cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
16 000
Suscriptores
-924 horas
-687 días
-35630 días
Distribuciones de tiempo de publicación

Carga de datos en curso...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Análisis de publicación
MensajesVistas
Acciones
Ver dinámicas
01
G ПРОБЛЕМАЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ. СОТ ҒАБИТ СӘТМАҒАМБЕТОВТЕН 46 ЖЕР ТЕЛІМІН ТӘРКІЛЕДІ Апелляциялық сот 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиевтің үкімін өзгеріссіз қалдырды деп жазады, Nege.Aqsha. Арна мәліметінше, ол 2018 жылдың шілдесінен 2021 жылдың сәуіріне дейін бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлап, жер телімдерінің бір бөлігін сатып алып, оны сатудан 4,7 млрд теңге қылмыстық кіріс алған. Сот Жексенғалиевтен «Труд-2», «Дружба-2», «Родничок» с/т, «Рябинушка» учаскелеріндегі қазіргі уақытта "GPark" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовке тиесілі 46 жер телімін тәркіледі. Яғни, кезінде қылмыстық жолмен келген телімдерді Жексенғалиев Сәтмағамбетовке берген. «Бұл ретте, Сатмағамбетов Г.Х. атына тіркелген жер учаскелері қылмыстық жолмен алынған және мемлекет кірісіне айналдыруға жатады», - делінген үкімде. Gpark басшысы Сәтмағамбетов Әнел Жексенғалиевамен (Әнуарбек Жексенғалиевтің әпкесі) бірлескен қызмет туралы келісім жасасқанын айтты. Жексенғалиев Мадрид-1,2 тұрғын үй кешенінің құрылысына жер телімдерін беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін оның есесіне осы кешеннен пәтерлер алған. Енді Сәтмағамбетов серіктесін сотқа беру арқылы ғана одан өзіне келген шығынды өндіре алады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
2 4510Loading...
02
👋 Сағынтаевтан Қазақстанға қайыр болмайтын сияқты 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясын басқарып отырған Қазақстан өкілі Бақытжан Сағынтаев кедендік баж салығы мәселесін жылжытуда сылбырлық танытып отыр. Негізі, жыл басында Сағынтаев осы мәселені көтеріп, Қазақстан үлесін арттыруға көмектеседі деген үміт болған дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бірақ мамыр айына дейін еш қозғалыс байқалмады. Былтыр күзде Қазақстан тарапы комиссия отырысының күн тәртібіне осы мәселені енгізген. Дереккөз сол кезде Ресей мен Беларусь тарапынан вето қойылғанын айтады. Онда қазір сыртқы сауда статистикалары құлаған Ресей мен Беларусь Қазақстан есебінен баж салығын алып отыр деген сөз. Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан. Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған. Оған қарамастан, ортақ қазанға түсетін импортты баж салығынан Ресей әлі де 85,065 пайызын алып келеді. Ал Қазақстан 6,955 пайызды місе тұтуда. Қазіргі үлес бойынша Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр. DALA INSIDE дереккөздер арқылы осы сұрақтың биыл комиссия отырысына шығу-шықпау мүмкіндігін анықтап, оқырманға хабарлайтын болады 👇 https:t.me/dalainside
10 0828Loading...
03
👼 Ерлан "Пайғамбар"? Тәңірлікті ресми дін ретінде тіркеу бойынша петиция жарияланды Алматы тұрғыны, руника зерттеушісі Ерлан Еспенбетов "Тәңір Елі" республикалық діни бірлестігін ресми тіркету бойынша және Тәңірлікті Ислам, Христиан, Иудаизм мен Буддизммен қатар Қазақстанда мойындалған дін ретінде қарастыруға қатысты петиция жариялады. Қазір оны 693 адам қолдаған. Петиция Алаш Онлайн сервисінде жарық көрген. Бұл ретте, біршама заңдық қателіктер байқалады. Тәңірлікті адекватты, заң жолымен тіркетуге петицияның қажеті жоқ. Ол үшін Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Дін істері комитетіне бекітілген тәртіппен тіркелу керек. Екіншіден, Қазақстан Үкіметі тек "Е-Петиция" (epetition.kz) сервисінде жарияланған петицияларды ресми деп таниды. Сондықтан Алаш сервисінің заңдық күші жоқ. Негізі Тәңірлік конфессионалды дін бола алады. Тек оның дін болғаны қазаққа керек пе? Наным, ішкі ұстаным ретінде әлдеқайда таза, кіршіксіз көрінетін сияқты. Догмалық діндерге кір жұғады, себебі олар күнә мен жаза, ізгі іс пен марапат системасына құралған. Ал Тәңірлік наным ретінде догмадан ада, сондықтан оған кір жұға бермейді. Дін істері комитеті мәліметінше, қазір елімізде 18 конфессияны қамтитын 3977 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде, 2835 - исламдық, 347 - православие, 93 - католик, 586 - протестант, 61 - Ехоба куәгерлері, 24 - Жаңаапостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 - иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер (мормондар), 1 - муниттер. Ал жалпы 3776 діни ғимарат бар. Оның ішінде 2834 - мешіт, 304 - православие шіркеуі, 117 - католик шіркеуі, 424 - протестанттық ғибадат үйі, 57 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 24 - Жаңа апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагог, 2 - Бахаи ғибадат үйлері, 5 - Кришна ғибадатханалары, 2 - буддисттік ғибадатхана, 1 - муниттер үйі. DALA INSIDE кезінде бұл тақырыпты зерттеп көрген болатын. Біздегі тәңіршілдерді негізінен үш бағытқа бөлуге болады. 1. Секталық, діни сипатта даму керек дейтін топ. Бірақ, олар көп емес. Ол секта исламның қағидаларын қазақшалап алып, соны таратуда. Мысалы, “Амин” дегенді “Өмін” деп бет сипатады. 2. Тәңірлікті саяси қозғалыс ретінде көретін топ. Бұлар секта емес, ұлттық партия жолымен жүргісі келеді. Олар да аз. 3. Этнозерттеушілер тобы. Олар тәңірлікті дін деп қабылдамайды. Олар үшін бұл байырғы көшпелілер дүниетанымы ғана. Олар осы дәстүрді сақтап қалуға тырысады. DALA INSIDE мәселені бақылап отыр. Қазақстанда жаңа дін пайда бола ма? Оны уақыт көрсетеді, ал DALA INSIDE жазады👇 https://t.me/dalainside
13 65613Loading...
04
🏠 Арманыңдағы пәтерге қол жеткізу - үлкен бақыт Дегенмен, алғаш рет баспана алайын деп жатқан жан үшін пәтер таңдау, құжаттарды реттеу, қаражатты жоспарлау қиынға соғуы мүмкін. Тіпті, пәтер іздеудің өзі көп уақыт алады 🤦 Бюджетті қалай дұрыс жоспарлау керек, жөндеу мен жиһазға қанша ақша қалдыру керек, сатып алу шартын жасасарда нені білу керек, қай құрылыс компаниясы сенімді, қандай көлемдегі пәтер дұрыс? "Галерея Новостроек" бұл сұрақтарға жауап беруге дайын. Алдымен олар дайындаған шағын гайдпен танысыңыз, кейін жеке кеңес алып, армандаған пәтерге қол жеткізіңіз. Гайдты жүктеп, кеңеске жазылыңыз. P.S. "Галерея Новостроек" сізге үй сатып алу бойынша тегін кеңес береді. Бұл сіздің уақытыңызды, ақшаңызды және жүйкеңізді үнемдейді 👉 Толық ақпарат Галерея Новостроек *PR құқығында
7 36310Loading...
05
AIR ASTANA НЕ ҮШІН BAYBACK ЖОЛЫН ТАҢДАҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Бүгін Air Astana биржада сатылып жатқан өз акцияларын мен жаһандық депозитарлы распискаларын кері сатып алу (bayback) бағдарламасын жариялаған болатын. Әуе компаниясы жеке инвесторлардан жалпы құны 12 миллион долларға жуық құнды қағазын сатып алуға дайын. Бұл мажоритарлы акционерлердің компания болашағына сеніп отырғанын көрсетеді. Артынша биылғы бірінші тоқсандағы қаржылық және операциялық көрсеткіштері шықты. Түсім 13,3%-ға, 264,7 млн ​​долларға дейін, ал тасымалданған жолаушылардың жалпы саны 18,5%-ға өсіп, 1,9 млн адамға жеткен. Кері сатып алу мен тоқсанның оптимистік көрсеткіштерін есепке алсақ, Air Astana акциялары құнының тағы өсетіні күмәнсіз. Осы секундта KASE-дегі AIRA котировкасы 954 теңгеге жетті. Кеше ол мысалы 903 деңгейінде жатқан еді. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
6 8813Loading...
06
⛽ Кремль Лукойлға Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын тезірек сатып алуды тапсырды Ресейдің кей өңірлерінде 28 сәуірден бастап жанармай (бензин/дизель) тапшылығы басталды. Алыпсатарлар тарапынан жанармайды сатпай, өзінде жинай бастау әрекеттері де байқалған. Біршама мұнай өңдеу қуаттары істен шыққаннан кейін, губернаторлар Кремльге шағым айтып, дабыл қағуда. Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары Украинаның негізгі нысанына айналып отыр. Бұған дейін дрондар соққы берген болатын. Енді Киев 300 шақырымға ұша алатын Atacms ракеталарына қол жеткізгендіктен, Мәскеу қуырдаққа сойылатын түйенің енді ғана келетінін түсіне бастады. Қауіпсіздік кеңесінің болжамы көңіл көншітпейді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Енді Киев гибридті соққы - яғни ракеталар мен дрондарды араластырып ұра алады. Оған мұнай өңдеу зауыттарын жауып тұрған әуе қорғанысының шамасы жетпеуі мүмкін. Осы орайда Кремль ішкі дефицитті болдырмас үшін жанталаса жол іздеп жатыр. Басты идея - көршілес ЕАЭС елдерінде Ресейге бағынышты мұнай өңдеу зауытының болуы. Оның алдында Беларусь басшылығы Мозырь мұнай өңдеу зауытының қуаты Ресейдің бүкіл қажеттілігін өтеуге жетеді деп сендірген болатын. Өз кезегінде, егер Мозырь таза Ресей қажеті үшін жұмыс істейтіні дәлелденсе, Украина Беларусьтағы инфрақұрылымға да соққы беруге дайын. Және ол ракета әлде дронмен емес, ішкі диверсия, байқамай өртеніп кету, техногендік апат түрінде орын алуы ықтимал. Беларусьтің тәуекелі жоғары екенін білетін Кремль жабық отырыста Лукойлды Атыраудағы НПЗ мәселесін шешу бойынша асықтырды дейді, дереккөз. Лукойлда ондай ақша бар. Компания 2023 жылы 790 миллиард рубль таза кіріс алды. АНПЗ Қазмұнайгазға тиесілі. Қазмұнайгаз оны сату бойынша нақты жоспар дайындамаған болатын. Бұл идея тек концептуалды түрде талқыланып жүрген. Әзірге Лукойл Қазмұнайгазға шыққан жоқ. Олар мәселені зерттеп, ҚМГ-ға ұнайтын ұсыныс әзірлегісі келеді. Осы ұсыныс пакетінде Лукойлға тиесілі Болгариядағы Бургас НПЗ-сына қатысты тарау да болып қалар деп ойлайды, біздің дереккөз. АНПЗ-ны Бургасқа алмастыру, оған қоса басқа да опциондар беру туралы ұсыныстар келсе, Қазмұнайгаздың ойланып қалары белгілі. ЕАЭС-тегі жанармайдың ортақ нарығы деген дүниенің өзіне құрылған қақпан екенін Қазақстан енді түсіне бастады. Ортақ нарық болса, Ресейдегі дефицит пен қымбат баға Қазақстанға да келетіні айдан анық болып тұр. Онда біздегі санаулы НПЗ-лар толық Ресей нарығына жұмыс істеп, өз нарығымызда адам айтқысыз дефицит басталады. Ал 2022 жылы автогаз бағасының бірнеше есе өсуі неге алып келгендігін Үкімет ұмытқан жоқ. Астана Еуразиялық комиссияны алдап-сулап, осы ортақ нарықтың енгізілуін 2025 жылдан 2027 жылға дейін созды. Бірақ Кремль тізеден басып, 2027 жылдан кейін біз жалтара алмайтындай қылуға ниетті. Осының алдында Ресей қажет жағдайда Қазақстаннан 100 000 тонна бензинді резервте ұстауын бейресми каналдар арқылы сұраған болатын. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды. Қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензин резерві - 58 000 тонна, дизель резерві - 435 300 тонна. DALA INSIDE енді Лукойл басшылығындағы шешімдерді бақылауда ұстап отыр 👇 https://t.me/dalainside
12 79428Loading...
07
Жадидизм және қазақ халқы "Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – жадидистер. Бізге де сол жадидизмді ұстану керек" «Үйде жатпа!» жобасы кең көрерменге жол тарта алмай қалған, бірақ біздің ойымызша назар аударуға тұрарлық туындылар туралы арнайы сұхбат ұйымдастырып жүр. Осының алдында біз Ардақ Әмірқұловтың ашаршылық туралы «Жел тоқтаған жер» киносының неліктен прокатқа шықпай жатқанын сұрап, режиссермен тілдескен едік. Ал бүгін Ислам діні тақырыбындағы сирек қазақ киносының бірі – «Кітап» фильмі туралы оның режиссері Ербол Жұмағұлды әңгімеге тартып отырмыз. https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/erbol-zh-ma-l-dekolonizaciya-a-dinni-seri-turaly-ajt-ym-keldi/
7 4394Loading...
08
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНДЕ АҚША ҰСТАП ОТЫРҒАНДАР УАЙЫМДАЙ БАСТАДЫ ЦентрКредит банкі менеджерлерінің өз клиенттерінен ақша ұрлау фактілері анықталғаннан кейін, ондағы қауіпсіздікке сұрақтар туындауда. Журналист Михаил Козачков Алмалы аудандық сотының «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген 26 жастағы Арслан Әжметовке қатысты үкім шығарғанын жазады. Ол небәрі 2 айдың ішінде салымшылар шотынан 240 миллион теңге шешіп алған. Әжметов пен оның адамдары WhatsApp арқылы банк менеджерлерінен есепшоттың сенімді нөмірін өзгертуді сұраған. Сол арқылы мобильді қосымшадағы парольдерді өзгертіп, клиент ақшаларын криптовалютаға аударған. Тергеушілердің айтуынша, Арслан көмекшілері арқылы әріптестерінен, банк менеджерлерінен қажет мәліметті сатып алған. Қазіргі таңда ЦентрКредит банкі менеджерлерінің түгелін тексеру қажет. Себебі, аталған банкте халық кемінде 2,2 триллион теңгенің депозитін ұстап отыр. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
7 26215Loading...
09
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ НЕМЕН МАҚТАНАРЫН БІЛМЕЙ ЖАТЫР "Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады. Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған. Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған. Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған. 2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
9 1403Loading...
10
FORTE BANK ПРОЦЕНТСІЗ ТАБЫСЫН 17 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛДЫ "Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге). Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге). Forte Bank проблемасы - процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен процент кредиттерінің жоғары болуына байланысты болды. Егер биылдан бастап базалық ставка түсе бастаса және мемлекет ондай табысқа 25% салық салатын норма енгізсе, банктердің алтын дәуірі осымен бітетін болады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
3 2500Loading...
11
☢️ Уран аралас су. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін шақыра ма? Экологтар мен Қазатомпромның атом мамандары тез арада жабық жұмыс тобына шоғырлануы ықтимал. Ресейдің Қорған қаласында қарғын су уран қалдықтары көмілген жерасты ұңғыларын шайып, Тобыл өзеніне аға бастады деген бейресми ақпарат тексеріле бастады. Қазақстанға ағатын Тобыл өзеніне дозиметрлік бақылау орнату шаралары қолға алынуын да жоққа шығармаймыз. Ең сорақысы, Тобыл өзенінің мол суы Қазақстандағы су қоймаларын толтырып жатыр. Су ресурстары мен ирригация министрлігі "Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақ уақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ете алады", - деп, қуана рапорт берген болатын. Ол су радиациямен уланған болса, Қазақстан мүлде күтілмеген, анағұрлым қауіпті проблемамен кездеспек. Тобыл каскадындағы су қоймаларынан ауыз су алмақ түгіл, оны ауылшаруашылығы мақсатында жұмсау Қостанай облысының бүкіл территориясын жарамсыз ете алады. Тобыл суы Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар су қоймаларын толтыруда. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. DALA INSIDE бұл мәселені жіті бақылап отыр. Инсайдерлермен тікелей байланыста болады 👇 https://t.me/dalainside
3 84513Loading...
12
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 отбасының қаржы салып қойғандығын айтты. Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда. Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті. Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие. Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. "Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына. Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз. DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇 https://t.me/dalainside
13 1876Loading...
13
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды. "Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай. Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ. 👇
13 4181Loading...
14
👼 "Ата, кел" уақытша паузаға қойылды Ақорда өзінің қатаң реакциясын бергеннен кейін, тик-токта арнайы жүрген "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы уақытша тоқтатылды. Биылғы су тасқыны, былтырғы өрт, алдындағы Арыстағы жарылыстар кадрлары жинақталып, "Нұрекеңнің кезінде мұндай болмаған" деген жазбалармен көптеген видео дайындалып, біразы тик-токқа таралып кеткен болатын. Оны бірінші президент кезінде дәурені жүрген, қазір барлық монополиядан толық айрылған, елдегі активтерінен құтылып жатқан бірнеше кәсіпкер консорциумы ойлап тапқан дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Отбасының нақты қатысын дәлелдеу қиын. 16 сәуірде Дариға Назарбаева басқаратын "Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқанға еш қатысы жоғын ресми мәлімдеп үлгерді. "Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарын қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш Президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз", - делінген еді, мәлімдемеде. Дереккөздің айтуынша, "Ата, кел" (Шал, кел) кампаниясы тик-токтағы жастарға бірінші президенттің жағымды образын жасау үшін ойластырылған еді. Назарбаев кезінде Қонаев қалай халықтың жадында болды, Назарбаев та солай қазіргі заман Қонаевы болғысы келеді. Бірақ сценарий оның авторлары ойлағандай өрбімеді. Енді "Ата, кел" кампаниясының фокусын Назарбаевтың кезінде мынандай болмаған деген апаттардан керісінше оның кезінде осындай жақсы дүниелер істелген (Астананың салынуы, көпірлер, кіші Аралдың толуы) деген салиқалы видеоларға бұру ойластырылуда. Назарбаев жаңа Қонаевқа айнала ала ма? Оны DALA INSIDE бақылап отыратын болады. Бізге жазылыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
8 1968Loading...
15
Су тасқыны кезінде қанша адам қаза тапты? Үйін су басқан адамдарға үкімет қанша ақша береді? Бишімбаев сотта өзін қалай қорғап жатыр? Сотқа келген  куәгерлер не дейді? Malim Media арнасына жазылсаңыздар, бәріне жауап табасыздар. Біз сізді ақпарат ағынынан адастырмай алып шығамыз, маңызды оқиғаларды түсіндіріп береміз, сапалы қазақша контент ұсынамыз. Бұл арнада күнделікті жаңалықтардан хабардар боласыз, елдегі саяси-қоғамдық оқиғалардан құр қалмайсыз. Биліктің шешімі мен сарапшылар пікірін бірінші болып біліп отырасыз. 💡Қазақша контент дами берсін! Қосылыңыздар👇 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz 📌 https://t.me/malimkz
7 6150Loading...
16
⚡️ Адам құқығы жөніндегі уәкіл қоғамда қызу талқыланған заңға қатысты пікір білдірді... Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікірін білдірді. Ол әлеуметтік желілерде тараған «заң балаларды тартып алуға ықпал етеді» деген теріс пікірдің жалған екенін баса атап өтті. Сондай-ақ омбудсмен заң, ең алдымен, отбасын қорғауға және дәстүрлі-ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.
11 9312Loading...
17
🇺🇲⚡🇷🇺 "Парасат" операциясы: Ресей ТЭЦ-ті реттегеннен кейін Теңіз мұнайына ауыз салады Қазақстанды толық өз орбитасында қалдыру үшін Ресейге қазақ мұнайына иелік ету қажет. ФСБ жабық докладтарында "Шеврон мен Тоталдың Қазақстанға келуі Ресей лоббиінің салғырттығы" деп бағаланған. Енді алдағы 2-3 жылда Ресей өзі қаржыландыратын ақпараттық агенттер арқылы Қазақстандағы американдықтарға қарсы имидждік компания жүргізбек. Батыс облыстарда "Мас американдық Атырауда қазақ қызын зорлады", "АҚШ Қазақстанды "гейлерге тиіспе" деп қысымға алып жатыр" деген тұрмыстық сценарийлер ойластырылатын болады. Дереккөз сөзінше, халық бір шулағаннан кейін, қоғамдық қозғалыс құрылып, ол "Шевронның кетуін" талап етіп, шерулер ұйымдастыру жоспарланған. Операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр. "Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз. "Кез-келген утопиялық ұсыныс белгілі бір дәрежеде ой тастауға бағытталған. Оны Парасаттағылар жақсы біледі және маневрларын Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ. Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер. Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болады. DALA INSIDE жақында уран, Ескі Қазақстанның Дариға арқылы жасалған кегі мен PRONTO-ның қайта оралуы туралы жазатын болады. Бізден алшақтамаңыздар 👇 https://t.me/dalainside
19 52017Loading...
18
🥬 Боялған ақша: тасқын су жемқорлықты шайып кете ме? Егер Антикор мен Ұлттық Банк мемлекеттік шығынға дайындалған ақшаны екі айда цифрлі теңгеге конверттесе, «Жаңа Қазақстан» биыл орнауы мүмкін дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Су тасқыны аяқталғаннан кейін, оның зардабын жойып, елді-мекендерді қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы кетпек. Және оның кейбір жемқор шенеуіктер тарапынан талан-таражға түсу қаупі бар. «Сол жағалау» дәл осы төтенше жағдайдан кейінгі жұмысқа Үкімет резервін жұмсауда цифрлі теңге системасын тест ретінде пайдаланып көру туралы жабық консультациялар өткізуді ойластыра бастады. Әу баста, цифрлі теңге биылдан бастап жол құрылысында тест ретінде өтуі тиіс болатын. Күптеген төтенше жағдай, және оның салдарына қыруар мемлекеттік қаржы жұмсалуы тиіс болып тұрғандықтан, билік цифрлі теңге күшін уақыт оздырмай осы бағытта тексеріп көру мүмкіндігін қарастыруға көшкен. «Соңғы сөз Антикор мен Ұлттық Банкта. Технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба, барлық сатып алу жүйелері бейімделді ме деген сұрақтарға Ұлттық Банкке қарасты Ұлттық төлем корпорациясы жауап беруі керек. Антикор өз тарапынан жедел анализ жасауы тиіс. Егер Үкімет цифрлі теңгені апаттан кейінгі қайта қалпына келтіруге енгізіп үлгере алмаса, онда ескі жоспарға оралады. Ондай жағдайда цифрлі теңге жол құрылысында пилоттан өтпек», - дейді, дереккөз. Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек. Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр. DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
14 3277Loading...
19
Қысылтаяң сәтте Президент емес, халық қорғалмақ Құтқарушыларға су тасқынымен күресуге көмектесу үшін Мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкерлері келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. «МҚҚ сарбаздары су тасқынының зардаптарын жою жолында құтқарушыларға көмектесуде. Осы сәттерде Ақмола облысының Жібек жолы ауылында МҚҚ жасағының бір тобы шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар елді мекен маңындағы бөгет бөгетінің жағасын нығайтып, су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде», - делінген жұма күні таралған хабарламада. МҚҚ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздік органдарына жататын, президенттің, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген құзыреті шегінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
5 5973Loading...
20
Петропавл зауыты су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылау үшін ТЖД-ны өз өндірісіндегі дрондармен қамтамасыз етті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Жедел штабтың жұмысын тексерді. ✔️Жергілікті кәсіпорын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ штабты су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті. 📌Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды. ✔️Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары аумақты суретке түсіру және деректерді ішкі радиобайланысы бар картаға 2D форматында лезде жіберу үшін барлау дрондарын белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті. «Тасқын су қалаға жетті, сондықтан біз кезекшілікті тұрақты түрде қамтамасыз етуіміз керек. Барлық мобильді топтар толығымен дайын тұруы қажет. Жергілікті жерде жұмыс істейтін топтар жағдайды дереу хабарлауы тиіс. Су тасқыны қаупінің қаншалықты маңызды екенін түсіне алмайтын азаматтар болса, эвакуация жүргізілген барлық елді мекендерді қайта тексеруді тапсырамын. Барлық адамдардың қауіпсіз аймақта болуын қадағалау керек», — деп тапсырды Роман Скляр. 📌Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техникалар, қосымша жүк тиегіштер, инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керектігін баса айтты. 📱 https://t.me/KZgovernment
12 5620Loading...
Repost from N/a
Photo unavailableShow in Telegram
G ПРОБЛЕМАЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ. СОТ ҒАБИТ СӘТМАҒАМБЕТОВТЕН 46 ЖЕР ТЕЛІМІН ТӘРКІЛЕДІ Апелляциялық сот 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиевтің үкімін өзгеріссіз қалдырды деп жазады, Nege.Aqsha. Арна мәліметінше, ол 2018 жылдың шілдесінен 2021 жылдың сәуіріне дейін бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлап, жер телімдерінің бір бөлігін сатып алып, оны сатудан 4,7 млрд теңге қылмыстық кіріс алған. Сот Жексенғалиевтен «Труд-2», «Дружба-2», «Родничок» с/т, «Рябинушка» учаскелеріндегі қазіргі уақытта "GPark" құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовке тиесілі 46 жер телімін тәркіледі. Яғни, кезінде қылмыстық жолмен келген телімдерді Жексенғалиев Сәтмағамбетовке берген.
«Бұл ретте, Сатмағамбетов Г.Х. атына тіркелген жер учаскелері қылмыстық жолмен алынған және мемлекет кірісіне айналдыруға жатады», - делінген үкімде.
Gpark басшысы Сәтмағамбетов Әнел Жексенғалиевамен (Әнуарбек Жексенғалиевтің әпкесі) бірлескен қызмет туралы келісім жасасқанын айтты. Жексенғалиев Мадрид-1,2 тұрғын үй кешенінің құрылысына жер телімдерін беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін оның есесіне осы кешеннен пәтерлер алған. Енді Сәтмағамбетов серіктесін сотқа беру арқылы ғана одан өзіне келген шығынды өндіре алады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
👍 30
👋 Сағынтаевтан Қазақстанға қайыр болмайтын сияқты 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясын басқарып отырған Қазақстан өкілі Бақытжан Сағынтаев кедендік баж салығы мәселесін жылжытуда сылбырлық танытып отыр.
Негізі, жыл басында Сағынтаев осы мәселені көтеріп, Қазақстан үлесін арттыруға көмектеседі деген үміт болған дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бірақ мамыр айына дейін еш қозғалыс байқалмады.
Былтыр күзде Қазақстан тарапы комиссия отырысының күн тәртібіне осы мәселені енгізген. Дереккөз сол кезде Ресей мен Беларусь тарапынан вето қойылғанын айтады. Онда қазір сыртқы сауда статистикалары құлаған Ресей мен Беларусь Қазақстан есебінен баж салығын алып отыр деген сөз. Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібі бойынша соңғы екі жыл статистикасы қаралады. 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ доллар деңгейінде тұрса, 2022 жылдан бастап динамикасы күрт өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға артқан. Оның ішінде кедендік баж салығы төленген импорт 61 миллиард долларды көрсетті. Қазақстанға келетін импорт бір жылда 20 пайызға артқан.
Ал Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарған.
Оған қарамастан, ортақ қазанға түсетін импортты баж салығынан Ресей әлі де 85,065 пайызын алып келеді. Ал Қазақстан 6,955 пайызды місе тұтуда. Қазіргі үлес бойынша Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь – 4,86%, Ресей – 85,065% алып отыр. DALA INSIDE дереккөздер арқылы осы сұрақтың биыл комиссия отырысына шығу-шықпау мүмкіндігін анықтап, оқырманға хабарлайтын болады 👇 https:t.me/dalainside
Mostrar todo...
😱 54👍 51👎 3😁 1
👼 Ерлан "Пайғамбар"? Тәңірлікті ресми дін ретінде тіркеу бойынша петиция жарияланды Алматы тұрғыны, руника зерттеушісі Ерлан Еспенбетов "Тәңір Елі" республикалық діни бірлестігін ресми тіркету бойынша және Тәңірлікті Ислам, Христиан, Иудаизм мен Буддизммен қатар Қазақстанда мойындалған дін ретінде қарастыруға қатысты петиция жариялады. Қазір оны 693 адам қолдаған. Петиция Алаш Онлайн сервисінде жарық көрген. Бұл ретте, біршама заңдық қателіктер байқалады. Тәңірлікті адекватты, заң жолымен тіркетуге петицияның қажеті жоқ. Ол үшін Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Дін істері комитетіне бекітілген тәртіппен тіркелу керек. Екіншіден, Қазақстан Үкіметі тек "Е-Петиция" (epetition.kz) сервисінде жарияланған петицияларды ресми деп таниды. Сондықтан Алаш сервисінің заңдық күші жоқ. Негізі Тәңірлік конфессионалды дін бола алады. Тек оның дін болғаны қазаққа керек пе? Наным, ішкі ұстаным ретінде әлдеқайда таза, кіршіксіз көрінетін сияқты. Догмалық діндерге кір жұғады, себебі олар күнә мен жаза, ізгі іс пен марапат системасына құралған. Ал Тәңірлік наным ретінде догмадан ада, сондықтан оған кір жұға бермейді. Дін істері комитеті мәліметінше, қазір елімізде 18 конфессияны қамтитын 3977 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде, 2835 - исламдық, 347 - православие, 93 - католик, 586 - протестант, 61 - Ехоба куәгерлері, 24 - Жаңаапостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 - иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер (мормондар), 1 - муниттер. Ал жалпы 3776 діни ғимарат бар. Оның ішінде 2834 - мешіт, 304 - православие шіркеуі, 117 - католик шіркеуі, 424 - протестанттық ғибадат үйі, 57 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 24 - Жаңа апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагог, 2 - Бахаи ғибадат үйлері, 5 - Кришна ғибадатханалары, 2 - буддисттік ғибадатхана, 1 - муниттер үйі.
DALA INSIDE кезінде бұл тақырыпты зерттеп көрген болатын. Біздегі тәңіршілдерді негізінен үш бағытқа бөлуге болады.
1. Секталық, діни сипатта даму керек дейтін топ. Бірақ, олар көп емес. Ол секта исламның қағидаларын қазақшалап алып, соны таратуда. Мысалы, “Амин” дегенді “Өмін” деп бет сипатады. 2. Тәңірлікті саяси қозғалыс ретінде көретін топ. Бұлар секта емес, ұлттық партия жолымен жүргісі келеді. Олар да аз. 3. Этнозерттеушілер тобы. Олар тәңірлікті дін деп қабылдамайды. Олар үшін бұл байырғы көшпелілер дүниетанымы ғана. Олар осы дәстүрді сақтап қалуға тырысады. DALA INSIDE мәселені бақылап отыр. Қазақстанда жаңа дін пайда бола ма? Оны уақыт көрсетеді, ал DALA INSIDE жазады👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
👍 61🤮 19😁 12👎 9😡 3
🏠 Арманыңдағы пәтерге қол жеткізу - үлкен бақыт Дегенмен, алғаш рет баспана алайын деп жатқан жан үшін пәтер таңдау, құжаттарды реттеу, қаражатты жоспарлау қиынға соғуы мүмкін. Тіпті, пәтер іздеудің өзі көп уақыт алады 🤦 Бюджетті қалай дұрыс жоспарлау керек, жөндеу мен жиһазға қанша ақша қалдыру керек, сатып алу шартын жасасарда нені білу керек, қай құрылыс компаниясы сенімді, қандай көлемдегі пәтер дұрыс? "Галерея Новостроек" бұл сұрақтарға жауап беруге дайын. Алдымен олар дайындаған шағын гайдпен танысыңыз, кейін жеке кеңес алып, армандаған пәтерге қол жеткізіңіз. Гайдты жүктеп, кеңеске жазылыңыз. P.S. "Галерея Новостроек" сізге үй сатып алу бойынша тегін кеңес береді. Бұл сіздің уақытыңызды, ақшаңызды және жүйкеңізді үнемдейді 👉 Толық ақпарат Галерея Новостроек *PR құқығында
Mostrar todo...
👍 29
Repost from N/a
Photo unavailableShow in Telegram
AIR ASTANA НЕ ҮШІН BAYBACK ЖОЛЫН ТАҢДАҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Бүгін Air Astana биржада сатылып жатқан өз акцияларын мен жаһандық депозитарлы распискаларын кері сатып алу (bayback) бағдарламасын жариялаған болатын. Әуе компаниясы жеке инвесторлардан жалпы құны 12 миллион долларға жуық құнды қағазын сатып алуға дайын. Бұл мажоритарлы акционерлердің компания болашағына сеніп отырғанын көрсетеді. Артынша биылғы бірінші тоқсандағы қаржылық және операциялық көрсеткіштері шықты. Түсім 13,3%-ға, 264,7 млн ​​долларға дейін, ал тасымалданған жолаушылардың жалпы саны 18,5%-ға өсіп, 1,9 млн адамға жеткен. Кері сатып алу мен тоқсанның оптимистік көрсеткіштерін есепке алсақ, Air Astana акциялары құнының тағы өсетіні күмәнсіз. Осы секундта KASE-дегі AIRA котировкасы 954 теңгеге жетті. Кеше ол мысалы 903 деңгейінде жатқан еді. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
👍 32👎 1😁 1
Кремль Лукойлға Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын тезірек сатып алуды тапсырды Ресейдің кей өңірлерінде 28 сәуірден бастап жанармай (бензин/дизель) тапшылығы басталды. Алыпсатарлар тарапынан жанармайды сатпай, өзінде жинай бастау әрекеттері де байқалған. Біршама мұнай өңдеу қуаттары істен шыққаннан кейін, губернаторлар Кремльге шағым айтып, дабыл қағуда. Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары Украинаның негізгі нысанына айналып отыр. Бұған дейін дрондар соққы берген болатын. Енді Киев 300 шақырымға ұша алатын Atacms ракеталарына қол жеткізгендіктен, Мәскеу қуырдаққа сойылатын түйенің енді ғана келетінін түсіне бастады.
Қауіпсіздік кеңесінің болжамы көңіл көншітпейді дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Енді Киев гибридті соққы - яғни ракеталар мен дрондарды араластырып ұра алады. Оған мұнай өңдеу зауыттарын жауып тұрған әуе қорғанысының шамасы жетпеуі мүмкін.
Осы орайда Кремль ішкі дефицитті болдырмас үшін жанталаса жол іздеп жатыр. Басты идея - көршілес ЕАЭС елдерінде Ресейге бағынышты мұнай өңдеу зауытының болуы. Оның алдында Беларусь басшылығы Мозырь мұнай өңдеу зауытының қуаты Ресейдің бүкіл қажеттілігін өтеуге жетеді деп сендірген болатын. Өз кезегінде, егер Мозырь таза Ресей қажеті үшін жұмыс істейтіні дәлелденсе, Украина Беларусьтағы инфрақұрылымға да соққы беруге дайын. Және ол ракета әлде дронмен емес, ішкі диверсия, байқамай өртеніп кету, техногендік апат түрінде орын алуы ықтимал. Беларусьтің тәуекелі жоғары екенін білетін Кремль жабық отырыста Лукойлды Атыраудағы НПЗ мәселесін шешу бойынша асықтырды дейді, дереккөз. Лукойлда ондай ақша бар. Компания 2023 жылы 790 миллиард рубль таза кіріс алды. АНПЗ Қазмұнайгазға тиесілі. Қазмұнайгаз оны сату бойынша нақты жоспар дайындамаған болатын. Бұл идея тек концептуалды түрде талқыланып жүрген. Әзірге Лукойл Қазмұнайгазға шыққан жоқ. Олар мәселені зерттеп, ҚМГ-ға ұнайтын ұсыныс әзірлегісі келеді.
Осы ұсыныс пакетінде Лукойлға тиесілі Болгариядағы Бургас НПЗ-сына қатысты тарау да болып қалар деп ойлайды, біздің дереккөз. АНПЗ-ны Бургасқа алмастыру, оған қоса басқа да опциондар беру туралы ұсыныстар келсе, Қазмұнайгаздың ойланып қалары белгілі.
ЕАЭС-тегі жанармайдың ортақ нарығы деген дүниенің өзіне құрылған қақпан екенін Қазақстан енді түсіне бастады. Ортақ нарық болса, Ресейдегі дефицит пен қымбат баға Қазақстанға да келетіні айдан анық болып тұр. Онда біздегі санаулы НПЗ-лар толық Ресей нарығына жұмыс істеп, өз нарығымызда адам айтқысыз дефицит басталады. Ал 2022 жылы автогаз бағасының бірнеше есе өсуі неге алып келгендігін Үкімет ұмытқан жоқ. Астана Еуразиялық комиссияны алдап-сулап, осы ортақ нарықтың енгізілуін 2025 жылдан 2027 жылға дейін созды. Бірақ Кремль тізеден басып, 2027 жылдан кейін біз жалтара алмайтындай қылуға ниетті. Осының алдында Ресей қажет жағдайда Қазақстаннан 100 000 тонна бензинді резервте ұстауын бейресми каналдар арқылы сұраған болатын. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды. Қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензин резерві - 58 000 тонна, дизель резерві - 435 300 тонна. DALA INSIDE енді Лукойл басшылығындағы шешімдерді бақылауда ұстап отыр 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
😱 71😡 48👍 26💯 2🔥 1👏 1😁 1
Жадидизм және қазақ халқы
"Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – жадидистер. Бізге де сол жадидизмді ұстану керек"
«Үйде жатпа!» жобасы кең көрерменге жол тарта алмай қалған, бірақ біздің ойымызша назар аударуға тұрарлық туындылар туралы арнайы сұхбат ұйымдастырып жүр. Осының алдында біз Ардақ Әмірқұловтың ашаршылық туралы «Жел тоқтаған жер» киносының неліктен прокатқа шықпай жатқанын сұрап, режиссермен тілдескен едік. Ал бүгін Ислам діні тақырыбындағы сирек қазақ киносының бірі – «Кітап» фильмі туралы оның режиссері Ербол Жұмағұлды әңгімеге тартып отырмыз. https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/erbol-zh-ma-l-dekolonizaciya-a-dinni-seri-turaly-ajt-ym-keldi/
Mostrar todo...
Ербол Жұмағұл: Деколонизацияға діннің әсері туралы айтқым келді - Үйде жатпа

Біздің Алашорда арыстары мұсылман болды. Олар – джадидистер. Бізге де сол джадидизмді ұстану керек

👍 44👎 3
Repost from N/a
Photo unavailableShow in Telegram
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНДЕ АҚША ҰСТАП ОТЫРҒАНДАР УАЙЫМДАЙ БАСТАДЫ ЦентрКредит банкі менеджерлерінің өз клиенттерінен ақша ұрлау фактілері анықталғаннан кейін, ондағы қауіпсіздікке сұрақтар туындауда. Журналист Михаил Козачков Алмалы аудандық сотының «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген 26 жастағы Арслан Әжметовке қатысты үкім шығарғанын жазады. Ол небәрі 2 айдың ішінде салымшылар шотынан 240 миллион теңге шешіп алған. Әжметов пен оның адамдары WhatsApp арқылы банк менеджерлерінен есепшоттың сенімді нөмірін өзгертуді сұраған. Сол арқылы мобильді қосымшадағы парольдерді өзгертіп, клиент ақшаларын криптовалютаға аударған. Тергеушілердің айтуынша, Арслан көмекшілері арқылы әріптестерінен, банк менеджерлерінен қажет мәліметті сатып алған. Қазіргі таңда ЦентрКредит банкі менеджерлерінің түгелін тексеру қажет. Себебі, аталған банкте халық кемінде 2,2 триллион теңгенің депозитін ұстап отыр. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
😱 68👍 10😡 4😁 1💯 1
Repost from N/a
Photo unavailableShow in Telegram
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ НЕМЕН МАҚТАНАРЫН БІЛМЕЙ ЖАТЫР "Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады.
Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған.
Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған. Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған. 2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
😁 29👍 15💯 1
Repost from N/a
Photo unavailableShow in Telegram
FORTE BANK ПРОЦЕНТСІЗ ТАБЫСЫН 17 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛДЫ "Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге).
Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге).
Forte Bank проблемасы - процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен процент кредиттерінің жоғары болуына байланысты болды. Егер биылдан бастап базалық ставка түсе бастаса және мемлекет ондай табысқа 25% салық салатын норма енгізсе, банктердің алтын дәуірі осымен бітетін болады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Mostrar todo...
👍 61👎 5😁 2💯 1