ متوسط التفاعلات لكل منشور يبلغ 69.
📝 الوصف وسياسة المحتوى
يصف المؤلف القناة بأنها مساحة للتعبير عن الآراء الذاتية:
“✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.”
بفضل وتيرة التحديث المرتفعة (أحدث البيانات بتاريخ 26 أغسطس, 2026) تحافظ القناة على حداثتها ومستوى وصول مرتفع. وتُظهر التحليلات تفاعلاً نشطاً من الجمهور، ما يجعلها نقطة تأثير مهمة ضمن فئة الأخبار والوسائط.
- Кім жауап береді? - Жүргізушілердің шығынын кім өтейді? - Сапасыз жанармайдың АЗС-ке дейін жетуіне кім жол берді? - Ең бастысы, мұндай жағдайды алдын ала анықтауы тиіс бақылау жүйесі неге жұмыс істемеді?Бұл жерде мәселе бір партия бензинде ғана емес. Мәселе - жанармай сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанында. Халық көлігі істен шыққаннан кейін тексеру жүргізу бақылау емес, салдармен күресу деп айтар едік. Енді Энергетика министрлігі тек бензиннің қайдан шыққанын анықтап қана қоймай, неге бұл жағдайдың алдын алмағанын да қоғамға түсіндірсін. https://t.me/dalainside
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
"Перуашевтің «Штрафстан» деген сөзіне қатысты да ойланатын нәрсе бар. Елдегі проблеманы сынау бір бөлек, ал мемлекетті сырт көзге кемсітетін атаумен таңбалау бір бөлек. Саясаткер айтқан әр сөзінің елдің ішкі аудиториясына ғана емес, сыртқы имиджіне де әсер ететінін түсінуі керек".Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес, адамдарында болуы тиіс. Қазақстанға енді бұрынғы саяси сахнаның мәңгілік кейіпкерлерін қайта-қайта айналдыра беру емес, жаңа саяси элита қалыптастыру маңызды. Құрылтай шын мәнінде жаңарудың институтына айналғысы келсе, онда оның ішінде де жаңа Қазақстанның адамдары отыруы керек. https://t.me/dalainside
Ендігі үлкен мақсат — Қазақстанның мемлекеттік облигацияларын JPMorgan GBI-EM дамушы елдердің халықаралық облигациялық индексіне енгізу. Егер Қазақстан осы индекске кірсе, қазақстандық қағаздарға сұраныс тағы өсуі ықтимал. Себебі әлемдегі көптеген ірі инвестициялық қорлар активтерін дәл осындай индекстерге сүйеніп бөледі.Қазақстанға тек портфельдік капитал емес, тікелей инвестициялар да қайта келе бастаған. Financial Times бірінші тоқсанда тікелей шетелдік инвестиция көлемінің $6,3 млрд-қа дейін қалпына келгенін атап өтеді. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы мұнаймен шектелмей, көлік дәліздеріне, цифрлық және технологиялық инфрақұрылымға қарай ауысып келеді. Бұл Қазақстан үшін маңызды өзгеріс. Теңге бұрын көбіне мұнай бағасына тәуелді валюта ретінде қабылданса, енді оған халықаралық капитал нарығындағы сұраныс та ықпал ете бастады. Қазақстанның ішкі мемлекеттік қарыз нарығы біртіндеп жаһандық инвесторлар үшін жеке инвестициялық активке айналып келеді. https://t.me/dalainside
Енді осы дисбаланс жойылғалы тұр. Батыс Қазақстандағы Сәтимола кен орнында Qazaq Kalium ірі тау-кен байыту кешенін салып жатыр. Жобаға шамамен $2,4 млрд инвестиция қарастырылған, өндірістің басталуы 2028 жылдың басына жоспарланған.Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін» түгел өз ішінде өндіруге мүмкіндік алады. Әсіресе қуаңшылық пен топырақтың тұздануы күшейген жағдайда калий егіннің климаттық стресс пен ауруларға төзімділігі үшін стратегиялық маңызға ие. Оның үстіне ішкі нарықтың өзі тез өсіп келеді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемі 2023 жылғы 679 мың тоннадан 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Ең қызығы Қазақстанға тек өзін қамтамасыз ету жеткіліксіз болуы мүмкін. Сәтимола секілді қорлар толық игерілсе, ел калий импорттаушыдан экспорттаушыға айналып, Қытай мен басқа да ірі аграрлық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Осылайша, бізде бұрыннан бар 6,6 млрд тонна шикізат енді экономикалық активке айналғалы тұр. Қазақстанның калийге импорттық тәуелділігі әзірге аяқталған жоқ. Бірақ оны түбегейлі жоятын өндірістік база қазір салынып жатыр. 2028 жылдан бастап агрохимиядағы соңғы импорттық «ақтаңдақтың» жабылуына нақты мүмкіндік бар. https://t.me/dalainside
«Біз әділ қоғамда өмір сүруге лайықтымыз, ол үшін ең алдымен өзімізге адал болуымыз керек. Менің арманымдағы Қазақстан - жасанды интеллект дамыған, IT саласы озық, тіпті аэротаксиі бар заманауи мемлекет».Махаббат Мусина:
«Ата-анам кішкентайымнан "сенімді ақта, әр ісіңе адал бол әрі жауапкершіліктен қорықпа" деп үйретті. Мен үшін әділдік осы қарапайым қағидалардан тұрады».Қатысушылар ел дамуын білім сапасы, тұрақты жалақы, лайықты зейнетақы және әр азаматтың жеке жауапкершілігімен байланыстырады. Партия бұл ұсыныстарды тек қалада ғана емес, аймақтарды аралап жүрген мобильді керуендер мен цифрлық платформалар арқылы да жинап, сайлауалды бастамаларына арқау етуде. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
"ExxonMobil үшін бұл өте ауыр прецедент. Оның үстіне америкалық компания Қашағанды одан әрі кеңейтуге ондаған миллиард доллар инвестиция салуға дайын екенін білдірген, бірақ мұны қазіргі даулардың шешілуімен байланыстырып отыр. Яғни бір жағынан Қазақстан өткен шығындар үшін есеп сұрайды, екінші жағынан ExxonMobil болашақ инвестицияны келіссөз құралы ретінде ұстап отыр", - дейді, дереккөз.Chevron мен ExxonMobil бұған дейін КТК мәселесінде АҚШ билігінің саяси ресурсымен жұмыс істей алатынын көрсетті. Енді дәл сондай механизм Қашаған бойынша да іске қосылып жатқанға ұқсайды. Алайда Қазақстан бұл жолы позициясын қатайтып отыр. NCOC-қа экологиялық талаптар бойынша бірнеше миллиард долларлық санкциялар қойылды, активтеріне шектеу салынды, ал негізгі дау халықаралық арбитражда жалғасуда. Астана енді бұрынғы ойын ережесін түгел қайта қарауда. Егер Қазақстан Қашағандағы миллиардтаған долларлық шығындардың бір бөлігін заңсыз немесе негізсіз деп дәлелдей алса, бұл тек өтемақы мәселесі болмайды. Бұл Қашағаннан түсетін болашақ табыстың бөліну моделін де өзгертуі мүмкін. Сондықтан ExxonMobil-дың Вашингтонды іске қосуы бекер емес. Қашаған үшін негізгі шайқас енді Атырау облысынан Вашингтон округына ауысты. DALA INSIDE бұл тартыстың қалай өрбитінін бақыламақ👇 https://t.me/dalainside
Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді.Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты. КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді. Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды. Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс. DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇 https://t.me/dalainside
«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер бірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде.Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
"Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды көрсетеді. Біріншіден, Қазақстан сыртқы валютадағы қарызға тәуелділікті біртіндеп азайтып келеді. Мемлекеттік борыштың ішкі көздер арқылы қалыптасуы валюталық тәуекелдерді төмендетеді. Себебі сыртқы қарыз көбіне доллар немесе басқа валюталарда алынады, ал оны өтеу бюджетке қосымша қысым түсіруі мүмкін. Екіншіден, ішкі қарыз нарығының дамуы экономиканың қаржы жүйесі үшін қалыпты тәжірибе. Көптеген дамыған мемлекеттер бюджет тапшылығын негізінен ішкі облигациялар шығару арқылы қаржыландырады. Бұл жағдайда негізгі кредиторлар ретінде ішкі инвесторлар, банктер, зейнетақы қорлары және қаржы ұйымдары жақсы дамиды", - дейді, DALA INSIDE арнасына жағдайды түсіндірген Үкіметтегі инсайдер.Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы деңгейі экономиканың көлемімен салыстырғанда әлі де басқарылатын деңгейде қалып отыр. Негізгі мәселе қарыз көлемінде ғана емес, оны қандай мақсатқа жұмсап жатқанына байланысты. Егер тартылған қаражат инфрақұрылымға, өндіріс пен экономикалық өсімге бағытталса, ол болашақ табысты арттыра алады. Сонымен бірге ішкі қарыздың жылдам өсуі де бақылауды қажет етеді. Себебі мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің артуы пайыздық шығындарды көбейтеді және бюджетке қызмет көрсету жүктемесін ұлғайтуы мүмкін. Сонда жалпы картина мынадай. Қазақстанның мемлекеттік қарызы номиналды түрде өскенімен, оның құрылымында сыртқы борыштың қысқаруы байқалады. Бұл елдің халықаралық валюта нарықтарына тәуелділігін төмендететін және қаржылық тұрақтылық тұрғысынан оң фактор. Енді Үкімет ішкі қарыздың өсуін экономикалық қайтарымы жоғары жобалармен байланыстырғысы келеді. Ол уақытылы қолға алынып отырған бастама. https://t.me/dalainside
"Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін компания шамамен 10% сақтау қуатынан айырылып, Қазақстаннан балама қойма алаңдарын іздей бастады. Онымен қатар, маркетплейс Қазақстанда онсыз да ауқымды логистикалық база құрып жатыр. Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын, құны 47,7 млрд теңгелік хаб салынуда. Оның іске қосылуы 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Алматыда тағы 103 мың шаршы метрлік орталық ашу жоспары бар. Логикаға сай, Қазақстан Wildberries үшін тек өткізу нарығы емес, Ресейден тыс тауар ағынын қайта бөлетін қауіпсіз логистикалық плацдармға айналуы мүмкін", - дейді, дереккөз.Келген инсайд бойынша, әзірге нақты шешім қабылданбаған. Қосымша зерттеу және бұл сценарийді іске асыруға қажет қаржылық инвестицияларды, заңдық тәуекелдерді есептеу қажет деп танылған. РВБ тобының 2025 жылғы жалпы тауар айналымы - GMV 6,1 трлн рубльден асты. Бұл 2024 жылғы 4,1 трлн рубльмен салыстырғанда 49%-ға көп. Топтың таза пайдасы 104 млрд рубльден 175 млрд рубльге өскен. Инфрақұрылымға, IT мен жаңа жобаларға салынған инвестиция көлемі 310 млрд рубльден асқан. Бірақ 2026 жылғы балансында үлкен проблемалар пайда болатыны анық. Биыл маркетплейстің таза пайда көрсету мүмкіндігіне қатысты үлкен сұрақтар бар. DALA INSIDE бұл мәселені қадағалап отырмақ. https://t.me/dalainside
«Жас мамандарды тарту оңай, ұстап қалу маңызды. Жас мамандар аймаққа бала-шағасымен барғаннан кейін, сол балаларына жақсы білім бергісі келеді, денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс болғанын қалайды. Сондықтан, біздің партияның сайлауалды бағдарламасының үшінші бағыты «Мықты өңірлер - мықты ел» деп аталады. Өңірлер мен қалалар арасындағы теңсіздікті азайту керек», - деді Бектұров.Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
"Саналы қоғам – сапалы мемлекет болары ақиқат. Соңғы бес жыл ішінде «Сенімен Болашақ» қазақ қоғамында шама-шарқынша орасан еңбектер атқарды. Қазір амалы-төкпелі заманда өмір кешудеміз. Дүниенің тоқсаннан астам елінде үлкенді-кішілі қақтығыстар мен қан төгістер орын алуда. Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында аспанымыз ашық, ұйқымыз тыныш. Бірақ бағаламағанға бақ, қадірлемегенге құт қонбайды. Осы бейбіт заманды пайдалана отырып, сеніміне, нанымына, ұлты мен нәсіліне қарамастан, адами құндылықтарды ту етіп, ұлттық құндылығымызды тұғырына отырғызуға ел болып жұмыла еңбек етуіміз керек. Елге, ел мүддесіне жаны ашитын азаматтық қоғам қалыптастыруға сіз болып, біз болып қызмет етуіміз шарт", – деді Нұркен Асанов.Ал мақсатқа жетудің ең тиімді жолы – ағартушылық. Ол тек мұғалімнің немесе ғалымның міндеті емес, қоғамға ықпал ететін әрбір мамандықтың, соның ішінде журналистиканың да басты миссиясы. Сондықтан дәстүрлі түрде өтіп тұратын байқау ағартушылық құндылығын қоғам санасына бекітуде маңызды рөл ойнайды.
"Біздердің "Сенімен Болашақ" азаматтық қоғам өкілдері ретінде негізгі міндетіміз халыққа, қоғамға қызмет ету болса, БАҚ өкілдерінің де міндеті осы қоғамға, ақпарат алаңындағы ағартушылық арқылы елдік мүддеге қызмет болып табылады. Яғни бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Ал елдік қызмет, қоғамға жақсылық ойлау мен әділеттілікті ту еткен журналистерді де бағалау, құрметтеу әрбір азаматтық қоғамның міндеті болса керек", - деп түйіндеді, Нұркен Асанов.
«Бүгін – 23 шілдеде сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды. «ӘDILET» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының реформаларын, еліміздің алдында тұрған зор мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында барлық күш-жігерін жұмсайды», – деді Айбек Дәдебай.👉 толығырақ
