BAQ.kz
Открыть в Telegram
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
Больше3 019
Подписчики
-424 часа
-247 дней
-9230 дней
Архив постов
3 017
+2
🇰🇿🇹🇯Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
🔹Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
🔹Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
@baq_kz
3 017
+3
🇰🇿🇹🇯Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
🔹Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
@baq_kz
3 017
+1
⚡️QAZCONTENT пен АЗЕРТАДЖ жаңалықтар алмасу бағытында ынтымақтастық орнатты
Қазақстанның «QAZCONTENT» акционерлік қоғамы мен Әзербайжанның мемлекеттік ақпарат агенттігі – АЗЕРТАДЖ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар журналистер, редакторлар мен техникалық мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасып, дезинформацияға қарсы бірлесіп күресуге және жасанды интеллектіні қоса алғанда, жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
Меморандум бірлескен медиажобаларды жүзеге асыруға, онлайн-семинарлар мен фотокөрмелер ұйымдастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанда өтетін іс-шараларды ақпараттық жариялауға өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
@baq_kz
3 017
🇹🇯Эмомали Рахмон: «Достас қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстары және халықаралық аренада абырой-беделінің асқақтауы қуантады»
Тәжікстан Президенті Qoja Ahmet Yasaui орденіне лайық көргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
– Тәжік-қазақ қарым-қатынасын өркендетуге қосқан аздаған үлесіме берілген осы жоғары баға менің ғана емес, халқымның еңбегіне көрсетілген сый-құрмет деп санаймын. Бауырлас Қазақстанға әр сапарым жарқын сәттерімен есте қалады, – деді Эмомали Рахмон.@baq_kz
3 017
🔹 Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы авто және теміржол арқылы жүк транзиті 7 млн тоннаға жуықтады. Былтыр тасымал көлемі тиісінше 8 және 15 пайызға өскен.
🔹 Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласындағы серіктестікті жандандыру қажеттігін атап өтті.
🔹 Су ресурстарын тиімді пайдалану, цифрлық технологияларды енгізу және су қорын бірлесіп бақылау мәселелері талқыланды.
🔹 IT саласындағы ынтымақтастықты дамыту және 2030 жылға дейінгі бірлескен кешенді жоспар әзірлеу ұсынылды.
@baq_kz
3 017
🇰🇿🇹🇯Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
– Бүгінгі сапардың символдық мәні терең, өйткені екі ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Егемен ел болғалы Қазақстан да, Тәжікстан да табысқа толы үлкен жолды еңсерді. Тәжікстан Сіздің беделді басшылығыңызбен мемлекеттілік тұғырын нығайтуда, әлеуметтік-экономикалық дамуда орасан жетістіктерге қол жеткізді, халықаралық аренада абыройын арттырды, – деді Президент.@baq_kz
3 017
🔹Президент: «Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр»
Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары да дәйекті түрде кеңеюде.
Бүгін өте маңызды іс-шараға – Астана қаласында Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысамыз. Бұл бір ғимараттан ғана тұрмайды, оны кешен деуге болады. Мұның бәрі таңғалдырады әрі Тәжікстанның елімізде тұрақты түрде өкілдігі болатынын айғақтайды. Әлбетте, бұдан бауырластық байланыстарымыздың бірегей сипатын көреміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.@baq_kz
3 017
🔹Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді
– Бүгін біз бауырлас мемлекеттеріміздің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы жөнінде толық негізде айта аламыз. Екіжақты ынтымақтастықта қандай да бір мәселе жоқ. Көпжақты байланыстарымызды одан әрі ілгерілету мақсатында қарастырып, шешімін табуды қажет ететін жайттар бар. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, өзара тиімді жобаларды іске асыру және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау тұрғысынан тек алға қарай қадам басып келеміз. Қазақтар тарихы бай, төл мәдениеті мен рухани мұрасы байтақ көне ұлт ретінде тәжік халқына құрметпен қарайды. Сіздің парасатты әрі көреген саясатыңыздың арқасында Тәжікстан көптеген салада ауқымды реформалар жүргізіп, таңғаларлық табыстарға қол жеткізді. Осы өзгерістердің нәтижесі экономиканың орнықты өсімінен, халықтың әл-ауқатының артуынан көрініс тауып отыр, – деді Қазақстан Президенті.@baq_kz
3 017
❗️Еуропада телеарналарға бомба қойылғаны туралы қоқан-лоқы жасалды
Ирландия, Ұлыбритания және Болгария телеарналарына жарылыс қаупі туралы хаттар жіберілді. Соның салдарынан Болгариядағы Nova TV редакциясы эвакуацияланды.
Хат авторы жарылғыш құрылғы 45 минуттан кейін іске қосылатынын айтып, бұл оқиғалар тек бастамасы екенін ескерткен. Алайда тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмады.
Бұған дейін Еуропаның бірқатар әуе компаниясына да осындай жалған хабарламалар түскен. Қоқан-лоқының артында кім тұрғаны және оның нақты себебі әзірге белгісіз.
@baq_kz
3 017
⚡️Меладзенің Алматыдағы концертінде жанжал шығарғандар жазаланды
Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кезінде көрермендер арасында жанжал шықты. Полиция оқиғаға қатысқан үш әйелді анықтады. Олардың бірі 5 тәулікке қамалса, екіншісіне айыппұл салынды. Үшінші әйелге қатысты іс сотқа жолданды.
Сондай-ақ концерт тоқтатылды деген жалған ақпарат таратқан Instagram парақшасының иесі де айыппұл арқалады.
Видео: @almaty_police
@baq_kz
3 017
❗️Қар, көктайғақ, қатты жел: Павлодар облысында жүргізушілерге ескерту жасалды
Өңірде қар, жаңбыр, көктайғақ пен қатты жел күтіледі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылуы мүмкін.
Павлодар облысында 7–8 қараша күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты қар, жаңбыр, көктайғақ және секундына 15–20 метрге дейін жететін жел күтіледі. Осыған байланысты тасжолдағы қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін.
@baq_kz
3 017
❗️Алматыда құтқарушылар өрт шыққан ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты
Түнде Алматы қаласының Түрксіб ауданында бір қабатты асхана ғимаратынан өрт шықты.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері ғимараттың шатыры мен бірінші қабаты жанып жатқанын анықтады.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимарат ішінен жеті газ баллонын алып шықты. Оның бесеуінің көлемі 50 литрден, ал екеуінің көлемі 20 литрден болған. Осылайша ықтимал қосымша қауіптердің алдын алды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
@baq_kz
3 017
😍 🇰🇿 Әсем Орынбай 2028 жылғы Олимпиадаға жолдама алды
Қазақстандық мерген Әсем Орынбай стенд атудан 2028 жылғы Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы жеңіп алды. Ол Катарда өтіп жатқан 2026 жылғы лицензиялық әлем чемпионатында үздік бестікке енді.
Айта кетейік, Әсем Орынбай бұған дейін 2020 және 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан. Оның ең үздік нәтижесі – 12-орын.
@baq_kz
3 017
⚡️Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы қашан жойылады?
Қазақстанда 2025 жылы электр энергиясын тұтыну өндірістен 1,5 млрд кВт·сағ-қа асып түсті. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының болжамынша, 2027 жылы өндіріс ішкі тұтынудан асуы мүмкін. Алайда жылдық өндіріс көлемінің артуы қысқы жүктеме мәселесін бірден шешпейді және тарифтің автоматты түрде төмендеуіне әкелмейді.
Қауымдастық төрағасы Талғат Темірханов BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі қандай шарттарға байланысты екенін түсіндірді.
@baq_kz
