Azattyq - Азаттық
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Show more📈 Analytical overview of Telegram channel Azattyq - Азаттық
Channel Azattyq - Азаттық (@azattyq) in the Kazakh language segment is an active participant. Currently, the community unites 10 883 subscribers, ranking 17 406 in the News & Media category and 827 in the Kazakhstan region.
📊 Audience metrics and dynamics
Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 10 883 subscribers.
According to the latest data from 06 September, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by 150 over the last 30 days and by 0 over the last 24 hours, overall reach remains high.
- Verification status: Verified (Officially confirmed by Telegram)
- Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 11.19%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 9.99% reactions from the total number of subscribers.
- Post reach: On average, each post receives 1 218 views. Within the first day, a publication typically gains 1 087 views.
- Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 50.
📝 Description and content policy
The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
“Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/”
Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 07 September, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the News & Media category.
Data loading in progress...
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 07 September | +3 | |||
| 06 September | +5 | |||
| 05 September | 0 | |||
| 04 September | +7 | |||
| 03 September | +9 | |||
| 02 September | +2 | |||
| 01 September | +4 |
| 2 | Назарбаевтың немере інісінің Алматыдағы базары ERG бас директорының компаниясы бөлімшесі сатып алды
Бұрын Қайрат Сатыбалдының (Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі) отбасының меншігінде болған Алматыдағы "Байсат" базары Eurasian Group (ERG-дің қазақстандық еншілес компаниясы) бас директоры Құдрат Шамиевке тиесілі компанияның иелігіне өткен.
Шамиев — Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген соң тасы өрге домалап, елдегі ірі бизнес өкіліне айналған Шахмұрат Мүтәліптің жақын бизнес серіктесі. Зерттеуші журналистер Шамиев пен Мүтәліптің жас кезінен бері аралас-құралас екенін және бірге оқығанын жазады. | 380 |
| 3 | Қазақстандықтар зейнетақы жарнаcын түгелдей инвесткомпания басқаруына бере алады
Қазақстанда азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударған міндетті жарналарын басқарудың жаңа ережелері күшіне енді. Оған сәйкес, енді зейнетақы жинақтарын толықтай жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігі пайда болды.
Жаңа ережелер бойынша, салымшы бір немесе бірнеше инвестициялық басқару компаниясын таңдап, өз зейнетақы активтерін сала алады. Бұған қоса салымшы өз инвестициялық стратегиясын дербес анықтау мүмкіндігіне ие болды.
Бұрын қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін жеке инвесткомпаниялардың басқаруына бере алатын. Енді салымшы БЖЗҚ-дағы қаражаттарын бұрынғыдай мемлекеттік басқарудың орнына инвестиция ретінде өзі салатын кәсіби ұйымды өзі дербес таңдай алады. | 673 |
| 4 | ⚡️ АҚШ-та жүк ұшағы апатынан бес кісі қаза тапқан
✈️ 6 қыркүйекте Пуэрто-Рикадан ұшып келген Amazon Air әуекомпаниясының Boeing 767-300 жүк ұшағы Майами халықаралық әуежайындағы ұшып-қону алаңынан шығып кетіп, тұрақта тұрған автокөліктерге соғылғаннан кейін өртенген.
🔥 Оқыс оқиға салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, зардап шеккен бірнеше адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин.
Майамидегі өртке қарсы қызмет бес адам зардап шеккенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. | 777 |
| 5 | 📍 Спутник тиелген зымыран алғаш рет Еуропа құрлығынан орбитаға сәтті ұшырылды
🌐 Германиялық Isar Aerospace аэроғарыш компаниясы 5 қыркүйекте Орталық Еуропа уақытымен сағат 22:12 кезінде Норвегияның солтүстігіндегі Аннёйа ғарыш алғаш рет Еуропа құрлығы аумағынан Жер орбитасына коммерциялық спутниктерді сәтті ұшырды.
🌐 Жер бетінен 100 шақырым биіктегі Карман сызығын кесіп өткеннен кейін зымыран орбитаға CubeSat бес шағын спутнигін шығарған.
📍Isar Aerospace компаниясы Spectrum зымыран тасығышын осымен екінші рет ұшырып отыр. Алғаш рет сынақ ретінде зымыран тасығышты 2025 жылдың наурыз айында ұшырған. Зымыран көкке көтерілгеннен кейін шамамен 30 секунд өткенде теңізге құлап, сөйтіп ол жолы сәтсіз аяқталған еді.
ℹ️ 2018 жылы құрылған Isar Aerospace компаниясы Мюнхен қаласы маңында орналасқан. Компания шағын және орта көлемді жер серіктерін ұшырумен айналысады және Spectrum зымырандарын толығымен дерлік өзі дайындап шығарады. Қазір тағы бес зымыран құрастырылып жатыр. | 775 |
| 6 | 🇩🇪 Саксония-Анхальт аймағындағы сайлауда "Германия үшін балама" партиясы озды
6 қыркүйекте Германияның Саксония-Анхальт аймағындағы сайлауда "Германия үшін балама" (AfD) атты оңшыл популистік партия алғаш рет ірі жеңіске жетті. ARD медиа компаниясы жүргізген экзит-полл нәтижелері бойынша, сайлаушылардың:
🔹 AfD-ны қолдап дауыс берген сайлаушылар – 44,4 пайыз;
🔹Христиан-демократиялық одақ (ХДС) пен Христиан-әлеуметтік одақ (ХСС) блогы – 18,4 пацйыз;
🔹5 пайыздық межеден өткен басқа партиялардың әрқайсысы – 10 пайыздан аспайды.
Сайлаудың ресми қорытындысы 7 қыркүйекте жарияланады.
Егер ол экзит-полл нәтижесімен бірдей болса, онда AfD Саксония-Анхальт аймағы парламентіндегі (Ландтаг) 83 орынның 39-ын иеленбек, яғни абсолютті көпшілік дауысқа үш мандат жетпейді. Абсолютті көпшілік болмаса, AfD аймақ парламентіндегі орын алған партиялардың бірімен коалиция құруға мәжбүр болады.
Бұл қиындықтар тудыруы мүмкін, себебі Германияның басқа парламенттік партиялары 2020 жылдардың басында AfD партиясымен кез келген ынтымақтастықтан бас тартатыны жөнінде келісімге келген. | 2 921 |
| 7 | 🇺🇦🇺🇸 Киевте Зеленский Трамптың арнайы өкілдерімен келіссөз өткізді
🇺🇦 6 қыркүйекте Киевте Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен келіссөз өткізді. Украинаға алғашқы сапарында Уиткофф пен Кушнер Польшадан пойызбен жеткен.
📍 Кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Кушнер украин тарапына қонақжайлығы үшін алғыс айтып, АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысты тоқтатуға ғана емес, сонымен қатар Украинада ұзақ мерзімді бейбітшілік орнауына жағдай жасауға мүдделі екенін айтты. Ол болашақ келісімдер жаңа соғыс болуына жол бермеуі тиіс деп мәлімдеді.
🔺 Уиткофф Украина тарапымен өте мазмұнды да маңызды талқылау өткізгендерін айтып, команда қанша қажет болса, сонша жұмыс істеуге дайын деп мәлімдеді. "Біз бұдан шабыт алдық және осы күннің қалған бөлігін асыға күтеміз", – деген Уиткофф.
"Бәріміз бір жақтамыз – біз соғыс атаулы, қайғы-қасірет, адам өлімі болмағанын өте қалаймыз. Біз бұл соғыстың әділ аяқталғанын – бәріміз үшін әділ бейбітшілік орнағанын қалаймыз", – деген Украина президенті.
🚛 Зеленский Украина армиясының майдандағы табысы елдің келіссөздерде өзін сенімді сезінуіне мүмкіндік беретінін, алайда Ресейдің баллистикалық зымырандарына қарсы тұру – Украина қарулы күштерінің әлсіз тұсы болып отырғанын айтқан. Ол осы мәселе бойынша Канадада және Норвегияда келіссөздер өткізетінін және баллистикалық зымырандарға қарсы қару өндірісін ұлғайтуды көздеп отырған АҚШ-тың көмегіне үміт артатынын мәлімдеді.
☄️ Украина президенті соғыстың алдағы қысқа дейін аяқтала қоюы екіталай екенін мойындады және бүгінгі кездесуде қыс мезгілінде тұрғындар мен инфрақұрылымды қорғау мәселесі де талқыланғанын хабарлады.
🕊️ Кушнер президент Трамп өзінің арнайы өкілдеріне "бейбітшілік пакетін дайындауды" тапсырғанын мәлімдеді.
"Алты ай бұрын біз байқап көрген үшжақты келіссөздер форматына оралған нәтижелі болар еді. Біз мұны екі тараппен де талқыладық және жақын арада оған ораламыз деп үміттенеміз. Стив екеуіміз үшжақты формат пайдалырақ деп санаймыз, себебі барлық тарап өзара байланыста болады", – деді Кушнер жексенбі күні Киевтегі баспасөз мәслихатында.
ℹ️ Зеленский мұны құптап, ал жерге қатысты күрделі мәселелерді басшылар деңгейінде ғана шешу керек екенін айтты. Ол Донбасс мәселесін негізгі мәселе ғана емес, "осынау бүкіл соғыстың мәселесі" деп атады. | 846 |
| 8 | Көшпенділер ойынында жалпыкомандалық есептен дау шықты. Даудың жай-жапсары
🔹Екі түрлі кесте
Қырғызстанда Көшпенділер ойыны аяқталған соң қазақстандық пабликтер жариялаған жалпыкомандалық есепте Қазақстан 32 алтын, 20 күміс, 22 қола бірінші орында, Қырғызстан 30 алтын, 35 күміс, 19 қола медальмен екінші орында тұрды.
Артынша Көшпенділер ойынын ұйымдастырушылар инстаграмдағы ресми парақшаларында Қырғызстан бірінші орында тұрған есепті жариялады. Ұйымдастыру комитетінің кестесіне сай, Қырғызстанда 30 алтын, 29 күміс, 13 қола, ал Қазақстанда 29 алтын, 16 күміс, 19 қола деп көрсетілген. Артынша бұл нәтижені ұйымдастыру комитеті баспасөз мәслихатында да хабарлады.
🔹Министрлік не деді?
Екі түрлі кесте тарап кеткен тұста қазақ-қырғыз жанкүйерлер желіде дауласа бастады. Ал Қазақстан спорт және туризм министрлігі де ел құрамасы Көшпенділер ойынында 32 алтынмен жалпы есепте бірінші орын алғанын, Қырғызстанда 30 алтын медаль барын мәлімдеді.
Кейін қазақстандық журналистері жарыстың соңғы күні, яғни, 6 қыркүйекте Қазақстан спортшылары тоғызқұмалақтан жеңген екі алтын мен мангаладан иеленген бір алтын жалпы есепке қосылмай қалғанын айтты.
🔹Ұйымдастыру комитетінің шешімі
Желіде сын көбейіп, ұйымдастыру комитетіне сұрақ туындаған тұста Көшпенділер ойынының инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланған жалпыкомандалық есептің кестесі жоғалып кетті.
Ал Қырғызстан дене шынықтыру және спорт агенттігі ресми парақшаларында "6-Дүниежүзілік көшпенділер ойынының концепциясына сай, елдердің жеңіп алған медальдары бойынша жалпыкомандалық есеп жүргізілмейді" деп мәлімдеді. Дегенмен жарыс ұйымдастырушылары жалпыкомандалық есепті ойын бастала сала жүргізіп келген еді.
Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел құрамасын Көшпенділер ойынында "табысты өнер көрсетуімен құттықтап", спортшылардың нәтижесі "жоғары" деп бағалады. Бірақ жалпыкомандалық есептегі жағдайға байланысты ештеңе айтпады. | 967 |
| 9 | Киевте Зеленскийдің Трамп уәкілдерімен келіссөзінің бірінші кезеңі аяқталды
Украина ақпарат құралдарының жазуынша, Киевте АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен келіссөздің алғашқы кезеңі аяқталды.
Келіссөздің мазмұны жөнінде ақпарат жоқ. Украина жағынан оған президент Владимир Зеленский, президент кеңсесінің жетекшісі Кирилл Буданов, Будановтың орынбасары Сергей Кислица мен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров қатысқан.
Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, сәлден кейін екінші кезең басталады. Оған Франция, Германия, Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қатысады. | 1 124 |
| 10 | АҚШ президенті уәкілдерінің Киевке жеткен сәті | 1 159 |
| 11 | Уиткофф пен Кушнер Киевке пойызбен жетті
АҚШ президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Киевке пойызбен жетті.
Оларды украиналық келіссөз тобы қарсы алды: Кирилл Буданов, Рустем Умеров, Давид Арахамия және Сергей Кислица.
Сәлден кейін Украина басшысы Владимир Зеленский мен Уиткофф, Кушнер арасындағы келіссөз басталады. | 1 131 |
| 12 | Курчатовтағы электр станцияны Огай мен Жуманбаев салмақ
Қазақстан үкіметі Абай облысы Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр станциясын салу жөніндегі 881 млрд теңгелік инвестициялық келісімді мақұлдады. Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа станцияның құны 881 млрд теңге. Әрқайсысының қуаты 350 мегаватт болатын энергоблоктан құралған станция 2032 жылға дейі кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Жылына 5 млрд киловатқа дейін электр энергиясын өндірмек.
Инвестициялық келісім қол қойылған "ГРЭС Курчатов" компаниясын Kazakhmys Energy бас директоры Темірлан Өтегенов былтыр құрған. Сәуірде компания құрылтайшыларының құрамына Эдуард Огай мен Владимир Жуманбаев енді. "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы иелерінің бірі Эдуард Огай мен "АК Алтыналмас" компаниясының 22,6 % иелік еткен Владимир Жуманбаев – 2026 жылы Forbes-тың Қазақстандағы ең ауқатты 75 кәсіпкерлер тізіміне енген. | 1 083 |
| 13 | Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қырғызстан құрамасы көк бөріден де, көкпардан да Қазақстан құрамасын ұтты. Финалда қазақстандықтар турнир иелері Қырғызстан құрамасына 0:12 есебімен жол берді. Ал көкпардан 2:7 есебімен қырғыз командасынан ұтылды. | 1 080 |
| 14 | Оралда 50 күн әкімшілік қамауда болған белсенді қайта ұсталды
4 қыркүйекте Оралда белсенді Маруа Ескендірованы полиция тағы ұстады деп жазды Адам құқығын қорғау бюросы. Ақпаратқа қарағанда, белсенді әкімшілік қамалғандарға арналған изолятордан шыққаннан кейін бірден Абай алаңына барып, конституциялық құқығын пайдаланып, пікірін жеткізбек болған.
"Осымен үшінші рет әйелге пікір айтуына мүмкіндік бермей, ұстап отыр. Осыған дейінгі екі акцияға қатысқаны үшін ол арнайы қабылдау орнында 50 күн қамауда болған еді" деп жазды бюро.
Полиция оны алаңнан ұстап әкеткен | 1 078 |
| 15 | Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпар мен көк бөрү додасында негізгі бәсеке Қазақстан мен Қырғызстан арасында болмақ. Көкпардың финалында да екі елдің құрамасы шықты. Көк бөрү финалистері енді анықталмақ. Бірақ көк бөрүде де Қазақстан мен Қырғызстан фаворит саналады. Екі спорттың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай? | 1 141 |
| 16 | Axios: Мәскеудегі келіссөзге АҚШ қаржы министрлігінің өкілі де қатысты
Мәскеуде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысқан келіссөзге АҚШ қаржы министрлігіндегі санкция саясатына жетекшілік ететін Джин Ланг та қатысқан. Бұл жөнінде Axios басылымы жазды.
Басылымның жазуынша, Ланг Ресей президентінің арнайы уәкілдерімен кездесуге қатысқан, алайда Владимир Путинмен кездесуде болмаған.
Лангтың қатысуы келіссөз кезінде АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясы да талқылағанын айғақтайды деп жазды басылым. Өткен аптада АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Ресей Украинадағы соғысты тоқтатпайынша Вашингтон Мәскеуге қарсы санкциясын жұмсартпайды деп мәлімдеген. | 1 090 |
| 17 | "Әділ сөз" экобелсенді Аруна Ортаеваның ісіне алаңдаушылық білдірді
"Әділ сөз" баспасөз қорғау қоры 15 тәулікке қамалған экобелсенді Аруна Ортаеваның жағдайына алаңдаушылық білдірді. Ұйым “тергеу әрекеті қоғамдық маңызы бар ақпаратты таратқан адамға қысым көрсету құралы немесе ақпарат көзін анықтау тәсіліне айналмауы керек” деп санайды.
Қор сонымен бірге құқық қорғау органдары желіде тараған Қызыл кітапқа енген ағашты "жою" мен Көкжайлауға қатысты тыңдауды “дұрыс өткізу” мәселесі талқыланған аудиожазбаның мазмұнына қатысты реакция білдірмегені “сұрақ туындатады” деді.
Бұған дейін әкімдік те, құзырлы органдар да аудиожазбаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген.
Аудиожазба белсендінің Instagram парақшасынан жоғалып кетті.
Сурет: Аруна Ортаеваның Instagram парақшасынан алынған скриншот | 1 072 |
| 18 | Путин және Уиткофф пен Кушнер арасындағы келіссөз қалай өтті?
Сенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Кремльде Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөз жүргізді. Кремль жабық есік жағдайында өткен кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылғанын және "конструктивті әрі өте ашық" өткенін хабарлады.
👉Толығырақ оқыңыз | 1 144 |
| 19 | Путин жарым түннен бастап үш күн Киевке соққы жасамауды бұйрық етті
Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекеттік ТАСС агенттігіне хабарлады. Бұған дейін майдан сызығында атысты уақытша тоқтату туралы шешімді Украина жағы да қабылдаған.
Песковтың сөзінше, бүгін Путин Америка президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді қабылдайды.
Уиткофф пен Кушнер Путинмен кездескеннен кейін Киевке аттанады, онда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездеспек.
Трамптың айтуынша, арнайы уәкілдер Мәскеу мен Киевке соғысты аяқтау бойынша кезекті ұсыныспен бармақ. | 1 280 |
| 20 | Министрлік ҰҚШҰ жаттығуы қарсаңында үш облыста әскери техника қозғалатынын ескертті
12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Осыған орай оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында әскери техника мен жеке құрам жоспарға сай жылжымақ. Бұл жөнінде Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство БАҚ, желі қолданушыларынан "тексерілмеген ақпаратты таратпауды" сұрады. | 1 169 |
