fa
Feedback
DALA INSIDE

DALA INSIDE

رفتن به کانال در Telegram

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

نمایش بیشتر

📈 تحلیل کانال تلگرام DALA INSIDE

کانال DALA INSIDE (@dalainside) در بخش زبانی قزاقی بازیگری فعال است. در حال حاضر جامعه شامل 10 366 مشترک است و جایگاه 17 852 را در دسته اخبار و رسانه‌ها و رتبه 866 را در منطقه كازاخستان دارد.

📊 شاخص‌های مخاطب و پویایی

از زمان ایجاد در невідомо، پروژه رشد سریعی داشته و 10 366 مشترک جذب کرده است.

بر اساس آخرین داده‌ها در تاریخ 19 سپتامبر, 2026، کانال فعالیت پایداری دارد. در ۳۰ روز گذشته تغییر اعضا برابر -158 و در ۲۴ ساعت گذشته برابر -8 بوده و همچنان دسترسی گسترده‌ای حفظ شده است.

  • وضعیت تأیید: تأیید نشده
  • نرخ تعامل (ER): میانگین تعامل مخاطب 46.64% است و در ۲۴ ساعت نخست پس از انتشار، محتوا معمولاً 16.77% واکنش نسبت به کل مشترکان کسب می‌کند.
  • دسترسی پست‌ها: هر پست به طور میانگین 4 835 بازدید دریافت می‌کند. در اولین روز معمولاً 1 739 بازدید جمع‌آوری می‌شود.
  • واکنش‌ها و تعامل: مخاطبان به‌طور فعال حمایت می‌کنند؛ میانگین واکنش به هر پست 29 است.

📝 توضیح و سیاست محتوایی

نویسنده این فضا را محل بیان دیدگاه‌های شخصی توصیف می‌کند:
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

به لطف به‌روزرسانی‌های پرتکرار (آخرین داده در تاریخ 20 سپتامبر, 2026)، کانال همواره به‌روز و دارای دسترسی بالاست. تحلیل‌ها نشان می‌دهد مخاطبان به‌طور فعال با محتوا تعامل دارند و آن را به نقطه اثرگذاری مهم در دسته اخبار و رسانه‌ها تبدیل کرده‌اند.

10 366
مشترکین
-824 ساعت
-267 روز
-15830 روز

در حال بارگیری داده...

ابر برچسب‌ها
هیچ داده‌ای
مشکلی وجود دارد؟ لطفاً صفحه را تازه کنید یا با مدیر پشتیبانی ما تماس بگیرید.
اشارات ورودی و خروجی
---
---
---
---
---
---
جذب مشترکین
سپتامبر '26
سپتامبر '26
+5
در 2 کانال‌ها
اوت '26
+49
در 1 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '26
+4
در 1 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '26
+14
در 3 کانال‌ها
Get PRO
مه '26
+6
در 3 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '26
+1
در 4 کانال‌ها
Get PRO
مارس '26
+7
در 5 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '26
+23
در 6 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '26
+25
در 4 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '25
+15
در 5 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '25
+46
در 7 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '25
+13
در 2 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '25
+16
در 1 کانال‌ها
Get PRO
اوت '25
+25
در 2 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '25
+10 444
در 3 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '25
+7
در 2 کانال‌ها
Get PRO
مه '25
+16
در 5 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '25
+41
در 3 کانال‌ها
Get PRO
مارس '25
+78
در 5 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '25
+32
در 6 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '25
+74
در 4 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '24
+202
در 6 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '24
+241
در 7 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '24
+455
در 15 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '24
+102
در 7 کانال‌ها
Get PRO
اوت '24
+163
در 5 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '24
+219
در 10 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '24
+61
در 6 کانال‌ها
Get PRO
مه '24
+62
در 5 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '24
+70
در 9 کانال‌ها
Get PRO
مارس '24
+178
در 12 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '24
+427
در 14 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '24
+562
در 14 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '23
+419
در 15 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '23
+1 719
در 14 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '23
+885
در 11 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '23
+2 767
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '23
+984
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '23
+336
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '23
+748
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '23
+620
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '23
+585
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مارس '23
+446
در 0 کانال‌ها
Get PRO
فوریه '23
+2 362
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژانویه '23
+1 859
در 0 کانال‌ها
Get PRO
دسامبر '22
+302
در 0 کانال‌ها
Get PRO
نوامبر '22
+575
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اکتبر '22
+681
در 0 کانال‌ها
Get PRO
سپتامبر '22
+307
در 0 کانال‌ها
Get PRO
اوت '22
+278
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئیه '22
+384
در 0 کانال‌ها
Get PRO
ژوئن '22
+1 243
در 0 کانال‌ها
Get PRO
مه '22
+1 023
در 0 کانال‌ها
Get PRO
آوریل '22
+42 577
در 0 کانال‌ها
تاریخ
رشد مشترکین
اشارات
کانال‌ها
20 سپتامبر+1
19 سپتامبر0
18 سپتامبر0
17 سپتامبر+1
16 سپتامبر0
15 سپتامبر0
14 سپتامبر+1
13 سپتامبر+1
12 سپتامبر0
11 سپتامبر0
10 سپتامبر0
09 سپتامبر+1
08 سپتامبر0
07 سپتامبر0
06 سپتامبر0
05 سپتامبر0
04 سپتامبر0
03 سپتامبر0
02 سپتامبر0
01 سپتامبر0
پست‌های کانال
🇺🇲 Қазақстан ФРЖ ставкасының көтерілуін мұқият бақылап отыр АҚШ Федералдық резерв жүйесі өткен түнде базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке көтеріп, 3,75–4,00% диапазонына жеткізді. Бұл АҚШ-тың ақша-кредит саясаты қатаңдау траекториясына түскенін байқатады. Таңертең нарық бірден реакция беріп, АҚШ облигацияларының кірістілігі көтеріліп, доллар нығайды. Қазақстанның монетарлық билігі ФРЖ ставкасының өсетінін алдын-ала болжап отырған еді. Сол болжам расталғандықтан, біздің тарап бүгіннен бастап осы сценарийдегі өз жоспарын іске асыруға кірісті.
«Біздікілер оған дайындалып қойған. Бірақ Қазақстанның қазіргі қорғаныс жастығы бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Шілде соңында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері шамамен 63,7 млрд доллар болды. Оның ішінде алтынның құны 48 млрд доллардан асады. Бұған Ұлттық қордың валюталық активтерін қоссақ, резерв көлемі 120 млрд доллардан асады. Қазір біз ФРЖ ставкасының өсуінен негатив күтіп отырған жоқпыз», - деді, DALA INSIDE дереккөзі.
Ұлттық Банк тамызда валюталық интервенция жасамаған еді. Теңге сол айда 2,6%-ға нығайып, бір доллар 461,57 теңгеге дейін түскен. Ал кеше 444 деңгейіне дейін құлады. Осы қыркүйекте бюджет трансферттері үшін Ұлттық қордан 200-300 млн доллар сату жоспарланған және бұған қоса бұрынғы операцияларды «айна» қағидаты бойынша өтеуге байланысты нарыққа валюталық ұсыныс түседі. Демек қысқа мерзімде ішкі нарықта доллар тапшылығы байқалып отырған жоқ. Сыртқы қарыз жағынан да бір маңызды нюанс бар. Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 2026 жылғы 1 сәуірде шамамен 182,8 млрд доллар болған. Бұл үлкен сан болып көрінеді. Бірақ оның шамамен 87,4 млрд доллары тікелей инвестиция аясындағы компанияаралық қарыз. Оны түгелдей Үкімет қайтаруға тиіс мемлекеттік борыш ретінде қарау қате. Мемлекеттік сыртқы қарыздың өзі керісінше биыл қысқарып отыр. Ол 1 шілдеде шамамен 8,35 трлн теңге болды. Сондықтан ФРЖ ставкасының өсуі Қазақстанның ертең сыртқы борышын өтеу қабілетіне тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен де, енді жаңа долларлық қарыздар мен еуробондтарды орналастыру қымбаттайды. Біздің осал жеріміз төлем балансына келіп тірелетін сияқты. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ағымдағы шот тапшылығы шамамен 1,8 млрд долларға жетті. Оның негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларға қажетті жабдық пен аралық тауарлар импортының қатты өсуі еді. Экспорт бірінші тоқсанда 19,1 млрд долларға жетсе, импорт $14,8 млрд болды. Алайда инвестициялық табыстардың шетелге шығарылуы ағымдағы шотты минусқа түсірді. Ұлттық Банктің бастапқы болжамы бойынша 2026 жылы ағымдағы шот тапшылығы ЖІӨ-нің шамамен 3,7%-ын құрауы мүмкін. Сонымен қатар екінші тоқсанда жағдайдың едәуір жақсарғаны байқалады. Қазіргі есеп бойынша II тоқсанда ағымдағы шот шамамен 3 млрд доллар профицитке шығып, жартыжылдық қорытындысында шамамен 1 млрд доллар оң сальдо қалыптасуы тиіс. II тоқсанның нақты дерегі осы айдың соңында жарияланады. Әзірге қорғаныс жастығы жеткілікті. Бірақ Федералды резерв жүйесінің Вашингтондағы түнгі шешімі біздегі Ұлттық Банктің базалық ставканы ары қарай жылдам төмендету мүмкіндігін азайтты. ФРС ставкасы өсіп жатқан кезде бізге енді ставканы төмен түсіру аса қауіпті. Сондықтан ставка бойынша 23 қазанда өтетін комитет отырысы қызу болатын сияқты. DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Өзгерістер болса жазамыз 👇 https://t.me/dalainside

2
🇰🇿 Салық түсімі артса да бюджет Ұлттық қор мен қарыздан ажырай алмады Қазақстандағы салық реформасы бюджет кірісін ұлғайта бастағанымен, мемлекеттің Ұлттық қор трансферттері мен қарызға тәуелділігін әзірге айтарлықтай төмендете алған жоқ. Мұндай қорытындыны Ұлттық банктің тамыз айындағы ақша-кредит саясаты жөніндегі баяндамасындағы деректерден көруге болады. 2026 жылдың бірінші жартысында салық түсімдері нақты мәнде 5,7%-ға өскен. Өсімге негізінен қосылған құн салығы мен пайдалы қазбаларды өндіру салығы ықпал еткен. Бірақ экономиканың көлемімен салыстырғанда өзгеріс аса үлкен емес. Себебі салық түсімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі бір жыл ішінде небәрі 17,5%-дан 17,7%-ға көтерілген. Яғни мемлекет көбірек салық жинай бастағанымен, бюджеттің өзінің тұрақты кіріс базасы сапалық тұрғыдан күрт кеңейді деуге әлі ерте. Жеті айдың қорытындысы да осы картинаны көрсетеді. Республикалық бюджет кірісі 12,36 трлн теңгені құраса, оның 9,34 трлн теңгесі салықтан түскен. ҚҚС бюджетке 4,26 трлн теңге әкелгенімен, жоспар небәрі 90,3%-ға орындалған. Корпоративтік табыс салығынан 2,73 трлн теңге жиналып, жоспардың 96,8%-ы орындалды. Сонымен бірге бюджетті ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі әлі де Ұлттық қор болып отыр. Қаңтар-шілде аралығында бюджетке 2,80 трлн теңге трансферт түскен. Оның 2,32 трлн теңгесі Ұлттық қордан берілген кепілдендірілген трансферт. 2026 жылға мұндай трансферттің жалпы көлемі 2,77 трлн теңге болып бекітілген. Демек жеті айдың өзінде жылдық лимиттің басым бөлігі пайдаланылып қойған. Заң бойынша биыл Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылмаған. Ұлттық банк бюджеттегі консолидация әзірге кірісті күрт өсіру арқылы емес, шығыстарды шектеу арқылы жүріп жатқанын атап өтеді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік шығыстар номиналды түрде 11,7%-ға ұлғайғанымен, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 24,7%-дан 23,5%-ға төмендеді. Мұнайлы емес дефицит 7,1%-ға дейін қысқарды. Бірақ жалпы бюджет тапшылығы, керісінше, ЖІӨ-нің 3,2%-ына дейін өскен. Оған қоса, бюджетке қарыздың өзі барған сайын қымбатқа түсіп келеді. Жеті айда мемлекеттік борышты өтеуге 2,43 трлн теңге жұмсалған. Ал бүкіл жылға жоспарланған сома 3,47 трлн теңге болып отырб Яғни қарыз бойынша пайыздар мен төлемдердің өсуі білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым секілді басқа бағыттарға жұмсалатын бюджет ресурсын біртіндеп тарылтады. Бұдан бөлек, кіріс пен шығыс арасындағы алшақтық та кеңейіп отыр. Қаңтар-шілдеде республикалық бюджет шығыстары 14,75 трлн теңгеге жетсе, кірістер 12,36 трлн теңге болды. Бюджет тапшылығы бірінші жартыжылдықтағы 2,13 трлн теңгеден жеті ай қорытындысында 2,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оны қаржыландыру үшін жыл басынан бері 4,68 трлн теңге көлемінде қарыз тартылған. Осылайша салық реформасының алғашқы нәтижесі парадоксалды болып шықты. Иә, салық көбірек жиналып жатыр. Бірақ ол бюджеттің құрылымдық проблемасын жойған жоқ. Сондықтан оған болашақта реформа деп атау емес, коррекция деген атау берілуі мүмкін. Себебі реформа - фундаменталды нәрселерді өзгертетін ұғым. Қазір фундаменталды ештеңе өзгермеді. DALA INSIDE реформа барысын бақылап отырмақ. Бірге бақылайық 👇 https://t.me/dalainside
4 487
3
⛽ Мұнайшылар дабыл қағуда. Әңгіме бензин маржасына қатысты болып отыр DALA INSIDE-қа белгілі болғандай, қазақстандық мұнай өндіруші компаниялар Мемлекет басшысына ұжымдық түрде жүгініп, жанар-жағармай нарығын либерализациялаудан түскен қосымша маржаның мемлекетке алынатын үлесін қазіргі 50%-дан 95%-ға дейін көтермеуді сұраған. Әңгіме жай ғана акциз мөлшерін индексациялау туралы емес. Егер мұнайшылардың келтірген дерегі рас болса, Үкімет нарықтық бағаға көшуден өндірушілер алған қосымша табыстың іс жүзінде барлығын дерлік фискалдық механизм арқылы бюджетке қайтаруды қарастырып отыр. Қазір механизм былай жұмыс істейді. Бензин мен дизельдің көтерме бағасы белгіленген деңгейден жоғарылаған жағдайда қосымша маржаның 50%-ы акциз арқылы алынады. Мәселен, бензин бойынша акциз формуласына көтерме бағаның шекті деңгейден асқан бөлігінің 50%-ы енгізілген. Дизельге де ұқсас механизм қолданылады. Бұл формула Үкіметтің қолданыстағы қаулысында бекітілген. Алайда мұнай өндірушілерінің есебінше, мәселе тек осы 50%-бен шектелмейді. ҚҚС пен басқа да жанама салықтарды қосқанда, либерализациядан пайда болған маржаның нақты фискалдық алынуы қазірдің өзінде орта есеппен 64–70%-ға жетеді. Ал қосымша акциз арқылы алынатын үлес 95%-ға көтерілсе, ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Егер ішкі нарықтағы бағаны еркін жібергеннен кейін пайда болған маржаның 95%-ы қайта алынатын болса, компаниялар үшін либерализацияның экономикалық мәні жоғалады деген уәж айтылып отыр. Нәтижесінде өндірушілер ішкі нарыққа мұнай жеткізуден шығын шегуі, жаңа кен орындары мен өндіріске инвестиция салуға ынтасы төмендеуі мүмкін. Ал ұзақ мерзімде бұл жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне де әсер етуі ықтимал деп қауіптенеді сала өкілдері. Айта кетейік, жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылдан бастап мұнай өнімдеріне қолданылатын базалық акциздер де өсті. Бензиннің көтерме саудасындағы базалық ставка 38 134 теңге/тонна деңгейінде белгіленген. DALA INSIDE бұл бастаманың Үкіметте қандай деңгейде қаралып жатқанын және 95% көрсеткішінің нақты қай мемлекеттік органнан шыққанын анықтауды жалғастырады. https://t.me/dalainside
3 686
4
🏦 Мемлекет банктерді экономикаға кредит беруге толық мәжбүрлей алмады Банктерден ақша шықпағандықтан, Ұлттық қордан келесі жылы көбірек қаржы алып, түрлі жобаларды қаржыландыру бойынша жоспар құрылды. Оған қоса, «Бәйтерек» қоры сыртқы және ішкі нарықтан қарыз алып, оны бірнеше кәсіпорын ашуға бағыттайтын болады. Есесіне, мемлекет енді банктерге мүлде көмектеспеуге ниетті. «Банктер экономиканы қолдай қоймағандықтан, мемлекет ҚНРДА арқылы өзінің риторикасын қатаңдатты. Тіпті келесі жылы банктер ұстап отырған мемлекеттік қарызды толық қайтарып алу керек деген консенсус бар. Қазір банктер график бойынша борыштарын төлеп отыр. Бірақ ол мемлекетті қанағаттандырмайды. Банктер барлық қарызын бірден қайтарса, дәл сол ақшаны мемлекет «Бәйтерек» қорына беріп, кәсіпкерлік пен бизнесті қаржыландыра бастауы мүмкін», - дейді, дереккөз. Еліміздегі банктерде ақша қоры аз емес. 1 тамыздағы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 75,6 трлн теңгеге жетті. Оның 23,2 трлн теңгесі жоғары өтімді активтер қатарында. Бір айдың өзінде өтімді активтер тағы 4%-ға көбейген. Демек, ақша бар. Ұлттық банктің 7 күндік депозиттік аукциондары тамыз-қыркүйекте 16,75% кірістілікпен өтті. 4 қыркүйектегі бір ғана аукционға банктер 2,7 трлн теңге әкелген. Сонда банктердің экономика мен бизнесті қаржыландырғаннан көрі, ноталар мен облигацияларға ақша сала салып, оңай табыс табуға үйреніп алғанын көреміз. Бір ғана мысал. 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекет алдындағы қарызы 900 миллиард теңгеден кем түсейтін Alatau City банкінің инвестициялық бағалы қағаздары клиенттерге берген кредитінен де көп болған. Оның 1,4 триллион теңгелік инвестициялық портфелінің кемінде 756,8 миллиард теңгесі мемлекеттік облигациялар мен Ұлттық банк ноталарына салынған. Сонда банктің облигация мен басқа инвестициялық қағазға салған ақшасы клиенттерге берген кредитінен 218 миллиард теңгеге көп. Қазіргі қалыптасқан жағдайда банктер экономиканы кредиттеуге мүлде құлықсыз. Ал мемлекет кәсіпкерлікті күшейтіп, түрлі нысандар салу үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр. Үкіметтің банктерді ортақ іске тарту бойынша ниеті мүлде орындалмады. https://t.me/dalainside
4 743
5
🧠 Қариннің келуімен Қазақстан Think tank жүйесіне өтетін болады Вице-президент институты Қазақстанның аналитикалық қуатын күшейтуі тиіс. Ерлан Қариннің стратегиялық талдау тәжірибесі жоғары. Ол кезінде Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарды, мемлекеттік басқару жүйесінде қоғамдық-саяси процестерді талдаумен ұзақ айналысты. Қазақстанда аналитика жоқ емес. Министрліктер, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, ҚСЗИ, зерттеу институттары мен сарапшылар жеткілікті. Бірақ көбінде осы ақпараттың барлығы бір жерге жиналып, мемлекеттік шешім қабылдауға арналған тұтас аналитикалық өнімге айнала бермейді. Үкімет кез келген реформаның экономикалық тиімділігін есептей алса да, оның үш жылдан кейін инфляцияға, бизнеске, өңірлерге, халықтың табысына немесе қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер ететінін кешенді бағалау әлдеқайда күрделі. Вице-президент институтының маңызды функцияларының бірі осындай стратегиялық аналитикалық сүзгі болатыны сөзсіз. Үкімет белгілі бір бастама ұсынса, Президентке тек сол бастаманың артықшылықтары емес, оның балама сценарийлері, тәуекелдері мен ұзақ мерзімді салдары да қатар беріле бастамақ. Бұл система Think tank деп аталады. Оның басты фокусы бүгінгі мәселені ғана емес, ертеңгі салдарын көруге бағытталған. Демек Қазақстан шешім қабылдаудың жаңа архитектурасына ауыспақ. Мысалы, қыркүйек-қазан айларында осы жүйе арқылы қабылданған алғашқы шешімдерді көретін боламыз. https://t.me/dalainside
6 105
6
⛽ Көліктер істен шығып, жүргізушілер шығынға батуда. Энергетика министрлігі бұған дейін қайда қарады? Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізушілер АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтып, жаппай шағымдануда. Бірінде қозғалтқыш тұрақсыз жұмыс істей бастаған, енді бірі көлігін жөндеуге жүз мыңдаған теңге жұмсауға мәжбүр болған. Сонда жанармай сапасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдар осы уақытқа дейін не істеді? Энергетика министрлігі мәселе қоғамда резонанс тудырып, жүргізушілерден көптеген шағым түскеннен кейін ғана Павлодар мұнай-химия зауытында тексеру жүргізіп, бензиннен сынама ала бастаған. Сонда сапаны бақылау жүйесі тек көліктер бұзылып, халық шығынға батқаннан кейін ғана іске қосылды ма? Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әзірге мәселенің нақты себебі анықталмағанын мәлімдеді. АЗС өкілдері зауытқа сілтейді, ал зауыт өз өнімінің сапасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Осы аралықта қарапайым жүргізуші нақты жауапсыз қалып отыр. Егер сараптама нәтижесінде көліктердің бұзылуына сапасыз бензин себеп болғаны дәлелденсе, бірнеше маңызды сұрақ туындайды. - Кім жауап береді? - Жүргізушілердің шығынын кім өтейді? - Сапасыз жанармайдың АЗС-ке дейін жетуіне кім жол берді? - Ең бастысы, мұндай жағдайды алдын ала анықтауы тиіс бақылау жүйесі неге жұмыс істемеді? Бұл жерде мәселе бір партия бензинде ғана емес. Мәселе - жанармай сапасын мемлекеттік бақылау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанында. Халық көлігі істен шыққаннан кейін тексеру жүргізу бақылау емес, салдармен күресу деп айтар едік. Енді Энергетика министрлігі тек бензиннің қайдан шыққанын анықтап қана қоймай, неге бұл жағдайдың алдын алмағанын да қоғамға түсіндірсін. https://t.me/dalainside
6 740
7
✋ Қош бол, Бендер-Аббас? АҚШ-тың Иранды оқшаулау операциясы Қазақстанның мұхитқа шығу жоспарын бұзып отыр АҚШ Иранға қарсы «Economic Outcast» атты жаңа экономикалық науқан бастап кетті. Енді Вашингтон үшінші елдер мен шетелдік компанияларға да ескерту жасап отыр. Иран экономикасының санкцияға түскен салаларымен жұмыс істегендер АҚШ қаржы жүйесіне қолжетімділігін жоғалтуы мүмкін. Жаңа қысым ең алдымен қаржы, технология, алтын, авиация және теңіз тасымалына бағытталған. Дәл осылардың ішінен Қазақстанға теңіз тасымалы бағыты ауыр тиеді. Себебі, біздің Иранның Парсы жағалауындағы Бендер-Аббас портында терминал салуымыз теңіз тасымалы категориясына жартылай еніп тұр. "Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
5 603
8
✋ Қош бол, Бендер-Аббас? АҚШ-тың Иранды оқшаулау операциясы Қазақстанның мұхитқа шығу жоспарын бұзып отыр АҚШ Иранға қарсы «Economic Outcast» атты жаңа экономикалық науқан бастап кетті. Енді Вашингтон үшінші елдер мен шетелдік компанияларға да ескерту жасап отыр. Иран экономикасының санкцияға түскен салаларымен жұмыс істегендер АҚШ қаржы жүйесіне қолжетімділігін жоғалтуы мүмкін. Жаңа қысым ең алдымен қаржы, технология, алтын, авиация және теңіз тасымалына бағытталған. Дәл осылардың ішінен Қазақстанға теңіз тасымалы бағыты ауыр тиеді. Себебі, біздің Иранның Парсы жағалауындағы Бендер-Аббас портында терминал салуымыз теңіз тасымалы категориясына жартылай еніп тұр. "Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек. АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады. Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер. https://t.me/dalainside
1
9
🔥 Құрылтайға жаңа адамдар керек. "Ескі Қазақстанның" кейіпкерлеріне ол жерде орын жоқ Журналист Самал Ибраева өз телеграм арнасына ондаған жылдар бойы Парламенттен шықпаған өкілдердің менмендік пен тәкаппарлық ауруына шалдыққаны мен мұндай ескі кодтың жаңа заманға мүлде келмейтінін жазады. Самал Ертісбаевтың тонына дәл назар аударды. Саяси бәсеке қатты болуы мүмкін, пікірталас өткір болуы мүмкін. Бірақ оппонентті кемсіту мен интеллектуалдық үстемдік көрсету басқа нәрсе. Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті бұдан арылуы тиіс. "Перуашевтің «Штрафстан» деген сөзіне қатысты да ойланатын нәрсе бар. Елдегі проблеманы сынау бір бөлек, ал мемлекетті сырт көзге кемсітетін атаумен таңбалау бір бөлек. Саясаткер айтқан әр сөзінің елдің ішкі аудиториясына ғана емес, сыртқы имиджіне де әсер ететінін түсінуі керек". Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес, адамдарында болуы тиіс. Қазақстанға енді бұрынғы саяси сахнаның мәңгілік кейіпкерлерін қайта-қайта айналдыра беру емес, жаңа саяси элита қалыптастыру маңызды. Құрылтай шын мәнінде жаңарудың институтына айналғысы келсе, онда оның ішінде де жаңа Қазақстанның адамдары отыруы керек. https://t.me/dalainside
5 215
10
🪎 Теңге Еуропа мен Азиядағы ең мықты валюта атанды Қазақстан теңгесі 2026 жылы Еуропа мен Азиядағы ең табысты валютаға айналды. Financial Times мәліметінше, жыл басынан бері ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 9,7%-ға нығайған. Бұл көрсеткіш бойынша теңге екі құрлықтағы барлық валютаны басып озды. Британ басылымы теңгенің күшеюін мұнай бағасымен емес, ең алдымен Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына шетелдік капиталдың жаппай келуімен байланыстырады. Бір жылдың ішінде шетелдік инвесторлардың теңгемен шығарылған мемлекеттік облигациялар портфелі шамамен $2 млрд-тан $5 млрд-қа дейін өскен. Қазір олардың үлесі ішкі мемлекеттік қарыз нарығының 10%-ына жуықтап қалды. Шетелдік инвесторларды Қазақстанға бірнеше фактор тартып отыр. Біріншіден, елдегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер теңгелік активтердің кірістілігін тартымды етеді. Екіншіден, Қазақстан халықаралық агенттіктерден инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингін сақтап отыр. Бұл көптеген ірі институционалдық қорлар үшін принципті мәселе: олардың мандаты рейтингі төмен елдердің облигацияларына ақша салуға мүмкіндік бермейді. Financial Times келтірген ING экономисі Дмитрий Долгиннің бағалауынша, теңгенің биылғы нығаюы сауда балансынан гөрі капитал ағындарымен көбірек байланысты. Яғни қазіргі бағамға экспорттық түсімнен бөлек, Қазақстанның қаржы нарығына кіріп жатқан шетелдік ақша елеулі қолдау көрсетіп отыр. Бұл процесті алдағы уақытта Euroclear одан әрі күшейтуі мүмкін. Қазақстан теңгемен шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық Euroclear есеп айырысу жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде әлемдік инвесторларға қазақстандық облигацияларды сатып алу, сақтау және саудалау әлдеқайда жеңілдейді. FT дерегінше, осы жоспар жарияланғаннан кейін капитал ағыны айтарлықтай жандана түскен. Ендігі үлкен мақсат — Қазақстанның мемлекеттік облигацияларын JPMorgan GBI-EM дамушы елдердің халықаралық облигациялық индексіне енгізу. Егер Қазақстан осы индекске кірсе, қазақстандық қағаздарға сұраныс тағы өсуі ықтимал. Себебі әлемдегі көптеген ірі инвестициялық қорлар активтерін дәл осындай индекстерге сүйеніп бөледі. Қазақстанға тек портфельдік капитал емес, тікелей инвестициялар да қайта келе бастаған. Financial Times бірінші тоқсанда тікелей шетелдік инвестиция көлемінің $6,3 млрд-қа дейін қалпына келгенін атап өтеді. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы мұнаймен шектелмей, көлік дәліздеріне, цифрлық және технологиялық инфрақұрылымға қарай ауысып келеді. Бұл Қазақстан үшін маңызды өзгеріс. Теңге бұрын көбіне мұнай бағасына тәуелді валюта ретінде қабылданса, енді оған халықаралық капитал нарығындағы сұраныс та ықпал ете бастады. Қазақстанның ішкі мемлекеттік қарыз нарығы біртіндеп жаһандық инвесторлар үшін жеке инвестициялық активке айналып келеді. https://t.me/dalainside
4 596
11
🟣🟣🟣🟣🟣 Заң мен тәртіп, еңбек пен жауапкершілік – әлеуметтік норма болуы тиіс «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
🟣🟣🟣🟣🟣 Заң мен тәртіп, еңбек пен жауапкершілік – әлеуметтік норма болуы тиіс «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай теледебаттың қорытынды сөзінде заң мен тәртіпті сақтау, еңбекті бағалау, білім мен ғылымды дамыту және қоғамдық жауапкершілікті күшейту қажеттігін айтты. Ол жастарды қолдауға, қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға және әлеуметтік әділетсіздікке жол бермеуге басымдық берілетінін атап өтіп, азаматтарды 23 тамызда №1 «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
3 126
12
Экраннан да, эфирден де - өз дауысымыз Сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталғанда, көбіне мінберден жаттанды сөздерді оқитын
Экраннан да, эфирден де - өз дауысымыз Сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталғанда, көбіне мінберден жаттанды сөздерді оқитын кәсіби дикторлар мен жалдамалы актерлердің дауысын естуге үйреніп қалғанбыз. Алайда «Әділет» партиясы бұл жолы мүлдем басқа жолды таңдады. Олар жасандылықтан бас тартып, басты назарды шынайылыққа бұрды. Бұл науқанның басты кейіпкері де, дауысы да - партияның өз кандидаттары. Олардың көбі үшін кәсіби түсірілім алаңы мен үнді жазу студиясы мүлде жаңа әлем болса да, сайлаушылармен тікелей, өз атынан тілдесуді жөн көрді. Өйткені айтылған әр сөз бен берілген әр уәденің артында шақырылған актер емес, ертең осы бастамалар үшін жауап беретін нақты адам тұруы керек. Осылайша, әр бейнеролик пен радиоэфирден түрлі өңір мен әр салада жүрген азаматтардың өз үні шықты. Қоғам белсендісі Еділ Хамза, «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров, атом саласының маманы Бекжан Әлімқұлов, заңгер Айжан Аймағанова мен журналист Ульяна Әшімова экраннан ойларын бүкпесіз жеткізсе, қаржыгер Ренат Бектұров радио толқынында үн қатты. Науқан тек қысқа үндеулермен шектелмей, адам тағдыры арқылы ашыла түсті. Деректі фильмдер сериясында параспортшы Айсұлу Сүлейменова, аграрлық саланың майталманы Геннадий Зенченко, балалар құқығын қорғаушы Динара Закиева, эколог Шынасыл Ерназар, белсенділер Серік Есматов пен Аят Сүгірбай, заңгер Үнзила Шапақ пен журналист Ирина Тен өздерінің өмірлік жолын, нендей шешімдер мен сезімдер оларды саясатқа алып келгенін жайып салды. Тіпті құқық қорғаушы Гүлзира Атабаеваның күресі комикс кейіпкерінің оқиғасы ретінде жаңа қырынан суреттелді. Медиаштаб жетекшісі Әлия Адамбаева атап өткендей, бұл жай ғана түсірілім емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіну. Бағдарламаның әрбір тармағын оны әзірлеген, оған сенетін және ертең жүзеге асыратын жандардың өз аузынан есту - шынайы сенімге жасалған батыл қадам болды.
3 053
13
🚜 Қазақстан калий импортына тәуелділіктен арылуға шешуші қадам жасады Қазақстан агрохимиядағы ең осал тұсын жабуға кірісті. Елде азот пен фосфор тыңайтқыштары өндірілгенімен, калийдің 100%-ы әлі күнге дейін импортталады. Қазіргі ішкі қажеттілік жылына шамамен 14 мың тонна болып отыр. Бірақ парадокс мынада. Қазақстанның өзінде 6,6 млрд тоннадан астам расталған калий тұзының қоры бар. Негізгі база Сәтимола, Шалқар және Жилян кен орындары болып табылады. Яғни ондаған жыл бойы өз жерімізде жатқан стратегиялық шикізатты сырттан сатып алып келгенбіз. Енді осы дисбаланс жойылғалы тұр. Батыс Қазақстандағы Сәтимола кен орнында Qazaq Kalium ірі тау-кен байыту кешенін салып жатыр. Жобаға шамамен $2,4 млрд инвестиция қарастырылған, өндірістің басталуы 2028 жылдың басына жоспарланған. Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін» түгел өз ішінде өндіруге мүмкіндік алады. Әсіресе қуаңшылық пен топырақтың тұздануы күшейген жағдайда калий егіннің климаттық стресс пен ауруларға төзімділігі үшін стратегиялық маңызға ие. Оның үстіне ішкі нарықтың өзі тез өсіп келеді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемі 2023 жылғы 679 мың тоннадан 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Ең қызығы Қазақстанға тек өзін қамтамасыз ету жеткіліксіз болуы мүмкін. Сәтимола секілді қорлар толық игерілсе, ел калий импорттаушыдан экспорттаушыға айналып, Қытай мен басқа да ірі аграрлық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Осылайша, бізде бұрыннан бар 6,6 млрд тонна шикізат енді экономикалық активке айналғалы тұр. Қазақстанның калийге импорттық тәуелділігі әзірге аяқталған жоқ. Бірақ оны түбегейлі жоятын өндірістік база қазір салынып жатыр. 2028 жылдан бастап агрохимиядағы соңғы импорттық «ақтаңдақтың» жабылуына нақты мүмкіндік бар. https://t.me/dalainside
3 457
14
«Болашақты бірге құрамыз»: «Әділет сөзі» жобасында ел тұрғындары не айтты? «Әділдік деген не?» деген қарапайым сауалға әр қаз
«Болашақты бірге құрамыз»: «Әділет сөзі» жобасында ел тұрғындары не айтты? «Әділдік деген не?» деген қарапайым сауалға әр қазақстандық өзінше жауап берді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған ашық микрофонда жиналған пікірлердің басты лейтмотиві - адалдық, жаңа технологиялар және әлеуметтік теңдік болды. Ален Бейсенбеков: «Біз әділ қоғамда өмір сүруге лайықтымыз, ол үшін ең алдымен өзімізге адал болуымыз керек. Менің арманымдағы Қазақстан - жасанды интеллект дамыған, IT саласы озық, тіпті аэротаксиі бар заманауи мемлекет». Махаббат Мусина: «Ата-анам кішкентайымнан "сенімді ақта, әр ісіңе адал бол әрі жауапкершіліктен қорықпа" деп үйретті. Мен үшін әділдік осы қарапайым қағидалардан тұрады». Қатысушылар ел дамуын білім сапасы, тұрақты жалақы, лайықты зейнетақы және әр азаматтың жеке жауапкершілігімен байланыстырады. Партия бұл ұсыныстарды тек қалада ғана емес, аймақтарды аралап жүрген мобильді керуендер мен цифрлық платформалар арқылы да жинап, сайлауалды бастамаларына арқау етуде. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
2 626
15
⛽️ Қашаған дауы Вашингтонға жетті. ExxonMobil Қазақстаннан қорғануда Конгресс лоббиін қоса бастағанға ұқсайды Қашаған төңірегіндегі миллиардтаған долларлық дау енді халықаралық арбитраж шеңберінен шығып, Вашингтондағы саяси деңгейге көтеріліп барады. DALA INSIDE дереккөзі NCOC-дің америкалық акционері ExxonMobil корпорациясының Қазақстан билігінің үстінен Ақ үйге шағымданып, өзінің ықпал арналарын іске қоса бастағанын ескертеді. Оған себеп жеткілікті. ICIJ жариялаған жаңа тергеуде Қазақстан Қашағанды игеру кезінде жасалған жалпы сомасы 10,7 млрд доллар болатын келісімшарттарға күмән келтіріп отырғаны айтылды. Астана кейбір контрактілерде баға қолдан көтерілген, мүдделер қақтығысы болған және жемқорлық тәуекелі бар деп есептейді. Бұл талап Қашаған бойынша Қазақстан қойып отырған шамамен 160 млрд доллар көлеміндегі үлкен арбитраждық даудың бір бөлігі. Мәселенің өзегі қарапайым. Қашағандағы PSA моделі бойынша инвесторлар әуелі жұмсаған шығынын мұнай есебінен қайтарып алады. Шығын неғұрлым көп болса, Қазақстанның толыққанды табысқа шығуы соғұрлым кешігеді. Сондықтан Астана қазір ондаған жыл бұрын жазылған миллиардтаған долларлық шығынның қаншасы шын мәнінде негізді болғанын қайта тексеріп жатыр. "ExxonMobil үшін бұл өте ауыр прецедент. Оның үстіне америкалық компания Қашағанды одан әрі кеңейтуге ондаған миллиард доллар инвестиция салуға дайын екенін білдірген, бірақ мұны қазіргі даулардың шешілуімен байланыстырып отыр. Яғни бір жағынан Қазақстан өткен шығындар үшін есеп сұрайды, екінші жағынан ExxonMobil болашақ инвестицияны келіссөз құралы ретінде ұстап отыр", - дейді, дереккөз. Chevron мен ExxonMobil бұған дейін КТК мәселесінде АҚШ билігінің саяси ресурсымен жұмыс істей алатынын көрсетті. Енді дәл сондай механизм Қашаған бойынша да іске қосылып жатқанға ұқсайды. Алайда Қазақстан бұл жолы позициясын қатайтып отыр. NCOC-қа экологиялық талаптар бойынша бірнеше миллиард долларлық санкциялар қойылды, активтеріне шектеу салынды, ал негізгі дау халықаралық арбитражда жалғасуда. Астана енді бұрынғы ойын ережесін түгел қайта қарауда. Егер Қазақстан Қашағандағы миллиардтаған долларлық шығындардың бір бөлігін заңсыз немесе негізсіз деп дәлелдей алса, бұл тек өтемақы мәселесі болмайды. Бұл Қашағаннан түсетін болашақ табыстың бөліну моделін де өзгертуі мүмкін. Сондықтан ExxonMobil-дың Вашингтонды іске қосуы бекер емес. Қашаған үшін негізгі шайқас енді Атырау облысынан Вашингтон округына ауысты. DALA INSIDE бұл тартыстың қалай өрбитінін бақыламақ👇 https://t.me/dalainside
4 209
16
Мәди Мырзағараев: Әділетсіздікке нүкте қоямыз Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында Jibek Joly телеарнасында командалы
Мәди Мырзағараев: Әділетсіздікке нүкте қоямыз Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында Jibek Joly телеарнасында командалық теледебат аяқталды. Пікірталасқа «Әділет» партиясының атынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев қатысты. Дебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі». Теледебаттың бірінші кезеңінде Мәди Мырзағараев заң үстемдігі, сот пен құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі, мемлекеттік органдардың ашықтығы және азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі партияның ұстанымын таныстырды. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
3 787
17
🚀 Киев КТК-ны Patriot-қа алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырғанға ұқсайды Жабық есік жағдайындағы соңғы отырыстан кейін, Украина бұдан былай Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына тиіспеуге түпкілікті гарантиясын толық растаған. Дәл сол кезде Patriot әуе қорғанысы жүйесі бойынша келіссөздер алға жылжып, Вашингтон Киевке аса қажет болып тұрған компоненттерді бірнеше партиямен беруге келіскені туралы ақпарат пайда болды. Осы аптада Украина Қара теңіздегі танкерлерге рұқсат беру алгоритмін пысықтап, іске қоспақ. Сонда қазақ мұнайын тасымалдау қауіпсіз бола түседі. Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді. Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты. КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді. Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды. Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс. DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇 https://t.me/dalainside
5 197
18
«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті Бұл туралы партия төрағасы Ай
«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады. «Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер бірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде. Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
4 611
19
«Әділет» тағы да көш бастады: екінші теледебаттың қорытындысы «Әділет» партиясы көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысы
«Әділет» тағы да көш бастады: екінші теледебаттың қорытындысы «Әділет» партиясы көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша саяси партиялардың теледебатында кезекті рет жеңіске жетті. «Жетінші арнадағы» дебаттардың қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы көрермендердің 45,48% дауысын жинады. Екінші орынды 15,58%-бен «Ауыл» партиясы иеленсе, үшінші орынға 12,01%-бен Respublica партиясы жайғасты. Қалған орындар төмендегідей бөлінді: ОСДП — 9,71%; «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 7,98%; Қазақстан халық партиясы — 6,96%; «Байтақ» партиясы — 1,58%.
3 994
20
💸 Қазақстанның мемлекеттік қарызында сыртқы борыш қысқарып, ішкі нарықтың рөлі арта бастады Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 36,4 трлн теңге болған, яғни өсім шамамен 2 трлн теңге немесе 5,7%-ды көрсетті. Бірақ бұл өсімнің негізгі бөлігі сыртқы қарыз есебінен емес, ішкі міндеттемелердің артуынан қалыптасты. Мемлекеттің ішкі қарызы жыл басындағы 26,14 трлн теңгеден 28,47 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыру көлемінің артқанын білдіреді. Ал сыртқы мемлекеттік қарыз керісінше қысқарды. 2026 жылдың басынан бері сыртқы міндеттемелер көлемі 3,9%-ға азайып, 8,35 трлн теңгені құрады. Оның ішінде еурооблигациялар көлемі 5,01 трлн теңгеден 4,81 трлн теңгеге дейін төмендеді. "Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды көрсетеді. Біріншіден, Қазақстан сыртқы валютадағы қарызға тәуелділікті біртіндеп азайтып келеді. Мемлекеттік борыштың ішкі көздер арқылы қалыптасуы валюталық тәуекелдерді төмендетеді. Себебі сыртқы қарыз көбіне доллар немесе басқа валюталарда алынады, ал оны өтеу бюджетке қосымша қысым түсіруі мүмкін. Екіншіден, ішкі қарыз нарығының дамуы экономиканың қаржы жүйесі үшін қалыпты тәжірибе. Көптеген дамыған мемлекеттер бюджет тапшылығын негізінен ішкі облигациялар шығару арқылы қаржыландырады. Бұл жағдайда негізгі кредиторлар ретінде ішкі инвесторлар, банктер, зейнетақы қорлары және қаржы ұйымдары жақсы дамиды", - дейді, DALA INSIDE арнасына жағдайды түсіндірген Үкіметтегі инсайдер. Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы деңгейі экономиканың көлемімен салыстырғанда әлі де басқарылатын деңгейде қалып отыр. Негізгі мәселе қарыз көлемінде ғана емес, оны қандай мақсатқа жұмсап жатқанына байланысты. Егер тартылған қаражат инфрақұрылымға, өндіріс пен экономикалық өсімге бағытталса, ол болашақ табысты арттыра алады. Сонымен бірге ішкі қарыздың жылдам өсуі де бақылауды қажет етеді. Себебі мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің артуы пайыздық шығындарды көбейтеді және бюджетке қызмет көрсету жүктемесін ұлғайтуы мүмкін. Сонда жалпы картина мынадай. Қазақстанның мемлекеттік қарызы номиналды түрде өскенімен, оның құрылымында сыртқы борыштың қысқаруы байқалады. Бұл елдің халықаралық валюта нарықтарына тәуелділігін төмендететін және қаржылық тұрақтылық тұрғысынан оң фактор. Енді Үкімет ішкі қарыздың өсуін экономикалық қайтарымы жоғары жобалармен байланыстырғысы келеді. Ол уақытылы қолға алынып отырған бастама. https://t.me/dalainside
5 710