DALA INSIDE
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
显示更多📈 Telegram 频道 DALA INSIDE 的分析概览
频道 DALA INSIDE (@dalainside) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 10 363 名订阅者,在 新闻与媒体 类别中位列第 17 866,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 866 位。
📊 受众指标与增长动态
自 невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 10 363 名订阅者。
根据 20 九月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 -160,过去 24 小时变化为 -4,整体触达仍然可观。
- 认证状态: 未认证
- 互动率 (ER): 平均受众互动率为 47.32%。内容发布后 24 小时内通常能获得 16.78% 的反应,占订阅者总量。
- 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 4 904 次浏览,首日通常累积 1 739 次浏览。
- 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 29。
📝 描述与内容策略
作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
“✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.”
凭借高频更新(最新数据采集于 21 九月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 新闻与媒体 类别中的关键影响点。
«Себебі Теңіз сияқты алып кен орнында жаңа инвестициялар, бұрғылау бағдарламасы, газды кері айдау, жабдықтарды жаңарту бірнеше жыл бұрын жоспарлануы керек. Оның үстіне ТШО-ның өз құжаттарында 2033–2040 жылдарға дейін жаңа горизонталды ұңғымалар бұрғылау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни кен орнының экономикалық өмірі 2033 жылмен бітпейді. Ондағы технологиялық шешімдердің барлығы Теңізшевройлдікі. Сондықтан басқа компания келе салып, бұл жұмысты жалғастырып алып кете алмайды. Қазақстан, Chevron мен ExxonMobil контрактты ұзарту мен оның жаңа шарттарын 2030 жылдан қалдырмай шешуі тиіс».Биыл Шевронның Теңізге арналған негізгі капиталы салынып болды. Future Growth Project аяқталып, 2025 жылы өндіріс 39 млн тоннаға мұнайға жетті. Жобада әу бастан қуатты жылына шамамен 40 млн тонна деңгейіне жеткізу бекітілген еді. Ол орындалды. Демек Қазақстан инвестициялық тәуекелдің басым бөлігі өтелгендіктен рентаның бөлінуін қайта қарауды талап ете алады. Дереккөз сөзінше Қазақстан екі түрлі стратегияны таңдауы мүмкін. Біріншісі – қаржылық cost, яғни ТШО-дан елімізге келетін ақша ағынын арттыру. Оны ТШО-дағы Қазмұнайғаздың үлесін 20 пайыздан 25 пайызға арттыру мен ТШО үшін салық режимін қатаңдату арқылы жасауға болады. Ал екінші жол өндірістік-инвестициялық бағытқа келеді. Оның аясында ТШО-ның ішкі нарыққа мұнай беруін бекітіп, осы мұнайға арнап төртінші мұнай өңдеуі зауытын салу, ТШО сатып алуларын толық қазақстандық қызметтер мен тауарларға көшу сынды талаптар болуы ғажап емес. 2025 жылы Теңіз кенішінен 39 млн тонна мұнай өндірілді. ТШО-ның Қазақстанға тікелей қаржылық төлемдері 10,6 млрд долларды құрады. Қазір ТШО-дағы акционерлер үлесі Chevron - 50%, ExxonMobil - 25%, ҚМГ - 20%, Lukoil - 5%. https://t.me/dalainside
«Біздікілер оған дайындалып қойған. Бірақ Қазақстанның қазіргі қорғаныс жастығы бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Шілде соңында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері шамамен 63,7 млрд доллар болды. Оның ішінде алтынның құны 48 млрд доллардан асады. Бұған Ұлттық қордың валюталық активтерін қоссақ, резерв көлемі 120 млрд доллардан асады. Қазір біз ФРЖ ставкасының өсуінен негатив күтіп отырған жоқпыз», - деді, DALA INSIDE дереккөзі.Ұлттық Банк тамызда валюталық интервенция жасамаған еді. Теңге сол айда 2,6%-ға нығайып, бір доллар 461,57 теңгеге дейін түскен. Ал кеше 444 деңгейіне дейін құлады. Осы қыркүйекте бюджет трансферттері үшін Ұлттық қордан 200-300 млн доллар сату жоспарланған және бұған қоса бұрынғы операцияларды «айна» қағидаты бойынша өтеуге байланысты нарыққа валюталық ұсыныс түседі. Демек қысқа мерзімде ішкі нарықта доллар тапшылығы байқалып отырған жоқ. Сыртқы қарыз жағынан да бір маңызды нюанс бар. Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 2026 жылғы 1 сәуірде шамамен 182,8 млрд доллар болған. Бұл үлкен сан болып көрінеді. Бірақ оның шамамен 87,4 млрд доллары тікелей инвестиция аясындағы компанияаралық қарыз. Оны түгелдей Үкімет қайтаруға тиіс мемлекеттік борыш ретінде қарау қате. Мемлекеттік сыртқы қарыздың өзі керісінше биыл қысқарып отыр. Ол 1 шілдеде шамамен 8,35 трлн теңге болды. Сондықтан ФРЖ ставкасының өсуі Қазақстанның ертең сыртқы борышын өтеу қабілетіне тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен де, енді жаңа долларлық қарыздар мен еуробондтарды орналастыру қымбаттайды. Біздің осал жеріміз төлем балансына келіп тірелетін сияқты. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ағымдағы шот тапшылығы шамамен 1,8 млрд долларға жетті. Оның негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларға қажетті жабдық пен аралық тауарлар импортының қатты өсуі еді. Экспорт бірінші тоқсанда 19,1 млрд долларға жетсе, импорт $14,8 млрд болды. Алайда инвестициялық табыстардың шетелге шығарылуы ағымдағы шотты минусқа түсірді. Ұлттық Банктің бастапқы болжамы бойынша 2026 жылы ағымдағы шот тапшылығы ЖІӨ-нің шамамен 3,7%-ын құрауы мүмкін. Сонымен қатар екінші тоқсанда жағдайдың едәуір жақсарғаны байқалады. Қазіргі есеп бойынша II тоқсанда ағымдағы шот шамамен 3 млрд доллар профицитке шығып, жартыжылдық қорытындысында шамамен 1 млрд доллар оң сальдо қалыптасуы тиіс. II тоқсанның нақты дерегі осы айдың соңында жарияланады. Әзірге қорғаныс жастығы жеткілікті. Бірақ Федералды резерв жүйесінің Вашингтондағы түнгі шешімі біздегі Ұлттық Банктің базалық ставканы ары қарай жылдам төмендету мүмкіндігін азайтты. ФРС ставкасы өсіп жатқан кезде бізге енді ставканы төмен түсіру аса қауіпті. Сондықтан ставка бойынша 23 қазанда өтетін комитет отырысы қызу болатын сияқты. DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Өзгерістер болса жазамыз 👇 https://t.me/dalainside
Жеті айдың қорытындысы да осы картинаны көрсетеді. Республикалық бюджет кірісі 12,36 трлн теңгені құраса, оның 9,34 трлн теңгесі салықтан түскен. ҚҚС бюджетке 4,26 трлн теңге әкелгенімен, жоспар небәрі 90,3%-ға орындалған. Корпоративтік табыс салығынан 2,73 трлн теңге жиналып, жоспардың 96,8%-ы орындалды.Сонымен бірге бюджетті ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі әлі де Ұлттық қор болып отыр. Қаңтар-шілде аралығында бюджетке 2,80 трлн теңге трансферт түскен. Оның 2,32 трлн теңгесі Ұлттық қордан берілген кепілдендірілген трансферт. 2026 жылға мұндай трансферттің жалпы көлемі 2,77 трлн теңге болып бекітілген. Демек жеті айдың өзінде жылдық лимиттің басым бөлігі пайдаланылып қойған. Заң бойынша биыл Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылмаған. Ұлттық банк бюджеттегі консолидация әзірге кірісті күрт өсіру арқылы емес, шығыстарды шектеу арқылы жүріп жатқанын атап өтеді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік шығыстар номиналды түрде 11,7%-ға ұлғайғанымен, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 24,7%-дан 23,5%-ға төмендеді. Мұнайлы емес дефицит 7,1%-ға дейін қысқарды. Бірақ жалпы бюджет тапшылығы, керісінше, ЖІӨ-нің 3,2%-ына дейін өскен. Оған қоса, бюджетке қарыздың өзі барған сайын қымбатқа түсіп келеді. Жеті айда мемлекеттік борышты өтеуге 2,43 трлн теңге жұмсалған. Ал бүкіл жылға жоспарланған сома 3,47 трлн теңге болып отырб Яғни қарыз бойынша пайыздар мен төлемдердің өсуі білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым секілді басқа бағыттарға жұмсалатын бюджет ресурсын біртіндеп тарылтады. Бұдан бөлек, кіріс пен шығыс арасындағы алшақтық та кеңейіп отыр. Қаңтар-шілдеде республикалық бюджет шығыстары 14,75 трлн теңгеге жетсе, кірістер 12,36 трлн теңге болды. Бюджет тапшылығы бірінші жартыжылдықтағы 2,13 трлн теңгеден жеті ай қорытындысында 2,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оны қаржыландыру үшін жыл басынан бері 4,68 трлн теңге көлемінде қарыз тартылған. Осылайша салық реформасының алғашқы нәтижесі парадоксалды болып шықты. Иә, салық көбірек жиналып жатыр. Бірақ ол бюджеттің құрылымдық проблемасын жойған жоқ. Сондықтан оған болашақта реформа деп атау емес, коррекция деген атау берілуі мүмкін. Себебі реформа - фундаменталды нәрселерді өзгертетін ұғым. Қазір фундаменталды ештеңе өзгермеді. DALA INSIDE реформа барысын бақылап отырмақ. Бірге бақылайық 👇 https://t.me/dalainside
Қазір механизм былай жұмыс істейді. Бензин мен дизельдің көтерме бағасы белгіленген деңгейден жоғарылаған жағдайда қосымша маржаның 50%-ы акциз арқылы алынады. Мәселен, бензин бойынша акциз формуласына көтерме бағаның шекті деңгейден асқан бөлігінің 50%-ы енгізілген. Дизельге де ұқсас механизм қолданылады. Бұл формула Үкіметтің қолданыстағы қаулысында бекітілген.Алайда мұнай өндірушілерінің есебінше, мәселе тек осы 50%-бен шектелмейді. ҚҚС пен басқа да жанама салықтарды қосқанда, либерализациядан пайда болған маржаның нақты фискалдық алынуы қазірдің өзінде орта есеппен 64–70%-ға жетеді. Ал қосымша акциз арқылы алынатын үлес 95%-ға көтерілсе, ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Егер ішкі нарықтағы бағаны еркін жібергеннен кейін пайда болған маржаның 95%-ы қайта алынатын болса, компаниялар үшін либерализацияның экономикалық мәні жоғалады деген уәж айтылып отыр. Нәтижесінде өндірушілер ішкі нарыққа мұнай жеткізуден шығын шегуі, жаңа кен орындары мен өндіріске инвестиция салуға ынтасы төмендеуі мүмкін. Ал ұзақ мерзімде бұл жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне де әсер етуі ықтимал деп қауіптенеді сала өкілдері. Айта кетейік, жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылдан бастап мұнай өнімдеріне қолданылатын базалық акциздер де өсті. Бензиннің көтерме саудасындағы базалық ставка 38 134 теңге/тонна деңгейінде белгіленген. DALA INSIDE бұл бастаманың Үкіметте қандай деңгейде қаралып жатқанын және 95% көрсеткішінің нақты қай мемлекеттік органнан шыққанын анықтауды жалғастырады. https://t.me/dalainside
«Банктер экономиканы қолдай қоймағандықтан, мемлекет ҚНРДА арқылы өзінің риторикасын қатаңдатты. Тіпті келесі жылы банктер ұстап отырған мемлекеттік қарызды толық қайтарып алу керек деген консенсус бар. Қазір банктер график бойынша борыштарын төлеп отыр. Бірақ ол мемлекетті қанағаттандырмайды. Банктер барлық қарызын бірден қайтарса, дәл сол ақшаны мемлекет «Бәйтерек» қорына беріп, кәсіпкерлік пен бизнесті қаржыландыра бастауы мүмкін», - дейді, дереккөз.Еліміздегі банктерде ақша қоры аз емес. 1 тамыздағы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 75,6 трлн теңгеге жетті. Оның 23,2 трлн теңгесі жоғары өтімді активтер қатарында. Бір айдың өзінде өтімді активтер тағы 4%-ға көбейген. Демек, ақша бар. Ұлттық банктің 7 күндік депозиттік аукциондары тамыз-қыркүйекте 16,75% кірістілікпен өтті. 4 қыркүйектегі бір ғана аукционға банктер 2,7 трлн теңге әкелген. Сонда банктердің экономика мен бизнесті қаржыландырғаннан көрі, ноталар мен облигацияларға ақша сала салып, оңай табыс табуға үйреніп алғанын көреміз. Бір ғана мысал. 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекет алдындағы қарызы 900 миллиард теңгеден кем түсейтін Alatau City банкінің инвестициялық бағалы қағаздары клиенттерге берген кредитінен де көп болған. Оның 1,4 триллион теңгелік инвестициялық портфелінің кемінде 756,8 миллиард теңгесі мемлекеттік облигациялар мен Ұлттық банк ноталарына салынған. Сонда банктің облигация мен басқа инвестициялық қағазға салған ақшасы клиенттерге берген кредитінен 218 миллиард теңгеге көп. Қазіргі қалыптасқан жағдайда банктер экономиканы кредиттеуге мүлде құлықсыз. Ал мемлекет кәсіпкерлікті күшейтіп, түрлі нысандар салу үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр. Үкіметтің банктерді ортақ іске тарту бойынша ниеті мүлде орындалмады. https://t.me/dalainside
Қазақстанда аналитика жоқ емес. Министрліктер, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, ҚСЗИ, зерттеу институттары мен сарапшылар жеткілікті. Бірақ көбінде осы ақпараттың барлығы бір жерге жиналып, мемлекеттік шешім қабылдауға арналған тұтас аналитикалық өнімге айнала бермейді.Үкімет кез келген реформаның экономикалық тиімділігін есептей алса да, оның үш жылдан кейін инфляцияға, бизнеске, өңірлерге, халықтың табысына немесе қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер ететінін кешенді бағалау әлдеқайда күрделі. Вице-президент институтының маңызды функцияларының бірі осындай стратегиялық аналитикалық сүзгі болатыны сөзсіз. Үкімет белгілі бір бастама ұсынса, Президентке тек сол бастаманың артықшылықтары емес, оның балама сценарийлері, тәуекелдері мен ұзақ мерзімді салдары да қатар беріле бастамақ. Бұл система Think tank деп аталады. Оның басты фокусы бүгінгі мәселені ғана емес, ертеңгі салдарын көруге бағытталған. Демек Қазақстан шешім қабылдаудың жаңа архитектурасына ауыспақ. Мысалы, қыркүйек-қазан айларында осы жүйе арқылы қабылданған алғашқы шешімдерді көретін боламыз. https://t.me/dalainside
- Кім жауап береді? - Жүргізушілердің шығынын кім өтейді? - Сапасыз жанармайдың АЗС-ке дейін жетуіне кім жол берді? - Ең бастысы, мұндай жағдайды алдын ала анықтауы тиіс бақылау жүйесі неге жұмыс істемеді?Бұл жерде мәселе бір партия бензинде ғана емес. Мәселе - жанармай сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанында. Халық көлігі істен шыққаннан кейін тексеру жүргізу бақылау емес, салдармен күресу деп айтар едік. Енді Энергетика министрлігі тек бензиннің қайдан шыққанын анықтап қана қоймай, неге бұл жағдайдың алдын алмағанын да қоғамға түсіндірсін. https://t.me/dalainside
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
"Перуашевтің «Штрафстан» деген сөзіне қатысты да ойланатын нәрсе бар. Елдегі проблеманы сынау бір бөлек, ал мемлекетті сырт көзге кемсітетін атаумен таңбалау бір бөлек. Саясаткер айтқан әр сөзінің елдің ішкі аудиториясына ғана емес, сыртқы имиджіне де әсер ететінін түсінуі керек".Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес, адамдарында болуы тиіс. Қазақстанға енді бұрынғы саяси сахнаның мәңгілік кейіпкерлерін қайта-қайта айналдыра беру емес, жаңа саяси элита қалыптастыру маңызды. Құрылтай шын мәнінде жаңарудың институтына айналғысы келсе, онда оның ішінде де жаңа Қазақстанның адамдары отыруы керек. https://t.me/dalainside
Ендігі үлкен мақсат — Қазақстанның мемлекеттік облигацияларын JPMorgan GBI-EM дамушы елдердің халықаралық облигациялық индексіне енгізу. Егер Қазақстан осы индекске кірсе, қазақстандық қағаздарға сұраныс тағы өсуі ықтимал. Себебі әлемдегі көптеген ірі инвестициялық қорлар активтерін дәл осындай индекстерге сүйеніп бөледі.Қазақстанға тек портфельдік капитал емес, тікелей инвестициялар да қайта келе бастаған. Financial Times бірінші тоқсанда тікелей шетелдік инвестиция көлемінің $6,3 млрд-қа дейін қалпына келгенін атап өтеді. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы мұнаймен шектелмей, көлік дәліздеріне, цифрлық және технологиялық инфрақұрылымға қарай ауысып келеді. Бұл Қазақстан үшін маңызды өзгеріс. Теңге бұрын көбіне мұнай бағасына тәуелді валюта ретінде қабылданса, енді оған халықаралық капитал нарығындағы сұраныс та ықпал ете бастады. Қазақстанның ішкі мемлекеттік қарыз нарығы біртіндеп жаһандық инвесторлар үшін жеке инвестициялық активке айналып келеді. https://t.me/dalainside
Енді осы дисбаланс жойылғалы тұр. Батыс Қазақстандағы Сәтимола кен орнында Qazaq Kalium ірі тау-кен байыту кешенін салып жатыр. Жобаға шамамен $2,4 млрд инвестиция қарастырылған, өндірістің басталуы 2028 жылдың басына жоспарланған.Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін» түгел өз ішінде өндіруге мүмкіндік алады. Әсіресе қуаңшылық пен топырақтың тұздануы күшейген жағдайда калий егіннің климаттық стресс пен ауруларға төзімділігі үшін стратегиялық маңызға ие. Оның үстіне ішкі нарықтың өзі тез өсіп келеді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемі 2023 жылғы 679 мың тоннадан 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Ең қызығы Қазақстанға тек өзін қамтамасыз ету жеткіліксіз болуы мүмкін. Сәтимола секілді қорлар толық игерілсе, ел калий импорттаушыдан экспорттаушыға айналып, Қытай мен басқа да ірі аграрлық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Осылайша, бізде бұрыннан бар 6,6 млрд тонна шикізат енді экономикалық активке айналғалы тұр. Қазақстанның калийге импорттық тәуелділігі әзірге аяқталған жоқ. Бірақ оны түбегейлі жоятын өндірістік база қазір салынып жатыр. 2028 жылдан бастап агрохимиядағы соңғы импорттық «ақтаңдақтың» жабылуына нақты мүмкіндік бар. https://t.me/dalainside
«Біз әділ қоғамда өмір сүруге лайықтымыз, ол үшін ең алдымен өзімізге адал болуымыз керек. Менің арманымдағы Қазақстан - жасанды интеллект дамыған, IT саласы озық, тіпті аэротаксиі бар заманауи мемлекет».Махаббат Мусина:
«Ата-анам кішкентайымнан "сенімді ақта, әр ісіңе адал бол әрі жауапкершіліктен қорықпа" деп үйретті. Мен үшін әділдік осы қарапайым қағидалардан тұрады».Қатысушылар ел дамуын білім сапасы, тұрақты жалақы, лайықты зейнетақы және әр азаматтың жеке жауапкершілігімен байланыстырады. Партия бұл ұсыныстарды тек қалада ғана емес, аймақтарды аралап жүрген мобильді керуендер мен цифрлық платформалар арқылы да жинап, сайлауалды бастамаларына арқау етуде. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
"ExxonMobil үшін бұл өте ауыр прецедент. Оның үстіне америкалық компания Қашағанды одан әрі кеңейтуге ондаған миллиард доллар инвестиция салуға дайын екенін білдірген, бірақ мұны қазіргі даулардың шешілуімен байланыстырып отыр. Яғни бір жағынан Қазақстан өткен шығындар үшін есеп сұрайды, екінші жағынан ExxonMobil болашақ инвестицияны келіссөз құралы ретінде ұстап отыр", - дейді, дереккөз.Chevron мен ExxonMobil бұған дейін КТК мәселесінде АҚШ билігінің саяси ресурсымен жұмыс істей алатынын көрсетті. Енді дәл сондай механизм Қашаған бойынша да іске қосылып жатқанға ұқсайды. Алайда Қазақстан бұл жолы позициясын қатайтып отыр. NCOC-қа экологиялық талаптар бойынша бірнеше миллиард долларлық санкциялар қойылды, активтеріне шектеу салынды, ал негізгі дау халықаралық арбитражда жалғасуда. Астана енді бұрынғы ойын ережесін түгел қайта қарауда. Егер Қазақстан Қашағандағы миллиардтаған долларлық шығындардың бір бөлігін заңсыз немесе негізсіз деп дәлелдей алса, бұл тек өтемақы мәселесі болмайды. Бұл Қашағаннан түсетін болашақ табыстың бөліну моделін де өзгертуі мүмкін. Сондықтан ExxonMobil-дың Вашингтонды іске қосуы бекер емес. Қашаған үшін негізгі шайқас енді Атырау облысынан Вашингтон округына ауысты. DALA INSIDE бұл тартыстың қалай өрбитінін бақыламақ👇 https://t.me/dalainside
Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді.Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты. КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді. Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды. Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс. DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇 https://t.me/dalainside
«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер бірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде.Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
