cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

نمایش بیشتر
Advertising posts
16 123مشترکین
-624 ساعت
-1047 روز
-42530 روز
توزیع زمان ارسال

در حال بارگیری داده...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
تجزیه و تحلیل انتشار
پست هابازدید هابه اشتراک گذاشته شدهديناميک بازديد ها
01
Жадидизм және қазақ халқы "Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – жадидистер. Бізге де сол жадидизмді ұстану керек" «Үйде жатпа!» жобасы кең көрерменге жол тарта алмай қалған, бірақ біздің ойымызша назар аударуға тұрарлық туындылар туралы арнайы сұхбат ұйымдастырып жүр. Осының алдында біз Ардақ Әмірқұловтың ашаршылық туралы «Жел тоқтаған жер» киносының неліктен прокатқа шықпай жатқанын сұрап, режиссермен тілдескен едік. Ал бүгін Ислам діні тақырыбындағы сирек қазақ киносының бірі – «Кітап» фильмі туралы оның режиссері Ербол Жұмағұлды әңгімеге тартып отырмыз. https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/erbol-zh-ma-l-dekolonizaciya-a-dinni-seri-turaly-ajt-ym-keldi/
3 8094Loading...
02
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНДЕ АҚША ҰСТАП ОТЫРҒАНДАР УАЙЫМДАЙ БАСТАДЫ ЦентрКредит банкі менеджерлерінің өз клиенттерінен ақша ұрлау фактілері анықталғаннан кейін, ондағы қауіпсіздікке сұрақтар туындауда. Журналист Михаил Козачков Алмалы аудандық сотының «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген 26 жастағы Арслан Әжметовке қатысты үкім шығарғанын жазады. Ол небәрі 2 айдың ішінде салымшылар шотынан 240 миллион теңге шешіп алған. Әжметов пен оның адамдары WhatsApp арқылы банк менеджерлерінен есепшоттың сенімді нөмірін өзгертуді сұраған. Сол арқылы мобильді қосымшадағы парольдерді өзгертіп, клиент ақшаларын криптовалютаға аударған. Тергеушілердің айтуынша, Арслан көмекшілері арқылы әріптестерінен, банк менеджерлерінен қажет мәліметті сатып алған. Қазіргі таңда ЦентрКредит банкі менеджерлерінің түгелін тексеру қажет. Себебі, аталған банкте халық кемінде 2,2 триллион теңгенің депозитін ұстап отыр. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
3 98515Loading...
03
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ НЕМЕН МАҚТАНАРЫН БІЛМЕЙ ЖАТЫР "Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады. Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған. Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған. Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған. 2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
4 3932Loading...
04
FORTE BANK ПРОЦЕНТСІЗ ТАБЫСЫН 17 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛДЫ "Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге). Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге). Forte Bank проблемасы - процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен процент кредиттерінің жоғары болуына байланысты болды. Егер биылдан бастап базалық ставка түсе бастаса және мемлекет ондай табысқа 25% салық салатын норма енгізсе, банктердің алтын дәуірі осымен бітетін болады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
3 2500Loading...
05
☢️ Уран аралас су. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін шақыра ма? Экологтар мен Қазатомпромның атом мамандары тез арада жабық жұмыс тобына шоғырлануы ықтимал. Ресейдің Қорған қаласында қарғын су уран қалдықтары көмілген жерасты ұңғыларын шайып, Тобыл өзеніне аға бастады деген бейресми ақпарат тексеріле бастады. Қазақстанға ағатын Тобыл өзеніне дозиметрлік бақылау орнату шаралары қолға алынуын да жоққа шығармаймыз. Ең сорақысы, Тобыл өзенінің мол суы Қазақстандағы су қоймаларын толтырып жатыр. Су ресурстары мен ирригация министрлігі "Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақ уақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ете алады", - деп, қуана рапорт берген болатын. Ол су радиациямен уланған болса, Қазақстан мүлде күтілмеген, анағұрлым қауіпті проблемамен кездеспек. Тобыл каскадындағы су қоймаларынан ауыз су алмақ түгіл, оны ауылшаруашылығы мақсатында жұмсау Қостанай облысының бүкіл территориясын жарамсыз ете алады. Тобыл суы Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар су қоймаларын толтыруда. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. DALA INSIDE бұл мәселені жіті бақылап отыр. Инсайдерлермен тікелей байланыста болады 👇 https://t.me/dalainside
3 84513Loading...
06
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 отбасының қаржы салып қойғандығын айтты. Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда. Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті. Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие. Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. "Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына. Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз. DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇 https://t.me/dalainside
10 3336Loading...
07
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды. "Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай. Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ. 👇
9 9461Loading...
08
👼 "Ата, кел" уақытша паузаға қойылды Ақорда өзінің қатаң реакциясын бергеннен кейін, тик-токта арнайы жүрген "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы уақытша тоқтатылды. Биылғы су тасқыны, былтырғы өрт, алдындағы Арыстағы жарылыстар кадрлары жинақталып, "Нұрекеңнің кезінде мұндай болмаған" деген жазбалармен көптеген видео дайындалып, біразы тик-токқа таралып кеткен болатын. Оны бірінші президент кезінде дәурені жүрген, қазір барлық монополиядан толық айрылған, елдегі активтерінен құтылып жатқан бірнеше кәсіпкер консорциумы ойлап тапқан дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Отбасының нақты қатысын дәлелдеу қиын. 16 сәуірде Дариға Назарбаева басқаратын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқанға еш қатысы жоғын ресми мәлімдеп үлгерді. "Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарын қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш Президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз", - делінген еді, мәлімдемеде. Дереккөздің айтуынша, "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы тик-токтағы жастарға бірінші президенттің жағымды образын жасау үшін ойластырылған еді. Назарбаев кезінде Қонаев қалай халықтың жадында болды, Назарбаев та солай қазіргі заман Қонаевы болғысы келеді. Бірақ сценарий оның авторлары ойлағандай өрбімеді. Енді "Ата, кел" кампаниясының фокусын Назарбаевтың кезінде мынандай болмаған деген апаттардан керісінше оның кезінде осындай жақсы дүниелер істелген (Астананың салынуы, көпірлер, кіші Аралдың толуы) деген салиқалы видеоларға бұру ойластырылуда. Назарбаев жаңа Қонаевқа айнала ала ма? Оны DALA INSIDE бақылап отыратын болады. Бізге жазылыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
5 8088Loading...
09
Су тасқыны кезінде қанша адам қаза тапты? Үйін су басқан адамдарға үкімет қанша ақша береді? Бишімбаев сотта өзін қалай қорғап жатыр? Сотқа келген  куәгерлер не дейді? Malim Media арнасына жазылсаңыздар, бәріне жауап табасыздар. Біз сізді ақпарат ағынынан адастырмай алып шығамыз, маңызды оқиғаларды түсіндіріп береміз, сапалы қазақша контент ұсынамыз. Бұл арнада күнделікті жаңалықтардан хабардар боласыз, елдегі саяси-қоғамдық оқиғалардан құр қалмайсыз. Биліктің шешімі мен сарапшылар пікірін бірінші болып біліп отырасыз. 💡Қазақша контент дами берсін! Қосылыңыздар👇 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz
7 6150Loading...
10
⚡️ Адам құқығы жөніндегі уәкіл қоғамда қызу талқыланған заңға қатысты пікір білдірді... Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікірін білдірді. Ол әлеуметтік желілерде тараған «заң балаларды тартып алуға ықпал етеді» деген теріс пікірдің жалған екенін баса атап өтті. Сондай-ақ омбудсмен заң, ең алдымен, отбасын қорғауға және дәстүрлі-ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.
10 0962Loading...
11
🇺🇲⚡🇷🇺 "Парасат" операциясы: Ресей ТЭЦ-ті реттегеннен кейін Теңіз мұнайына ауыз салады Қазақстанды толық өз орбитасында қалдыру үшін Ресейге қазақ мұнайына иелік ету қажет. ФСБ жабық докладтарында "Шеврон мен Тоталдың Қазақстанға келуі Ресей лоббиінің салғырттығы" деп бағаланған. Енді алдағы 2-3 жылда Ресей өзі қаржыландыратын ақпараттық агенттер арқылы Қазақстандағы американдықтарға қарсы имидждік компания жүргізбек. Батыс облыстарда "Мас американдық Атырауда қазақ қызын зорлады", "АҚШ Қазақстанды "гейлерге тиіспе" деп қысымға алып жатыр" деген тұрмыстық сценарийлер ойластырылатын болады. Дереккөз сөзінше, халық бір шулағаннан кейін, қоғамдық қозғалыс құрылып, ол "Шевронның кетуін" талап етіп, шерулер ұйымдастыру жоспарланған. Операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр. "Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз. "Кез-келген утопиялық ұсыныс белгілі бір дәрежеде ой тастауға бағытталған. Оны Парасаттағылар жақсы біледі және маневрларын Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ. Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер. Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болады. DALA INSIDE жақында уран, Ескі Қазақстанның Дариға арқылы жасалған кегі мен PRONTO-ның қайта оралуы туралы жазатын болады. Бізден алшақтамаңыздар 👇 https://t.me/dalainside
16 73017Loading...
12
🥬 Боялған ақша: тасқын су жемқорлықты шайып кете ме? Егер Антикор мен Ұлттық Банк мемлекеттік шығынға дайындалған ақшаны екі айда цифрлі теңгеге конверттесе, «Жаңа Қазақстан» биыл орнауы мүмкін дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Су тасқыны аяқталғаннан кейін, оның зардабын жойып, елді-мекендерді қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы кетпек. Және оның кейбір жемқор шенеуіктер тарапынан талан-таражға түсу қаупі бар. «Сол жағалау» дәл осы төтенше жағдайдан кейінгі жұмысқа Үкімет резервін жұмсауда цифрлі теңге системасын тест ретінде пайдаланып көру туралы жабық консультациялар өткізуді ойластыра бастады. Әу баста, цифрлі теңге биылдан бастап жол құрылысында тест ретінде өтуі тиіс болатын. Күптеген төтенше жағдай, және оның салдарына қыруар мемлекеттік қаржы жұмсалуы тиіс болып тұрғандықтан, билік цифрлі теңге күшін уақыт оздырмай осы бағытта тексеріп көру мүмкіндігін қарастыруға көшкен. «Соңғы сөз Антикор мен Ұлттық Банкта. Технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба, барлық сатып алу жүйелері бейімделді ме деген сұрақтарға Ұлттық Банкке қарасты Ұлттық төлем корпорациясы жауап беруі керек. Антикор өз тарапынан жедел анализ жасауы тиіс. Егер Үкімет цифрлі теңгені апаттан кейінгі қайта қалпына келтіруге енгізіп үлгере алмаса, онда ескі жоспарға оралады. Ондай жағдайда цифрлі теңге жол құрылысында пилоттан өтпек», - дейді, дереккөз. Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек. Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр. DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
12 6867Loading...
13
Қысылтаяң сәтте Президент емес, халық қорғалмақ Құтқарушыларға су тасқынымен күресуге көмектесу үшін Мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкерлері келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. «МҚҚ сарбаздары су тасқынының зардаптарын жою жолында құтқарушыларға көмектесуде. Осы сәттерде Ақмола облысының Жібек жолы ауылында МҚҚ жасағының бір тобы шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар елді мекен маңындағы бөгет бөгетінің жағасын нығайтып, су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде», - делінген жұма күні таралған хабарламада. МҚҚ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздік органдарына жататын, президенттің, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген құзыреті шегінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
5 5973Loading...
14
Петропавл зауыты су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылау үшін ТЖД-ны өз өндірісіндегі дрондармен қамтамасыз етті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Жедел штабтың жұмысын тексерді. ✔️Жергілікті кәсіпорын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ штабты су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті. 📌Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды. ✔️Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары аумақты суретке түсіру және деректерді ішкі радиобайланысы бар картаға 2D форматында лезде жіберу үшін барлау дрондарын белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті. «Тасқын су қалаға жетті, сондықтан біз кезекшілікті тұрақты түрде қамтамасыз етуіміз керек. Барлық мобильді топтар толығымен дайын тұруы қажет. Жергілікті жерде жұмыс істейтін топтар жағдайды дереу хабарлауы тиіс. Су тасқыны қаупінің қаншалықты маңызды екенін түсіне алмайтын азаматтар болса, эвакуация жүргізілген барлық елді мекендерді қайта тексеруді тапсырамын. Барлық адамдардың қауіпсіз аймақта болуын қадағалау керек», — деп тапсырды Роман Скляр. 📌Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техникалар, қосымша жүк тиегіштер, инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керектігін баса айтты. 📱 https://t.me/KZgovernment
11 3860Loading...
15
⚡️ Шеккені кальян, ішкені арақ, ойлағандары ақша... Танымал боксшы отандық спорттағы коррупция туралы ашық айтты. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kalyan-araq-jane-aqsha-tanimal-boksshi-otandiq-sporttagi-korrupsyya-turali.html
5 8194Loading...
16
📺 Дамымай жатқан сала: Қазақстан журналистикасы ірі сот процестеріне дайын емес Қуандық Бишімбаев процесіндегі алқабилер "утечкасынан" кейін журналистер сот залынан қуылды. Алқабилер құрамы құпия ұсталады және заңмен қорғалады. Ол туралы процеске қатысып жатқан ақпарат құралдарының өкілдеріне алдын-ала ескертілген болатын. "Елімізге белгілі телеарна сенсация жасаймын деп ережені өрескел бұзды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде ол ашық айтылатын болады. Журналистер тексеру біткенннен кейін сот залына қайта орала алады. Тек ереже бұзған БАҚ не ескерту алады, не процестен аластатылмақ. Оның шешімін судья Айжан Құлбаев шығарады. Әзірге тілшілер сотты басқа бөлмеде онлайн қарайтын болды. Отандық журналистикада белгілі бір регламентке, этикалық нормаларға мойынұсынбау фактілері аз емес. Өзін-өзі реттеу де әлсіз жүреді. Сонымен бірге, нақты фактілер мен сараптамадан көрі жанжалдық хайпке көп арқа сүйеп кеткен. Кезінде брифингтерде министрлер пен әкімдерге су тасқынына дайындық туралы сұрақ емес, "жалақыңыз қанша?", "қолыңыздағы не сағат?" сынды ортақ іске қажетсіз сұрақтар көп қойылды. Оның нәтижесінде мемлекетшіл шенеуіктер тарапынан журналистикаға деген құрмет азайып кетті және аудитория да арзан тақырыптарға бой үйрете бастады. Журналистика сыртқы регуляторлы фактордан емес, ішкі талаптар мен өзара келісім негізінде дамитын салаға жатады. Сондықтан осы трансыормациялық кезеңде бас редакторлардың өз жауапкершілігін түсінуі аса маңызды. DALA INSIDE журналистердің сот залына оралғанын қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
10 6863Loading...
17
⚡️ "Контингент ужыс. Одни калбиты...". Dostyk Plaza даулы жазбаға жауап қатты... Dalanews.kz осыған байланысты Алматының полиция департаментіне сауал жолдады. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kontyngent-ujis-odny-kalbyti-dostyk-plaza-dauli-jazbaga-jauap-qatti.html
6 3705Loading...
18
🇰🇿🇷🇺Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин сұрауы мүмкін – Reuters Бүгін Reuters агенттігі Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин жеткізуге дайын болу турасында өтініш айтуы мүмкін екенін жазды, – деп хабарлайды DalaInside арнасы. Егер Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын шабуылдауды тоқтатпаса, жағдай ушығып, Кремль ресми Астанада көмек сұрауы ықтимал. Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Шыңғыс Ильясов Ресейден жанар-жағармай жеткізуіге қатысты өтініш түспегенін алға тартты. Ал дәл осы мәселеге қатысты Ресейдің Энергетика министрлігі журналистердің сауалына ләм-лим деп үн қатпаған. Бірақ Ресейдің басты одақтасы Беларусь Ресейге бензин жеткізуге келіскенін білеміз. Наурыз айындағы жағдай бойынша Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай зауыттарына дамылсыз шабуыл жасап, көрші елдің мұнай өңдеу саласының әлеуетін 14 пайызға дейін кемітті. Әзірше Кремль ішкі нарықта жаран-жағармаймен қапту тұрақты, жанармай қоры жеткілікті деп ақпарат таратудан танбауда. Алдағы уақытта Украина мұнай зауыттарына шабуылды үдетсе, Ресей мұнай өнімдерін экспорттаудан, импорттаушы елге айналды. Кремль 1 наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойған болатын. Осылайша олар жарармай тапшылығының алдын алуға қам жасады. Бірақ Ресейдің бензинге қатысты шектеуі Еуразиялық Одаққа мүше елдерге жүрмейді. Өйткені, Еуразиялық одаққа мүше елдер арасында бір-біріне жанармай жеткізу турасында үкіметаралық келсімге қол қойған. Сондықтан Ресейде бензин жетпей ажиотаж болса, Кремль осы келісімге қол қойған елдерге өтініш айтатын қақысы бар. Ал мұндай жағдайда бар салмақ Қазақстанға түсетінін айтпасақ та түсінікті. Бірақ трейдерлер Ресейде жанармай тапшылығы арта түссе, Ресей Еуразиялық одаққа мүше елдерге де жанармай экспорттауға шектеу қою мүмкін екенін алға тартуда. Мұндай жағдайда осы шектеуді алға салып, Ресейге Қазақстан билігінің «жоқ» деп айтуына жол ашылады. Күні кеше ғана Ресейдің Орыс қаласын топан су басып, қала маңындағы мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бүгін де Қазақстан да су тасқынынан зардап шегуде. Осыған байланысты Үкімет 5 сәуірден бастап гуманитарлық мақсатты көздеп сырт елдерге жанармай экспорттауды шектеген болатын. Дереккөздеріне жүгінсек, қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензиннің 58 000 тоннаны құраса, дизел отынының 435 300 тонна қоры бар. Сондықтан дәл қазір Ресей 100 000 тонна бензин сұраған күннің өзінде де оны бере қоятын бізде мүмкіндік жоқ. Егер қолда бар жанармайдың қорын Ресейге берсек, елімізде жанармай тапшылығы туындауы мүмкін. 🔥👎😱
12 6294Loading...
19
🇷🇺 Ресейде жағдай нашарлап барады. Орскте медициналық көмек уақытша тоқтады Пациенттер Новотроицк (шамамен 20 шақырым) мен Орынборға (250 шақырымнан астам) жіберілуде. Екі ауруханада тек жедел және шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ресейге қарағанда, Қазақстан медициналық көмекті тоқтатпады. Орынбор облысының денсаулық сақтау министрі Татьяна Савинова Орск медициналық қызметі төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты. Орск қалалық ауруханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің филиалы су астына кеткен. Кей науқастар бірден сол жерден эвакуацияланды. Су тасқыны аймағында орналасқан басқа емханаларда да медициналық көмек тоқтатылып, пациенттер үйге жіберілген. Қазақстан Ресейдегі ауыр жағдайды бақылап отыр. Бізде де төтенше шаралардың барлығы қолға алынған. Аймақтарда медициналық эвакуацияға дайындық барысы пысықталуда. DALA INSIDE мемлекетаралық шекаралас өзендерді бақылап отыр 👇 https://t.me/dalainside
12 6075Loading...
20
ҚазМұнайГаздың қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына 4,4 млн-нан астам сексеуіл көшеттері егілмек 5 сәуірде ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерін отырғызу шарасына қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі экологиялық бастамасын қолдау мақсатында іске асырылып отыр. «Қазақ халқы сексеуіл ағашын ежелден қасиет тұтқан. Табиғаттың қорғаны, тіршіліктің жаңаруын білдіретін бұл өсімдіктің бағасы бөлек болған. Біз кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлерді көгалдандыру жұмысына белсенді атсалысып келеміз. ҚМГ құрғаған Арал түбінде 15 мың гектар алқапқа 4 миллионнан астам сексеуіл көшетін отырғызу бойынша міндеттеме алды. Осылайша, компанияның жасыл экономиканың дамуына және табиғатты болашақ ұрпақ үшін қорғап қалуға қосқан үлесін арттырамыз. Сондай-ақ бұл — тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатынымыздың іс жүзіндегі көрінісі», — деді Мағзұм Мырзағалиев. Егілген сексеуіл көшеттері Арал теңізінің құрғау салдарынан жыл сайын пайда болатын шаң мен тұздан қорғауға көмектеседі. Сонымен бірге бұл өңірдегі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалып, шөлейттену процесін баяулатуға мүмкіндік береді. Осылайша, ҚазМұнайГаз еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаға және экологиялық жобаларға көрсеткен қолдауын арттырып отыр. Жобаны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» іске асыратын болады. Жалпы, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы елімізді көгалдандыру ісіне өз үлесін қосып, өңірлерде ағаш егуді дәстүрге айналдырған. Мысалы, 2023 жылы ҚазМұнайГаз өз күшімен шамамен 40 мың жасыл желек отырғызды.
12 2546Loading...
21
💧 Құлсары және басқа да тасқындар: Президент жағдайды сағат сайын бақылауда ұстауда Атырау облысының Құлсары қаласында 600-ден астам үйді су басып қалды деп хабарлады, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Қазір Құлсары қаласынан Атырау қаласына тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін жолаушылар пойызы пайдаланылады. 2 мыңнан астам жергілікті тұрғын, оның ішінде 400-дей бала эвакуацияланды. Құлсары қаласындағы 600-ден астам жеке тұрғын үйді су басқан. Құлсарыда апаттық-құтқару жұмыстарына 745 адам мен 280-нен астам техника жұмылдырылды. Оған 4 мыңнан астам еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылды. Қазірдің өзінде Ақтау және Атырау қалаларынан Құлсарыға қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Өз кезегінде Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісі Олжас Бектенов Президентті елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр. Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов бүгін Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. DALA INSIDE қарғын су мәселесіне қатысты шешімдерді бақылап отыр 👇 https://t.me/dalainside
11 0681Loading...
22
⚡️ Билікте Батыс агенттері отыр! Кремль орыстілді блогерлерді Қазақстанға қарсы сөйлетуде... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/batistin-kolonyyasi-reseylik-arnada-qazaqstanga-qarsi-provokasyya-jasaldi.html
4 15311Loading...
23
⚡️ Ескі Қазақстан өкілдері бақсы-балгерге барып, дуалаумен айналысқан - сарапшы Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/eski-qazaqstan-okilderi-baqsi-balgerge-barip-dualaumen-aynalisqan-sarapshi.html
2 6415Loading...
24
⚡️ Астана мен Брүсселді араздастыру жоспары: Ресей Каспийде мұнай төгілгені туралы жалған дабыл қаққан... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/resey-kaspyyde-munay-togilgeni-turali-jalgan-dabil-qaqqan-bolip-shiqti.html
2 7585Loading...
25
⚡️ Байбек? Оның тұсында ботоферма етек жайды, - дейді белгілі журналист. Бұл бергі жағы... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/baybektin-tusinda-botoferma-etek-jaydi-jurnalyst.html
4 9844Loading...
26
🇺🇲 АҚШ елшілігі мен ЦРУ Қазақстанмен басқаша ойнау туралы шешім қабылдады Теңіз кенішіне қатысты аймақтық ойыншылар, оның ішінде Ресейдің амбициясы ояна бастағандықтан, американдықтар да қазақ мұнайының басында қала беру үшін ақырына дейін күреспек ниетте. Және түрлі қитұрқы жолдардан да қашпайды. "Қысым екі бағыт бойынша жүрмек. Бастысы - деңгейі жоғары саяси кездесулер. Сенаторлар жиі келе беретін болады. Және Қазақстан басшылығын Вашингтон жиі шақыртпақ. Екінші қосымша бағыт - грантта отырған үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ, арнайы радио арқылы адам құқығы, демократия мәселесінде қоғамдық қысым көрсету" - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Теңізшевройл АҚШ-тың еліміздегі басты экономикалық рычагы болып келеді. Ресей басты ықпал ету тетігі ретінде КТК құбырын таңдаса, Қытай уран мен транзиттік жобалар арқылы Қазақстанды байлап, матап отыр. АҚШ Қазақстандағы Ресейге қарсы жұмысын паралельді импортты толық шектеу мен санкцияның орындалуын арқылы жүргізсе, Қытайға қарсы балансты Шыңжаңдағы лагерьлер мәселесін ұмыттырмау арқылы реттеуде. "Осы орайда ЦРУ тарапынан біздегі биліктің жоғарғы эшелонында отырған адамдарды уыстан шығармау үшін, олардың есеп-шоттары, транзакциялары бойынша ақпарат жиналған. Сырттағы активтерді кез-келген уақытта бұғаттау мүмкіндігі бар АҚШ осы опциясын кез-келген елдің билігіне қарсы ұтымды пайдаланады дейді", - дереккөз. АҚШ Қазақстан үшін шантажист мемлекетке айнала ма? Теңіздегі контракт аяқталатын 2033 жылға жақындап қалған сайын, Вашингтонның маскасы сыпырыла бастамақ. Егер ЦРУ түрлі ойындар бастаса, американдықтарға демократия емес, тек мұнай керек екені анықталатын болады. Қадірі кеткен "демократия" деген термин АҚШ қолында тек желеу, түпкі мақсатқа жету құралы болып қала бермек. DALA INSIDE ЦРУ мен АҚШ елшілігі қадамдарын да байқап отырмақ. Әдемі ертегіге сіздер де сене бермеңіздер 👇 https://t.me/dalainside
12 52814Loading...
27
⚡️ Бишімбаевтың экс-әріптестері сөйлей бастады... "Қылығына төзбей, бір жылдан соң жұмыстан кеттім. Оған сол кезде-ақ ем алу керек еді", - дейді Қуандықтың бұрынғы әріптесі. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/quandiqtin-qiligina-tozbey-bir-jildan-son-jumistan-kettim-byshimbaevtin-buringi-ariptesi.html
5 4244Loading...
28
⚡️ Бишімбаевтың экс-әріптестері сөйлей бастады... "Қылығына төзбей, бір жылдан соң жұмыстан кеттім. Оған сол кезде-ақ ем алу керек еді", - дейді Қуандықтың бұрынғы әріптесі. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/quandiqtin-qiligina-tozbey-bir-jildan-son-jumistan-kettim-byshimbaevtin-buringi-ariptesi.html
10Loading...
29
💥 Полиция Сәтмағамбетов коспаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады Астана мәслихатының бұрынғы депутаты Ғабит Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТАГ жазады. "Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берді Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына. Оның алдында, «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС инвесторы Әділбек Ахметов Астана мәслихатының экс-депутаты Ғабит Сәтмағамбетовтің бақылауындағы құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғамақшы деп жазған болатынбыз. Компра мәліметінше, осы фирманың құрылтайшысы - Ғабит Сәтмағамбетов. "Заңгер және бірнеше инвестормен полицияға «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС-не және жалпы G-Park компаниясына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазуға бардық. Олар бізден бас тартты, содан кейін біз аудандық прокуратураға бардық, олар да бізден бас тартты. Енді біз қалалық прокуратурадан жауап күтеміз", - деген еді, сол кезде Ахметов ҚазТАГ агенттігіне. Ахметовтың айтуынша, G-Park құрбандары аз емес. WhatsApp-та топта зардап шеккен 600-ге жуық адам бар. Онда видео, прокуратураға жазған хаттар, барлығы жиналған. Полицияның Сәтмағамбетовтың DALA INSIDE үстінен жазған арызын бірден қабылдап, қылмыстық іс қозғап жібергенін еске салған бастамашыл топ өз арыздарын органдардың қараусыз қалдырғанына таң қалған еді. Себебі, бұл оқиғада 600-ден астам жәбірленуші, қолындағы сот шешімін орындата алмай жүрген 15-20 адам болды. Түбіне сайып келгенде іс оңынан туып, полиция олардың арызын қараусыз қалдырмады. DALA INSIDE телеграм арнасы мен ҚазТАГ ақпарат агенттігі осы қылмыстық істі бақылауда ұстайды 👇 https://t.me/dalainside
14 6691Loading...
30
Ғабит
10Loading...
31
⚡️ Бишімбаев Нүкенованың өлімі туралы: "Қабырғаға соғылып, унитазға құлады" Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/byshimbaev-nukenovanin-olimi-turali-qabirgaga-sogilip-unytazga-quladi.html
6 86410Loading...
32
⚡️Мәскеудегі теракт. Тасмағамбетов Ресей үшін қауіпті сценарийді айтты... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/maskeudegi-terakt-tasmagambetov-resey-ushin-qauipti-ssenaryydi-aytti.html
5 2422Loading...
33
🇷🇺 Қарғын судан Ресей де құтыла алмады Ресейдің Алтай аймағында 500-ге жуық ғимаратты су басқан. Бұл туралы BAQ.KZ жазады. Су тасқыны наурыз айының соңында басталды. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізіліп, көшуге мәжбүр болған тұрғындар үшін уақытша орналастыру орталықтары құрылды. Алтай өлкесінің билігі алапат су тасқыны қыстағы ауа райының қалыптан тыс жағдайларынан болғанын айтты. Басында қар өте аз жауды, қатты аяз болды, жер әдеттегіден 50-70 сантиметрге, ал кей жерлерде 1-1,2 метрге қалың қатты. Мұз қыртысы қалыңдап, жер бетінде қалың тоң қабат пайда болды, ол судың сіңуіне жол бермеді, - деді губернатор Виктор Томенко. Одан кейін жылы ауа райы күрт аязға ауысты дейді ол.  Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 9 жол учаскесіне шектеу енгізілді. Үш уақытша орналастыру орталығында 165 адам бар. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ жағдай үнемі дронмен бақылануда.
11 7852Loading...
34
⚡ Шұғыл амал: Бозымбаевтың вице-премьер болуы еш сценарийде қарастырылмаған еді Қазақстандағы тоғыз облыстың су астына кетуі Қытайдағы форумнан оралған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форс-мажор жағдайында кадрлық шешім қабылдауына ықпал етті. Жексенбі демалыс екеніне қарамастан президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. "Бозымбаев аймақтық саясатқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне, төтенше жағдайлар мен су ресурстарына жауапты болады. Әсіресе соңғы екі бапқа басты күш салу тапсырылды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бұл бағытқа бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап беретін. Роман Васильевич профессиясын ауыстырмады. Қатаң сөгіс алғаны болмаса, ол да қызметінде. "Склярға өзі жақсы білетін өндіріс, автопром саласы қалдырылды. Шын айтқанда төтенше жағдаймен күресу оның профилі емес еді", - дейді, дереккөз. Бозымбаевтың келуімен Үкімет құрамы күшейді. Ол зардап шеккендермен жұмыс, сынған дүниені қалпына келтіру, ақша бөлгізу, жер-жердегі жұмысты ұйымдастыру сияқты жұмыстарға жақсы маманданған. Бұл бағыттағы оның стилі марқұм Бердібек Сапарбаевқа ұқсайды. Негізі, Бозымбаевқа қатысты жоспар басқа еді. Бірақ топан су барлық жоспарды бұзды. Мемлекет басшысы жақсы көмекшіден айрылды. Есесіне Үкімет аймақтармен жұмыс істей алатын вице-премьермен толықты. "Бозымбаев биылғы апаттың салдарын реттеп, келесі жылы еріген қар суы мен жаңбыр суының барлығы тоғандар мен су құймаларына жиналатындай система жасауы тиіс", - дейді, дереккөз. Оның ойынша, судың барлығы жерге сіңбей, ағып кеткендіктен, жазда ауыл шаруашылығы саласында үлкен апаттар басталады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа үлкен сынақ келе жатыр. Бұл жолғы "цунами" үкіметтің тең жартысының жаза арқалауына алып келді. Шұғыл кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевқа қатаң сөгіс берілді. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік талапқа толық сай еместігі туралы ескертулер алды. Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіліп, шығын өтелетінін айтты. Қазір оның көлемі есептеліп жатыр. DALA INSIDE су мен Үкімет арасындағы шайқасты бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
18 64812Loading...
Жадидизм және қазақ халқы
"Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – жадидистер. Бізге де сол жадидизмді ұстану керек"
«Үйде жатпа!» жобасы кең көрерменге жол тарта алмай қалған, бірақ біздің ойымызша назар аударуға тұрарлық туындылар туралы арнайы сұхбат ұйымдастырып жүр. Осының алдында біз Ардақ Әмірқұловтың ашаршылық туралы «Жел тоқтаған жер» киносының неліктен прокатқа шықпай жатқанын сұрап, режиссермен тілдескен едік. Ал бүгін Ислам діні тақырыбындағы сирек қазақ киносының бірі – «Кітап» фильмі туралы оның режиссері Ербол Жұмағұлды әңгімеге тартып отырмыз. https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/erbol-zh-ma-l-dekolonizaciya-a-dinni-seri-turaly-ajt-ym-keldi/
نمایش همه...
Ербол Жұмағұл: Деколонизацияға діннің әсері туралы айтқым келді - Үйде жатпа

Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – джадидистер. Бізге де сол джадидизмді ұстану керек

👍 37👎 2
Repost from N/a
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНДЕ АҚША ҰСТАП ОТЫРҒАНДАР УАЙЫМДАЙ БАСТАДЫ ЦентрКредит банкі менеджерлерінің өз клиенттерінен ақша ұрлау фактілері анықталғаннан кейін, ондағы қауіпсіздікке сұрақтар туындауда. Журналист Михаил Козачков Алмалы аудандық сотының «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген 26 жастағы Арслан Әжметовке қатысты үкім шығарғанын жазады. Ол небәрі 2 айдың ішінде салымшылар шотынан 240 миллион теңге шешіп алған. Әжметов пен оның адамдары WhatsApp арқылы банк менеджерлерінен есепшоттың сенімді нөмірін өзгертуді сұраған. Сол арқылы мобильді қосымшадағы парольдерді өзгертіп, клиент ақшаларын криптовалютаға аударған. Тергеушілердің айтуынша, Арслан көмекшілері арқылы әріптестерінен, банк менеджерлерінен қажет мәліметті сатып алған. Қазіргі таңда ЦентрКредит банкі менеджерлерінің түгелін тексеру қажет. Себебі, аталған банкте халық кемінде 2,2 триллион теңгенің депозитін ұстап отыр. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
نمایش همه...
😱 61👍 7😡 3💯 1
Repost from N/a
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ НЕМЕН МАҚТАНАРЫН БІЛМЕЙ ЖАТЫР "Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады.
Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған.
Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған. Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған. 2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
نمایش همه...
😁 28👍 14💯 1
Repost from N/a
FORTE BANK ПРОЦЕНТСІЗ ТАБЫСЫН 17 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛДЫ "Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге).
Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге).
Forte Bank проблемасы - процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен процент кредиттерінің жоғары болуына байланысты болды. Егер биылдан бастап базалық ставка түсе бастаса және мемлекет ондай табысқа 25% салық салатын норма енгізсе, банктердің алтын дәуірі осымен бітетін болады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
نمایش همه...
👍 61👎 5😁 2💯 1
☢️ Уран аралас су. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін шақыра ма? Экологтар мен Қазатомпромның атом мамандары тез арада жабық жұмыс тобына шоғырлануы ықтимал. Ресейдің Қорған қаласында қарғын су уран қалдықтары көмілген жерасты ұңғыларын шайып, Тобыл өзеніне аға бастады деген бейресми ақпарат тексеріле бастады. Қазақстанға ағатын Тобыл өзеніне дозиметрлік бақылау орнату шаралары қолға алынуын да жоққа шығармаймыз.
Ең сорақысы, Тобыл өзенінің мол суы Қазақстандағы су қоймаларын толтырып жатыр. Су ресурстары мен ирригация министрлігі "Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақ уақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ете алады", - деп, қуана рапорт берген болатын.
Ол су радиациямен уланған болса, Қазақстан мүлде күтілмеген, анағұрлым қауіпті проблемамен кездеспек. Тобыл каскадындағы су қоймаларынан ауыз су алмақ түгіл, оны ауылшаруашылығы мақсатында жұмсау Қостанай облысының бүкіл территориясын жарамсыз ете алады. Тобыл суы Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар су қоймаларын толтыруда. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. DALA INSIDE бұл мәселені жіті бақылап отыр. Инсайдерлермен тікелей байланыста болады 👇 https://t.me/dalainside
نمایش همه...
😱 64👍 7👎 1
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 отбасының қаржы салып қойғандығын айтты.
Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда.
Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті. Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие. Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
"Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына.
Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз. DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇 https://t.me/dalainside
نمایش همه...
👍 51😱 4👎 2
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды. "Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай. Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ. 👇
نمایش همه...
Dala Finance

🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром 💻 IT, финансы, финтех Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар @dalareklanabot

👍 40💯 1
👼 "Ата, кел" уақытша паузаға қойылды Ақорда өзінің қатаң реакциясын бергеннен кейін, тик-токта арнайы жүрген "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы уақытша тоқтатылды. Биылғы су тасқыны, былтырғы өрт, алдындағы Арыстағы жарылыстар кадрлары жинақталып, "Нұрекеңнің кезінде мұндай болмаған" деген жазбалармен көптеген видео дайындалып, біразы тик-токқа таралып кеткен болатын.
Оны бірінші президент кезінде дәурені жүрген, қазір барлық монополиядан толық айрылған, елдегі активтерінен құтылып жатқан бірнеше кәсіпкер консорциумы ойлап тапқан дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Отбасының нақты қатысын дәлелдеу қиын.
16 сәуірде Дариға Назарбаева басқаратын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқанға еш қатысы жоғын ресми мәлімдеп үлгерді.
"Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарын қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш Президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз", - делінген еді, мәлімдемеде.
Дереккөздің айтуынша, "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы тик-токтағы жастарға бірінші президенттің жағымды образын жасау үшін ойластырылған еді. Назарбаев кезінде Қонаев қалай халықтың жадында болды, Назарбаев та солай қазіргі заман Қонаевы болғысы келеді. Бірақ сценарий оның авторлары ойлағандай өрбімеді. Енді "Ата, кел" кампаниясының фокусын Назарбаевтың кезінде мынандай болмаған деген апаттардан керісінше оның кезінде осындай жақсы дүниелер істелген (Астананың салынуы, көпірлер, кіші Аралдың толуы) деген салиқалы видеоларға бұру ойластырылуда. Назарбаев жаңа Қонаевқа айнала ала ма? Оны DALA INSIDE бақылап отыратын болады. Бізге жазылыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
نمایش همه...
😁 55👎 31👍 16🔥 3👏 2💯 1
Су тасқыны кезінде қанша адам қаза тапты? Үйін су басқан адамдарға үкімет қанша ақша береді? Бишімбаев сотта өзін қалай қорғап жатыр? Сотқа келген  куәгерлер не дейді? Malim Media арнасына жазылсаңыздар, бәріне жауап табасыздар. Біз сізді ақпарат ағынынан адастырмай алып шығамыз, маңызды оқиғаларды түсіндіріп береміз, сапалы қазақша контент ұсынамыз. Бұл арнада күнделікті жаңалықтардан хабардар боласыз, елдегі саяси-қоғамдық оқиғалардан құр қалмайсыз. Биліктің шешімі мен сарапшылар пікірін бірінші болып біліп отырасыз. 💡Қазақша контент дами берсін! Қосылыңыздар👇 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz
نمایش همه...
👍 49🔥 3👏 1
⚡️ Адам құқығы жөніндегі уәкіл қоғамда қызу талқыланған заңға қатысты пікір білдірді... Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікірін білдірді.
Ол әлеуметтік желілерде тараған «заң балаларды тартып алуға ықпал етеді» деген теріс пікірдің жалған екенін баса атап өтті.
Сондай-ақ омбудсмен заң, ең алдымен, отбасын қорғауға және дәстүрлі-ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.
نمایش همه...
👍 38👏 6🔥 4👎 3💯 2🙏 1