BAQ.kz
Kanalga Telegram’da o‘tish
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
Ko'proq ko'rsatish3 119
Obunachilar
-624 soatlar
+27 kun
+20530 kun
Ma'lumot yuklanmoqda...
O'xshash kanallar
Taglar buluti
Ma'lumot yo'q
Muammo bormi? Iltimos, sahifani yangilang yoki bizning qo'llab-quvvatlash boshqaruvchimizga murojaat qiling>.
Kirish va chiqish esdaliklari
---
---
---
---
---
---
Obunachilarni jalb qilish
Oktabr '26Okt '26
Oktabr '26
+16
0 kanalda
Sentabr '26
+394
1 kanalda
Get PRO
Avgust '26
+288
3 kanalda
Get PRO
Iyul '26
+135
1 kanalda
Get PRO
Iyun '26
+95
5 kanalda
Get PRO
May '26
+99
1 kanalda
Get PRO
Aprel '26
+106
6 kanalda
Get PRO
Mart '26
+170
1 kanalda
Get PRO
Fevral '26
+100
2 kanalda
Get PRO
Yanvar '26
+165
2 kanalda
Get PRO
Dekabr '25
+70
0 kanalda
Get PRO
Noyabr '25
+48
0 kanalda
Get PRO
Oktabr '25
+77
9 kanalda
Get PRO
Sentabr '25
+68
5 kanalda
Get PRO
Avgust '25
+572
7 kanalda
Get PRO
Iyul '25
+105
1 kanalda
Get PRO
Iyun '25
+85
1 kanalda
Get PRO
May '25
+139
1 kanalda
Get PRO
Aprel '25
+122
0 kanalda
Get PRO
Mart '25
+139
0 kanalda
Get PRO
Fevral '25
+125
3 kanalda
Get PRO
Yanvar '25
+140
1 kanalda
Get PRO
Dekabr '24
+133
1 kanalda
Get PRO
Noyabr '24
+108
0 kanalda
Get PRO
Oktabr '24
+129
3 kanalda
Get PRO
Sentabr '24
+90
0 kanalda
Get PRO
Avgust '24
+119
4 kanalda
Get PRO
Iyul '24
+123
5 kanalda
Get PRO
Iyun '24
+110
5 kanalda
Get PRO
May '24
+174
4 kanalda
Get PRO
Aprel '24
+167
3 kanalda
Get PRO
Mart '24
+205
2 kanalda
Get PRO
Fevral '24
+272
2 kanalda
Get PRO
Yanvar '24
+283
1 kanalda
Get PRO
Dekabr '23
+109
0 kanalda
Get PRO
Noyabr '23
+77
2 kanalda
Get PRO
Oktabr '23
+94
2 kanalda
Get PRO
Sentabr '23
+77
0 kanalda
Get PRO
Avgust '23
+77
0 kanalda
Get PRO
Iyul '23
+48
0 kanalda
Get PRO
Iyun '23
+75
0 kanalda
Get PRO
May '23
+70
0 kanalda
Get PRO
Aprel '23
+77
0 kanalda
Get PRO
Mart '23
+37
0 kanalda
Get PRO
Fevral '23
+63
0 kanalda
Get PRO
Yanvar '23
+71
0 kanalda
Get PRO
Dekabr '22
+36
0 kanalda
Get PRO
Noyabr '22
+73
0 kanalda
Get PRO
Oktabr '22
+149
0 kanalda
Get PRO
Sentabr '22
+160
0 kanalda
Get PRO
Avgust '22
+75
0 kanalda
Get PRO
Iyul '22
+40
0 kanalda
Get PRO
Iyun '22
+38
0 kanalda
Get PRO
May '22
+52
0 kanalda
Get PRO
Aprel '22
+85
0 kanalda
Get PRO
Mart '22
+28
0 kanalda
Get PRO
Fevral '22
+40
0 kanalda
Get PRO
Yanvar '22
+151
0 kanalda
Get PRO
Dekabr '21
+16
0 kanalda
Get PRO
Noyabr '21
+13
0 kanalda
Get PRO
Oktabr '21
+18
0 kanalda
Get PRO
Sentabr '21
+17
0 kanalda
Get PRO
Avgust '21
+25
0 kanalda
Get PRO
Iyul '21
+27
0 kanalda
Get PRO
Iyun '21
+12
0 kanalda
Get PRO
May '21
+31
0 kanalda
Get PRO
Aprel '21
+33
0 kanalda
Get PRO
Mart '21
+40
0 kanalda
Get PRO
Fevral '21
+33
0 kanalda
Get PRO
Yanvar '21
+48
0 kanalda
Get PRO
Dekabr '20
+4 148
0 kanalda
| Sana | Obunachilarni jalb qilish | Esdaliklar | Kanallar | |
| 05 Oktabr | +1 | |||
| 04 Oktabr | +1 | |||
| 03 Oktabr | +5 | |||
| 02 Oktabr | +3 | |||
| 01 Oktabr | +6 |
Kanal postlari
❗️Алматыда асфальт опырылып, автобус қозғала алмай қалды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Төле би көшесінде жол опырылып, жолаушылар автобусының дөңгелегі шұңқырға түсіп кеткен сәт түсірілген фото тарады.
Оқиға нөсер жаңбырдан кейін болғаны айтылды.
Құрылыс жұмыстары барысында жолдың кейбір бөліктерінде опырылу фактілері пайда болды. Жауапты мамандар мен арнайы техника оқиға орнына жіберілді. Қазір көлік құралын шығару және салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады әкімдіктен.@baq_kz
| 2 | ❗️Алматы тұрғыны қазылған жолдың кесірінен көзінен айырылып қала жаздаған
Алматы тұрғыны 4 қазан күні Сәтбаев көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Оның айтуынша, тротуар қазылып, аумақ қоршалғанымен, қоршаулар мен жарық бағандарының арасына жіңішке жіп тартылған. Әйел қараңғыда жіпті байқамай, бетімен соғылғанын, аз ғана қимыл басқаша болғанда жіп көзіне тиіп кетуі мүмкін екенін айтты.
Тұрғын жауапты мердігерлерді қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Әкімдік әзірге жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
@baq_kz | 71 |
| 3 | ⚖️ Қызылорда облысында екі судья 9 жылға сотталды
Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертай сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі 2026 жылғы 18 қыркүйекте шықты. Екі судья биыл қаңтарда ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ҰҚК тарапынан ұсталған болатын.
@baq_kz | 101 |
| 4 | ✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
@baq_kz | 112 |
| 5 | ✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
@baq_kz | 108 |
| 6 | ⚡️Қай өңірде ұстаздарға сыйақы беріледі?
Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Оның 420 мыңға жуығы мектептерде, 100 мыңнан астамы мектепке дейінгі ұйымдарда, ал 43 мыңға жуығы колледждерде жұмыс істейді. Мұғалімдердің еңбегін ынталандыру үшін жалақы өсімімен қатар түрлі үстемеақы, сыйақы және марапаттау тетіктері қарастырылған.
BAQ.kz редакциясы Мұғалімдер күні қарсаңында бірқатар өңірдегі педагогтерге көрсетілетін қолдау шараларын сұрап білді👇
🔗 https://baq.kz/mugalimder-kuni-qay-onirde-ustazdarga-syyaqy-beriledi-320047640/
@baq_kz | 129 |
| 7 | 👩🏫 Мұғалім мәртебесі, жалақы және жасанды интеллект: білім саласында не өзгерді?
2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Ауыл педагогтерінің еңбекақысы қаладағы әріптестерінен кемінде 25%-ға жоғары. Соңғы бес жылда педагогикалық мамандық студенттерінің стипендиясы да екі есеге өсіп, 84 мың теңгеге жетті.
Мұғалімдерге тағы қандай қолдау көрсетіледі және білім беру жүйесінде қандай өзгерістер бар? Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️
@baq_kz | 138 |
| 8 | 💐 Ұстаздар күні құтты болсын!
Әр шәкірттің жетістігі мен әр биік белесінің артында ұстаздың білімі, еңбегі мен тәлімі тұр.
Барша ұстазға мықты денсаулық, еңбектеріне толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, өмірлеріңіз бақ пен бақытқа толы болсын!
@baq_kz | 152 |
| 9 | ⚡️Ауа райы болжамы
«Қазгидромет» бүгін, 5 қазанда Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. Бірқатар облыста жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын және секундына 28 метрге дейін жететін қатты жел күтіледі.
Толығырақ ⬅️
@baq_kz | 148 |
| 10 | 🔥 Калифорнияда орман өртіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес округінде ірі табиғи өрт болып, бірнеше ауданның тұрғындарын эвакуациялау жарияланды.
Штаттың өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт шамамен 287 гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жаумен күреске жердегі өрт сөндіру бөлімдері мен авиация жұмылдырылды.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
@baq_kz | 164 |
| 11 | 🦠 Ресейде оба тарап жатыр ма? Роспотребнадзор мәлімдеме жасады
Ресейдің Иркутск облысында обаға қарсы институттың 28 жастағы қызметкері қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік желілерде оба тарағаны және карантин енгізілгені туралы ақпарат тарады. Алайда Роспотребнадзор өңірде оба таралу қаупі жоқ екенін мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, әйелге себебі анықталмаған пневмония диагнозы қойылған. Зерттеу барысында оның биоматериалынан кәсіби қызметіне байланысты микроорганизмдер анықталмаған. Науқаспен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынған.
Өңірдегі карантин туралы не белгілі және мамандар қандай мәлімдеме жасады? Толығырақ – BAQ.KZ сайтында⬅️
@baq_kz | 182 |
| 12 | 🥈 Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.
Финалда отандасымыз Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовқа есе жіберді. Бұған дейін Давлатов Тәжікстан, Бурунди, Бразилия, Франция және Жапония спортшыларын жеңіп, ақтық сынға шыққан еді.
Бакудегі әлем чемпионаты 11 қазанға дейін жалғасады.
@baq_kz | 162 |
| 13 | ✈️ АҚШ жағалауынан алты адам мінген жоғалған ұшақтың сынықтары табылды
АҚШ жағалау күзеті Массачусетс штатындағы Нантакет аралы маңынан жоғалған ұшақтың сынықтарын тапты. Бортта алты адам болған.
Бермуд аралдарынан Бостонға бағыт алған Gulfstream G100 санитарлық авиация ұшағымен байланыс 3 қазан күні таңертең үзілген еді.
Іздеу топтары табылған сынықтардың жоғалған әуе кемесіне тиесілі екенін растады. Қазіргі уақытта борттағы алты адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
@baq_kz | 149 |
| 14 | 🌧 Грекияда үш күндік нөсерден екі адам қаза тапты
Грекияның оңтүстігінде үш күннен бері толассыз жауған нөсер салдарынан Крит пен Додеканес аралдарында су тасқыны болды. Ең күрделі жағдай Крит аралында қалыптасқан.
Өзендер арнасынан асып, үйлер, кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы алқаптарын су басты. Бірқатар жол жабылып, әуе және теңіз қатынасына шектеу қойылды.
Қолайсыз ауа райынан екі адам қаза тапты. Критте бір адам су тасқынының құрбаны болса, Родос аралында тағы бір адамды найзағай соққан.
@baq_kz | 164 |
| 15 | 🇺🇸 Трамп АҚШ-та сағат тілін маусым сайын ауыстыруды тоқтатуды талап етті
АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресті жазғы уақытты жыл бойына тұрақты етуге шақырды. Оның пікірінше, сағат тілін жылына екі рет ауыстыру тұрғындарға артық қолайсыздық туғызады.
Бұл бастама Сенаттағы республикашылдардың бір бөлігінің қарсылығына тап болған. Сенатор Том Коттон тұрақты жазғы уақыт енгізілсе, қыс мезгілінде күн кеш шығатынын және балалардың мектепке қараңғыда баруына тура келетінін алға тартты.
2025 жылғы AP–NORC сауалнамасында америкалықтардың 47%-ы сағат тілін жылына екі рет ауыстыруға қарсы болған.
@baq_kz | 170 |
| 16 | 🐄 Қазақстан 40 мың бас ірі қара сатып алады
Қазақстанда 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамыту кешенді жоспары аясында 40 мың бас ірі қара және 20 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 80 млрд теңге қарастырылған.
Бағдарлама асыл тұқымды мал басын жаңартуға, жануарлардың өнімділігін арттыруға және отандық сүт пен ет өндірісін ұлғайтуға бағытталған.
Биылдың өзінде алыс шетелдерден Қазақстанға 7 234 бас ірі қара әкелінді. Асыл тұқымды мал Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шаруашылықтарға жеткізіліп жатыр.
@baq_kz | 164 |
| 17 | 🏠 Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылық өтті
Испанияның 50-ден астам қаласында ондаған мың адам баспана бағасы мен жалдау ақысының өсуіне қарсы көшеге шықты. Кей жерлерде наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыс болған.
Шеруге шыққандар жалдау ақысын төмендетуді, инвестициялық қорлардың тұрғын үй сатып алуына тыйым салуды және тұрғындарды мәжбүрлеп үйден шығаруды тоқтатуды талап етті.
Наразылықтың күшеюіне парламенттің жалға алушыларды қорғау және жылжымайтын мүлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған бірқатар шараларды қолдамауы түрткі болған.
@baq_kz | 164 |
| 18 | 🏇 Қазақстан конкурдан 20 жылдан кейін Азиадаға оралып, ТОП-20 қатарына енді
Қазақстанның конкурдан ұлттық құрамасы Аичи–Нагоя-2026 Азия ойындарындағы жарысын аяқтады. Олег Соколенко Cinderella атты тұлпарымен жекелей финалда 14-орын алып, құрлықтың үздік 20 спортшысының қатарына кірді.
Қазақстан конкурдан Азия ойындарына соңғы рет 2006 жылы қатысқан. Осылайша ұлттық құрама 20 жылдық үзілістен кейін құрлықтық додаға қайта оралды.
Енді спортшылар 28 қазан – 1 қараша аралығында Астанада өтетін FEI World Cup Eurasian League халықаралық турниріне дайындалады.
@baq_kz | 174 |
| 19 | 🚨 Түркияның 16 провинциясында ИГИЛ-ге қарсы операция өтіп, 51 адам ұсталды
Түркияда ИГИЛ террористік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен 51 адам ұсталды. Операциялар елдің 16 провинциясында бір уақытта жүргізілген.
Түркия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер ұйымға мүше болу, оны қаржыландыруға қатысу және әлеуметтік желілерде террористік үгіт-насихат тарату күдігіне ілінген.
Бір апта бұрын елдің 28 қаласында жүргізілген осындай операция барысында тағы 83 күдікті ұсталған болатын.
@baq_kz | 169 |
| 20 | 🚨 Ақтауда 13 жастағы баланың өлімінен кейін хирург ұсталды
Ақтауда облыстық балалар ауруханасының хирургі кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс 2026 жылғы сәуірде ауыр жағдайға түскен 13 жастағы баланың өліміне қатысты тергеліп жатыр. Жасөспірім санитариялық авиациямен Алматыға жеткізілгенімен, кейін қайтыс болған.
Полиция мәліметінше, сот-медициналық сараптама медициналық көмек көрсету кезінде асқынудың дамуына ықпал етуі мүмкін кемшіліктерді анықтаған. Сондай-ақ ұйымдастырушылық-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы кемшіліктер болғаны айтылды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
@baq_kz | 173 |
