BAQ.kz
الذهاب إلى القناة على Telegram
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
إظهار المزيد3 097
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-77 أيام
-3430 أيام
أرشيف المشاركات
3 097
💰 Ақмола облысында 25 мыңнан астам адамға 13 мың теңгеге жуық төлем беріледі
Ақмола облысында Мүгедектігі бар адамдар күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Төлем I, II және III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға беріледі.
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, көмекті 25 103 адам алады. Әрқайсысына 3 АЕК, яғни 12 975 теңге төленеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 325,7 млн теңге бөлінген.
@baq_kz
3 097
📱 Неліктен жаңа iPhone Қазақстанда бүкіл Еуропаға қарағанда қымбат? – сарапшы салыстырып көрді
Қазақстанда 256 ГБ iPhone 18 Pro бағасы 849 990 теңге немесе шамамен 1 920 доллар тұрады. Бұл АҚШ-тағы бағадан 60%-ға жоғары.
Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёвтың есебінше, Қазақстан 36 елдің рейтингінде смартфон ең қымбат сатылатын үшінші мемлекет болар еді. Біздегі баға Швейцария, Норвегия, Германия және басқа да Еуропа елдерінен жоғары.
Сарапшы мұның басты себебі салықта емес, нарық құрылымында екенін айтады.
Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️
@baq_kz
3 097
⚠️ Қазақстан СІМ Сауд Арабиясындағы азаматтарға ескерту жасады
Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осы елде жүрген қазақстандықтарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды.
Ведомство азаматтарға жергілікті биліктің нұсқауларын орындауды, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуды және аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды ұсынды.
Сондай-ақ рейстердің мәртебесін алдын ала нақтылап, шұғыл емес сапарларды кейінге қалдыруға кеңес берілді.
Төтенше жағдай туындаса, қазақстандықтар мына нөмірлерге хабарласа алады:
📞 Эр-Риядтағы консул: +966 55 663 01 77
📞 Жиддадағы консул: +966 53 275 80 80
@baq_kz
3 097
📱 Қазақстанда телефондарды верификациялау тәртібі өзгерді
9 қазаннан бастап қазақстандықтар ұялы телефондарын eGov Mobile қосымшасы мен IMEI порталы арқылы ғана верификациялай алады.
Жаңа тәртіп бойынша азаматтар міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Бұл өзге адамдардың біреудің дербес деректерін пайдаланып, телефон тіркеуіне жол бермеу үшін енгізілген.
Енді шекарадан өткені туралы анықтаманы бөлек алып, жүйеге жүктеудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.
Телефонды жаңа тәртіппен қалай тіркеуге болады? Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️
@baq_kz
3 097
+3
🇰🇿🇧🇪 Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымымен бірге балаларды оңалту орталығына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралады.
Мәртебелі меймандар ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін медициналық, психологиялық-педагогикалық көмек және әлеуметтік бейімдеу әдістерімен танысты.
Орталықта балаларды оңалту үшін заманауи роботтандырылған технологиялар да қолданылады. Жыл сайын мұнда еліміздің барлық өңірінен 5 мыңнан астам бала оңалту қызметін алады.
Сапар барысында Король мен Патшайым балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
@baq_kz
3 097
⚡️Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді
Қазақстанда жеке тұлғалардың салық берешегіне қатысты хабарламалар мен салықтық өкімдердің жаңа нысандары енгізіледі. Сондай-ақ бұл құжаттарға шағымдану тәртібі нақтыланады.
Жаңа ережеге сәйкес, азаматтар салық органдарының шешімімен келіспесе, құжатты алған күннен бастап үш ай ішінде жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына шағым түсіре алады.
Салық берешегіне қалай шағымдануға болады және қандай жағдайда іс сот орындаушыларына өтеді? Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️
@baq_kz
3 097
⚡️Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?
2025 жылдың қыркүйек айының соңында доллар бағамы 550 теңгеге жуықтаған еді. Бір жылдан кейін оның бағамы 440 теңгеден төмен түсті. Осы уақыт аралығында АҚШ валютасы шамамен 20 пайызға арзандады. Алайда қазан айының басында доллар қайта қымбаттай бастады. 9 қазанда оның ресми бағамы 450 теңгеге жақындап, қазіргі уақытта 454 теңгеге жетті.
Экономист, Qazaq Expert Club шақырылған сарапшысы Қанат Оспанов BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында доллар бағамының қайта өсуіне әсер еткен факторларды түсіндіріп, жыл соңына дейін теңге бағамы қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты ⬅️
@baq_kz
3 097
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгиялықтар Королі Филипп Бірлескен мәлімдеме қабылдады
@baq_kz
3 097
⚡️Король Филипп Қазақстанның бай тарихымен және мәдениетімен жақын танысуға ниетті екенін жеткізді
– Астана мен Алматының көрікті жерлері мен музейлерін аралап, Алтын Орда дәуірінен тамыр тартатын тарихпен тіл қатысуға асықпын. Бельгия делегациясымен бірге Абай шығармаларында айрықша суреттелген, қазақтың ұлттық ерекшеліктерін паш ететін табиғи және мәдени қазынамен танысуға құштармыз. Қазақ елі қонақжайлығымен мәшһүр. Елдеріңіз қоғамның ынтымақ-бірлігін өз ішінде ғана емес, аймақтық және халықаралық деңгейде нығайтуға белсенді түрде үлес қосып келеді. Осы бағытта Қазақстан әрдайым маңызды рөл атқарады, – деді ол.Бельгиялықтар Королі сөз соңында көрсетілген сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы да алғыс айтты.
– «Шаңырағыңыз биік болсын!». Мен бұл сөзді дұрыс айттым деп ойлаймын. Қазақстанға мемлекеттік сапарымыздың мәнін аталған тілек толығымен ашады. Отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын, ырыс пен несібені, бейбіт өмір мен жылы ұяны осы бірауыз сөзге сыйдыруға болады, – деді Король Филипп.@baq_kz
3 097
⚡️Тоқаев Қазақстан мен Бельгияның мәдени байланыстарын нығайту туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Бельгия университеттері, музейлері және мәдени мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық алмасу жоспарланып отыр.
Президент қызметтік паспорт иелеріне қатысты визалық талаптарды жеңілдету туралы келісімді де атап өтті.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық мәселелерді талқылап, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу мен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейілді екенін растады.
@baq_kz
3 097
🇰🇿🇧🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық арасындағы достықты нығайта түсетінін атап өтті.
@baq_kz
3 097
+2
Астанада Қазақстан ұлттық командасын V Азия Пара ойындарына шығарып салу рәсімі өтті
Байрақты бәсеке 18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, қоғам қайраткерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
@baq_kz
3 097
✍️ Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
🔹Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.
🔹Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
@baq_kz
3 097
🇰🇿🇧🇪 Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі деп атады
Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастарға 2027 жылы 35 жыл толады.
Бельгия – Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі әрі елімізге инвестиция салған ТОП-10 мемлекеттің қатарында.
Тараптар ынтымақтастықты 6 бағытта дамыту мүмкіндігін талқылады: көлік-логистика, маңызды минералдар, жаңартылатын энергия, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект.
@baq_kz
@baq_kz
3 097
⚡️Оқушылар қалай амандасуы керек? Қазақстанда жаңа әдістемелік ұсыныс әзірленіп жатыр
Осы бағытта Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғалымдар, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдерінен жұмыс тобын құрған.
Ұсынымдарды әзірлеу кезінде білім беру процесіне қатысушылардың, мүдделі тараптардың және мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріледі.
@baq_kz
3 097
🇰🇿🇧🇪Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді
✔️Келіссөз барысында Президент Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи уақиға екенін атап өтті.
– Сізді Астанада қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Тарихи сапарыңыз жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстанға келген делегация құрамына Үкімет пен аймақтық билік, іскерлік топтар, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енген. Сіз Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға үш мәрте келген едіңіз. Елімізбен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі ниетіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің қолдауыңызды әрдайым сезінеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.@baq_kz
3 097
🔥Осы сәтте Астана қаласының Алматы ауданындағы Ақжол даңғылы бойында орналасқан ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимаратта шыққан өртті елордалық ТЖМ құтқарушылары сөндіріп жатыр.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және қою түтін байқалған.
Өрт сөндіру оқпандары дереу енгізіліп, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
@baq_kz
