cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

Mostrar más
Advertising posts
16 131Suscriptores
-1424 hours
-1117 days
-42930 days

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Жадидизм және қазақ халқы
"Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – жадидистер. Бізге де сол жадидизмді ұстану керек"
«Үйде жатпа!» жобасы кең көрерменге жол тарта алмай қалған, бірақ біздің ойымызша назар аударуға тұрарлық туындылар туралы арнайы сұхбат ұйымдастырып жүр. Осының алдында біз Ардақ Әмірқұловтың ашаршылық туралы «Жел тоқтаған жер» киносының неліктен прокатқа шықпай жатқанын сұрап, режиссермен тілдескен едік. Ал бүгін Ислам діні тақырыбындағы сирек қазақ киносының бірі – «Кітап» фильмі туралы оның режиссері Ербол Жұмағұлды әңгімеге тартып отырмыз. https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/erbol-zh-ma-l-dekolonizaciya-a-dinni-seri-turaly-ajt-ym-keldi/
Mostrar todo...
Ербол Жұмағұл: Деколонизацияға діннің әсері туралы айтқым келді - Үйде жатпа

Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – джадидистер. Бізге де сол джадидизмді ұстану керек

👍 34👎 2
Repost from N/a
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНДЕ АҚША ҰСТАП ОТЫРҒАНДАР УАЙЫМДАЙ БАСТАДЫ ЦентрКредит банкі менеджерлерінің өз клиенттерінен ақша ұрлау фактілері анықталғаннан кейін, ондағы қауіпсіздікке сұрақтар туындауда. Журналист Михаил Козачков Алмалы аудандық сотының «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген 26 жастағы Арслан Әжметовке қатысты үкім шығарғанын жазады. Ол небәрі 2 айдың ішінде салымшылар шотынан 240 миллион теңге шешіп алған. Әжметов пен оның адамдары WhatsApp арқылы банк менеджерлерінен есепшоттың сенімді нөмірін өзгертуді сұраған. Сол арқылы мобильді қосымшадағы парольдерді өзгертіп, клиент ақшаларын криптовалютаға аударған. Тергеушілердің айтуынша, Арслан көмекшілері арқылы әріптестерінен, банк менеджерлерінен қажет мәліметті сатып алған. Қазіргі таңда ЦентрКредит банкі менеджерлерінің түгелін тексеру қажет. Себебі, аталған банкте халық кемінде 2,2 триллион теңгенің депозитін ұстап отыр. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
😱 55👍 6😡 3💯 1
Repost from N/a
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ НЕМЕН МАҚТАНАРЫН БІЛМЕЙ ЖАТЫР "Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады.
Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған.
Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған. Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған. 2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
😁 27👍 14💯 1
Repost from N/a
FORTE BANK ПРОЦЕНТСІЗ ТАБЫСЫН 17 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛДЫ "Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге).
Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге).
Forte Bank проблемасы - процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен процент кредиттерінің жоғары болуына байланысты болды. Егер биылдан бастап базалық ставка түсе бастаса және мемлекет ондай табысқа 25% салық салатын норма енгізсе, банктердің алтын дәуірі осымен бітетін болады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
👍 61👎 5😁 2💯 1
☢️ Уран аралас су. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін шақыра ма? Экологтар мен Қазатомпромның атом мамандары тез арада жабық жұмыс тобына шоғырлануы ықтимал. Ресейдің Қорған қаласында қарғын су уран қалдықтары көмілген жерасты ұңғыларын шайып, Тобыл өзеніне аға бастады деген бейресми ақпарат тексеріле бастады. Қазақстанға ағатын Тобыл өзеніне дозиметрлік бақылау орнату шаралары қолға алынуын да жоққа шығармаймыз.
Ең сорақысы, Тобыл өзенінің мол суы Қазақстандағы су қоймаларын толтырып жатыр. Су ресурстары мен ирригация министрлігі "Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақ уақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ете алады", - деп, қуана рапорт берген болатын.
Ол су радиациямен уланған болса, Қазақстан мүлде күтілмеген, анағұрлым қауіпті проблемамен кездеспек. Тобыл каскадындағы су қоймаларынан ауыз су алмақ түгіл, оны ауылшаруашылығы мақсатында жұмсау Қостанай облысының бүкіл территориясын жарамсыз ете алады. Тобыл суы Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар су қоймаларын толтыруда. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. DALA INSIDE бұл мәселені жіті бақылап отыр. Инсайдерлермен тікелей байланыста болады 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
😱 64👍 7👎 1
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 отбасының қаржы салып қойғандығын айтты.
Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда.
Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті. Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие. Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
"Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына.
Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз. DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
👍 51😱 4👎 2
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды. "Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай. Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ. 👇
Mostrar todo...
Dala Finance

🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром 💻 IT, финансы, финтех Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар @dalareklanabot

👍 40💯 1
👼 "Ата, кел" уақытша паузаға қойылды Ақорда өзінің қатаң реакциясын бергеннен кейін, тик-токта арнайы жүрген "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы уақытша тоқтатылды. Биылғы су тасқыны, былтырғы өрт, алдындағы Арыстағы жарылыстар кадрлары жинақталып, "Нұрекеңнің кезінде мұндай болмаған" деген жазбалармен көптеген видео дайындалып, біразы тик-токқа таралып кеткен болатын.
Оны бірінші президент кезінде дәурені жүрген, қазір барлық монополиядан толық айрылған, елдегі активтерінен құтылып жатқан бірнеше кәсіпкер консорциумы ойлап тапқан дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Отбасының нақты қатысын дәлелдеу қиын.
16 сәуірде Дариға Назарбаева басқаратын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқанға еш қатысы жоғын ресми мәлімдеп үлгерді.
"Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарын қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш Президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз", - делінген еді, мәлімдемеде.
Дереккөздің айтуынша, "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы тик-токтағы жастарға бірінші президенттің жағымды образын жасау үшін ойластырылған еді. Назарбаев кезінде Қонаев қалай халықтың жадында болды, Назарбаев та солай қазіргі заман Қонаевы болғысы келеді. Бірақ сценарий оның авторлары ойлағандай өрбімеді. Енді "Ата, кел" кампаниясының фокусын Назарбаевтың кезінде мынандай болмаған деген апаттардан керісінше оның кезінде осындай жақсы дүниелер істелген (Астананың салынуы, көпірлер, кіші Аралдың толуы) деген салиқалы видеоларға бұру ойластырылуда. Назарбаев жаңа Қонаевқа айнала ала ма? Оны DALA INSIDE бақылап отыратын болады. Бізге жазылыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
😁 55👎 31👍 15🔥 3👏 2💯 1
Су тасқыны кезінде қанша адам қаза тапты? Үйін су басқан адамдарға үкімет қанша ақша береді? Бишімбаев сотта өзін қалай қорғап жатыр? Сотқа келген  куәгерлер не дейді? Malim Media арнасына жазылсаңыздар, бәріне жауап табасыздар. Біз сізді ақпарат ағынынан адастырмай алып шығамыз, маңызды оқиғаларды түсіндіріп береміз, сапалы қазақша контент ұсынамыз. Бұл арнада күнделікті жаңалықтардан хабардар боласыз, елдегі саяси-қоғамдық оқиғалардан құр қалмайсыз. Биліктің шешімі мен сарапшылар пікірін бірінші болып біліп отырасыз. 💡Қазақша контент дами берсін! Қосылыңыздар👇 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz
Mostrar todo...
👍 49🔥 3👏 1
⚡️ Адам құқығы жөніндегі уәкіл қоғамда қызу талқыланған заңға қатысты пікір білдірді... Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікірін білдірді.
Ол әлеуметтік желілерде тараған «заң балаларды тартып алуға ықпал етеді» деген теріс пікірдің жалған екенін баса атап өтті.
Сондай-ақ омбудсмен заң, ең алдымен, отбасын қорғауға және дәстүрлі-ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.
Mostrar todo...
👍 38👏 6🔥 4👎 3💯 2🙏 1