DALA INSIDE
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал ✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар ™ Жарнама @dalareklanaBot Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Показати більше📈 Аналітичний огляд Telegram-каналу DALA INSIDE
Канал DALA INSIDE (@dalainside) у мовному сегменті Казахська є активним учасником. На даний момент спільнота об'єднує 10 757 підписників, посідаючи 17 590 місце в категорії Новини і ЗМІ та 845 місце у регіоні Казахстан.
📊 Показники аудиторії та динаміка
З моменту свого створення невідомо, проект продемонстрував стрімке зростання, зібравши аудиторію у 10 757 підписників.
За останніми даними від 07 липня, 2026, канал демонструє стабільну активність. Хоча за останні 30 днів спостерігається зміна кількості учасників на -185, а за останні 24 години на -4, загальне охоплення залишається високим.
- Статус верифікації: Не верифікований
- Рівень залученості (ER): Середній показник залученості аудиторії становить 48.08%. Протягом перших 24 годин після публікації контент зазвичай збирає 14.67% реакцій від загальної кількості підписників.
- Охоплення публікацій: В середньому кожен допис отримує 5 173 переглядів. Протягом першої доби публікація в середньому набирає 1 578 переглядів.
- Реакції та взаємодія: Аудиторія активно підтримує контент: середня кількість реакцій на один пост – 25.
📝 Опис та контентна політика
Автор описує ресурс як майданчик для висловлення суб'єктивної думки:
“✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot
Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.”
Завдяки високій частоті оновлень (останні дані отримано 08 липня, 2026), канал підтримує актуальність та високий рівень охоплення публікацій. Аналітика показує, що аудиторія активно взаємодіє з контентом, що робить його важливою точкою впливу в категорії Новини і ЗМІ.
Триває завантаження даних...
| Дата | Залучення підписників | Згадування | Канали | |
| 08 липня | 0 | |||
| 07 липня | 0 | |||
| 06 липня | 0 | |||
| 05 липня | 0 | |||
| 04 липня | 0 | |||
| 03 липня | 0 | |||
| 02 липня | 0 | |||
| 01 липня | 0 |
«Бұл – тек экономикалық мәселе емес. Бұл – әділдік мәселесі. Жер байлығы халықтың әл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Әділет» партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», – деді Айбек Дәдебай.Партия Төрағасы кездесуді қорытындылай келе бүгінде саланы дамыту мәселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін нақты әрі шын мәнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтылды. Олардың әрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету», – деді Айбек Дәдебай.Кездесу қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын әзірлейді. «Әділет» партиясы қызметімен ресми аккаунттарында толық таныса аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy https://www.instagram.com/adilet_partiyasy?igsh=MWhhZTVxcmEzd3F5Zw== https://www.facebook.com/profile.php?id=61590547897892
| 2 | 🔋 Яндекс Go қолданбасындағы «Жанармай» бөлімінде электромобильдерді
қуаттауға арналған жаңа мүмкіндік пайда болды
Яндекс Go қолданбасының «Жанармай» бөлімінде электромобиль иелеріне арналған
жаңа мүмкіндік іске қосылды. Бұдан былай қолданушылар өзіне ең жақын қуаттау
станциясын тауып, оған апаратын бағдар құрап, көлігін қуаттаған соң оның ақысын
тікелей қолданба арқылы төлей алады.
Бұл сервис Qazaq Energy Charge компаниясымен бірлесе отырып жасалды. Ал
Қазақстандағы электр қуаттау станциялары операторларын қосу және сүйемелдеу
жөніндегі ресми интегратор-серіктес Vlife компаниясы технологиялық қолдау көрсетті.
Сервис іске қосылған сәттен бастап пайдаланушыларға Қазақстанның барлық өңірінде
340-тан астам қуаттау станциясы қолжетімді. Олар ірі қалаларда да, өңірлерде де
орналасқан. Биыл станциялар санын 400-ден асыру, ал алдағы үш жыл ішінде жалпы
санын 1000-нан арттыру жоспарланып отыр.
«Жанармай» сервисі өкілдерінің айтуынша, Qazaq Energy Charge және Vlife
компанияларымен серіктестік электромобиль иелеріне арналған ыңғайлы сервистерді
одан әрі дамытуға, жаңа операторларды жүйеге қосуды жеделдетуге және Яндекс Go
қолданбасындағы «Жанармай» бөлімінің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Яндекс Go қала тұрғындарына арналған сапарға шығу, жеткізу, тамақ, дүкен тауарларына және басқа да күнделікті қызметтерге тапсырыс беру секілді түрлі сервисті бір қосымшада біріктіріп отыр. «Жанармай» бөлімі жүргізушілерге автокөлікке
қатысты керек шаруаларды оңай шешуге көмектеседі. Мәселен, жанармай мен автожуу
ақысын төлеуге, жеңілдіктер мен бонустарды пайдалануға болады. Енді электромобильді қуаттауға да жол ашылды. | 2 097 |
| 3 | 🌍 Тимур Құлыбаев өз холдингін қайта құруы мүмкін
Осы аптада ол жалғыз акционер ретінде «Joint Resources» акционерлік қоғамын Қазақстан қор биржасынан алып тастауға шешім шығарды. Холдингтің делистингі оны жария алаңнан шығарады. Бұған дейін Joint Resources-тің биржада болуы компанияны тұрақты түрде қаржылық есептілік жариялауға, активтер құрылымын ашуға, байланысты тараптармен операцияларды көрсетуге және ішкі қаржылық ағындарды ашық көрсетуге мәжбүрлеп келген еді.
«Тимур Құлыбаевтың соңғы төрт жылда шикізаттық активтерін қысқарта бастағанын көріп отырмыз. Ол «Шұбаркөл көмір» компаниясын сатып, көмір нарығынан кетті. Мұнай активі болып саналатын «Каспий нефть» компаниясын сатады деген қауесеттер жүр. Логикаға сай, бұл компания биыл қожайынын ауыстыратынын сезіп отырмын. Қазір «Joint Resources» холдингі қағаз жүзінде пайда көрсетіп, қаржылық есептілігін жақсартып алды. Осы мажорлы нотада биржадан кетіп қалу сәтті қадам болып саналады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Осы айда «Joint Resources» акционерлік қоғамы өзінің 2025 жылға арналған қаржылық есептілігін жариялады. Холдинг активтердің қайта есептелуінің арқасында 12,75 миллиард теңге таза пайдаға шығып отыр. 2024 жылы компания 86 млрд теңге шығын көрсеткен еді. Қазір холдинг активтері 428,6 млрд теңгеге дейін өсіп, міндеттемелері 104 млрд теңгеге жетті.
Сонда 2025 жылы Joint Resources қаржылық активтерді қайта бағалаудан 39,47 млрд теңге кіріс танып отыр. Тек қайта бағалаудың өзі компания нәтижесін шамамен 71,8 млрд теңгеге жақсартты. Joint Resources-тің табысы нақты өндірістік немесе операциялық ақша ағынына емес, активтердің қағаз жүзіндегі бағасының өсуіне қатты тәуелді. Компания балансында бірнеше ірі қаржылық актив бар. Ең бастысы - «Каспий нефть» акционерлік қоғамы. Joint Resources толығымен бұл активтің 100 пайыз үлесін бақылайды. Оның 2025 жылғы бағасы 133,78 млрд теңге деп көрсетілген. Бір жыл бұрын «Каспий нефть» 89,37 млрд теңгеге бағаланған еді. Яғни бір жылда оның бағасы 44,4 млрд теңгеге өскен.
Дәл қазір Құлыбаев «Каспий нефть» компаниясын кемінде 120 миллиард теңгеге сата алады. Егер сатып алушы табылып, мұнай кәсіпорны сатылса, онда бөлек холдинг ұстап отырудың қажеті қысқармақ. Себебі холдинг құрамындағы басқа компаниялардың ортақ құны әлдеқайда төмен. Холдинг портфеліндегі «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Premier Development Company» ЖШС, «Ақсай» ЖШС сынды қалған компания үлестерінің жалпы нарықтық құны 50 миллиард теңгеден аспайды.
Сондықтан Joint Resources делистингі үлкен дайындықтың бір бөлігі екені анық. Холдинг жария кеңістіктен шығып кеткеннен кейін, оны қайта құрылымдау, жабу, активтерін сату операцияларын Тимур Асқарұлы ақпараттық жария фонсыз, тыныш өткізе алады.
Жаңа Қазақстанның бизнес картинасында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Осының барлығын DALA INSIDE бақылап отырмақ.
https://t.me/dalainside | 2 980 |
| 4 | ⛽ Авиакеросинге бартер. Астана бензинді тек өз шартымен бермек
Ресейдің жабық каналдар арқылы Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-92 бензині бойынша ұсыныспен шыққанын Reuters жазған болатын. Инсайдерлердің сөзінше оның екі бағыты ұсынылған. Біріншісінде, Ресей Қазақстаннан дайын бензин сатып алады. Екіншісінде, ресейлік мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, өздеріне тасиды.
"Астана әлі Мәскеуге жауап бермеді. Бірақ жабық есік жағдайындағы кеңесте бензиннің өтеуі ретінде авиакеросин сұрау бойынша нұсқа барлық тараптарға ұнап отыр. Себебі елімізді авиаотын тапшылығы қатты қысып барады. Жазғы демалыс кезеңі басталғанда бұл дефицит өрши түсті. Авиакеросин жетіспесе, авиахабқа айналу бойынша жоспардың барлығы бұзылмақ", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қазақстан жылына шамамен 724–726 мың тонна авиакеросин өндіреді. Ал елдің жылдық сұранысы 1,1–1,2 млн тоннаға жеткен. Яғни жыл сайын 350–450 мың тонна көлемінде тапшылық импортпен жабылады. Оның басым бөлігі Ресейден келіп жүрген еді.
Алдағы шілде айында жағдай күрделене түсуі мүмкін. 26 маусым мен 15 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Осы кезде жазғы демалыс маусымының шарықтау кезеңіне келеміз де, тұрақты және чартерлік рейстер саны көбейеді. Соның салдарынан Қазақстанда авиакеросин тапшылығы күшейеді деген болжам бар.
Ресейде авиакеросин өндірісі шамамен 30 пайызға қысқарды да, қалған резервті Мәскеу импортқа шығармай, өзінде стратегиялық запас ретінде ұстамақ ниетте. Қазақстан одан келісілген импорт көлемін тоқтатпауды талап етпек. 50 мың тонна бензин осы келіссөзде қолданатын рычагқа айналып отыр. Не болса да, Қазақстан дайын бензин бермейді. Тек своп алмасу арқылы Батыс-Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауытының қуатын ұсынуы мүмкін.
https://t.me/dalainside | 4 510 |
| 5 | 🇰🇿🫂 Тағы екі партия бірігу тақырыбында жабық "тәтті шай" өткізген
Қазақстандағы саяси кеңістікте кезекті ірі сенсацияның құлағы көрінуі мүмкін. "ӘDILET пен AMANAT-тың саяси некесінен кейін, енді тағы екі партия бір-бірімен қосылу мүмкіндігін жабық форматта талқылап көрді", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Әзірге ресми шешім жоқ. Бірақ дереккөздің айтуынша, партия өкілдері арасында “бірігу ме, әлде сайлау алдындағы блоктық үйлесім бе?” деген мәселе бойынша алдын ала пікір алмасу өткен.
Бұл жай ғана техникалық әңгімеге ұқсамайды. Себебі алдағы парламенттік науқан алдында саяси алаң қатты тарылып барады. Әр партия енді жеке бренд ретінде ғана емес, жаңа саяси архитектурадағы өз орнын сақтап қалу құралы ретінде қаралып отыр. Бұрын партиялар идеология үшін таласқандай көрінетін. Қазір негізгі күрес тізімдегі орын, аймақтық квота, медиа-салмақ және болашақ мандат үшін жүріп жатыр.
"Бұл екі партияның электоралды базасы бір-біріне идеологиялық жағынан қарсы емес. Керісінше, екеуінің де аудиториясы жүйе ішіндегі баламалы дауыс ретінде қабылданады. Бірінің басшылығында жақында ауыс-түйістер өтіп, токсикалық элементтен тазаланды. Сондықтан олардың бірігуі билік үшін де, партиялардың өздері үшін де ыңғайлы сценарий болуы мүмкін", - дейді, дереккөз.
Бір жағынан, бұл саяси алаңды ықшамдайды. Екінші жағынан, парламентке өтетін партиялар санын азайтпай, керісінше жаңарған, күшейген, біріктірілген саяси субъектілер образын қалыптастырып береді.
Бірақ уақыт цейтноты ұзақ ойлануға мүмкіндік бермей отыр. Егер нақты шешімдер қабылданып жатса, тараптар оны келесі аптадан кешіктірмей мәлімдеуі қажет. Себебі, барлық электоралды позициялар қазіргі Парламент тарамай тұрып ашық жариялануы тиіс деген жазылмаған ереже бар.
DALA INSIDE осымен электоралды режимге кірді. Саяси науқан айналасындағы маңызды инсайдтарды бізден іздеңіздер.
https://t.me/dalainside | 5 864 |
| 6 | Ұлттық Банктің зерттеуі: қазақ тіліндегі қаржылық контентке сұраныс айтарлықтай өскен
Ұлттық Банктің қаржы саласындағы коммуникациялар мен ашықтыққа арналған зерттеу нәтижелері таныстырылды.
Зерттеу барысында анықталған маңызды трендтердің бірі – респонденттердің сауалнамаларға қазақ тілінде жауап беру үлесінің соңғы жылдары шамамен үштен бірге артуы. Сарапшылар мұны мемлекеттік тілдің қоғамдық және экономикалық коммуникациялардағы рөлінің күшеюін көрсететін институционалдық өзгеріс ретінде бағалайды.
Зерттеу нәтижелері қаржы секторындағы коммуникациялардың сапасы да біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетті. Мәселен, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша коммуникацияларын «ашық әрі теңгерімді» деп бағалаған респонденттердің үлесі 46,9%-дан 56,8%-ға дейін өскен.
Сонымен қатар Ұлттық Банктің ресми сайты негізгі ақпарат көзі ретінде айтарлықтай күшейген: оны пайдаланатын аудитория үлесі 44,2%-дан 76,8%-ға дейін артқан. Ал қаржылық тақырыптарды түсінуге кедергі келтіретін негізгі фактор ретінде қатысушылардың 53,9%-ы халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігін атаған. Респонденттердің 59%-ы экономикалық ақпаратты қарапайым әрі түсінікті форматта көбірек түсіндіру қажет деп санайды.
Алайда зерттеу белгілі бір түсіндіру жұмыстарының әлі де маңызды екенін көрсетті. Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың 64%-ы Ұлттық Банк халыққа тікелей несие береді деп есептейді. Бұл қаржы жүйесінің негізгі функциялары туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін көрсетеді.
Зерттеу авторларының пікірінше, негізгі қорытынды үш бағытқа бөлінеді: қаржы институттары ақпараттандырумен қатар күрделі экономикалық шешімдерді түсіндіруге көбірек көңіл бөлуі тиіс; қазақ тіліндегі қаржылық контентке сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді, сондықтан мемлекеттік тілде сапалы ақпарат көбеюі тиіс; ал қаржылық сауаттылық пен экономикалық саясатты түсіну деңгейін арттыру әлі де маңызды міндет болып қала береді.
Зерттеудің толық нұсқасымен сілтемеге өтіп танысуға болады https://nationalbank.kz/file/download/115061 | 4 359 |
| 7 | 🇪🇺📌 Еуроодақтың жаңа санкциялық пакетіне Қазақстандағы қаржы ұйымдарының кіріп кету қаупі сақталуда
Еуроодақ Ресейге қарсы санкция қысымын тағы да күшейту мақсатында 21-ші санкциялық пакетін дайындай бастады. Қазір комиссия жабық отырысында оның құрамына кіретін компаниялар мен жеке тұлғаларды талқылап жатыр. Брюссель бұл жолы кезекті шектеу пакетін Ресей экономикасының банк секторына, криптоинфрақұрылымға, дрон өндірісіне, мұнай саудасына және “көлеңкелі флотқа” бағыттамақ.
Себебі бұған дейін қабылданған 20-ші санкциялық тізімге Қазақстаннан United Trading Group компаниясы кірген болатын. Reuters дерегінше, бұл компания Ресейге жартылай өткізгіш өндірісінде қолданылатын химикат жеткізу тізбегіне қатысады деген күдікке ілінген. Еуроодақ Қазақстанға қарсы мемлекеттік санкция енгізбейтіні анық. Қазір кәрі құрлық Қазақстандағы жекелеген компаниялардың, делдалдардың, қаржы институттарының және логистикалық арналардың Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектеспеуін қатаң бақылап отыр. Бұл саяси мәселе емес. Бұл ең алдымен комплаенс мәселесі.
«Ресейдің ірі банктері санкция астында қалған сайын, ресейлік компаниялар төлем жүргізудің балама жолдарын іздейді. Мұндай жағдайда үшінші елдердің банктері, төлем ұйымдары, криптоплатформалары немесе делдалдық құрылымдары тәуекел аймағына кіреді. Әрине, Қазақстан банктері соңғы жылдары санкциялық комплаенске өте сақ қарай бастады. Бұл дұрыс. Себебі бір күмәнді транзакцияның өзі банк үшін корреспонденттік қатынастарға, долларлық есеп айырысуға және халықаралық беделге соққы болуы мүмкін. Санкциялық комиссия да осы тізбектерді бақылап отыр. Әзірге Қазақстандық ешбір ұйым санкцияға ілікпейді деген гарантия жоқ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Енді Брюссель тауардың соңғы тұтынушысына ғана емес, бүкіл жеткізу тізбегіне қарайды. Қай елден шықты, қай компания сатып алды, қай банк төлем өткізді, қай қоймада сақталды, қай бағытпен жеткізілді, соңында кім пайдаланды, осының бәрі тексеріледі.
Қазақстан прагматикалық ұстанымын жақсы сақтауда. Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылған жоқпыз, бірақ өз аумағымыздың санкцияны айналып өтуге пайдаланылуына да мүдделі емеспіз. Бұл өте нәзік баланс. Себебі Қазақстан Ресеймен ұзын шекара, ортақ нарық, ЕАЭО, транзит және өндірістік байланыстар арқылы тығыз байланысқан. Сонымен қатар Қазақстан Еуроодақпен инвестиция, мұнай, уран, сирек металдар, көлік дәліздері және технология саласында әріптестікті тереңдетіп келеді.
DALA INSIDE кезекті санкция пакетінің құрамын бақылап отырмақ 👇
https://t.me/dalainside | 5 671 |
| 8 | 🎙️ Майкл Джексон көшесі, 38. Алатау қаласындағы бір көшеге поп королінің есімін беру идеясы талқылана бастады
Маркетингтік креативті стратегияға жауапты топтардың ішкі жиналыстарында Майкл Джексонға бір көше беру идеясы қолдау тауып келеді. Және ол экспаттық, технологиялық жаңа қала – Алатау Ситиге жарасымды болады деген ойлар айтылуда. Көше іскер орталықта болмаса да, шығармашылық аурасы басымдау ауданнан орын тебуі ықтимал.
Сөзсіз, Майкл Джексон атындағы көше бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып, Алатауға жақсы экспаттық имидж қалыптастыра алады. Онымен қатар, сол көшеде Майклдың айдағы жүрісін бейнелейтін креативті экспонаты тұруы қажет екені айтылды.
Жалпы, өзіндегі қай көшені қалай атайтынын Алатау қаласының өзі шеше алады. Қаланың толық дербес статусы бар, жеке конституциялық заңы бар. Жақында Алатау қаласының кеңесіне арнайы салық режимін және инвестициялық қолдау шараларын бекіту өкілеттігі беріледі. Бұл инновациялық салаларды дамыту үшін маңызды. Тіпті 3 мың метрге дейінгі биіктіктегі әуе кеңістігін пайдалануды Алатауды басқаратын кеңес өзі реттеп отырмақ.
«Алатау бүкіл әлемге есігін ашатын, халықаралық қала болатындықтан оның көшелеріне әлемді өзгерткен, адамзат тарихын басқа бағытқа бұра алған кесек тұлғалардың есімін беру орынды. Мұнда біз тек ішкі тарихымызға қадалып қалмау керекпіз. Шығармашылық бағытын алсақ Майкл Джексонның фактурасы әрине келіп тұр. Онымен бірге Ли Куан Ю, Илон Маск сынды тұлғаларға да көше атауын беруге болады. Дәл осы қалаға келгенде біз тар, қасаң принциппен шектеліп қалмауымыз керек», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Майкл Джексон - XX ғасыр феномені. Оны бекерден поп музыканың королі деп атамайды. Ол жалғыз өзі әлемдегі музыка, шоу-бизнес, клип индустриясы, сахналық пластика және жаһандық поп-мәдениет стандартын өзгерткен адам. Оның Thriller альбомы әлі күнге дейін әлемдік музыка тарихындағы ең қуатты коммерциялық жинақтың бірі саналады. Бұл альбомнан шыққан Billie Jean, Beat It, Thriller сынды әндер тек хит емес, бірнеше буынның ортақ мәдени коды болды.
Егер Алатау City расымен Майкл Джексон атындағы көше идеясын қарастырса, “біз тек тұрғын үй салмаймыз, біз жаңа мәдени кеңістік құрамыз” деген ишара арқылы, халықаралық қауымдастыққа түсінікті өзінің жеке космополиттік стилін қалыптастыра алады.
DALA INSIDE бұл идеяның қаншалықты жүзеге асырылу мүмкіндігін мониторингте ұстап отырады. Бізбен бірге бақылап отырыңыздар 👇
https://t.me/dalainside | 6 733 |
| 9 | 💴 Қазақстан үшін арзан кредиттер дәуірі басталды
Жақында Қаржы министрлігі юаньмен бекітілген үш жылдық панда-бондтарды 1,9 пайызбен орналастырып, өз тарихындағы ең арзан қарыздың біріне қол жеткізе білді. Бұл теңгелік облигациялар арқылы ішкі нарықтан 17 пайызбен қарыз алуға қарағанда тоғыз есе арзан. Сондықтан ол Үкіметке жеке борыш көлемін азайта отырып, өзіне қажет қаржыдан тарылмауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың қыркүйегінен бері мемлекет пен квазимемлекеттік сектор Қытай мен Гонконг нарықтарынан 9,65 миллиард юань тартқан. Бұл шамамен 1,4 миллиард доллар. Осыдан-ақ Қазақстан үшін сыртқы қарыз архитектурасының өзгеріп жатқанын байқаймыз. Бұрын негізгі бағыт доллар мен еуро болса, енді юань толыққанды қаржыландыру арнасына айналып келеді. Мысалы, соңғы 9 айда біздің құрылымдар төрт рет облигация арқылы юаньмен қарыз алған. Оның ішінде, Қаржы министрлігі 3 жылдық панда-бондтарды 1,9 пайызбен орналастырды. Оның алдында, Самұрық-Қазына 3 жылдық панда-бондтарды 2,18 пайыз кірістілікпен шығарды. Ал ҚазМұнайГаз 5 жылдық димсам облигацияларын 3,15 пайыз кірістілікпен орналастырса, Қазақстан даму банкі 3 жылдық юань облигацияларын 3,35 пайызбен тартты.
Панда-бондтар Қытайдың ішкі нарығында, юаньмен шығарылатын облигациялар. Мұнда шетелдік ойыншы Қытайдың өз ішіндегі инвесторларынан юаньмен қарыз алады. Ал димсам облигациялары Қытайдан тыс, көбіне Гонконгта юаньмен шығарылатын қағаздар. Біріншісі Қытайдың ішкі қаржы жүйесіне кіру болса, екіншісі - офшорлық юань нарығына шығу. Қазақстан осы екі есікті де ашып отыр.
«Юаньдағы арзан кредиттер біздің бюджеттік дефицит проблемасын шешу үшін керек. Қазір теңгелік облигацияларды шығару тым қымбат болып отыр, 16 пайыздан төмен ешкім алмайды. Ал осы теңгелік облигациялардың қарызын қайтару үшін жылына кемінде 3 триллион теңге қажет. Оны жабу үшін жаңа теңгелік облигациялар шығару қарыз көлемін ұлғайта беретін болады. Себебі, базалық ставка жоғары. Ал юань облигацияларының жылдық пайызы біз үшін орта есеппен 2 деңгейінде. Егер юань курсы тұрақты болып тұрса, жылына біздің қарызды төлеуге кететін шығындарды азайтуға болады», - деп түсіндірді, Қаржы министрлігі құрылымындағы инсайдер.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша салыстырсақ өте төмен деңгейде. 2025 жылғы бағалау бойынша мемлекеттік қарыз ішкі жалпы өнімнің шамамен 24,6 пайызын құрайды. Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында мемлекеттік қарыздың шекті деңгейі 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 32 пайызынан аспауы тиіс деп бекітілген. Ал Үкімет қарызы үшін жеке лимит 27,5 пайыз деңгейінде бекітілген. Демек Қазақстан әлі өзінің борыштық лимитіне жеткен жоқ.
Дәл осы фактор инвесторлар үшін маңызды сигнал береді. Қазақстанның қарыз алу қабілеті бар, дефолт тәуекелі төмен, ал жаңа юаньдық орналастырулар борыштық қысымнан емес, қаржыландыру құнын төмендету және нарықтарды әртараптандыру логикасынан туындап отыр. Сондықтан панда-бондтар мен димсам облигациялары Қазақстан үшін амалсыз қарыз емес. Бұл арзан әрі баламалы капиталға шығу. Мемлекет пен квазимемлекеттік сектор юань нарығында төмен мөлшерлемемен ақша тартып, долларлық және теңгелік нарыққа тәуелділікті азайтып жатыр. Ал мемлекеттік қарыздың ІЖӨ-ге шаққандағы төмен деңгейі Қазақстанға осы маневрді оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қытайдың қарыз қамытына кіріп кетеміз бе? DALA INSIDE оны үздіксіз мониторингте ұстайды. Бізге жазылыңыздар👇
https://t.me/dalainside | 6 489 |
| 10 | Yandex Qazaqstan көру, есту, сөйлеу және қозғалыс ерекшеліктері бар адамдар үшін 17 сервисті бейімдеді
Мәселен, Яндекс Go қосымшасында Таксиге тапсырыс беру кезінде арнайы опцияларды таңдауға болады: «Көлікті табуға көмектесіңіз», «Тек мәтін арқылы сөйлесемін», «Мүгедектер арбасымен боламын», «Сөйлемеймін, бірақ естимін». Жүргізуші жолаушыны қалай қарсы алып, қандай көмек көрсету керектігі жөнінде алдын ала нұсқаулық алады. 2023 жылы іске қосылғалы бері бұл мүмкіндіктер 1,5 миллионнан астам сапарда пайдаланылған.
Компания сервистердегі инклюзивті бағытты жүйелі түрде дамытып келеді: жаңартуларды қолжетімділік стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексеріп, шешімдерді денсаулық ерекшеліктері бар адамдармен бірге сынақтан өткізеді.
👉 Толығырақ жоба сайтынан таныса аласыздар | 3 889 |
| 11 | 🫴🇪🇺 Петер Мадьяр факторы OTP тобының Қазақстаннан банк сатып алу туралы жоспарын кейінге шегермек
Виктор Орбанның тақтан тайып, Венгрия басшылығына Петер Мадьярдың келуі елдің сыртқы байланыстары мен жоспарларын қайта қарауына алып келді. Будапешт еуроинтеграцияны күшейтіп, бүгін дейін Ресеймен және посткеңестік кеңістікте орнаған саяси және қаржылық қарым-қатынасты мүмкіндігінше үзуге шешім қабылдаған. Венгрияның ірі қаржылық топтары да осы фарватерде жүзуі тиіс. Ең алдымен, мажар қаржылық топтарының Ресейдегі бизнес жобалардан кетуі қарастырылады. Осы орайда Венгрияның ірі қаржылық конгламераты «OTP Group» өзінің Ресейдегі еншілес банкі - OTP Bank Russia акционерлік капиталынан шығып кетуі мүмкін.
«OTP жабық жиналыстарында дәл қазір саяси режимнің бағыты мүлде өзгеріп жатқанда Қазақстаннан банк сатып алу қаншалықты орынды деген заңды сұрақтар қойыла бастады. Тәуекел-менеджменті мамандары барлық ықтимал тәуекелдерді қайта есептеуге отырды. Сондықтан сатып алу немесе біріктіру сынды M&A операциялары паузаға қойылады. OTP ең алдымен Будапешттегі қаржылық реттеушінің жаңа ережелер мен ойын ережесінің жобасын әзірлеуін күтіп отыр. Сол кезде сыртқы экспанция бағыттары да нақтыланады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бұл Қазақстанның жоспарларын сәл де болса бұзады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова елге 3 шетелдік банк келеді деп анонс жасап қойған болатын. Оның бірі осы OTP Group болуы тиіс еді. Көптеген сарапшылар оның Forte банкті сатып алу мүмкіндігін жасырмай айтқан. Олигарх Болат Өтемұратовтың құрылымы опцион ұстап отырған акционерлеріне банктің 4 миллионнан астам жай акциясын ұсынып отырғанын және лизингпен айналысатын еншілес компаниясын сатып жібергенін ескерсек, басқа банктерге қарағанда Forte-нің сатылуға дайындалғаны көрініп тұр. Бірақ Орбан кетіп, Венгрия билігіне Петер Мадьяр келеді деген саяси сценарийді ешкім ойда ұстамаған болатын.
OTP Group Венгрия банк секторының 25 пайыз үлесін ұстап отыр. Forte тобын сатып алуға қаржысы жетеді. 2025 жылы OTP 1,146 триллион форинт, яғни шамамен 2,88 млрд еуро таза пайда тапқан. Жалпы кірісі 11 пайызға, таза пайыздық кірісі 9 пайызға өскен. Жалпы капитал жеткіліктілігі 19,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Қазір OTP Group негізгі табысы ішкі нарықтан емес, сыртқы нарықтағы қызметінен келеді.
Оның шетелдегі құрылымдарын зерттесек, Болгариядағы DSK Group 2025 жылы 211 млрд форинт пайда әкеліп, 5 пайыз өскен. Сербиядағы OTP Bank Serbia 79 млрд форинт пайда тауып, 19 пайыз өсім көрсеткен. Украинадағы OTP Bank Ukraine соғыс жағдайына қарамастан 55,8 млрд форинт пайда алып, 36 пайызға ұлғайған. Ресейдегі OTP Bank Russia 202 млрд форинт пайда алып келді. Өзбекстандағы OTP Ipoteka Bank былтырғы жылды 49,5 млрд форинт таза пайдамен жауып отыр.
Жалпы OTP Өзбекстанда жұмысын жолға қойып алғаннан кейін Қазақстанды қарастырып отырған еді. Себебі Қазақстандағы банк секторының табысы көршілеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Мажарстанның саяси курсы өзгерсе де, бір жылдық паузадан кейін OTP тарапының Қазақстан идеясына қайта оралуы ғажап емес. Тек қазір OTP топ-менеджерлеріне Будапешттегі жаңа басшылардың не ойлап отырғанын біліп алу керек.
DALA INSIDE бұл маңызды мәселені аңдып отырады. Бізге жазылып алыңыздар.
https://t.me/dalainside | 6 222 |
| 12 | 🤧 Казцинк VS Өскемен халқы. Экологиялық мәселе қашан шешімін табады?
Өкінішке орай, Өскемендегі «Казцинк» өндірісінде жарылыс болып, одан екі адам қаза тапқаннан кейін, елімізден ірі үнді инвесторы кеткеннен кейін аяқталғандай болған өндірістік өлім сериясы қайта жандана бастады. Негізі, «Казцинк» компаниясына қатысты бұған дейін де экологиялық және қауіпсіздік бойынша проблемалар аз тіркелмеген. Демек, бұған дейін де сигналдар болған еді.
«Казцинк» акционерлік қоғамының өндірістік кешеніне бірден бес ірі кәсіпорын кіреді: мырыш, қорғасын және мыс зауыттары, күкірт қышқылы өндірісі және бағалы металдар зауыты. Жергілікті тұрғындар мен мамандар көп жағдайда Өскемендегі тұрақты экологиялық проблемаларды дәл осы кәсіпорындардың жұмысымен байланыстырып келген еді.
📌 Мысалы, 2026 жылдың көктемінде экологтар өнеркәсіп алаңында тағы да елеулі заң бұзушылықтарды, яғни зиянды заттар мөлшерінің нормадан асып кеткенін тіркеді. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті тексеру аясында белгіленген нормативтердің асып кеткенін анықтаған еді. Олар таратқан хабарламадан күкірт диоксиді бойынша нормативтердің 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша - 2 есе, азот оксиді бойынша - 1,5 есе артып кеткені белгілі болған. Инспекция қорытындысы бойынша кәсіпорынға заң бұзушылықтарды жою міндеттеліп, 20 млн теңге айыппұл салынды.
📌 Ал, 2025 жылдың қаңтар айында Бас прокуратура тұрғындардың шағымдары бойынша «Казцинк» кәсіпорындарына тексеру бастаған. Бұған 2024 жылдың қарашасынан бері әртүрлі ведомстволарға түскен Өскемен тұрғындарының көптеген шағымы себеп болды. Сол кезде күздің соңында қаланы қою түтін басып, тұрғындар ащы иіс пен тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Билік 50 мыңнан астам оқушыны қашықтан оқыту форматына көшірді. Одан біраз уақыт өткеннен кейін мамандар 2024 жылдың қарашасында ауадағы зиянды заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден асып кеткенін анықтаған.
📌 2023 жылы шламның ағуы салдарынан Казцинк кәсіпорыны Филипповка өзенін ластап, зиянды заттардың концентрациясын нормадан 140 есеге дейін арттырған. Сол кезде келтірілген залал ондаған миллион теңгені құрады. Экологияға келтірілген зиян үшін «Казцинкке» шамамен 50 млн теңге айыппұл салынды.
📌 2022 жылы «Казцинк» рұқсат етілмеген шығарындылар және Үлбі өзенін ластағаны үшін 45,32 млн теңге айыппұл алды.
📌 2021 жылы экологтар күкіртсутек пен күкірт диоксиді мөлшерінің асып кеткенін тіркеді. Бұл өсімдіктердің химиялық күйік алуына және адамдардың хал-жағдайының нашарлауына әкелді. Ол кезде кәсіпорын 326 мың теңге айыппұл төлеп, экологияға келтірілген залалды өтеу үшін 3,5 млн теңге өтемақы төледі. Сол 2021 жылы Бұқтырма өзеніне ауыр металдар мөлшері ондаған есе асып кеткен сарқынды су төгілді. Бұл үшін кәсіпорынға 291 мың теңге айыппұл салынды, ал экологиялық залал 8,2 млн теңгеге бағаланды.
Осыдан «Казцинктің» экологиялық проблемаларының тарихы тереңде екенін байқауға болады. Мысалы, Экология министрлігінің дерегінше, Өскемендегі жалпы ластану көлемінің 44%-ы «Казцинктің» шығарындыларына тиесілі. Бұдан қорытынды шығаратын уақыт келді.
https://t.me/dalainside | 6 169 |
| 13 | 🌪️ Мәсімовтың самурай қылышы "ци" энергиясын арттыра ала ма?
Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовтың самурай қылышы мемлекет аукционда 1,5 миллион теңгеге сатылды.
Бұл жолы сауда қатты қызды. Катананың бастапқы бағасы шамамен 380 мың теңге болғанымен, аукцион барысында оның құны төрт еседен астам өсіп кеткен.
Кей кәсіпкерлер арасында "Ци" энергетикасы бар деп саналатын самурай қылышы былтыр сатылып кетуі тиіс болатын. 2025 жылдың қарашасында сатып алушы кепілдік жарнасын төлегенімен, толық соманы өтемеген. Соның нәтижесінде лот қайтадан аукционға шығарылды.
Мәсімов катанасы – қара қынапқа салынған, бойлай ойығы бар қылыш. Оның сабы сұр түсті металдан жасалып, бедерлі өрнекпен безендірілген.
Ци – тіршіліктің өмірлік энергиясы немесе “жан қуаты” деп түсіндіріледі. Ежелгі қытайлар оны бүкіл әлемде бар күш деп санаған. Мәсімовтың самурай қылышын қолған түсірген адамның денсаулығы жақсарып, ұзақ өмір сүреді деген қауесеттер бар.
Былтыр аукционда Мәсімовтың басқа мүйіз қылышы бірден сатылып кеткен еді. Үлкен топтың сол қылышқа қызығып отырғанын жазғанбыз. Сол алғашқы аукцион дүркіреп өткен. Мәсімов коллекциясынан 43 мүлік, оның ішінде кәдесыйлық монеталар, қылыштар және басқа да дүниелер бар, барлығы лоттарға шығарылған. Бастапқы бағасы 7 миллион теңге деп қойылғанымен, сауда қызып, қорытындысында 10 миллион теңгеге сатылды.
https://t.me/dalainside | 5 073 |
| 14 | 🚆 Қазақ инвесторлары Арменияның теміржолына қызықпайтынын бейресми каналдар арқылы жеткізді
Енді 2028 жылы концессияны ұзарту бойынша Армения Ресеймен қоян-қолтық келіссөздер жүргізуі тиіс. Немесе француз инвесторларына жобалық ұсыныс жасауы мүмкін. Бірақ Оңтүстік Кавказ теміржолы (ОКТЖ) теміржолы жүйесі өзін ақтап, коммерциалық тиімді активке айналуы үшін кем дегенде 1 миллиард долларлық инвестиция қажет және Зангезур дәлізі, Әзірбайжан мен Түркияны байланыстыратын тармақ салынуы тиіс. Қазіргі Армения мен Грузия арасындағы коридор Транскаспийлік транзиттің қажеттілігін мүлде жаба алмайды.
Бұған дейін Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян ОКТЖ бойынша Ресей концессиясынан бас тартып, оны Қазақстандық инвесторларға беру мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын. Бірақ артынша Армения тарапы бұл бағыт бойынша ешкіммен ешқандай келіссөздер жүріп жатпағандығын хабарлаған.
«Бейресми контактілер болды. Бірақ біздің инвесторлар бұл жобаның саяси тәуекелі тым жоғары екенін бірден есептеп отырған. Оған тәуекел үшін премияның үлкен болғандығынан ондай жоба қысқа мерзімде коммерциалық жағынан өзін ақтауы тиіс. Бірақ бұл теміржолдар желісі трансшекаралық сипаттан көрі тұйықтық, әшкіармениялық сипатқа ие. Қазір істеп тұрғаны тек Грузиямен мемлекетаралық қатынас қана. Ол барлық транзиттік ағындарды қамтамасыз ете алмайды. Түркияға шығатын Зангезур дәлізі қызық болар еді. Бірақ ол бойынша үлкен саяси шешімдер әлі толық қабылданған жоқ. Детальдар да нақтыланбады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Арменияның теміржол жүйесі 2008 жылдан бері Ресейдің мемлекеттік «Российские железные дороги» компаниясының еншілес құрылымы арқылы басқарылып келеді. Форматы 30 жылдық концессия. Яғни инфрақұрылым Арменияныкі, ал басқару, қызмет көрсету және жаңғырту ресейлік тарапқа берілген.
Қазір Ресей бүкіл Армения теміржолының жұмыс істеп тұрған негізгі желісін бақылауда ұстап отыр. Бірақ жүйе толық қуатында жұмыс істемейді. Себебі Армения географиясы тұйық. Елдің теміржол арқылы сыртқы әлемге негізгі қақпасы Грузия бағыты ғана. Солтүстік бағыттағы бір ғана желі үзілсе, бүкіл жүйе оқшауланып қалады. 2024 жылғы су тасқыны осы тәуекелді нақты көрсетті.
Инвестиция көлеміне келсек, ресейлік оператор 2008 жылдан бері 145 миллиард драмға (400 млн доллар) дейін қаржы салған. Ақша инфрақұрылым жөндеуге, байланыс жүйесіне, локомотивтер мен вагондарға жұмсалған. Бірақ мәселе енді ақша көлемінде емес, сол инвестицияның қайтарымында болып отыр.
ОКТЖ-ның таза қаржылық моделі күрделі. Жолаушылар тасымалы көбіне шығынды сегмент саналады. Негізгі табыс жүк тасымалынан келуі керек. Бірақ Арменияның ішкі нарығы шағын болғандықтан, үлкен пайда тек транзиттен түсуі мүмкін. Ал транзит үшін шекаралар ашық, саяси режим тұрақты, тариф бәсекелі болуы шарт. Қазір дәл осы үш фактор да әлсіз.
«Российские железные дороги» неге екені белгісіз, Ерасх пен Ахурян маңындағы желілерді модернизациялап, іске қосуға асықпай отыр. Егер олар іске қосылса, Армения Әзербайжан мен Түркия бағытына шыға алар еді. Қазақ инвесторлары егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пашинян, Путин, Әлиев пен Ердоғанмен саяси келіссөздер арқылы гарантия мәселесін шешсе, Транскаспийлік бағыт аясында инвестиция салуға дайын. Тек мұндай инвестицияға саяси қолдау керек болып тұр.
https://t.me/dalainside | 6 522 |
| 15 | 💡 Қаржы нарығында депозит кредиттен 4,5 триллион теңгеге озып кетті
Қазақстанның банк жүйесінде парадоксалды, бірақ маңызды сигнал қалыптасты. Ақша ағыны жұмсалудан көрі жинақталуға бет алған.
Биылғы сәуір айында екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің жалпы көлемі шамамен 47,2 трлн теңгеге жетті, ал кредит портфелі 42,6 трлн теңгені құрады. Яғни, банктердегі жиналған ақша берілген несиеден айтарлықтай көп.
Бұл өсімнің негізгі көзі қарапайым халық болып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттері тұрақты түрде көбейіп, 2026 жылдың басында 17,4 трлн теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша олар бір жылда 15,8%-ға өсіп, 26,2 трлн теңгені құраған еді.
Ал бизнес депозиттері керісінше біркелкі емес динамика көрсетіп отыр. Жыл басында олар азайып, қазір шамамен 13,9 трлн теңге деңгейінде тұрақтанды. Бұл бизнестің ақшаны банкте ұстап отырмағанын немесе айналымға жіберіп жатқанын білдіреді.
Ең басты тренд - халыққа кредит беру қарқыны қатты баяулады. Мысалы, 2026 жылдың ақпан айында жалы кредит портфелінің өсімі небәрі 0,4% болды. Ал халыққа кепілсіз несие беру кемінде 10 пайызға төмендеді.
Кредит беру азайғандықтан, соңғы айларда банктердің Қазақстан Ұлттық Банкі құралдарына ақша салуы күрт өсті. Қысқа мерзімді, кепілмен қамтамасыз етілген операциялар (РЕПО) арқылы табыс табу белсенділігі артып келеді.
Бизнеске кредит баяу берілген сайын жаңа жобалар да баяу іске асады, инвестиция азаяды, жалпы экономикалық айналым тежеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, қазір Қазақстанда ақша бар, бірақ ол толық айналымға түспей отыр. Банктер тәуекелден қашып, қорғаныс режиміне көшкен. Бұл қысқа мерзімде тұрақтылықты сақтауы мүмкін. Бірақ арты жақсылыққа апармайды.
https://t.me/dalainside | 6 491 |
| 16 | 🚑 Көктасжалды құтқару операциясы. Түріктер былықтырып кеткен өндірісті отандық компания жаңғыртпақ
Жер асты кені бар, бірақ жылдар бойы тиімді игеріле алмаған Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Көктасжал" мен "Қызылшоқы" кен орындарына жаңа отандық инвестор келді. Жергілікті халықтың асыға күткені осы еді. Қазақстандық "Altyndara" компаниясы тез арада 500 миллион доллар инвестиция құйып, жаңа кен-алаңдарын іске қосып, Қызылшоқыда тау-кен байыту комбинатын салмақ. Осы арқылы жергілікті халық үшін 800 жұмыс орны ашылайын деп тұр. Және инвестор әкелетін құрылғылардың барлығы қатаң экологиялық стандарттарға сай болғандықтан, енді осы өңірдің экологиясы жақсаратын болды. Қанша дегенмен, отандық кәсіпкерлердің өз жеріне жаны ашиды.
Көктасжал кен системасында 50 миллион тоннадан астам руда қоры, оның ішінде 500 мың тонна мыс бар. Мұнда өндіріс көптеген жылдар бойы тұралап тұрды.
Бұрын бұл жобаны түрік инвесторлары атынан «Алтай Полиметаллы» компаниясы жүргізген болатын. Ол кәсіпорын 2024 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 миллиард теңге шығынға батқан. Ал қарыздары 305 миллиард теңгеден асып, күйреу сатысына тез жетті. Барлық активтеріне кепілзат ретінде шектеу қойылған. Еуропалық қайта құру және даму банкіне 17,9 млрд теңге қарыз, APM Holding пен басқа кредиторларға миллиардтаған қарыздары болды. Оның істіне АХҚО соты Сингапур арбитражының шешімін мойындап, компанияға 14 миллион долларлық айыппұл ілді.
Дәл осындай жағдайда түрік инвесторларының Көктасжалға көңіл бөліп, кәсіпорынды жаңғыртуы мүмкін емес еді. Инфрақұрылым тозып, байыту фабрикасы тоқтап, шығарындыларды сақтау жүйесі істен шықты. Экология бойынша заңбұзушылықтар тіркеліп, тұрғындардың сенімі толық жоғалды. Сондықтан кен орны дер кезінде отандық инвесторға қайтып отыр.
Соңғы 3 жылда шетелдіктер тұралатып кеткен ірі кәсіпорындарды өзіміздің компаниялар қолға алып, жұмысын жаңғыртып, экологиясын реттеп, өндірістегі қауыпсіздікті жақсартып, адам шығынын тоқтатты. Әйтпесе жылына бірнеше адам өлетін Миттал кейсі есімізде болар. Түрік инвесторлары да алатынын алып, ақыр аяғында Қазақстан экономикасына еш пайда әкелмегенін білеміз. Мысалы, Теңіз кенішіндегі жағдайдың өзі бізге үлкен сабақ болуы тиіс еді.
Отандық инвесторлардың бір жақсы жері – олар ресурсты алып кетуге емес, ел ішінде құндылық тізбегін құруға, қысқа пайданың орнына ұзақ циклға жұмыс істейді. Сондықтан "Altyndara" компаниясы өзі өндірген өнімді шетелдік биржаларға апарып сатудың орнына отандық автопром мен машина жасау тізбегіне іліндіруге ниетті. Бұл өте жағымды және біздің экономикаға көмек беретін ұзақ мерзімді стратегия.
Бізге енді тез пайда тапқысы келетін шетелдік инвестор емес, елін ойлайтын және экономикаға жұмыс істейтін ұлттық инвесторлар буыны көбірек қажет.
https://t.me/dalainside | 7 248 |
