DALA INSIDE
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Mostrar más📈 Análisis del canal de Telegram DALA INSIDE
El canal DALA INSIDE (@dalainside) en el segmento lingüístico de Kazajo es un actor destacado. Actualmente la comunidad reúne a 10 757 suscriptores, ocupando la posición 17 590 en la categoría Noticias y medios y el puesto 845 en la región Kazajistán.
📊 Métricas de audiencia y dinámica
Desde su creación el невідомо, el proyecto ha mostrado un crecimiento acelerado, reuniendo a 10 757 suscriptores.
Según los últimos datos del 07 julio, 2026, el canal mantiene una actividad estable. En los últimos 30 días la variación de miembros fue de -185, y en las últimas 24 horas de -4, conservando un alto alcance.
- Estado de verificación: No verificado
- Tasa de interacción (ER): El promedio de interacción de la audiencia es 48.08%. Durante las primeras 24 horas tras publicar, el contenido suele obtener 14.67% de reacciones respecto al total de suscriptores.
- Alcance de las publicaciones: Cada publicación recibe en promedio 5 173 visualizaciones. En el primer día suele acumular 1 578 visualizaciones.
- Reacciones e interacción: La audiencia responde de forma activa: el promedio de reacciones por publicación es 25.
📝 Descripción y política de contenido
El autor describe el recurso como un espacio para expresar opiniones subjetivas:
“✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.”
Gracias a la alta frecuencia de actualizaciones (últimos datos recibidos el 08 julio, 2026), el canal mantiene la vigencia y un amplio alcance. La analítica demuestra que la audiencia interactúa activamente con el contenido, lo que lo convierte en un punto de referencia dentro de la categoría Noticias y medios.
«Бұл – тек экономикалық мәселе емес. Бұл – әділдік мәселесі. Жер байлығы халықтың әл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Әділет» партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», – деді Айбек Дәдебай.Партия Төрағасы кездесуді қорытындылай келе бүгінде саланы дамыту мәселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін нақты әрі шын мәнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтылды. Олардың әрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету», – деді Айбек Дәдебай.Кездесу қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын әзірлейді. «Әділет» партиясы қызметімен ресми аккаунттарында толық таныса аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy https://www.instagram.com/adilet_partiyasy?igsh=MWhhZTVxcmEzd3F5Zw== https://www.facebook.com/profile.php?id=61590547897892
«Тимур Құлыбаевтың соңғы төрт жылда шикізаттық активтерін қысқарта бастағанын көріп отырмыз. Ол «Шұбаркөл көмір» компаниясын сатып, көмір нарығынан кетті. Мұнай активі болып саналатын «Каспий нефть» компаниясын сатады деген қауесеттер жүр. Логикаға сай, бұл компания биыл қожайынын ауыстыратынын сезіп отырмын. Қазір «Joint Resources» холдингі қағаз жүзінде пайда көрсетіп, қаржылық есептілігін жақсартып алды. Осы мажорлы нотада биржадан кетіп қалу сәтті қадам болып саналады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Осы айда «Joint Resources» акционерлік қоғамы өзінің 2025 жылға арналған қаржылық есептілігін жариялады. Холдинг активтердің қайта есептелуінің арқасында 12,75 миллиард теңге таза пайдаға шығып отыр. 2024 жылы компания 86 млрд теңге шығын көрсеткен еді. Қазір холдинг активтері 428,6 млрд теңгеге дейін өсіп, міндеттемелері 104 млрд теңгеге жетті. Сонда 2025 жылы Joint Resources қаржылық активтерді қайта бағалаудан 39,47 млрд теңге кіріс танып отыр. Тек қайта бағалаудың өзі компания нәтижесін шамамен 71,8 млрд теңгеге жақсартты. Joint Resources-тің табысы нақты өндірістік немесе операциялық ақша ағынына емес, активтердің қағаз жүзіндегі бағасының өсуіне қатты тәуелді. Компания балансында бірнеше ірі қаржылық актив бар. Ең бастысы - «Каспий нефть» акционерлік қоғамы. Joint Resources толығымен бұл активтің 100 пайыз үлесін бақылайды. Оның 2025 жылғы бағасы 133,78 млрд теңге деп көрсетілген. Бір жыл бұрын «Каспий нефть» 89,37 млрд теңгеге бағаланған еді. Яғни бір жылда оның бағасы 44,4 млрд теңгеге өскен. Дәл қазір Құлыбаев «Каспий нефть» компаниясын кемінде 120 миллиард теңгеге сата алады. Егер сатып алушы табылып, мұнай кәсіпорны сатылса, онда бөлек холдинг ұстап отырудың қажеті қысқармақ. Себебі холдинг құрамындағы басқа компаниялардың ортақ құны әлдеқайда төмен. Холдинг портфеліндегі «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Premier Development Company» ЖШС, «Ақсай» ЖШС сынды қалған компания үлестерінің жалпы нарықтық құны 50 миллиард теңгеден аспайды. Сондықтан Joint Resources делистингі үлкен дайындықтың бір бөлігі екені анық. Холдинг жария кеңістіктен шығып кеткеннен кейін, оны қайта құрылымдау, жабу, активтерін сату операцияларын Тимур Асқарұлы ақпараттық жария фонсыз, тыныш өткізе алады. Жаңа Қазақстанның бизнес картинасында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Осының барлығын DALA INSIDE бақылап отырмақ. https://t.me/dalainside
"Астана әлі Мәскеуге жауап бермеді. Бірақ жабық есік жағдайындағы кеңесте бензиннің өтеуі ретінде авиакеросин сұрау бойынша нұсқа барлық тараптарға ұнап отыр. Себебі елімізді авиаотын тапшылығы қатты қысып барады. Жазғы демалыс кезеңі басталғанда бұл дефицит өрши түсті. Авиакеросин жетіспесе, авиахабқа айналу бойынша жоспардың барлығы бұзылмақ", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Қазақстан жылына шамамен 724–726 мың тонна авиакеросин өндіреді. Ал елдің жылдық сұранысы 1,1–1,2 млн тоннаға жеткен. Яғни жыл сайын 350–450 мың тонна көлемінде тапшылық импортпен жабылады. Оның басым бөлігі Ресейден келіп жүрген еді. Алдағы шілде айында жағдай күрделене түсуі мүмкін. 26 маусым мен 15 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Осы кезде жазғы демалыс маусымының шарықтау кезеңіне келеміз де, тұрақты және чартерлік рейстер саны көбейеді. Соның салдарынан Қазақстанда авиакеросин тапшылығы күшейеді деген болжам бар. Ресейде авиакеросин өндірісі шамамен 30 пайызға қысқарды да, қалған резервті Мәскеу импортқа шығармай, өзінде стратегиялық запас ретінде ұстамақ ниетте. Қазақстан одан келісілген импорт көлемін тоқтатпауды талап етпек. 50 мың тонна бензин осы келіссөзде қолданатын рычагқа айналып отыр. Не болса да, Қазақстан дайын бензин бермейді. Тек своп алмасу арқылы Батыс-Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауытының қуатын ұсынуы мүмкін. https://t.me/dalainside
"Бұл екі партияның электоралды базасы бір-біріне идеологиялық жағынан қарсы емес. Керісінше, екеуінің де аудиториясы жүйе ішіндегі баламалы дауыс ретінде қабылданады. Бірінің басшылығында жақында ауыс-түйістер өтіп, токсикалық элементтен тазаланды. Сондықтан олардың бірігуі билік үшін де, партиялардың өздері үшін де ыңғайлы сценарий болуы мүмкін", - дейді, дереккөз.Бір жағынан, бұл саяси алаңды ықшамдайды. Екінші жағынан, парламентке өтетін партиялар санын азайтпай, керісінше жаңарған, күшейген, біріктірілген саяси субъектілер образын қалыптастырып береді. Бірақ уақыт цейтноты ұзақ ойлануға мүмкіндік бермей отыр. Егер нақты шешімдер қабылданып жатса, тараптар оны келесі аптадан кешіктірмей мәлімдеуі қажет. Себебі, барлық электоралды позициялар қазіргі Парламент тарамай тұрып ашық жариялануы тиіс деген жазылмаған ереже бар. DALA INSIDE осымен электоралды режимге кірді. Саяси науқан айналасындағы маңызды инсайдтарды бізден іздеңіздер. https://t.me/dalainside
«Ресейдің ірі банктері санкция астында қалған сайын, ресейлік компаниялар төлем жүргізудің балама жолдарын іздейді. Мұндай жағдайда үшінші елдердің банктері, төлем ұйымдары, криптоплатформалары немесе делдалдық құрылымдары тәуекел аймағына кіреді. Әрине, Қазақстан банктері соңғы жылдары санкциялық комплаенске өте сақ қарай бастады. Бұл дұрыс. Себебі бір күмәнді транзакцияның өзі банк үшін корреспонденттік қатынастарға, долларлық есеп айырысуға және халықаралық беделге соққы болуы мүмкін. Санкциялық комиссия да осы тізбектерді бақылап отыр. Әзірге Қазақстандық ешбір ұйым санкцияға ілікпейді деген гарантия жоқ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Енді Брюссель тауардың соңғы тұтынушысына ғана емес, бүкіл жеткізу тізбегіне қарайды. Қай елден шықты, қай компания сатып алды, қай банк төлем өткізді, қай қоймада сақталды, қай бағытпен жеткізілді, соңында кім пайдаланды, осының бәрі тексеріледі. Қазақстан прагматикалық ұстанымын жақсы сақтауда. Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылған жоқпыз, бірақ өз аумағымыздың санкцияны айналып өтуге пайдаланылуына да мүдделі емеспіз. Бұл өте нәзік баланс. Себебі Қазақстан Ресеймен ұзын шекара, ортақ нарық, ЕАЭО, транзит және өндірістік байланыстар арқылы тығыз байланысқан. Сонымен қатар Қазақстан Еуроодақпен инвестиция, мұнай, уран, сирек металдар, көлік дәліздері және технология саласында әріптестікті тереңдетіп келеді. DALA INSIDE кезекті санкция пакетінің құрамын бақылап отырмақ 👇 https://t.me/dalainside
«Алатау бүкіл әлемге есігін ашатын, халықаралық қала болатындықтан оның көшелеріне әлемді өзгерткен, адамзат тарихын басқа бағытқа бұра алған кесек тұлғалардың есімін беру орынды. Мұнда біз тек ішкі тарихымызға қадалып қалмау керекпіз. Шығармашылық бағытын алсақ Майкл Джексонның фактурасы әрине келіп тұр. Онымен бірге Ли Куан Ю, Илон Маск сынды тұлғаларға да көше атауын беруге болады. Дәл осы қалаға келгенде біз тар, қасаң принциппен шектеліп қалмауымыз керек», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Майкл Джексон - XX ғасыр феномені. Оны бекерден поп музыканың королі деп атамайды. Ол жалғыз өзі әлемдегі музыка, шоу-бизнес, клип индустриясы, сахналық пластика және жаһандық поп-мәдениет стандартын өзгерткен адам. Оның Thriller альбомы әлі күнге дейін әлемдік музыка тарихындағы ең қуатты коммерциялық жинақтың бірі саналады. Бұл альбомнан шыққан Billie Jean, Beat It, Thriller сынды әндер тек хит емес, бірнеше буынның ортақ мәдени коды болды. Егер Алатау City расымен Майкл Джексон атындағы көше идеясын қарастырса, “біз тек тұрғын үй салмаймыз, біз жаңа мәдени кеңістік құрамыз” деген ишара арқылы, халықаралық қауымдастыққа түсінікті өзінің жеке космополиттік стилін қалыптастыра алады. DALA INSIDE бұл идеяның қаншалықты жүзеге асырылу мүмкіндігін мониторингте ұстап отырады. Бізбен бірге бақылап отырыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
«Юаньдағы арзан кредиттер біздің бюджеттік дефицит проблемасын шешу үшін керек. Қазір теңгелік облигацияларды шығару тым қымбат болып отыр, 16 пайыздан төмен ешкім алмайды. Ал осы теңгелік облигациялардың қарызын қайтару үшін жылына кемінде 3 триллион теңге қажет. Оны жабу үшін жаңа теңгелік облигациялар шығару қарыз көлемін ұлғайта беретін болады. Себебі, базалық ставка жоғары. Ал юань облигацияларының жылдық пайызы біз үшін орта есеппен 2 деңгейінде. Егер юань курсы тұрақты болып тұрса, жылына біздің қарызды төлеуге кететін шығындарды азайтуға болады», - деп түсіндірді, Қаржы министрлігі құрылымындағы инсайдер.Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша салыстырсақ өте төмен деңгейде. 2025 жылғы бағалау бойынша мемлекеттік қарыз ішкі жалпы өнімнің шамамен 24,6 пайызын құрайды. Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында мемлекеттік қарыздың шекті деңгейі 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 32 пайызынан аспауы тиіс деп бекітілген. Ал Үкімет қарызы үшін жеке лимит 27,5 пайыз деңгейінде бекітілген. Демек Қазақстан әлі өзінің борыштық лимитіне жеткен жоқ. Дәл осы фактор инвесторлар үшін маңызды сигнал береді. Қазақстанның қарыз алу қабілеті бар, дефолт тәуекелі төмен, ал жаңа юаньдық орналастырулар борыштық қысымнан емес, қаржыландыру құнын төмендету және нарықтарды әртараптандыру логикасынан туындап отыр. Сондықтан панда-бондтар мен димсам облигациялары Қазақстан үшін амалсыз қарыз емес. Бұл арзан әрі баламалы капиталға шығу. Мемлекет пен квазимемлекеттік сектор юань нарығында төмен мөлшерлемемен ақша тартып, долларлық және теңгелік нарыққа тәуелділікті азайтып жатыр. Ал мемлекеттік қарыздың ІЖӨ-ге шаққандағы төмен деңгейі Қазақстанға осы маневрді оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қытайдың қарыз қамытына кіріп кетеміз бе? DALA INSIDE оны үздіксіз мониторингте ұстайды. Бізге жазылыңыздар👇 https://t.me/dalainside
«OTP жабық жиналыстарында дәл қазір саяси режимнің бағыты мүлде өзгеріп жатқанда Қазақстаннан банк сатып алу қаншалықты орынды деген заңды сұрақтар қойыла бастады. Тәуекел-менеджменті мамандары барлық ықтимал тәуекелдерді қайта есептеуге отырды. Сондықтан сатып алу немесе біріктіру сынды M&A операциялары паузаға қойылады. OTP ең алдымен Будапешттегі қаржылық реттеушінің жаңа ережелер мен ойын ережесінің жобасын әзірлеуін күтіп отыр. Сол кезде сыртқы экспанция бағыттары да нақтыланады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Бұл Қазақстанның жоспарларын сәл де болса бұзады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова елге 3 шетелдік банк келеді деп анонс жасап қойған болатын. Оның бірі осы OTP Group болуы тиіс еді. Көптеген сарапшылар оның Forte банкті сатып алу мүмкіндігін жасырмай айтқан. Олигарх Болат Өтемұратовтың құрылымы опцион ұстап отырған акционерлеріне банктің 4 миллионнан астам жай акциясын ұсынып отырғанын және лизингпен айналысатын еншілес компаниясын сатып жібергенін ескерсек, басқа банктерге қарағанда Forte-нің сатылуға дайындалғаны көрініп тұр. Бірақ Орбан кетіп, Венгрия билігіне Петер Мадьяр келеді деген саяси сценарийді ешкім ойда ұстамаған болатын. OTP Group Венгрия банк секторының 25 пайыз үлесін ұстап отыр. Forte тобын сатып алуға қаржысы жетеді. 2025 жылы OTP 1,146 триллион форинт, яғни шамамен 2,88 млрд еуро таза пайда тапқан. Жалпы кірісі 11 пайызға, таза пайыздық кірісі 9 пайызға өскен. Жалпы капитал жеткіліктілігі 19,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Қазір OTP Group негізгі табысы ішкі нарықтан емес, сыртқы нарықтағы қызметінен келеді. Оның шетелдегі құрылымдарын зерттесек, Болгариядағы DSK Group 2025 жылы 211 млрд форинт пайда әкеліп, 5 пайыз өскен. Сербиядағы OTP Bank Serbia 79 млрд форинт пайда тауып, 19 пайыз өсім көрсеткен. Украинадағы OTP Bank Ukraine соғыс жағдайына қарамастан 55,8 млрд форинт пайда алып, 36 пайызға ұлғайған. Ресейдегі OTP Bank Russia 202 млрд форинт пайда алып келді. Өзбекстандағы OTP Ipoteka Bank былтырғы жылды 49,5 млрд форинт таза пайдамен жауып отыр. Жалпы OTP Өзбекстанда жұмысын жолға қойып алғаннан кейін Қазақстанды қарастырып отырған еді. Себебі Қазақстандағы банк секторының табысы көршілеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Мажарстанның саяси курсы өзгерсе де, бір жылдық паузадан кейін OTP тарапының Қазақстан идеясына қайта оралуы ғажап емес. Тек қазір OTP топ-менеджерлеріне Будапешттегі жаңа басшылардың не ойлап отырғанын біліп алу керек. DALA INSIDE бұл маңызды мәселені аңдып отырады. Бізге жазылып алыңыздар. https://t.me/dalainside
«Казцинк» акционерлік қоғамының өндірістік кешеніне бірден бес ірі кәсіпорын кіреді: мырыш, қорғасын және мыс зауыттары, күкірт қышқылы өндірісі және бағалы металдар зауыты. Жергілікті тұрғындар мен мамандар көп жағдайда Өскемендегі тұрақты экологиялық проблемаларды дәл осы кәсіпорындардың жұмысымен байланыстырып келген еді.📌 Мысалы, 2026 жылдың көктемінде экологтар өнеркәсіп алаңында тағы да елеулі заң бұзушылықтарды, яғни зиянды заттар мөлшерінің нормадан асып кеткенін тіркеді. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті тексеру аясында белгіленген нормативтердің асып кеткенін анықтаған еді. Олар таратқан хабарламадан күкірт диоксиді бойынша нормативтердің 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша - 2 есе, азот оксиді бойынша - 1,5 есе артып кеткені белгілі болған. Инспекция қорытындысы бойынша кәсіпорынға заң бұзушылықтарды жою міндеттеліп, 20 млн теңге айыппұл салынды. 📌 Ал, 2025 жылдың қаңтар айында Бас прокуратура тұрғындардың шағымдары бойынша «Казцинк» кәсіпорындарына тексеру бастаған. Бұған 2024 жылдың қарашасынан бері әртүрлі ведомстволарға түскен Өскемен тұрғындарының көптеген шағымы себеп болды. Сол кезде күздің соңында қаланы қою түтін басып, тұрғындар ащы иіс пен тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Билік 50 мыңнан астам оқушыны қашықтан оқыту форматына көшірді. Одан біраз уақыт өткеннен кейін мамандар 2024 жылдың қарашасында ауадағы зиянды заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден асып кеткенін анықтаған. 📌 2023 жылы шламның ағуы салдарынан Казцинк кәсіпорыны Филипповка өзенін ластап, зиянды заттардың концентрациясын нормадан 140 есеге дейін арттырған. Сол кезде келтірілген залал ондаған миллион теңгені құрады. Экологияға келтірілген зиян үшін «Казцинкке» шамамен 50 млн теңге айыппұл салынды. 📌 2022 жылы «Казцинк» рұқсат етілмеген шығарындылар және Үлбі өзенін ластағаны үшін 45,32 млн теңге айыппұл алды. 📌 2021 жылы экологтар күкіртсутек пен күкірт диоксиді мөлшерінің асып кеткенін тіркеді. Бұл өсімдіктердің химиялық күйік алуына және адамдардың хал-жағдайының нашарлауына әкелді. Ол кезде кәсіпорын 326 мың теңге айыппұл төлеп, экологияға келтірілген залалды өтеу үшін 3,5 млн теңге өтемақы төледі. Сол 2021 жылы Бұқтырма өзеніне ауыр металдар мөлшері ондаған есе асып кеткен сарқынды су төгілді. Бұл үшін кәсіпорынға 291 мың теңге айыппұл салынды, ал экологиялық залал 8,2 млн теңгеге бағаланды. Осыдан «Казцинктің» экологиялық проблемаларының тарихы тереңде екенін байқауға болады. Мысалы, Экология министрлігінің дерегінше, Өскемендегі жалпы ластану көлемінің 44%-ы «Казцинктің» шығарындыларына тиесілі. Бұдан қорытынды шығаратын уақыт келді. https://t.me/dalainside
Мәсімов катанасы – қара қынапқа салынған, бойлай ойығы бар қылыш. Оның сабы сұр түсті металдан жасалып, бедерлі өрнекпен безендірілген.Ци – тіршіліктің өмірлік энергиясы немесе “жан қуаты” деп түсіндіріледі. Ежелгі қытайлар оны бүкіл әлемде бар күш деп санаған. Мәсімовтың самурай қылышын қолған түсірген адамның денсаулығы жақсарып, ұзақ өмір сүреді деген қауесеттер бар. Былтыр аукционда Мәсімовтың басқа мүйіз қылышы бірден сатылып кеткен еді. Үлкен топтың сол қылышқа қызығып отырғанын жазғанбыз. Сол алғашқы аукцион дүркіреп өткен. Мәсімов коллекциясынан 43 мүлік, оның ішінде кәдесыйлық монеталар, қылыштар және басқа да дүниелер бар, барлығы лоттарға шығарылған. Бастапқы бағасы 7 миллион теңге деп қойылғанымен, сауда қызып, қорытындысында 10 миллион теңгеге сатылды. https://t.me/dalainside
«Бейресми контактілер болды. Бірақ біздің инвесторлар бұл жобаның саяси тәуекелі тым жоғары екенін бірден есептеп отырған. Оған тәуекел үшін премияның үлкен болғандығынан ондай жоба қысқа мерзімде коммерциалық жағынан өзін ақтауы тиіс. Бірақ бұл теміржолдар желісі трансшекаралық сипаттан көрі тұйықтық, әшкіармениялық сипатқа ие. Қазір істеп тұрғаны тек Грузиямен мемлекетаралық қатынас қана. Ол барлық транзиттік ағындарды қамтамасыз ете алмайды. Түркияға шығатын Зангезур дәлізі қызық болар еді. Бірақ ол бойынша үлкен саяси шешімдер әлі толық қабылданған жоқ. Детальдар да нақтыланбады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.Арменияның теміржол жүйесі 2008 жылдан бері Ресейдің мемлекеттік «Российские железные дороги» компаниясының еншілес құрылымы арқылы басқарылып келеді. Форматы 30 жылдық концессия. Яғни инфрақұрылым Арменияныкі, ал басқару, қызмет көрсету және жаңғырту ресейлік тарапқа берілген. Қазір Ресей бүкіл Армения теміржолының жұмыс істеп тұрған негізгі желісін бақылауда ұстап отыр. Бірақ жүйе толық қуатында жұмыс істемейді. Себебі Армения географиясы тұйық. Елдің теміржол арқылы сыртқы әлемге негізгі қақпасы Грузия бағыты ғана. Солтүстік бағыттағы бір ғана желі үзілсе, бүкіл жүйе оқшауланып қалады. 2024 жылғы су тасқыны осы тәуекелді нақты көрсетті. Инвестиция көлеміне келсек, ресейлік оператор 2008 жылдан бері 145 миллиард драмға (400 млн доллар) дейін қаржы салған. Ақша инфрақұрылым жөндеуге, байланыс жүйесіне, локомотивтер мен вагондарға жұмсалған. Бірақ мәселе енді ақша көлемінде емес, сол инвестицияның қайтарымында болып отыр.
ОКТЖ-ның таза қаржылық моделі күрделі. Жолаушылар тасымалы көбіне шығынды сегмент саналады. Негізгі табыс жүк тасымалынан келуі керек. Бірақ Арменияның ішкі нарығы шағын болғандықтан, үлкен пайда тек транзиттен түсуі мүмкін. Ал транзит үшін шекаралар ашық, саяси режим тұрақты, тариф бәсекелі болуы шарт. Қазір дәл осы үш фактор да әлсіз.«Российские железные дороги» неге екені белгісіз, Ерасх пен Ахурян маңындағы желілерді модернизациялап, іске қосуға асықпай отыр. Егер олар іске қосылса, Армения Әзербайжан мен Түркия бағытына шыға алар еді. Қазақ инвесторлары егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пашинян, Путин, Әлиев пен Ердоғанмен саяси келіссөздер арқылы гарантия мәселесін шешсе, Транскаспийлік бағыт аясында инвестиция салуға дайын. Тек мұндай инвестицияға саяси қолдау керек болып тұр. https://t.me/dalainside
Бұл өсімнің негізгі көзі қарапайым халық болып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері тұрақты түрде көбейіп, 2026 жылдың басында 17,4 трлн теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша олар бір жылда 15,8%-ға өсіп, 26,2 трлн теңгені құраған еді.Ал бизнес депозиттері керісінше біркелкі емес динамика көрсетіп отыр. Жыл басында олар азайып, қазір шамамен 13,9 трлн теңге деңгейінде тұрақтанды. Бұл бизнестің ақшаны банкте ұстап отырмағанын немесе айналымға жіберіп жатқанын білдіреді. Ең басты тренд - халыққа кредит беру қарқыны қатты баяулады. Мысалы, 2026 жылдың ақпан айында жалы кредит портфелінің өсімі небәрі 0,4% болды. Ал халыққа кепілсіз несие беру кемінде 10 пайызға төмендеді. Кредит беру азайғандықтан, соңғы айларда банктердің Қазақстан Ұлттық Банкі құралдарына ақша салуы күрт өсті. Қысқа мерзімді, кепілмен қамтамасыз етілген операциялар (РЕПО) арқылы табыс табу белсенділігі артып келеді. Бизнеске кредит баяу берілген сайын жаңа жобалар да баяу іске асады, инвестиция азаяды, жалпы экономикалық айналым тежеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, қазір Қазақстанда ақша бар, бірақ ол толық айналымға түспей отыр. Банктер тәуекелден қашып, қорғаныс режиміне көшкен. Бұл қысқа мерзімде тұрақтылықты сақтауы мүмкін. Бірақ арты жақсылыққа апармайды. https://t.me/dalainside
Көктасжал кен системасында 50 миллион тоннадан астам руда қоры, оның ішінде 500 мың тонна мыс бар. Мұнда өндіріс көптеген жылдар бойы тұралап тұрды.Бұрын бұл жобаны түрік инвесторлары атынан «Алтай Полиметаллы» компаниясы жүргізген болатын. Ол кәсіпорын 2024 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 миллиард теңге шығынға батқан. Ал қарыздары 305 миллиард теңгеден асып, күйреу сатысына тез жетті. Барлық активтеріне кепілзат ретінде шектеу қойылған. Еуропалық қайта құру және даму банкіне 17,9 млрд теңге қарыз, APM Holding пен басқа кредиторларға миллиардтаған қарыздары болды. Оның істіне АХҚО соты Сингапур арбитражының шешімін мойындап, компанияға 14 миллион долларлық айыппұл ілді. Дәл осындай жағдайда түрік инвесторларының Көктасжалға көңіл бөліп, кәсіпорынды жаңғыртуы мүмкін емес еді. Инфрақұрылым тозып, байыту фабрикасы тоқтап, шығарындыларды сақтау жүйесі істен шықты. Экология бойынша заңбұзушылықтар тіркеліп, тұрғындардың сенімі толық жоғалды. Сондықтан кен орны дер кезінде отандық инвесторға қайтып отыр. Соңғы 3 жылда шетелдіктер тұралатып кеткен ірі кәсіпорындарды өзіміздің компаниялар қолға алып, жұмысын жаңғыртып, экологиясын реттеп, өндірістегі қауыпсіздікті жақсартып, адам шығынын тоқтатты. Әйтпесе жылына бірнеше адам өлетін Миттал кейсі есімізде болар. Түрік инвесторлары да алатынын алып, ақыр аяғында Қазақстан экономикасына еш пайда әкелмегенін білеміз. Мысалы, Теңіз кенішіндегі жағдайдың өзі бізге үлкен сабақ болуы тиіс еді. Отандық инвесторлардың бір жақсы жері – олар ресурсты алып кетуге емес, ел ішінде құндылық тізбегін құруға, қысқа пайданың орнына ұзақ циклға жұмыс істейді. Сондықтан "Altyndara" компаниясы өзі өндірген өнімді шетелдік биржаларға апарып сатудың орнына отандық автопром мен машина жасау тізбегіне іліндіруге ниетті. Бұл өте жағымды және біздің экономикаға көмек беретін ұзақ мерзімді стратегия. Бізге енді тез пайда тапқысы келетін шетелдік инвестор емес, елін ойлайтын және экономикаға жұмыс істейтін ұлттық инвесторлар буыны көбірек қажет. https://t.me/dalainside
Қазақстан алдымен осы тапшылықты жою, болашақтың сенімді энергетикалық базасын қалыптастыруды өте қарқынды жүргізуде. Бұған дейін "Ескі Қазақстан" олигархтары тозығы жеткен кеңестік энергонысандардың базасын еш модернизация жасамай, шірігенше пайдаланып келген еді. Енді бұл мафияның барлығы жойылып, жаңа Үкімет таза қазақстандық энергобаза құруды қолға алды. Осы ретте вице-премьер Қанат Бозымбаевтың стратегиялық шешімдері мен іскерлігін атап өту керек.Алдымен 2026–2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бекітілді. Онда 2030 жылға дейін 7,8 ГВт қуатты іске қосу және жаңарту жоспарланғаны көрсетілген. Оның ішінде 8 жаңа станция салу және 11 қолданыстағы станцияны жаңғырту қарастырылған. Жалпы инвестиция көлемі кемінде 7,5 трлн теңге деп бағаланып отыр, қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат, яғни инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылмақ. Бүгінгі Үкімет отырысында «таза көмір» технологияларын енгізу, станциялар бойынша жол карталарын әзірлеу, сондай-ақ көмір химиясын мемлекеттік қолдау шараларын және «Бәйтерек» холдингі арқылы қаржыландыру тетіктерін пысықтау қажеттігі атап өтілді. Екінші жүйелік блок - электр желілері мен диспетчерлеу. Ұлттық оператор болып табылатын «KEGOC» АҚ Оңтүстік аймақты күшейту және Батыс аймақты Бірыңғай энергетикалық жүйемен біріктіру жобалары бойынша ілгерілеудің жедел қарқынын тіркеп отыр. Жобалардың құны Оңтүстік бойынша 154 млрд теңгені, Батыс бойынша 202 млрд теңгені құрады. Батыс жобасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен және Қазақстанның Даму банкімен несиелік келісімдер көрсетілген. Үшінші блок — жаңартылатын энергия көздері мен энергия жинақтау жүйелеріне жеке капитал мен халықаралық жобалық қаржыландыруды тарту. Еуропалық қайта құру және даму банкі Жамбыл облысында (Мирный аумағында) қуаты 1 ГВт жел электр станциясы және 300 МВт/600 МВт·сағат аккумуляторлық сақтау жүйесін (BESS) қамтитын жобаға 250 млн долларға дейін несие мақұлдады. Жобаға TotalEnergies (60%), КазМунайГаз (20%) және Самрук-Қазына (20%) қатысады. Маңғыстау облысындағы гибридті жоба (77 МВт жел станциясы + 50 МВт күн станциясы) бойынша ЕҚДБ 90 млн долларға дейін несие беріп, қалғанын CTF қоры қаржыландырмақ. Бұл қандай нәтижелерге алып келеді? Базалық сценарий бойынша биыл 2,6 ГВт-тан астам жаңа қуат енгізілуі тиіс. Негізгі шешуші тұс - Алматы энергия торабы бойынша кестенің орындалуы мен негізгі байланыстырушы желілердің (оңтүстік пен батыс) аяқталуына тіреліп тұр. Ал 2030 жылға дейін 8 жаңа электр станциясын саламыз да, 11 қолданыстағы станцияны түгел жаңартамыз. Жаңа станциялардың ішінде көмір, гидроаккумуляторлы станциялар да қарастырылған. Демек Қазақстан электр қуаты бойынша ешкімге қол жаймайтын болады. https://t.me/dalainside
"2024 жылдың наурыз айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да (НИТ) өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда тергеу бір жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде алға жылжымаған. Нәтижесінде мемлекет Documentolog жүйесіне көшті, ол «сыйлық» ретінде берілгені айтылды. Бірақ мұнда бір маңызды жайт бар: бұл жүйені қызмет көрсету және дамыту құқығы тек оның әзірлеушісінің қолында. Яғни, біз алдағы жылдарға бір ғана жеткізушіге тәуелді болып қалдық", - деп жазады, QUMASH телеграм-арнасы.Олардың пікірінше, бұрын бұл жүйені 17 млрд теңгеге сатып алу жоспарланған болса, енді шығындар оны тұрақты түрде сүйемелдеуге жұмсалатын болады. https://t.me/dalainside
«Банктерде ішкі паника басталды. Әсіресе акционерлердің көңіл-күйі жоқ. Олар баяғыдай жақсы дивиденд ала алмайтынын түсініп отыр. Балансында мемлекеттен алған қарыз бар банктерге енді тіпті оңай болмайды. Басқа да активтерін сатып жатқан ірі олигарх өз банкін сату бойынша келіссөздерді бастап кетті», - дейді, инсайдер.Расымен, 2023–2025 жылдар банктер үшін «алтын кезең» болды. Жоғары базалық ставка арқасында өскен пайыздық мөлшерлемелер, белсенді тұтынушылық несиелеу және цифрлық сервистердің өсуі қаржы ұйымдарының кірісін бұрын-соңды болмаған деңгейге шығарды. Бірақ осы ойын ережесіне мемлекет енгізген үлкен өзгерістер биылдан бастап күшіне енді де, банкирлер мерекесі тез аяқталды. Ұлттық Банк мәліметіне сай, тек ақпан айының өзінде банк сектордың жиынтық пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға төмендеген. Бұл 2019 жылғы дағдарыстан бергі ең әлсіз нәтиже. Қаңтарда да дәл осындай төмендеу тіркелген. Яғни бұл бір реттік құбылыс емес, жүйелі өзгерістің белгісі. Нарықтағы ең ірі ойыншылардың өзінде табыстың қысқаруы байқалады. Билік банктердің халыққа беретін несиелеріне талаптарды қатаңдатқан еді. Банктер үшін ең табысты сегмент тұтынушылық кепілсіз несиелер болып келді. Адамдар белсенді түрде несие алып, банктер жоғары пайызбен табыс тауып отырды. Енді бұл нарық тежеле бастады. Қарыз алушыларға қойылатын талаптар күшейді, тәуекелдер мұқият есептелетін болды. Оған қоса, пруденциялық нормативтер күшейді. Қарапайым тілмен айтқанда, банктер енді бұрынғыдай еркін ақша айналдыра алмайды. Оларға көбірек резерв ұстап отыру міндеттелді. Мысалы, ең төменгі резервтік талаптардың өсуі банктерді шамамен 3 триллион теңгені айналымнан шығарып, «қатып қалған» резервке жіберуге мәжбүрлейді. Бұл ақша енді несие ретінде экономикаға жұмыс істемейді, тиісінше банктер де одан табыс таба алмайды. Мұның бәрі инфляцияны тежеу үшін жасалып отыр. Ұлттық Банк артық ақша массасын қысқартып, бағаның өсуін бақылауға алғысы келеді. Банктерге қойылатын талаптар күшейген сайын, қаржы нарығында басқа ойыншылардың рөлі арта бастайды. Микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер үшін жағдай салыстырмалы түрде жеңілірек. Оларда реттеу жұмсақтау, сондықтан олар кейбір сегменттерде банктерге қарағанда икемдірек жұмыс істей алады. Бұл нарықтағы тепе-теңдікті өзгертіп, банктердің үлесін қысқартуы мүмкін. Енді банктерге тәуекелді төмендету, тиімділікті арттыру, жаңа өнімдер ойлап табу сынды жаңа жағдайға бейімделу керек. Әзірге олар ең оңай жолдан – шығындарды қызметкерлер есебінен қысқартудан бастап отыр. https://t.me/dalainside
