2 163
Подписчики
+224 часа
-77 дней
-2130 день
Загрузка данных...
Похожие каналы
Облако тегов
Нет данных
Возникли проблемы? Пожалуйста, обновите страницу или обратитесь к нашему support-менеджеру .
Входящие и исходящие упоминания
---
---
---
---
---
---
Привлечение подписчиков
июнь '26
июнь '26
+51
в 1 каналах
май '26
+44
в 1 каналах
Get PRO
апрель '26
+92
в 1 каналах
Get PRO
март '26
+66
в 1 каналах
Get PRO
февраль '26
+75
в 1 каналах
Get PRO
январь '26
+85
в 2 каналах
Get PRO
декабрь '25
+60
в 1 каналах
Get PRO
ноябрь '25
+93
в 1 каналах
Get PRO
октябрь '25
+109
в 2 каналах
Get PRO
сентябрь '25
+117
в 2 каналах
Get PRO
август '25
+74
в 1 каналах
Get PRO
июль '25
+70
в 1 каналах
Get PRO
июнь '25
+56
в 1 каналах
Get PRO
май '25
+48
в 1 каналах
Get PRO
апрель '25
+71
в 1 каналах
Get PRO
март '25
+70
в 1 каналах
Get PRO
февраль '25
+89
в 2 каналах
Get PRO
январь '25
+89
в 0 каналах
Get PRO
декабрь '24
+60
в 1 каналах
Get PRO
ноябрь '24
+85
в 0 каналах
Get PRO
октябрь '24
+95
в 0 каналах
Get PRO
сентябрь '24
+144
в 1 каналах
Get PRO
август '24
+72
в 1 каналах
Get PRO
июль '24
+57
в 1 каналах
Get PRO
июнь '24
+68
в 1 каналах
Get PRO
май '24
+88
в 0 каналах
Get PRO
апрель '24
+98
в 1 каналах
Get PRO
март '24
+75
в 0 каналах
Get PRO
февраль '24
+139
в 1 каналах
Get PRO
январь '24
+181
в 1 каналах
Get PRO
декабрь '23
+131
в 0 каналах
Get PRO
ноябрь '23
+126
в 1 каналах
Get PRO
октябрь '23
+92
в 0 каналах
Get PRO
сентябрь '23
+142
в 0 каналах
Get PRO
август '23
+87
в 0 каналах
Get PRO
июль '23
+97
в 0 каналах
Get PRO
июнь '23
+70
в 0 каналах
Get PRO
май '23
+80
в 0 каналах
Get PRO
апрель '23
+91
в 0 каналах
Get PRO
март '23
+103
в 0 каналах
Get PRO
февраль '23
+136
в 0 каналах
Get PRO
январь '23
+141
в 0 каналах
Get PRO
декабрь '22
+106
в 0 каналах
Get PRO
ноябрь '22
+158
в 0 каналах
Get PRO
октябрь '22
+124
в 0 каналах
Get PRO
сентябрь '22
+139
в 0 каналах
Get PRO
август '22
+108
в 0 каналах
Get PRO
июль '22
+89
в 0 каналах
Get PRO
июнь '22
+82
в 0 каналах
Get PRO
май '22
+95
в 0 каналах
Get PRO
апрель '22
+126
в 0 каналах
Get PRO
март '22
+130
в 0 каналах
Get PRO
февраль '22
+180
в 0 каналах
Get PRO
январь '22
+154
в 0 каналах
Get PRO
декабрь '21
+98
в 0 каналах
Get PRO
ноябрь '21
+122
в 0 каналах
Get PRO
октябрь '21
+145
в 0 каналах
Get PRO
сентябрь '21
+118
в 0 каналах
Get PRO
август '21
+101
в 0 каналах
Get PRO
июль '21
+99
в 0 каналах
Get PRO
июнь '21
+66
в 0 каналах
Get PRO
май '21
+109
в 0 каналах
Get PRO
апрель '21
+143
в 0 каналах
Get PRO
март '21
+1 223
в 0 каналах
| Дата | Привлечение подписчиков | Упоминания | Каналы | |
| 30 июня | +3 | |||
| 29 июня | 0 | |||
| 28 июня | +4 | |||
| 27 июня | 0 | |||
| 26 июня | +3 | |||
| 25 июня | +1 | |||
| 24 июня | 0 | |||
| 23 июня | +2 | |||
| 22 июня | +1 | |||
| 21 июня | +2 | |||
| 20 июня | +1 | |||
| 19 июня | 0 | |||
| 18 июня | +2 | |||
| 17 июня | +1 | |||
| 16 июня | 0 | |||
| 15 июня | 0 | |||
| 14 июня | +5 | |||
| 13 июня | +2 | |||
| 12 июня | +5 | |||
| 11 июня | +4 | |||
| 10 июня | +3 | |||
| 09 июня | +2 | |||
| 08 июня | +1 | |||
| 07 июня | 0 | |||
| 06 июня | 0 | |||
| 05 июня | +2 | |||
| 04 июня | +3 | |||
| 03 июня | +2 | |||
| 02 июня | +1 | |||
| 01 июня | +1 |
Посты канала
– Қайда мұнша, қайда асығып бара жатсың, жан құрбым,
Көктем кеші көңіліңдегі шақыра ма, ғашық ән?
– Мені мына он сегізде ғашық еткен тағдырдың,
Азабынан арылуға асығам.
– Қойшы, құрбым, ең әдемі гүл қыздардай емес пе ек,
Көк әлемін ғашық еткен жұлдыздардай емес пе ек?
– Анашымның көңілінен көрдім, жаным, қиналыс,
Алдап едім, болады деп мана бізде жиналыс...
Ғашық болған құрбыжанға көңілсіздік келмесін,
Бақыты үшін алдап жүрген, апасы мен жеңгесін.
Қыз көңілінде нәзік қиял өжеттікпен таласқан,
Қызға және бірді сүю, бір ұяңдық жарасқан.
– Алдау жөн бе, бар сырыңды төкші онан да анаңа,
"Ана – сыншы,– деген сөз бар,– халқымызда,– балаға".
– Жаным, құрбым, айтар едім, шертер едім бәрін де,
Ұяламын, ұяламын, бұл құпиям мәлім бе?
Қалайынша "бойжеттім" деп, "сүйемін" деп айтамын,
Екіншідей "жиналысқа" жібермесе қайтемін?..
// Ханбибі Есенқарақызы - Ұяң қыздар
| 2 | Сананың улануы дегеннен шығады, қарапайым топонимдерге ден қойып көріңіз. Әбден орныққан "Жерорта теңізі", "Таяу Шығыс", "Орал сырты", "Еділдің арғы жағы", "Каспийдің арғы жағы" деген жүздеген географиялық атаулар бар. Рас, топонимдерде белгілі дәрежеде шарттылық болады. Алайда, бірінші кезекте кім-кімге де танымдық мәні қымбат, танымның объективтілігі шарт. Бұл тұрғыда, жаңағы топонимдердің танымдық мәні салыстырмалы түрде ғана дұрыс екенін аңғару қиын емес. Тек байырғы Грекия тұрғындары ғана емес, кез келген адам өзі басып тұрған мекенді "жердің ортасы" десе қателеспес еді. Немесе, "Таяу Шығыс" таяу болса еуропалықтарға таяу. Ал, Қиыр Шығыстағылар үшін ит өлген жер. Сондай-ақ, "Орал сырты", "Еділдің арғы жағы", "Каспийдің арғы жағы" деген атаулар да еуропалықтардың бағдарлауы бойынша ғана дұрыс. Бергі жақтағылар үшін рухани қиянат. Яғни, адамзатқа ортақ болуға тиісті ақиқат пен таным өзінің объективтілігінен айырылып, тек қана еуропалықтарша ойлаудың немесе елестетудің сойылын соғып отыр. Мұның өзі сайып келгенде, ақиқаттың монополиялануы ғана емес, сонымен бірге ақиқаттың жартыкештенуі де.
Мұндай құбылыс еш уақытта өзімен өзі бола алмайды. Бір сәт елестетіп көруге болады: егер сол ақиқатқа деген монополиялық өктемдік төсіңе өрлеп, басыңа шықса; саған ойлау хұқын бұйыртпай, тек қана орындау хұқын бұйыртса; тек қана "мен жазған ішірткіні рухани дәру ет" десе; Батысқа ұқсаған бір жерің болса іске татып, ұқсамағанның бәрі жабайылықтың айғағы ретінде миыңа құйылса ... Міне, осындай сұмдықтан кейін не болар еді ?! Не болатынын бір ұлт білсе, қазақ білуге тиіс. Түптеп келгенде, этникалық мәңгүрттенудің тетігі де осылар. Нәтижесінде, мұндай этностың әрбір субъектісі екі удай сезімде болып, мәңгілік өз жүрегі өзіне шабуыл жасаумен ғұмыр кешеді. Оның емі - рухани азаттық және рухани жаңғыру. Ұлт үшін азаттық дегеніміз - өз еңбегінің өзіне бұйырып, өз жүрегіңдегіні жасқанбай айта алуы. Өзгенің сені түсінбегені - жаман, ал өзіңді өзің түсінбегенің - қасірет. Бұрынырақта "Өзіңді өзің сыйласаң - жат жаныңнан түңілер" дейтін еді. Енді "Өзіңді өзің түсінсең - жат жаныңнан түңілер" десе тарихтың сұранымына сай келетіндей.
// Ақселеу Сейдімбек
t.me/adebiett | 218 |
| 3 | Білесіз бе?
Мен бүгін сізді күттім,
Сізді күттім өлердей үздігіп тым.
Өкпеледім өзіме, өзіңізге,
Ізі қалмай кеудемде ізгі үміттің.
Қиялдағы қалқаның халін біліп,
Көрейін дедіңіз-ау сағындырып.
Періште сезімімнің қауырсынын,
Хат жаздым сағынышқа малындырып.
Деген ем «жібіместей тас қаттымын»,
Арманыңа асылып асқақтығым,
Сергелдең сезімімнің сері құсы
Жылады жалғыздықтың жастап мұңын.
Тағы бір ай келеді қияқтанып,
Жұлдыздар жатыр оған күй ақтарып.
Көрінесіз, о, ғажап, қалай-қалай
Мен адасқан бал бақыт сияқтанып.
Құбылтып құмбыл заман шырайын көп,
Тұрған шығар тағы өмір сынайын деп.
Бақыттың базарында жүрмін десем,
Сіз маған жабыстыңыз уайым боп…
// Әмина Адайхан - Сізді күттім | 263 |
| 4 | Айт, келін-ау, айт, келін!
Аттың басын тарт, келін!
Сауысқаннан сақ келін!
Жұмыртқадан ақ келін!
Келін, келін, келіншек,
Кер биенің құлыншақ!
Алдынғы түйең итіншек,
Артқы түйең тартыншақ.
Алдынғы түйең итіншек деп,
Артқа соқпа, келіншек.
Артқы түйең тартыншақ деп,
Басқа соқпа, келіншек.
Таңертең тұрып, келіншек,
Қақаңдама, келіншек.
Үй артына мал келсе,
Бақаңдама, келіншек!
Таңертең тұрып, келіншек,
Құрт ұрлама, келіншек.
Өзің жатып, байыңа
Тұр-тұрлама, келіншек.
Аузың-мұрның сүйреңдеп,
Өсек айтпа, келіншек.
Қайын ағаның алдынан
Кесіп өтпе, келіншек!
Сауыр етігің шоңқаңдап,
Тоғай кезбе, келіншек.
Көн етігің қорпылдап,
Ауыл кезбе, келіншек!
Келін, келін, келіңіз,
Көрімдігін беріңіз ...
Жылқы берсең, көктен бер!
Өзі жорға, беріктен бер!
Қайын атаға бір сәлем!
Түйе берсең, атан бер,
Өсеріне бақтан бер!
Қайын енеге бір сәлем!
Сиыр берсең - қарадан,
Сірәда өлмес жарадан.
Қайын ағаға бір сәлем!
Қойды берсең - коңырдан,
Өсеріне оңынан!
Абысынға бір сәлем!
Ешкі берсең - сарыдан,
Мүйізі пышаққа сап болар,
Терісі бұтқа қап болар.
Бұты толған бұлақ болар,
Іші толған лақ болар!
Даусы шыдатпас зарынан:
Қайын ініге бір сәлем!
Ақты қойды айдаған,
Алалы жылқы байлаған,
Осы жанның үлкені -
Атасы, саған бір сәлем! | 298 |
| 5 | Алып келді кеше келін Бек ағам,
Үйімізге тұратұғын жеті адам.
Қайын іні атандым деп мен жүрмін,
Масайып жүр ене болдым деп анам.
Төбесіне қойды ағам, жел үрді,
Оған жеңшем есі кете елірді.
Мысықтай боп келген келін әу баста,
Арыстандай болды, соңы семірді.
Атқарды анам үй жұмысын беріліп,
Жеңшем болса түсте тұрды керіліп.
Сүйкімі жоқ келінінің алдында,
Сүйікті ері танытып жүр серілік.
Жардың таңдай алмапты ағам естісін,
Ғашық болып жоғалтыпты-ау ес-түсін.
Келін алған анашымды қайтейін,
Бір тыным жоқ, таңертең, я кешкісін.
Бес елі екен, апа-ау, маңдай-сорың да,
Бұйырмапты жұмсақ төрден орын да.
Ене деген атың ғана болмаса,
"Келін" болып жүрсің келін қолында.
Көрсең дағы зәбір келін - зұлымнан,
Сөз айтуға жасқанасың ұлыңнан.
Алаңдарға себеп бар-ау, алайда,
Шараң бар ма келініңе жұлынған.
Деп жүргенде ене болдым қандай да,
Біткен екен бетсіз келін маңдайға.
Тілің қысық бірдеңе деп айтуға,
Жүрсең дағы қанық болып мән-жайға.
Араз қылған бізді бөліп ағамнан,
Сөз асырам десем арсыз "мадамнан".
Сес көрсетіп, ағам шығып алдымнан
Жармаса ма деп, қорқамын жағамнан?!
Ез ағама қарап, құшты санам мұң,
Сезіп жүрмін шаршағанын анамның.
Ішке жұтар байғұс анам қайғысын,
Сүйген жары деп,- амалсыз,- баламның.
Анасынан безгендерге алаңмын,
Ең сорлысы болған мынау ғаламның.
Не көрсе де көндігумен күн кешкен,
Аман жүрші, қайран қарты заманның.
// Санжар Ғұлама - Үйдегі келіннің "келіні" | 318 |
| 6 | Біз өзге елдің болмашы тарихын қызықтап, таңдай қаққан, өз байтақ тарихымыздың қадіріне жетпей жүрген жұртпыз. Бүгінгі қазақтың, оның арғы ата тегінің әлем таң қалатындай, кез келген ұлт мақтанатындай айшықты, жүйелі тарихы бар. Біз мекендеп отырған Ұлы далада не бір мемлекеттер дәурен сүрген, ғажайып эпостар, күйлер, әндер туған. Ұлы дала халқының шешендігі, көсемдігі, даналығы, кемеңгерлігі өз алдына бөлек құбылыс, құданың құдіреті сол далалықтарымызды да сыртқа насихаттап, таныта алмай келеміз.
Совет дәуірінде өз тарихымызға өзіміз ие бола алмадық. Өзімізден шыққан ұлыларды Аттила, Томирис деп өзгеше атап жатқа баладық. Енді Құдай теңдік берген кезде әркім өз атасын күйттеп, өз атасына арнап мешіт салып, өз атасына арнап кітап шығара бастады. Соның кесірінен асыл тарихымыз өзгенің тарихындай әлі күнге жат болып келеді.
Мұны дұрыстап жазатындар да бүгінде дүниеде жоқ, жазушы дегендердің қолынан келмейді.
Қазақ топырағынан, қазақтың түпкі аталарынан жаралған не бір ұлылар тек әлемге ғана ортақ болып келеді.
Мен кәсіби тарихшы емеспін, бірақ тарихты бір кісідей білетін кісілердің бірімін. Басқа өңірді айтпай-ақ қояйын, бір ғана Шу өңірінде қаншама қала салынып, қаншама мемлекет салтанат құрмады, дүниеге атағы жеткен қаншама ұлылар туылмады десеңізші! Солардың қатарында ақыннан Либайды (Қытайда өмір сүрген), патшалардан Еділ батырды айтсақ та жеткілікті.
Еділ батыр туралы (Аттила) әлем шулап, жарыса жазысты. "Славянский мир" (1885) дейтін кітаптың Еділ батырға, ғұндарға арналғанын атасақ та жеткілікті.
Еділ патша да сақ-ғұннан тарайды. Аталуы әрқалай болғанымен бұл екеуі бір ұғым.
Еділ батыр - сақ-ғұн, оның дулу тайпасынан. Бүгінгі дулат деп жүргеніміз - сол дулудың жалғасы.
Еділ заманымыздың 400-жылы Шуда туған, 456 жылы дүние салған. Өлімі жайында да әңгіме көп. Баласағұнда оқыған. Жасынан ерекше боп көзге түскен. Әкесі Мыңжық хан болған. Өкіл әкелері де аз болмаған деседі. Жасы 18-ге толғанда пайғамбар болады. Алланың оған берген екінші аты - Ескендір Зұлқарнайын, Еділге Алланың бұл дүниедегі ең үлкен қаһар қылышы табыс етіліпті.
Еділ патша өлген соң денесін бальзамдап Еуропадан еліне әкеліп, Шудың арнасын бұрып, өзеннің табанына жерлеп, Шуды өз арнасына қайта салған екен. Алтын табытқа салып, асыл дүние-мүлкін қоса жерлеген деген сөз бар. Жерлеуіне бес-ақ кісі қатысыпты.
Еділ батыр өлген соң оның әйелі Айша патшалық құрыпты. Құдым-Айшаға да бас уәзір болады.
Еділден - Еллақ, Теңізек, Ернақ, Ерназар, Өтеп, Бес-Қалмақ, Ұзынтұра деген ұлдары қалған. Ернағы Болгарияны билеген екен.
Еділ де Аспантаудың ұрпағы. Бұлар жарты әлемді билеген тектен шығады.
Ендігі жерде тарихшылар да, жазушылар да, ақындар да әлемге әйгілі Еділдей бабамыздың құдіретін, ерлігін, келбетін сыпаттап, жас ұрпақтың санасына ұялатса кәні.
// Мырзатай Жолдасбеков (16.04.2007) | 339 |
| 7 | Мұрша келмей,
Кенеттен абайлауға,
Сәл-ақ қалдым,
Ғұмырды тәмамдауға.
Ажал шіркін,
Қасымнан ағып өтіп,
Уақыт қиды,
Әлі де “амалдауға...”.
О, жаратқан,
Дәрменім, шамам барда,
Асықтырма,
Сапарды тәмамдауға.
Бәрі де өтті, өтеді,
Өте берер,
Мұрсат берші
Өмірді бағамдауға.
Сұрайтыным,
Жүгіндір адамды арға,
Құласам да
Салмашы наданды алға.
Фәниде әлі жүруді жаздың екен
Таба қылма,
Тірлікте жамандарға.
Осындайда
Жаныңды жаралауға,
Қаралауға,
Сыртыңнан табалауға,
Әзір тұрар кей пендең
О, жасаған,
Қор көрсетпе соларға,
Санамды алма!
Өте шыққан
Балдәурен балалығым,
Бір бұрылып,
Артыңа қара бүгін,
Сал дәуренім, жастығым
Сен де көрші,
Тас төбемнен төніп тұр
Нала-күнім.
Сұңқардаймын,
Оқ тиген иінінен.
Тұлпардаймын,
Айырылған үйірінен.
Бұл да өтер...
Жаратқан,
Құлатпа тек
Мені аппақ Арымның биігінен!
// Темір Мыңжас - О, Жаратқан!
t.me/adebiett | 342 |
| 8 | Айнаға күліп қара.
Ол, сірә, мүлік дара.
Күлкіңе күлкі қосад,
Айнаны сен өзіңе досқа бала.
Қайғыңа қайғы қосад,
Жүректің түкпірінде болса жара.
Қасиетті болар тегі.
Жұп қылып көбейтеді.
Жұмбақты кім шешеді,
Бұл айна неге өйтеді?
Үнсіз қалсаң, ол да үнсіз қалады.
Өз бетімен жасайтын жоқ талабы.
Ал, жұмбақ күш тек өзіңнің қолыңда,
Айна деген тек көбейте алады.
// Гүлсара Ысмағұл - Жұмбақ күш
t.me/adebiett | 377 |
| 9 | – Сәлеметсің!
Айта бер шағымыңды!
– Мен – науқаспын! Жүрегі, жаны мұңды.
Дер те жеңген денемді өрт те жеңген,
Қалай басам іштегі жалынымды.
Бір адамды аңсаймын шалғайдағы,
Аңсағаннан ағзамның қалмайды әлі.
Соны ойлаудан есімнен жаңылыстым.
Бересіз қандай дәрі?
Жас арамыз тым алшақ...
Үлкен менен...
Көзімдегі мұңымды күлкі емдеген.
Сол адамның жан сырын ұғынсам.
Түні бойы сырласам үркерменен...
– Белгілері бар дерттің тағы қандай
– Жүрмін ұйқысыздықтан арыла алмай.
Одан басқа адамды көрмейтұғын,
Көздеріме жазасыз дәрі қандай?
Таңым келіп, күн аусын, кешім кетіп,
Есі ауысқандай адамдай есім кетіп.
Сол адамның есімін естігенде,
Баска ештеңе қалмайды есімде түк.
Кандай маған дәрігер шешіміңіз?
Қайтсеңіз де бұл дертті өшіріңіз!
Өтінемін шипасын айтыңызшы!
– Көмектесе алмаймын! Кешіріңіз!
// Жұлдыз Қожабекова - Дәрігермен диалог | 425 |
| 10 | Арғымақ болар құлынды,
Желі басынан танисың.
Азамат болар ұлыңды,
Ел қасынан танисың.
Батыр болар балаңды,
Тұлғасынан танисың,
Жақсы болар балаңды,
Жолдасынан танисың.
Ырысты болар балаңды,
Мал баққаннан танисың.
Кедей болар балаңды,
Көп жатқаннан танисың.
Ұры болар балаңды,
Түн қатқаннан танисың.
Сараң болар балаңды,
Зар қаққаннан танисың.
Шешен болар балаңды,
Тіл қатқаннан танисың.
Епті болар балаңды,
Ым қаққаннан танисың.
Шаруа болар балаңды,
Шөп шапқаннан танисың,
Үйкүшік болар балаңды,
От жаққаннан танисың.
Ұста болар балаңды,
Балғасынан танисың.
Шебер болар балаңды,
Балтасынан танисың.
Қыздың қандай боларын,
Анасынан танисың.
Қасың менен досыңды,
Қарасынан танисың.
Ісмер болар қызыңды,
Бармағынан танисың.
Асыл менен жасықты,
Салмағынан танисың.
// Кенен Әзірбаев - Қалай танисың? | 442 |
| 11 | Болмайды сұлу қулықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп салған жерден кекесін деп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.
Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
Еріне былшылдайды елді шағып.
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап сылбыр қағып.
Аулақта жайғастырып айтсаңдағы,
Құлағынан кетеді судай ағып.
Ұрысуға болдырмайды үш күн салса,
Сөйлесе ілестірмес сәумең қағып.
Кісіге күле сөйлеп келмес жанап,
Былшылдар ел көзіне байын қамап.
Таусылды күні-түні ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.
Көжені көп ішеді оңашалап,
Құрда боп үсті-басы сары алалап.
Ерінен сөйлегенде қалыспайды,
Сүйреңдеп алды-артынан жанасалап.
Біреумен құрып отыр қатын кеңес,
Сөздерін алмашалап салып егес.
Әу демес шақырғанда, қайда десең,
Өзіңмен сөз сөйлейді болып теңдес.
Құман жатыр күл болып домаланып,
Шақ етер «қайда?» десең айқай салып.
Құйғаны ақшыл шама құманына,
Шаймен дәрет аласың тазаланып.
Сыпырмас үйдің ішін киіз қағып,
Ешуақыт шаруа қылмас отын жағып,
Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Бойыңда қадыр, баға қалар нағып.
Кетеді таң атқан соң өсек қуып,
Көрмеген тазалықты бұрын туып.
Тыстан келсек от сөнген, үй қараңғы,
Кетеді көргеннен соң ішің суып.
Күлде жатқан қақпышты жеңмен сүртіп,
Тозаңдай тазалыққа келмес жуық.
Үй іші, шаруамен жұмысы жоқ,
Именбес ері ұрысса биттей бұғып.
Жаулығы желкесіне кетер қашып,
Еріне қарсы сөйлер көңлін басып.
Шығарып барлық шашын қоя беріп.
Тұзы жоқ көжесінің төгіп-шашып.
Орамал жерде жатыр, кірі – батпан,
Салдырлап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтінен шелектегі ит жаласа,
Кет деп еш айтпайды құдай атқан.
Бұл сөзім бәрі өсиет құлақ салса,
Отырар үй жанына түзге барса.
Бүркенбес, белін шешпес еш уақытта,
Бұл мінезін, болмас жаман, есіне алса.
Отырар екі етегін жерге жайып,
Кетеді тізелері адырайып.
Бүркенген иығында еш нәрсе жоқ,
Өзіне бұл мінезі болмайды айып.
// Ақан сері Қорамсаұлы - Жаман қатын | 401 |
| 12 | Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі. Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы да құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақыры бар күшін салып, қисая-мисая барып тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды:
«Құдай Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай, жұмыс жұмыстап жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті. Тамның басына шықты, мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен»,- деп ойынын тастап, қалаға барды.
Қалада бір зор білімді оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған.
// Ыбырай Алтынсарин | 386 |
| 13 | Күн батты,
Міне, кеш кірді.
Жанымнан бір үн естілді.
"Рахатқа бола бес күнгі
Ренжіте көрме ешкімді!"
Тағы да бір күн кеш кірген,
Тағы да бір үн естілген.
"Азаматсың ғой ес кірген
Жауласа көрме ешкіммен!"
Бүгін де, міне, түн келді,
Құлаққа таныс үн келді,
"Адасып өмір сүрме енді,
Аулаққа салғын іргеңді".
Сау еді санам тегінде,
Жынданар осы шегім бе?!
Еркімді алды менің не?
Өмір ме әлде өлім бе?!
Үрейді бір сәт ұмыттым,
Өзіме-өзім сыр ұқтым.
Өзіме-өзім сыбырлап,
Өсиет айтып тұрыппын.
Шегі де бар ғой төзудің,
Келіп тұр енді көз ілгім.
Жынданып бір күн кетермін,
Жетегіне ерсем сезімнің...
// Мұқағали Мақатаев
t.me/adebiett | 455 |
| 14 | Жақсы күнің көп болсын,
Уайымың жоқ болсын.
Елің-жұртың, отбасың
Аш болмасын, тоқ болсын!
Көйлектері көк болсын!
Шаңыраққа бақ қонсын!
Жүрген жолың ақ болсын.
Өсіп-өніп ұл-қызың,
Намыстары от болсын!
Қиындыққа тап болса,
Хақ Жаратқан жақ болсын!
// Ақылбек Шаяхмет - Шаңыраққа бата
t.me/adebiett | 489 |
| 15 | Бүгін бір бойдақ үйленіп жатыр
Үйленіп жатыр түк білмей!
Үйге қайтуды үйреніп жатыр,
Жас келіншегін күттірмей!
Қосылған едi сағынып жүріп!
Араға түспе, сайтан-ай !
Мен құсап бүгін тағы бiр жігіт,
Қуанып отыр байқамай!
Көрсетер бəрiн екi ел маңдай!
Жазды өткізбеңдер күзді аңсап!
Жiгiт біткеннің бөтені бардай
Арудың бəрi қызғаншақ!
Олардың тілі - Тірі шаяны,
Шақса да шаршап келгенде!
Досым-ау, үйдiң ыдыс-аяғы,
Сылдырмақ емес сендерге!
Қадірін түсін қадірлегеннің!
Қожайынысың оттың сен!
Құлдырамайсың жаным дегеннің,
Синонимдерін көп бiлсең!
Үйлену оңай, үй болу қиын!
Деген мақал да өтiрiк!
Келіншегіңмен кейде бір жиын,
Жасасаң болды отырып.
Біледі жарың білмейтініңді
Білгеніңді айтып жүрерсің!
Мен неге тегін жүрмейтінімді
Бір жылға жетпей білерсің!
// Қайнар Алагөзов - Жас отағасына | 501 |
| 16 | Екі жүз жыл. Сен туғалы, Махамбет,
Екі жүз жыл жұлдыздарға ұмтылғалы, Махамбет.
Дұшпаның да, зымыраған жылдар да
Келмеді ғой сені мәңгі құртуға әлі, Махамбет.
Сен жыл сайын биіктедің, асқақтадың, Махамбет.
Жамандықтың жармасатын жасқап бәрін, Махамбет.
Көтерілдің биігіне даңқтың да абыройдың,
Өр өзен боп кең далада босқа ақпадың, Махамбет,
Жырларыңды бала кезде жатқа айтып ем, Махамбет.
Жігітімде жігіттерге мақтайтын ем, Махамбет
Ақындық та ұлы майдан, бір майданда жеңілсем,
Келесі бір жеңістерге баптайтын ең, Махамбет.
Сенше кетсек, бұл дүниеге сенше келіп, Махамбет,
Халық деген ұлы анадан емшек еміп, Махамбет.
Ақындық пен батырлықтың туын бірдей көтеріп,-
Санамызда от боп жандың өршеленіп, Махамбет.
Сен тірісің әлі күнге, сен өлмедің, Махамбет,
Шың, асуда атың тайып бөгелмедің, Махамбет.
Ақындықтың хас батырлық екендігін, ендеше.
Өміріңмен өзің кешкен дәлелдедің, Махамбет.
Ел жадында мәңгі бақи есен ерсің, Махамбет,
Саған деген ел пейілі еселенсін, Махамбет.
Дәл өзіндей атқа мініп, дәл өзіндей жыр толғап,
Келетұғын ұрпақтарың өсе берсін, Махамбет!
// Тұманбай Молдағалиев - Махамбет | 515 |
| 17 | Бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қуанып оянсын!
Қазақ әдебиеті | 516 |
| 18 | Қайтыс болар алдын Арыстанбаб әулие жиналған ел-жұртқа: «Менің сүйегімді ақ аруанаға артып, басын бос қоя беріңдер, түйе қай жерге шөксе – сол жер бейітім болсын»,– депті.
Ел-жұрт солай етсе, ақ аруана біраз жерді шарлап-шарлап барыпты да қазіргі сағанасы тұрған жерге шөгіпті деседі. Сонан сол жер Арыстанбаб басы деп аталып кетеді.
Бірде Ақсақ Темір әмір беріп Қожа Ахмет Яссауиға зор ғимарат салдыра бастапты. Қабырғасы көтеріле бергенде, бір нән өгіз келіп бұзып кетеді. Ұсталар жабылып ғимаратты қайта тұрғызады, еңсесін биіктетіп, күмбезін де көтере бастайды.
Бір түні ол тағы құлап қалады. Ел аң-таң болады. Ақсақ Темір ойланып жатып, ұйықтап кетсе, түсінде оған бір ақсақал кісі аян береді. Ол - Қожа Ахмет Яссауи жарықтық екен дейді.
«Ғимаратты алдымен менің ұстазым Арыстанбабқа тұрғызыңдар» депті. Ақсақ Темір бар әскерін қатар қойып Түркістаннан 60 шақырым Отырарға кірпіш тасытып, Арыстанбаб әулиеге сағана тұрғызыпты.
Арыстанбаб әулие жөнінде:
Самарқанда сансыз бап,
Түркістанда түмен бап,
Отырарда отыз баб,
Ең үлкені – Арыстан баб,–
деген нақыл содан қалыпты.
Қазақ әдебиеті | 572 |
| 19 | Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй,
Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй.
Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ үй,
Батырларға бекініс қамал болған қазақ үй.
Бұл ғажап үй төзімді аязыңа, қысыңа,
Жайбар жауса нөсерлі, су болар деп қысылма.
Сол себепті ол даланың қақ төрінде тұрады,
Қай жолаушы болса да, аттың басын бұрады.
Ата-бабам мекені, баспанасы – осы үй,
Кең далада қазақтың астанасы – осы үй.
Абай атам отырып, өлең жазған қазақ үй,
Қазақ, орыс досын да қабылдаған ғажап үй.
Арман-мұңын жыр етті менің атам Жамбыл да,
Дүниені толтырып бөлендірді əн-жырға.
Даласындай кең келер киіз үйі елімнің,
Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін.
Əн шырқасаң керемет ашып қойып түндікті,
Жымыңдаған жұлдызы сұлу-ақ қой түн тіпті.
Сайрағанын бұлбұлдың жеткізеді кереге,
Түріп қойсаң кереге – кəдімгі бір терезе.
Самал соқса іргеден бетіңізді аймалап,
Сығаласа түндіктен жылт-жылт етіп Ай қарап.
Шіркін, сонда ұйықтамай, жатар едің балбырап,
Ағып жатса тұсыңнан сылдырлаған балбұлақ.
Бақыт таңын сондағы ұмытуға мүмкін бе,
Балалыққа қайтадан ораласың бір күнде.
Өмір – деген мықтының қызығына тоймайсың,
Сол өмірдің сол үйде қысқалығын ойлайсың.
Даласындай кең келер киіз үйі елімнің,
Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін.
// Рза Қунақова - Қазақ үй | 585 |
| 20 | Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй,
Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй.
Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ үй,
Батырларға бекініс қамал болған қазақ үй.
Бұл ғажап үй төзімді аязыңа, қысыңа,
Жайбар жауса нөсерлі, су болар деп қысылма.
Сол себепті ол даланың қақ төрінде тұрады,
Қай жолаушы болса да, аттың басын бұрады.
Ата-бабам мекені, баспанасы – осы үй,
Кең далада қазақтың астанасы – осы үй.
Абай атам отырып, өлең жазған қазақ үй,
Қазақ, орыс досын да қабылдаған ғажап үй.
Арман-мұңын жыр етті менің атам Жамбыл да,
Дүниені толтырып бөлендірді əн-жырға.
Даласындай кең келер киіз үйі елімнің,
Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін.
Əн шырқасаң керемет ашып қойып түндікті,
Жымыңдаған жұлдызы сұлу-ақ қой түн тіпті.
Сайрағанын бұлбұлдың жеткізеді кереге,
Түріп қойсаң кереге – кəдімгі бір терезе.
Самал соқса іргеден бетіңізді аймалап,
Сығаласа түндіктен жылт-жылт етіп Ай қарап.
Шіркін, сонда ұйықтамай, жатар едің балбырап,
Ағып жатса тұсыңнан сылдырлаған балбұлақ.
Бақыт таңын сондағы ұм | 1 |
Уже доступно! Исследование Telegram 2025 — ключевые инсайты года 
