cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

Show more
Advertising posts
16 270Subscribers
-724 hours
-1067 days
-37130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

🥬 Боялған ақша: тасқын су жемқорлықты шайып кете ме? Егер Антикор мен Ұлттық Банк мемлекеттік шығынға дайындалған ақшаны екі айда цифрлі теңгеге конверттесе, «Жаңа Қазақстан» биыл орнауы мүмкін дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Су тасқыны аяқталғаннан кейін, оның зардабын жойып, елді-мекендерді қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы кетпек. Және оның кейбір жемқор шенеуіктер тарапынан талан-таражға түсу қаупі бар. «Сол жағалау» дәл осы төтенше жағдайдан кейінгі жұмысқа Үкімет резервін жұмсауда цифрлі теңге системасын тест ретінде пайдаланып көру туралы жабық консультациялар өткізуді ойластыра бастады. Әу баста, цифрлі теңге биылдан бастап жол құрылысында тест ретінде өтуі тиіс болатын. Күптеген төтенше жағдай, және оның салдарына қыруар мемлекеттік қаржы жұмсалуы тиіс болып тұрғандықтан, билік цифрлі теңге күшін уақыт оздырмай осы бағытта тексеріп көру мүмкіндігін қарастыруға көшкен.
«Соңғы сөз Антикор мен Ұлттық Банкта. Технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба, барлық сатып алу жүйелері бейімделді ме деген сұрақтарға Ұлттық Банкке қарасты Ұлттық төлем корпорациясы жауап беруі керек. Антикор өз тарапынан жедел анализ жасауы тиіс. Егер Үкімет цифрлі теңгені апаттан кейінгі қайта қалпына келтіруге енгізіп үлгере алмаса, онда ескі жоспарға оралады. Ондай жағдайда цифрлі теңге жол құрылысында пилоттан өтпек», - дейді, дереккөз.
Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек. Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр. DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 131😁 4😡 3
Қысылтаяң сәтте Президент емес, халық қорғалмақ Құтқарушыларға су тасқынымен күресуге көмектесу үшін Мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкерлері келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. «МҚҚ сарбаздары су тасқынының зардаптарын жою жолында құтқарушыларға көмектесуде. Осы сәттерде Ақмола облысының Жібек жолы ауылында МҚҚ жасағының бір тобы шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар елді мекен маңындағы бөгет бөгетінің жағасын нығайтып, су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде», - делінген жұма күні таралған хабарламада. МҚҚ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздік органдарына жататын, президенттің, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген құзыреті шегінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Show all...
👍 89🤩 4
Петропавл зауыты су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылау үшін ТЖД-ны өз өндірісіндегі дрондармен қамтамасыз етті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Жедел штабтың жұмысын тексерді. ✔️Жергілікті кәсіпорын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ штабты су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті. 📌Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды. ✔️Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары аумақты суретке түсіру және деректерді ішкі радиобайланысы бар картаға 2D форматында лезде жіберу үшін барлау дрондарын белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.
«Тасқын су қалаға жетті, сондықтан біз кезекшілікті тұрақты түрде қамтамасыз етуіміз керек. Барлық мобильді топтар толығымен дайын тұруы қажет. Жергілікті жерде жұмыс істейтін топтар жағдайды дереу хабарлауы тиіс. Су тасқыны қаупінің қаншалықты маңызды екенін түсіне алмайтын азаматтар болса, эвакуация жүргізілген барлық елді мекендерді қайта тексеруді тапсырамын. Барлық адамдардың қауіпсіз аймақта болуын қадағалау керек», — деп тапсырды Роман Скляр.
📌Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техникалар, қосымша жүк тиегіштер, инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керектігін баса айтты. 📱 https://t.me/KZgovernment
Show all...
UKIMET

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК 🌐 Сайт

https://primeminister.kz/kz

🔗 Instagram

https://instagram.com/primeministerkz

🔗 Facebook

https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz

👍 38😡 2
⚡️ Шеккені кальян, ішкені арақ, ойлағандары ақша... Танымал боксшы отандық спорттағы коррупция туралы ашық айтты. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kalyan-araq-jane-aqsha-tanimal-boksshi-otandiq-sporttagi-korrupsyya-turali.html
Show all...
👍 66💯 18😱 5🔥 2
📺 Дамымай жатқан сала: Қазақстан журналистикасы ірі сот процестеріне дайын емес Қуандық Бишімбаев процесіндегі алқабилер "утечкасынан" кейін журналистер сот залынан қуылды. Алқабилер құрамы құпия ұсталады және заңмен қорғалады. Ол туралы процеске қатысып жатқан ақпарат құралдарының өкілдеріне алдын-ала ескертілген болатын.
"Елімізге белгілі телеарна сенсация жасаймын деп ережені өрескел бұзды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде ол ашық айтылатын болады.
Журналистер тексеру біткенннен кейін сот залына қайта орала алады. Тек ереже бұзған БАҚ не ескерту алады, не процестен аластатылмақ. Оның шешімін судья Айжан Құлбаев шығарады. Әзірге тілшілер сотты басқа бөлмеде онлайн қарайтын болды. Отандық журналистикада белгілі бір регламентке, этикалық нормаларға мойынұсынбау фактілері аз емес. Өзін-өзі реттеу де әлсіз жүреді. Сонымен бірге, нақты фактілер мен сараптамадан көрі жанжалдық хайпке көп арқа сүйеп кеткен. Кезінде брифингтерде министрлер пен әкімдерге су тасқынына дайындық туралы сұрақ емес, "жалақыңыз қанша?", "қолыңыздағы не сағат?" сынды ортақ іске қажетсіз сұрақтар көп қойылды. Оның нәтижесінде мемлекетшіл шенеуіктер тарапынан журналистикаға деген құрмет азайып кетті және аудитория да арзан тақырыптарға бой үйрете бастады. Журналистика сыртқы регуляторлы фактордан емес, ішкі талаптар мен өзара келісім негізінде дамитын салаға жатады. Сондықтан осы трансыормациялық кезеңде бас редакторлардың өз жауапкершілігін түсінуі аса маңызды. DALA INSIDE журналистердің сот залына оралғанын қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 63💯 10😱 2👎 1🔥 1🤝 1
⚡️ "Контингент ужыс. Одни калбиты...". Dostyk Plaza даулы жазбаға жауап қатты... Dalanews.kz осыған байланысты Алматының полиция департаментіне сауал жолдады. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kontyngent-ujis-odny-kalbyti-dostyk-plaza-dauli-jazbaga-jauap-qatti.html
Show all...
😡 33🤯 28😱 5👍 3💯 1
🇰🇿🇷🇺Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин сұрауы мүмкін – Reuters Бүгін Reuters агенттігі Ресей Қазақстаннан 100 000 тонна бензин жеткізуге дайын болу турасында өтініш айтуы мүмкін екенін жазды, – деп хабарлайды DalaInside арнасы. Егер Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын шабуылдауды тоқтатпаса, жағдай ушығып, Кремль ресми Астанада көмек сұрауы ықтимал. Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Шыңғыс Ильясов Ресейден жанар-жағармай жеткізуіге қатысты өтініш түспегенін алға тартты. Ал дәл осы мәселеге қатысты Ресейдің Энергетика министрлігі журналистердің сауалына ләм-лим деп үн қатпаған. Бірақ Ресейдің басты одақтасы Беларусь Ресейге бензин жеткізуге келіскенін білеміз. Наурыз айындағы жағдай бойынша Украинаның беспилотниктері Ресейдің мұнай зауыттарына дамылсыз шабуыл жасап, көрші елдің мұнай өңдеу саласының әлеуетін 14 пайызға дейін кемітті. Әзірше Кремль ішкі нарықта жаран-жағармаймен қапту тұрақты, жанармай қоры жеткілікті деп ақпарат таратудан танбауда. Алдағы уақытта Украина мұнай зауыттарына шабуылды үдетсе, Ресей мұнай өнімдерін экспорттаудан, импорттаушы елге айналды. Кремль 1 наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойған болатын. Осылайша олар жарармай тапшылығының алдын алуға қам жасады. Бірақ Ресейдің бензинге қатысты шектеуі Еуразиялық Одаққа мүше елдерге жүрмейді. Өйткені, Еуразиялық одаққа мүше елдер арасында бір-біріне жанармай жеткізу турасында үкіметаралық келсімге қол қойған. Сондықтан Ресейде бензин жетпей ажиотаж болса, Кремль осы келісімге қол қойған елдерге өтініш айтатын қақысы бар. Ал мұндай жағдайда бар салмақ Қазақстанға түсетінін айтпасақ та түсінікті. Бірақ трейдерлер Ресейде жанармай тапшылығы арта түссе, Ресей Еуразиялық одаққа мүше елдерге де жанармай экспорттауға шектеу қою мүмкін екенін алға тартуда. Мұндай жағдайда осы шектеуді алға салып, Ресейге Қазақстан билігінің «жоқ» деп айтуына жол ашылады. Күні кеше ғана Ресейдің Орыс қаласын топан су басып, қала маңындағы мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бүгін де Қазақстан да су тасқынынан зардап шегуде. Осыған байланысты Үкімет 5 сәуірден бастап гуманитарлық мақсатты көздеп сырт елдерге жанармай экспорттауды шектеген болатын. Дереккөздеріне жүгінсек, қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензиннің 58 000 тоннаны құраса, дизел отынының 435 300 тонна қоры бар. Сондықтан дәл қазір Ресей 100 000 тонна бензин сұраған күннің өзінде де оны бере қоятын бізде мүмкіндік жоқ. Егер қолда бар жанармайдың қорын Ресейге берсек, елімізде жанармай тапшылығы туындауы мүмкін. 🔥👎😱
Show all...
Exclusive: Russia seeks gasoline from Kazakhstan in case of shortages, sources say

Russia has asked Kazakhstan to stand ready to supply it with 100,000 tons of gasoline in case of shortages exacerbated by Ukrainian drone attacks and outages, three industry sources told Reuters.

👎 49👍 20😱 11😡 6
🇷🇺 Ресейде жағдай нашарлап барады. Орскте медициналық көмек уақытша тоқтады Пациенттер Новотроицк (шамамен 20 шақырым) мен Орынборға (250 шақырымнан астам) жіберілуде. Екі ауруханада тек жедел және шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ресейге қарағанда, Қазақстан медициналық көмекті тоқтатпады.
Орынбор облысының денсаулық сақтау министрі Татьяна Савинова Орск медициналық қызметі төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты.
Орск қалалық ауруханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің филиалы су астына кеткен. Кей науқастар бірден сол жерден эвакуацияланды. Су тасқыны аймағында орналасқан басқа емханаларда да медициналық көмек тоқтатылып, пациенттер үйге жіберілген. Қазақстан Ресейдегі ауыр жағдайды бақылап отыр. Бізде де төтенше шаралардың барлығы қолға алынған. Аймақтарда медициналық эвакуацияға дайындық барысы пысықталуда. DALA INSIDE мемлекетаралық шекаралас өзендерді бақылап отыр 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
DALA INSIDE

✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.

🔥 41👍 35🙏 5🤯 1
ҚазМұнайГаздың қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына 4,4 млн-нан астам сексеуіл көшеттері егілмек 5 сәуірде ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерін отырғызу шарасына қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі экологиялық бастамасын қолдау мақсатында іске асырылып отыр. «Қазақ халқы сексеуіл ағашын ежелден қасиет тұтқан. Табиғаттың қорғаны, тіршіліктің жаңаруын білдіретін бұл өсімдіктің бағасы бөлек болған. Біз кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлерді көгалдандыру жұмысына белсенді атсалысып келеміз. ҚМГ құрғаған Арал түбінде 15 мың гектар алқапқа 4 миллионнан астам сексеуіл көшетін отырғызу бойынша міндеттеме алды. Осылайша, компанияның жасыл экономиканың дамуына және табиғатты болашақ ұрпақ үшін қорғап қалуға қосқан үлесін арттырамыз. Сондай-ақ бұл — тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатынымыздың іс жүзіндегі көрінісі», — деді Мағзұм Мырзағалиев. Егілген сексеуіл көшеттері Арал теңізінің құрғау салдарынан жыл сайын пайда болатын шаң мен тұздан қорғауға көмектеседі. Сонымен бірге бұл өңірдегі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалып, шөлейттену процесін баяулатуға мүмкіндік береді. Осылайша, ҚазМұнайГаз еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаға және экологиялық жобаларға көрсеткен қолдауын арттырып отыр. Жобаны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» іске асыратын болады. Жалпы, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы елімізді көгалдандыру ісіне өз үлесін қосып, өңірлерде ағаш егуді дәстүрге айналдырған. Мысалы, 2023 жылы ҚазМұнайГаз өз күшімен шамамен 40 мың жасыл желек отырғызды.
Show all...
👍 114👏 6😁 3💯 3😡 2🙏 1
💧 Құлсары және басқа да тасқындар: Президент жағдайды сағат сайын бақылауда ұстауда Атырау облысының Құлсары қаласында 600-ден астам үйді су басып қалды деп хабарлады, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Қазір Құлсары қаласынан Атырау қаласына тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін жолаушылар пойызы пайдаланылады. 2 мыңнан астам жергілікті тұрғын, оның ішінде 400-дей бала эвакуацияланды. Құлсары қаласындағы 600-ден астам жеке тұрғын үйді су басқан.
Құлсарыда апаттық-құтқару жұмыстарына 745 адам мен 280-нен астам техника жұмылдырылды. Оған 4 мыңнан астам еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылды.
Қазірдің өзінде Ақтау және Атырау қалаларынан Құлсарыға қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Өз кезегінде Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісі Олжас Бектенов Президентті елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр. Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов бүгін Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. DALA INSIDE қарғын су мәселесіне қатысты шешімдерді бақылап отыр 👇 https://t.me/dalainside
Show all...

🤮 39👍 23🤯 4😢 1