BAQ.kz
前往频道在 Telegram
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
显示更多3 016
订阅者
-424 小时
-247 天
-9230 天
帖子存档
3 015
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
🇰🇿🇦🇿Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
@baq_kz
3 015
🌧 Ақтауда нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты
Қала көшелерінде жиналған суды ТЖД қызметкерлері сорып жатыр. Мамандар бүгін де өңірде қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін екенін ескертті.
Тұрғындарға сақтық танытып, аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпау ұсынылды.
@baq_kz
3 015
⚡️Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне қатыспайтын болды
Рыбакина былтыр Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанған болатын.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина денсаулығына байланысты АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турниріне қатыспайтын болды,
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде қазіргі физикалық жағдайы жарысқа қатысуға мүмкіндік бермейтінін айтты. Енді ол демалып, қалпына келуге және 2027 жылғы маусымға дайындалуға ниетті.
@baq_kz
3 015
🚨 Қызылордада дрифт жасаған екі жүргізуші 5 тәулікке қамалды
BMW және Lexus көліктерімен жолда қауіпті маневр жасаған 20 жастағы екі тұрғынға 13 әкімшілік хаттама толтырылды.
Олар жол қозғалысы ережелерін бұзып, өзге жүргізушілерге кедергі келтірген. Сондай-ақ бірінің көлік басқаруға құқығы болмаған.
Сот шешімімен екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
@baq_kz
3 015
⚡️ Пәтер, көлік, несие: Қазақстанда отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?
Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, баспанасын, көлігін, жері мен несие міндеттемелерін ескереді.
Осы деректер негізінде отбасылар әлеуметтік жағдайына қарай бес санатқа бөлінеді.
Жүйе қалай жұмыс істейді? 👇
🔗 https://baq.kz/pater-kolik-nesie-qazaqstanda-otbasynyn-turmystyq-dengeyi-qalay-bagalanady-320053063/
@baq_kz
3 015
🇰🇿 «Ордабасы» - алтын дубль иегері!
Шымкенттік клуб Қазақстан Республикасы кубогының финалында Қызылорданың «Қайсарын» 4:1 есебімен жеңіп, ел кубогын иеленді.
Осылайша, «Ордабасы» маусымды екі бірдей жүлдемен аяқтады. Шымкенттік ұжым бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атанып, енді ел кубогын да жеңіп алды.
@baq_kz
3 015
+2
🇰🇿🇹🇯Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
🔹Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
🔹Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
@baq_kz
3 015
+3
🇰🇿🇹🇯Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
🔹Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
@baq_kz
3 015
+1
⚡️QAZCONTENT пен АЗЕРТАДЖ жаңалықтар алмасу бағытында ынтымақтастық орнатты
Қазақстанның «QAZCONTENT» акционерлік қоғамы мен Әзербайжанның мемлекеттік ақпарат агенттігі – АЗЕРТАДЖ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар журналистер, редакторлар мен техникалық мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасып, дезинформацияға қарсы бірлесіп күресуге және жасанды интеллектіні қоса алғанда, жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
Меморандум бірлескен медиажобаларды жүзеге асыруға, онлайн-семинарлар мен фотокөрмелер ұйымдастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанда өтетін іс-шараларды ақпараттық жариялауға өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
@baq_kz
3 015
🇹🇯Эмомали Рахмон: «Достас қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстары және халықаралық аренада абырой-беделінің асқақтауы қуантады»
Тәжікстан Президенті Qoja Ahmet Yasaui орденіне лайық көргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
– Тәжік-қазақ қарым-қатынасын өркендетуге қосқан аздаған үлесіме берілген осы жоғары баға менің ғана емес, халқымның еңбегіне көрсетілген сый-құрмет деп санаймын. Бауырлас Қазақстанға әр сапарым жарқын сәттерімен есте қалады, – деді Эмомали Рахмон.@baq_kz
3 015
🔹 Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы авто және теміржол арқылы жүк транзиті 7 млн тоннаға жуықтады. Былтыр тасымал көлемі тиісінше 8 және 15 пайызға өскен.
🔹 Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласындағы серіктестікті жандандыру қажеттігін атап өтті.
🔹 Су ресурстарын тиімді пайдалану, цифрлық технологияларды енгізу және су қорын бірлесіп бақылау мәселелері талқыланды.
🔹 IT саласындағы ынтымақтастықты дамыту және 2030 жылға дейінгі бірлескен кешенді жоспар әзірлеу ұсынылды.
@baq_kz
3 015
🇰🇿🇹🇯Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
– Бүгінгі сапардың символдық мәні терең, өйткені екі ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Егемен ел болғалы Қазақстан да, Тәжікстан да табысқа толы үлкен жолды еңсерді. Тәжікстан Сіздің беделді басшылығыңызбен мемлекеттілік тұғырын нығайтуда, әлеуметтік-экономикалық дамуда орасан жетістіктерге қол жеткізді, халықаралық аренада абыройын арттырды, – деді Президент.@baq_kz
3 015
🔹Президент: «Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр»
Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары да дәйекті түрде кеңеюде.
Бүгін өте маңызды іс-шараға – Астана қаласында Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысамыз. Бұл бір ғимараттан ғана тұрмайды, оны кешен деуге болады. Мұның бәрі таңғалдырады әрі Тәжікстанның елімізде тұрақты түрде өкілдігі болатынын айғақтайды. Әлбетте, бұдан бауырластық байланыстарымыздың бірегей сипатын көреміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.@baq_kz
3 015
🔹Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді
– Бүгін біз бауырлас мемлекеттеріміздің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы жөнінде толық негізде айта аламыз. Екіжақты ынтымақтастықта қандай да бір мәселе жоқ. Көпжақты байланыстарымызды одан әрі ілгерілету мақсатында қарастырып, шешімін табуды қажет ететін жайттар бар. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, өзара тиімді жобаларды іске асыру және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау тұрғысынан тек алға қарай қадам басып келеміз. Қазақтар тарихы бай, төл мәдениеті мен рухани мұрасы байтақ көне ұлт ретінде тәжік халқына құрметпен қарайды. Сіздің парасатты әрі көреген саясатыңыздың арқасында Тәжікстан көптеген салада ауқымды реформалар жүргізіп, таңғаларлық табыстарға қол жеткізді. Осы өзгерістердің нәтижесі экономиканың орнықты өсімінен, халықтың әл-ауқатының артуынан көрініс тауып отыр, – деді Қазақстан Президенті.@baq_kz
