BAQ.kz
Kanalga Telegram’da o‘tish
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
Ko'proq ko'rsatish3 142
Obunachilar
+1024 soatlar
+137 kun
+25630 kun
Postlar arxiv
3 141
+2
Алматының көшелері LRT-ға дайын ба? 👀
Қаладағы жағдайды көзбен көріп қайттық. Қазір құрылыс Төле би мен Бауыржан Момышұлы көшелерінде қарқынды жүріп жатыр.
Алматылықтар, сіздер LRT құрылысына байланысты қандай өзгеріс байқадыңыздар?
@baq_kz
3 141
❗️ Астанадағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды
Қазақстан ІІМ мен Украина киберполициясының бірлескен жұмысы нәтижесінде Сумы қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.
Ол Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама жіберді деген күдікке ілінген.
Қазір жасөспірім басқа да осыған ұқсас фактілерге қатысы тексеріліп жатыр.
@baq_kz
3 141
+4
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Астанада Тәуелсіздік сарайында сегіз елдің төтенше және өкілетті елшісінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Самех Шехата, Швейцария Конфедерациясының елшісі Кристина Хонеггер-Золотухин, Эстония Республикасының елшісі Марье Лууп, Оман Сұлтандығының елшісі Салах Джабуб, Мажарстан елшісі Ференц Цомбош, Гвинея-Бисау Республикасының елшісі Браима Эмбало, Нигерия Федеративтік Республикасының елшісі Джозеф Олусола Иджи мен Дания Корольдігінің елшісі Ларс Туесен табыстады.
@baq_kz
3 141
⚡️Елімізде бейнебақылау камераларына бірыңғай стандарт бекітілді
Осы уақытқа дейін елімізде бейнебақылау жүйелеріне арналған жеке ұлттық стандарт болмаған. Енді барлық талаптар бір құжатқа біріктірілді.
Не өзгерді және қандай ерекшеліктер бар?
🔗 Толығырақ білу
@baq_kz
3 141
⚡️Жылдың үздік 10 оқырманына 10 миллион теңгеден беріледі
Қазақстанда «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы басталды. Қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, кейін зияткерлік сайыста білімін сынайды. Жобаға қазірдің өзінде 1 млн-нан астам адам тіркелген.
Ал марафонның ең үздік 10 қатысушысына 10 млн теңгеден табысталады. Жеңімпаздар 23 сәуір – Ұлттық кітап күнінде анықталады.
📖 Сіз 6 айда 15 кітап оқуға дайынсыз ба?
@baq_kz
3 141
⚡️Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстанға келеді
Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына келіп, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізеді.
Оның Қазақстанға сапары АҚШ ашық чемпионатындағы тарихи жеңісі мен WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілуінен кейін жүзеге аспақ.
@baq_kz
3 141
⚡️Зайсан көліне екі балықшы батып кетті: Оларды іздеу жұмысы жүріп жатыр
Үш балықшының біреуі жағаға өз бетімен жүзіп жеткен. Ал қалған екі адам суға батып кетті. Жағаға шыққан 58 жастағы ер адамға жергілікті тұрғындар көмектесті.
Cуға кеткен екі адамның денесі екінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Ер адамдардың үстінде құтқару кеудешелері болмаған. ТЖД мәліметінше, бұған дейін өңірде дауылды ескерту жарияланған.
@baq_kz
3 141
🚆 Сиань – Алматы туристік пойызы тұрақты рейске көшеді
Қытайдың Сиань қаласы мен Алматыны байланыстыратын халықаралық туристік пойыз сынақтық кезеңнен тұрақты рейстерге көшірілмек. Биылғы екінші пойыз 14 қыркүйекте Сианьнан жолға шықты.
Жібек жолы бойымен өтетін саяхат 15 күнге созылады. Пойыз Хэси дәлізі мен Шыңжаң арқылы өтіп, Қазақстанға Қорғас арқылы кіреді. Туристер Алматының көрікті жерлері мен мәдениетімен танысады.
Бағыт алғаш рет 2025 жылы іске қосылған. Ал 2026 жылғы үшінші рейсті қазан айының соңында аттандыру жоспарланып отыр. Бұл жолы Қазақстандағы саяхат бағдарламасы кеңейтіліп, Алматыдан бөлек басқа да мәдени және туристік нысандар қамтылмақ.
Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️
@baq_kz
3 141
⚡️Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек?
Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру. Мамандар тұрғын үй иелеріне сақтандыру шарттарын мұқият зерделеп, қандай жағдайларда өтемақы төленетінін алдын ала біліп алуға кеңес береді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері BAQ.KZ тілшісіне табиғи апаттан сақтандыруға қатысты маңызды сұрақтардың жауабын айтты ⬅️
@baq_kz
3 141
💸 18 қыркүйекке валюта бағамы
USD / KZT – 444.58 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 510.29 (Еуро)
TRY / KZT – 9.13 (Түрік лирасы)
KGS / KZT – 5.08 (Қырғыз сомы)
AED / KZT – 121.06 (БАӘ дирхамы)
GBP / KZT – 595.87 (Фунт стерлинг)
CNY / KZT – 66.28 (Қытай юані)
RUB / KZT – 5.27 (Ресей рублі)
UAH / KZT – 9.95 (Украин гривнаcы)
@baq_kz
3 141
🛴 Алматыда 9 мыңнан астам электросамокат айып тұрағына қойылды
Алматы полициясы жаңа талаптарды бұзған кикшеринг компанияларына тиесілі 9 мыңнан астам электросамокатты тәркіледі.
Полиция мәліметінше, кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық жарамдылығын және сәйкестендіру нөмірінің болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың электросамокат пайдалануына жол бермеуі керек.
Электросамокатты кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана пайдалана алады. Қазір қалада жаңа талаптардың сақталуына қатысты тексеру жалғасып жатыр.
@baq_kz
3 141
🛣 Степногорскіде депутат жаңадан төселген асфальтты қолмен жұлып алды
Степногорск қаласының 6-шағынауданындағы №11 үйдің ауласында жүргізілген тексеріс кезінде жаңадан төселген асфальттың сапасына қатысты бірқатар кемшілік анықталды. Тексеруге қатысқан депутат жол жабынының бір бөлігін қолмен-ақ жұлып алған.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, асфальт астындағы негізді дайындау мен төсеуге, битум құюға және бордюрлерді нығайтуға қатысты ескертулер бар. Мердігер «Арман Group» ЖШС-не барлық кемшілікті жою талабы қойылды.
Толығырақ ⬅️
@baq_kz
3 141
Үндістан портында ұсталған кемеде Қазақстан азаматы болған: ҚР СІМ мәлімдеме жасады
Үндістан Республикасының Парадип портында 23 теңізшіден тұратын экипажы бар MT UNITY кемесі ұсталды. Теңізшілердің бірі - Қазақстан Республикасының азаматы. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Кеменің ұсталуы оның иесінің жергілікті жанармай жеткізушісі алдындағы қаржылық қарызына байланысты болып отыр. Қазақстандық дипломаттар отандасымызды елге қайтару үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр. Үндістан Сыртқы істер министрлігіне мәселені шешуге жәрдем көрсету туралы өтінішпен тиісті дипломатиялық нота жолданды, - деп жазды ол.@baq_kz
3 141
🌫 Атыраудың ауасын не ластап жатыр: тұрғындар шағымынан кейінгі тексеру нені көрсетті?
Қыркүйек басталғалы Атырау тұрғындары қаланы жайлаған өткір иіске бірнеше рет шағымданған. Алғашқы зерттеулер кезінде ауадан шекті мөлшерден асқан ластаушы заттар анықталмаған.
Алайда 5-7 қыркүйек аралығында түнгі уақытта қаланың бірнеше бөлігінен алынған сынамалар басқа нәтиже көрсетті. Ауадан изопропилбензол, диэтилбензол және көміртек оксидінің мөлшері гигиеналық нормативтен бірнеше есе жоғары екені анықталған.
Осыдан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты кешенді тексеру жүргізу мәселесі көтерілді.
Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️
@baq_kz
3 141
⚡️Қазақстан басқа елдерге гуманитарлық көмекті қалай көрсетеді?
Қазақстан басқа мемлекеттерге гуманитарлық көмекті тек қаржы мен тауар түрінде ғана емес, сондай-ақ құтқару және медициналық жасақтарды жіберу арқылы да көрсете алады.
Сыртқы істер министрлігі BAQ.KZ редакциясына мұндай шешім қабылдау үшін қандай шарттар қажет екенін және көмек көрсету туралы өтінішті кім беруі тиіс екенін түсіндірді ⬅️
@baq_kz
