es
Feedback
BAQ.kz

BAQ.kz

Ir al canal en Telegram

BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_

Mostrar más
2 755
Suscriptores
+524 horas
+137 días
-330 días
Archivo de publicaciones
BAQ.kz
2 756
⚡️Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам іс-шара өтеді Еліміз бойынша барлығы 2000-нан астам іс-шара жоспарлан
⚡️Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам іс-шара өтеді Еліміз бойынша барлығы 2000-нан астам іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 20-сы республикалық, 98-і облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Қалған іс-шаралар аудан орталықтарын, ауылдарды және жергілікті мәдениет мекемелерін қамтиды. Бұл мерекелік шараларға еліміздің барлық өңірінің тұрғындарын тартуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың болжамынша, қатысушылар мен көрермендердің жалпы саны 2 миллионнан асады. Толығырақ ⬅️ @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Бұқтырма су қоймасынан жеті бала мен алты ересек эвакуацияланды Оқиға Алтай ауданында болған. Ведомствоның мәліметінше, демалушылар тобы жүзу құралдарымен су қоймасының арғы бетіне өткен. Алайда қатты жел көтеріліп, толқын күшейгендіктен, олар өз күштерімен кері қайта алмаған. Оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары жедел жетті. Құтқару операциясы барысында жағалауға 13 адам, оның ішінде жеті бала аман-есен жеткізілді. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Олжас Бектенов ЖЖМ нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішк
⚡️Олжас Бектенов ЖЖМ нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстаннан мұнай өнімдерінің заңсыз ағынын болдырмау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады. Толығырақ ⬅️ @baq_kz

BAQ.kz
2 756
✉️Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады 🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құр
✉️Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады 🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады. Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Саясаттанушылар Құрылтай сайлауында партиялар арасындағы бәсеке күшейеді деген болжам жасады 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай
⚡️Саясаттанушылар Құрылтай сайлауында партиялар арасындағы бәсеке күшейеді деген болжам жасады 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентке 145 депутат сайланады. Алдағы сайлау науқанының қандай ерекшеліктері болуы мүмкін, партиялар арасындағы бәсеке қаншалықты жоғары болады және саясатта жаңа тұлғалар пайда бола ма? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне саясаттанушылар пікір білдірді ⬅️ @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті Иран Президентімен өткен кездесуде тараптар Масуд Пезешкианны
⚡️Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті Иран Президентімен өткен кездесуде тараптар Масуд Пезешкианның 2025 жылғы 10–11 желтоқсанда Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын жан-жақты талқылады. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен өткен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттары, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан мен Иран арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері қаралды. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы пол
⚡️Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан. 3 шілде күні полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полицияның аға сержанты Нұрғали Әдиетов өмірден өтті.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
@baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Таразда жер сілкінді 2026 жылғы 04 шілде Астана уақытымен 04 сағ. 40 мин. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлтты
⚡️Таразда жер сілкінді 2026 жылғы 04 шілде Астана уақытымен 04 сағ. 40 мин. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Тараз қ. 2 балл Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Елімізде бензин мен дизельді экспорттауға салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін Осыған байланысты Энергетика министрл
⚡️Елімізде бензин мен дизельді экспорттауға салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін Осыған байланысты Энергетика министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеп, оны қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жариялады. Жаңа құжатқа сәйкес, республиканың аумағынан жекелеген мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігі арқылы экспорттауға қатысты қолданыстағы шектеулердің мерзімі ұзартылмақ. Толығырақ ⬅️ @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Қарағандыда екі әйел 94 жастағы зейнеткерді тонап кетті Полициядан мәлім еткендей, қылмыс Қазыбек би ауданында болған. 94 ж
⚡️Қарағандыда екі әйел 94 жастағы зейнеткерді тонап кетті Полициядан мәлім еткендей, қылмыс Қазыбек би ауданында болған. 94 жастағы зейнеткердің пәтеріне әлеуметтік қызметкер ретінде танысқан екі әйел келген. Олар жәбірленушіге «ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңасына айырбастап жатырмыз» деп айтқан.
Алаяқтықтан сезіктенбеген үй иесі жинап жүрген ақшасының орнын көрсеткен. Шақырылмаған қонақтар кеткеннен кейін зейнеткер 1 миллион теңге көлеміндегі қаражатының жоғалғанын байқаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
@baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Бектенов шұғыл жиын өткізді: Алматы, Жамбыл және Жетісуда қауіпсіздік шаралары қалай жүріп жатыр? Премьер-министр Олжас Бек
⚡️Бектенов шұғыл жиын өткізді: Алматы, Жамбыл және Жетісуда қауіпсіздік шаралары қалай жүріп жатыр? Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің қауіпті гидрологиялық құбылыстарға байланысты ел аумағындағы ахуал туралы есептерін тыңдады. Толығырақ ⬅️ @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️"Мотоциклмен серуендетемін": СҚО-да 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды 1 шілде күні сағат 18:00 шамасынд
⚡️"Мотоциклмен серуендетемін": СҚО-да 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды 1 шілде күні сағат 18:00 шамасында 13 жасар қыз дүкеннен шыққаннан кейін жоғалып кеткен. Тергеу дерегінше, 40 жастағы ер адам қызды алдап, мотоциклмен серуендеуге шақырып, ауылдан алып кеткен. Кейін қызды ұстап, оған қатысты заңсыз әрекет жасаған. Оқушы қызды іздеу түн бойы жалғасты. Тек таңғы сағат 5:00 шамасында ғана оны ауыл сыртынан тапқан. Қазіргі уақытта күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.  @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Абай облысында шахтаның лифті шұғыл тоқтап, алты жұмысшы зардап шекті «KAZ Minerals» компаниясының Корпоративтік байланыста
⚡️Абай облысында шахтаның лифті шұғыл тоқтап, алты жұмысшы зардап шекті «KAZ Minerals» компаниясының Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкеневтің хабарлауынша, оқиға 2026 жылғы 1 шілдеде Орлов шахтасында болған. Оның айтуынша, қону жұдырықшасы - бұл шахтаның тік ұңғымасындағы арнайы механикалық тірек. Ол торды белгілі бір деңгейде бекітуге және горизонттың көлік жолдарымен сәйкестендіру үшін оның дәл тоқтауын қамтамасыз етуге арналған. Толығырақ ⬅️ @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️24 мыңнан астам қазақстандыққа спорт қызметін тегін алуға мүмкіндік берілді Прокуратура араласқаннан кейін мыңдаған тұрғынн
⚡️24 мыңнан астам қазақстандыққа спорт қызметін тегін алуға мүмкіндік берілді Прокуратура араласқаннан кейін мыңдаған тұрғынның құқығы қалпына келтірілді. Енді кімдер тегін, ал кімдер 50% жеңілдікпен пайдалана алады? 🔗 Толығырақ білу @baq_kz

BAQ.kz
2 756
❗️Қарағандыда 94 жастағы әжейдің 1 млн теңгесін жымқырған күдіктілер ұсталды Қарағандыда өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырған екі әйел 94 жастағы кейуананың үйіне кіріп, 1 миллион теңгесін ұрлады деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер қарт әйелге ескі ақшаны жаңасына ауыстыру қажет екенін айтып, оның сеніміне кірген. Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Қазір тергеу жалғасып жатыр. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
🇰🇿🇧🇾Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Беларусь халқының бірлігін, ұ
🇰🇿🇧🇾Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.  
– Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды, – деп жазылған жеделхатта.
  Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті.   @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Венесуэладағы жер сілкінісі: Сұлулық байқауының жеңімпазы мен оның сүйіктісінің денесі үйінді астынан табылды Құтқарушылар
⚡️Венесуэладағы жер сілкінісі: Сұлулық байқауының жеңімпазы мен оның сүйіктісінің денесі үйінді астынан табылды Құтқарушылар Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қаза тапқандар саны күн санап өсуде. New York Post хабарлауынша, "Мисс Гранд Орландо - 2025" титулының иегері, 23 жастағы Скарлент Родригес өзінің жігіті Хосе Кастромен бірге жер сілкінісі кезінде қаза тапқан. Еске сала кетейік, жер сілкінісі 24 маусымда тіркелген. Магнитудасы 7,5 болған табиғи апаттың эпицентрі Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 60 шақырым жерде орналасқан. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
🏛 Тоқаев Аида Балаеваны қабылдады Президентке жаңа Конституция аясында мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат бағытында ат
🏛 Тоқаев Аида Балаеваны қабылдады Президентке жаңа Конституция аясында мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Кездесуде мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту, цифрлық кеңістікті жетілдіру, жастар мен отбасы саясаты, мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері талқыланды. 📌 Мемлекет басшысы мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму саласындағы жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
⚡️Олжас Бектенов Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің жұмысымен танысты. Университетте спорт, медицина, журналистика
+5
⚡️Олжас Бектенов Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің жұмысымен танысты. Университетте спорт, медицина, журналистика, менеджмент, жасанды интеллект және киберспорт бағыттары бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ шетелдік ЖОО-лармен бірлескен бағдарламалар мен жастарды қолдауға арналған жобалар жүзеге асырылып жатыр. @baq_kz

BAQ.kz
2 756
❗️Үлкен Алматы өзеніндегі гранит тақтайшалар нөсерге төтеп бере алмады Әлеуметтік желіде блогер жаңбырдан кейінгі Үлкен Алмат
+1
❗️Үлкен Алматы өзеніндегі гранит тақтайшалар нөсерге төтеп бере алмады Әлеуметтік желіде блогер жаңбырдан кейінгі Үлкен Алматы өзенінің суреттерін жариялаған. Кадрларда өзендегі гранит тақтайшалар су ағынына төтеп бере алмай, бірқатары опырылғанын байқауға болады.  Алматы қаласының әкімдігі не дейді? Әкімдік мәліметінше, нөсерден кейін Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан бұрыннан бар гранит қаптамалардың бір бөлігі ығысқан. Қазір мердігер ұйым оларды нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ әкімдік өзен арнасын қайта жаңғырту жобасы әлі аяқталмағанын, нысанның пайдалануға берілмегенін және барлық жауапкершілік әзірге мердігерге жүктелетінін мәлімдеді. @baq_kz