es
Feedback
Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Ir al canal en Telegram

Қазақ әдебиеті

Mostrar más
2 174
Suscriptores
Sin datos24 horas
-67 días
-2330 días

Carga de datos en curso...

Nube de Etiquetas
Sin datos
¿Algún problema? Por favor, actualice la página o contacte a nuestro gerente de soporte.
Menciones Entrantes y Salientes
---
---
---
---
---
---
Atraer Suscriptores
junio '26
junio '26
+35
en 1 canales
mayo '26
+44
en 1 canales
Get PRO
abril '26
+92
en 1 canales
Get PRO
marzo '26
+66
en 1 canales
Get PRO
febrero '26
+75
en 1 canales
Get PRO
enero '26
+85
en 2 canales
Get PRO
diciembre '25
+60
en 1 canales
Get PRO
noviembre '25
+93
en 1 canales
Get PRO
octubre '25
+109
en 2 canales
Get PRO
septiembre '25
+117
en 2 canales
Get PRO
agosto '25
+74
en 1 canales
Get PRO
julio '25
+70
en 1 canales
Get PRO
junio '25
+56
en 1 canales
Get PRO
mayo '25
+48
en 1 canales
Get PRO
abril '25
+71
en 1 canales
Get PRO
marzo '25
+70
en 1 canales
Get PRO
febrero '25
+89
en 2 canales
Get PRO
enero '25
+89
en 0 canales
Get PRO
diciembre '24
+60
en 1 canales
Get PRO
noviembre '24
+85
en 0 canales
Get PRO
octubre '24
+95
en 0 canales
Get PRO
septiembre '24
+144
en 1 canales
Get PRO
agosto '24
+72
en 1 canales
Get PRO
julio '24
+57
en 1 canales
Get PRO
junio '24
+68
en 1 canales
Get PRO
mayo '24
+88
en 0 canales
Get PRO
abril '24
+98
en 1 canales
Get PRO
marzo '24
+75
en 0 canales
Get PRO
febrero '24
+139
en 1 canales
Get PRO
enero '24
+181
en 1 canales
Get PRO
diciembre '23
+131
en 0 canales
Get PRO
noviembre '23
+126
en 1 canales
Get PRO
octubre '23
+92
en 0 canales
Get PRO
septiembre '23
+142
en 0 canales
Get PRO
agosto '23
+87
en 0 canales
Get PRO
julio '23
+97
en 0 canales
Get PRO
junio '23
+70
en 0 canales
Get PRO
mayo '23
+80
en 0 canales
Get PRO
abril '23
+91
en 0 canales
Get PRO
marzo '23
+103
en 0 canales
Get PRO
febrero '23
+136
en 0 canales
Get PRO
enero '23
+141
en 0 canales
Get PRO
diciembre '22
+106
en 0 canales
Get PRO
noviembre '22
+158
en 0 canales
Get PRO
octubre '22
+124
en 0 canales
Get PRO
septiembre '22
+139
en 0 canales
Get PRO
agosto '22
+108
en 0 canales
Get PRO
julio '22
+89
en 0 canales
Get PRO
junio '22
+82
en 0 canales
Get PRO
mayo '22
+95
en 0 canales
Get PRO
abril '22
+126
en 0 canales
Get PRO
marzo '22
+130
en 0 canales
Get PRO
febrero '22
+180
en 0 canales
Get PRO
enero '22
+154
en 0 canales
Get PRO
diciembre '21
+98
en 0 canales
Get PRO
noviembre '21
+122
en 0 canales
Get PRO
octubre '21
+145
en 0 canales
Get PRO
septiembre '21
+118
en 0 canales
Get PRO
agosto '21
+101
en 0 canales
Get PRO
julio '21
+99
en 0 canales
Get PRO
junio '21
+66
en 0 canales
Get PRO
mayo '21
+109
en 0 canales
Get PRO
abril '21
+143
en 0 canales
Get PRO
marzo '21
+1 223
en 0 canales
Fecha
Crecimiento de Suscriptores
Menciones
Canales
20 junio+1
19 junio0
18 junio+2
17 junio+1
16 junio0
15 junio0
14 junio+5
13 junio+2
12 junio+5
11 junio+4
10 junio+3
09 junio+2
08 junio+1
07 junio0
06 junio0
05 junio+2
04 junio+3
03 junio+2
02 junio+1
01 junio+1
Publicaciones del Canal
– Сәлеметсің! Айта бер шағымыңды! – Мен – науқаспын! Жүрегі, жаны мұңды. Дер те жеңген денемді өрт те жеңген, Қалай басам ішт
– Сәлеметсің! Айта бер шағымыңды! – Мен – науқаспын! Жүрегі, жаны мұңды. Дер те жеңген денемді өрт те жеңген, Қалай басам іштегі жалынымды. Бір адамды аңсаймын шалғайдағы, Аңсағаннан ағзамның қалмайды әлі. Соны ойлаудан есімнен жаңылыстым. Бересіз қандай дәрі? Жас арамыз тым алшақ... Үлкен менен... Көзімдегі мұңымды күлкі емдеген. Сол адамның жан сырын ұғынсам. Түні бойы сырласам үркерменен... – Белгілері бар дерттің тағы қандай – Жүрмін ұйқысыздықтан арыла алмай. Одан басқа адамды көрмейтұғын, Көздеріме жазасыз дәрі қандай? Таңым келіп, күн аусын, кешім кетіп, Есі ауысқандай адамдай есім кетіп. Сол адамның есімін естігенде, Баска ештеңе қалмайды есімде түк. Кандай маған дәрігер шешіміңіз? Қайтсеңіз де бұл дертті өшіріңіз! Өтінемін шипасын айтыңызшы! – Көмектесе алмаймын! Кешіріңіз! // Жұлдыз Қожабекова - Дәрігермен диалог

2
Арғымақ болар құлынды, Желі басынан танисың. Азамат болар ұлыңды, Ел қасынан танисың. Батыр болар балаңды, Тұлғасынан танисың, Жақсы болар балаңды, Жолдасынан танисың. Ырысты болар балаңды, Мал баққаннан танисың. Кедей болар балаңды, Көп жатқаннан танисың. Ұры болар балаңды, Түн қатқаннан танисың. Сараң болар балаңды, Зар қаққаннан танисың. Шешен болар балаңды, Тіл қатқаннан танисың. Епті болар балаңды, Ым қаққаннан танисың. Шаруа болар балаңды, Шөп шапқаннан танисың, Үйкүшік болар балаңды, От жаққаннан танисың. Ұста болар балаңды, Балғасынан танисың. Шебер болар балаңды, Балтасынан танисың. Қыздың қандай боларын, Анасынан танисың. Қасың менен досыңды, Қарасынан танисың. Ісмер болар қызыңды, Бармағынан танисың. Асыл менен жасықты, Салмағынан танисың. // Кенен Әзірбаев - Қалай танисың?
172
3
Болмайды сұлу қулықты жаман қатын, Білмейді оқытсаң да сөздің салтын. Ілмелеп салған жерден кекесін деп, Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын. Кетеді таң атқан соң өсек бағып, Еріне былшылдайды елді шағып. Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса, Жүреді теріс қарап сылбыр қағып. Аулақта жайғастырып айтсаңдағы, Құлағынан кетеді судай ағып. Ұрысуға болдырмайды үш күн салса, Сөйлесе ілестірмес сәумең қағып. Кісіге күле сөйлеп келмес жанап, Былшылдар ел көзіне байын қамап. Таусылды күні-түні ет пен шай деп, Қонағын қыстай келген бәрін санап. Көжені көп ішеді оңашалап, Құрда боп үсті-басы сары алалап. Ерінен сөйлегенде қалыспайды, Сүйреңдеп алды-артынан жанасалап. Біреумен құрып отыр қатын кеңес, Сөздерін алмашалап салып егес. Әу демес шақырғанда, қайда десең, Өзіңмен сөз сөйлейді болып теңдес. Құман жатыр күл болып домаланып, Шақ етер «қайда?» десең айқай салып. Құйғаны ақшыл шама құманына, Шаймен дәрет аласың тазаланып. Сыпырмас үйдің ішін киіз қағып, Ешуақыт шаруа қылмас отын жағып, Тазалық үй ішінде болмаған соң, Бойыңда қадыр, баға қалар нағып. Кетеді таң атқан соң өсек қуып, Көрмеген тазалықты бұрын туып. Тыстан келсек от сөнген, үй қараңғы, Кетеді көргеннен соң ішің суып. Күлде жатқан қақпышты жеңмен сүртіп, Тозаңдай тазалыққа келмес жуық. Үй іші, шаруамен жұмысы жоқ, Именбес ері ұрысса биттей бұғып. Жаулығы желкесіне кетер қашып, Еріне қарсы сөйлер көңлін басып. Шығарып барлық шашын қоя беріп. Тұзы жоқ көжесінің төгіп-шашып. Орамал жерде жатыр, кірі – батпан, Салдырлап аяқ-табақ қирап жатқан. Сүтінен шелектегі ит жаласа, Кет деп еш айтпайды құдай атқан. Бұл сөзім бәрі өсиет құлақ салса, Отырар үй жанына түзге барса. Бүркенбес, белін шешпес еш уақытта, Бұл мінезін, болмас жаман, есіне алса. Отырар екі етегін жерге жайып, Кетеді тізелері адырайып. Бүркенген иығында еш нәрсе жоқ, Өзіне бұл мінезі болмайды айып. // Ақан сері Қорамсаұлы - Жаман қатын
199
4
Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шарша
Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі. Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы да құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақыры бар күшін салып, қисая-мисая барып тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай, жұмыс жұмыстап жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті. Тамның басына шықты, мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен»,- деп ойынын тастап, қалаға барды. Қалада бір зор білімді оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс. Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған. // Ыбырай Алтынсарин
236
5
Күн батты, Міне, кеш кірді. Жанымнан бір үн естілді. "Рахатқа бола бес күнгі Ренжіте көрме ешкімді!" Тағы да бір күн кеш кірг
Күн батты, Міне, кеш кірді. Жанымнан бір үн естілді. "Рахатқа бола бес күнгі Ренжіте көрме ешкімді!" Тағы да бір күн кеш кірген, Тағы да бір үн естілген. "Азаматсың ғой ес кірген Жауласа көрме ешкіммен!" Бүгін де, міне, түн келді, Құлаққа таныс үн келді, "Адасып өмір сүрме енді, Аулаққа салғын іргеңді". Сау еді санам тегінде, Жынданар осы шегім бе?! Еркімді алды менің не? Өмір ме әлде өлім бе?! Үрейді бір сәт ұмыттым, Өзіме-өзім сыр ұқтым. Өзіме-өзім сыбырлап, Өсиет айтып тұрыппын. Шегі де бар ғой төзудің, Келіп тұр енді көз ілгім. Жынданып бір күн кетермін, Жетегіне ерсем сезімнің... // Мұқағали Мақатаев t.me/adebiett
285
6
Жақсы күнің көп болсын, Уайымың жоқ болсын. Елің-жұртың, отбасың Аш болмасын, тоқ болсын! Көйлектері көк болсын! Шаңыраққа ба
Жақсы күнің көп болсын, Уайымың жоқ болсын. Елің-жұртың, отбасың Аш болмасын, тоқ болсын! Көйлектері көк болсын! Шаңыраққа бақ қонсын! Жүрген жолың ақ болсын. Өсіп-өніп ұл-қызың, Намыстары от болсын! Қиындыққа тап болса, Хақ Жаратқан жақ болсын! // Ақылбек Шаяхмет - Шаңыраққа бата t.me/adebiett
331
7
Бүгін бір бойдақ үйленіп жатыр Үйленіп жатыр түк білмей! Үйге қайтуды үйреніп жатыр, Жас келіншегін күттірмей! Қосылған едi сағынып жүріп! Араға түспе, сайтан-ай ! Мен құсап бүгін тағы бiр жігіт, Қуанып отыр байқамай! Көрсетер бəрiн екi ел маңдай! Жазды өткізбеңдер күзді аңсап! Жiгiт біткеннің бөтені бардай Арудың бəрi қызғаншақ! Олардың тілі - Тірі шаяны, Шақса да шаршап келгенде! Досым-ау, үйдiң ыдыс-аяғы, Сылдырмақ емес сендерге! Қадірін түсін қадірлегеннің! Қожайынысың оттың сен! Құлдырамайсың жаным дегеннің, Синонимдерін көп бiлсең! Үйлену оңай, үй болу қиын! Деген мақал да өтiрiк! Келіншегіңмен кейде бір жиын, Жасасаң болды отырып. Біледі жарың білмейтініңді Білгеніңді айтып жүрерсің! Мен неге тегін жүрмейтінімді Бір жылға жетпей білерсің! // Қайнар Алагөзов - Жас отағасына
350
8
Екі жүз жыл. Сен туғалы, Махамбет, Екі жүз жыл жұлдыздарға ұмтылғалы, Махамбет. Дұшпаның да, зымыраған жылдар да Келмеді ғой сені мәңгі құртуға әлі, Махамбет. Сен жыл сайын биіктедің, асқақтадың, Махамбет. Жамандықтың жармасатын жасқап бәрін, Махамбет. Көтерілдің биігіне даңқтың да абыройдың, Өр өзен боп кең далада босқа ақпадың, Махамбет, Жырларыңды бала кезде жатқа айтып ем, Махамбет. Жігітімде жігіттерге мақтайтын ем, Махамбет Ақындық та ұлы майдан, бір майданда жеңілсем, Келесі бір жеңістерге баптайтын ең, Махамбет. Сенше кетсек, бұл дүниеге сенше келіп, Махамбет, Халық деген ұлы анадан емшек еміп, Махамбет. Ақындық пен батырлықтың туын бірдей көтеріп,- Санамызда от боп жандың өршеленіп, Махамбет. Сен тірісің әлі күнге, сен өлмедің, Махамбет, Шың, асуда атың тайып бөгелмедің, Махамбет. Ақындықтың хас батырлық екендігін, ендеше. Өміріңмен өзің кешкен дәлелдедің, Махамбет. Ел жадында мәңгі бақи есен ерсің, Махамбет, Саған деген ел пейілі еселенсін, Махамбет. Дәл өзіндей атқа мініп, дәл өзіндей жыр толғап, Келетұғын ұрпақтарың өсе берсін, Махамбет! // Тұманбай Молдағалиев - Махамбет
364
9
Бесікті аластау Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәлесі көш! Алас, алас, бәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас! Тілі
Бесікті аластау Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәлесі көш! Алас, алас, бәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас! Алас, алас, аласы, Келді, міне, баласы. Көш, көш, пәлесі, Келді, міне, егесі. Аталарың ақырса, одан қорықпа, Аналарың, ағаларың шақырса, одан қорықпа, Ойнақтаған лақтан қорықпа, Сылдыраған бұлақтан қорықпа. Тулаған тайдан, Қуалаған ботадан қорықпа! Маң төбеттей ұйқылы бол, Түлкінің баласындай күлкілі бол. Алас, алас, аласы, Келді, міне, баласы. Ұйықтап дем алсын, Қуанып оянсын! Қазақ әдебиеті
389
10
Қайтыс болар алдын Арыстанбаб әулие жиналған ел-жұртқа: «Менің сүйегімді ақ аруанаға артып, басын бос қоя беріңдер, түйе қай жерге шөксе – сол жер бейітім болсын»,– депті. Ел-жұрт солай етсе, ақ аруана біраз жерді шарлап-шарлап барыпты да қазіргі сағанасы тұрған жерге шөгіпті деседі. Сонан сол жер Арыстанбаб басы деп аталып кетеді. Бірде Ақсақ Темір әмір беріп Қожа Ахмет Яссауиға зор ғимарат салдыра бастапты. Қабырғасы көтеріле бергенде, бір нән өгіз келіп бұзып кетеді. Ұсталар жабылып ғимаратты қайта тұрғызады, еңсесін биіктетіп, күмбезін де көтере бастайды. Бір түні ол тағы құлап қалады. Ел аң-таң болады. Ақсақ Темір ойланып жатып, ұйықтап кетсе, түсінде оған бір ақсақал кісі аян береді. Ол - Қожа Ахмет Яссауи жарықтық екен дейді. «Ғимаратты алдымен менің ұстазым Арыстанбабқа тұрғызыңдар» депті. Ақсақ Темір бар әскерін қатар қойып Түркістаннан 60 шақырым Отырарға кірпіш тасытып, Арыстанбаб әулиеге сағана тұрғызыпты. Арыстанбаб әулие жөнінде: Самарқанда сансыз бап, Түркістанда түмен бап, Отырарда отыз баб, Ең үлкені – Арыстан баб,– деген нақыл содан қалыпты. Қазақ әдебиеті
466
11
Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй, Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй. Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ үй, Батырларға бекініс қамал болған қазақ үй. Бұл ғажап үй төзімді аязыңа, қысыңа, Жайбар жауса нөсерлі, су болар деп қысылма. Сол себепті ол даланың қақ төрінде тұрады, Қай жолаушы болса да, аттың басын бұрады. Ата-бабам мекені, баспанасы – осы үй, Кең далада қазақтың астанасы – осы үй. Абай атам отырып, өлең жазған қазақ үй, Қазақ, орыс досын да қабылдаған ғажап үй. Арман-мұңын жыр етті менің атам Жамбыл да, Дүниені толтырып бөлендірді əн-жырға. Даласындай кең келер киіз үйі елімнің, Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін. Əн шырқасаң керемет ашып қойып түндікті, Жымыңдаған жұлдызы сұлу-ақ қой түн тіпті. Сайрағанын бұлбұлдың жеткізеді кереге, Түріп қойсаң кереге – кəдімгі бір терезе. Самал соқса іргеден бетіңізді аймалап, Сығаласа түндіктен жылт-жылт етіп Ай қарап. Шіркін, сонда ұйықтамай, жатар едің балбырап, Ағып жатса тұсыңнан сылдырлаған балбұлақ. Бақыт таңын сондағы ұмытуға мүмкін бе, Балалыққа қайтадан ораласың бір күнде. Өмір – деген мықтының қызығына тоймайсың, Сол өмірдің сол үйде қысқалығын ойлайсың. Даласындай кең келер киіз үйі елімнің, Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін. // Рза Қунақова - Қазақ үй
460
12
Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй, Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй. Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ ү
Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй, Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй. Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ үй, Батырларға бекініс қамал болған қазақ үй. Бұл ғажап үй төзімді аязыңа, қысыңа, Жайбар жауса нөсерлі, су болар деп қысылма. Сол себепті ол даланың қақ төрінде тұрады, Қай жолаушы болса да, аттың басын бұрады. Ата-бабам мекені, баспанасы – осы үй, Кең далада қазақтың астанасы – осы үй. Абай атам отырып, өлең жазған қазақ үй, Қазақ, орыс досын да қабылдаған ғажап үй. Арман-мұңын жыр етті менің атам Жамбыл да, Дүниені толтырып бөлендірді əн-жырға. Даласындай кең келер киіз үйі елімнің, Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін. Əн шырқасаң керемет ашып қойып түндікті, Жымыңдаған жұлдызы сұлу-ақ қой түн тіпті. Сайрағанын бұлбұлдың жеткізеді кереге, Түріп қойсаң кереге – кəдімгі бір терезе. Самал соқса іргеден бетіңізді аймалап, Сығаласа түндіктен жылт-жылт етіп Ай қарап. Шіркін, сонда ұйықтамай, жатар едің балбырап, Ағып жатса тұсыңнан сылдырлаған балбұлақ. Бақыт таңын сондағы ұм
1
13
Ертеде сүп-сүйкімді бір қыз болыпты. Шешесі оны өте жақсы көреді екен, әжесі де оны жанындай жақсы көріпті. Бірде мейірімді кемпір немересіне қызыл телпек тігіп беріпті. Телпек оған сондай жарасады екен. Содан жұрт қыздың өзін де Қызыл Телпек деп атап кетіпті. Бір күні шешесі күлше нан пісіріп, Қызыл Телпекке былай дейді: – Әжең науқас көрінеді. Барып көңілін сұра, мына күлше мен бір құмыра майды соған апарып бер. Қызыл Телпек дереу жолға шығады. Баратын жері алыс еді, әжесі орманның арғы жағындағы екінші бір ауылда тұрады екен. Қызыл Телпек орман ішімен жүріп келе жатады. Бір кезде қарсы алдынан қасқыр шығады. Қасқыр оны жеп қойғысы келеді, бірақ қорқады, себебі өте жақын жерде отыншылар жұмыс істеп жүр екен. Қасқыр Қызыл Телпектен: – Қайда барасың?–деп сұрайды. Қасқырдың зұлым екенін және онымен сөйлесудің қауіпті екенін білмеген аңқау қыз: – Әжемнің халін білуге бара жатырмын. Оған апамның сәлемдемесін, мына күлше мен бір құмыра майды, апарып беремін, - дейді. – Әжең алыста тұра ма? - дейді Қасқыр. – Өте алыс тұрады, - дейді Қызыл Телпек. - Анау диірменді, сол диірменнің арғы жағындағы ауылды көріп тұрсыз ба, әжем сол ауылдың шет жағындағы бірінші үйде тұрады. – Білесің бе?– дейді Қасқыр. – Мен де сенің әжеңнің халін білгім келеді. Бірақ сен мына соқпақ жолмен жүр, ал мен анау соқпақ жолмен кетейін. Қайсымыз бұрын барар екенбіз? Қасқыр өзіне ең төте жолды таңдап алып, бар пәрменімен жүгіре жөнеледі. Ал Қызыл Телпек асықпай, ең алыс жолмен жүріп кетеді. Ол жолшыбай жаңғақ жинап, көбелек қуып, гүл тереді. Қасқыр лезде кемпірдің үйіне келіп, есігін қағады: – Тық-тық! – Бұл кім?– дейді кемпір. – Бұл мен, сіздің немереңіз Қызыл Телпекпін,– дейді Қасқыр даусын жіңішкертіп. – Мен сізге апамның сәлемдемесін, күлше нан мен бір құмыра май әкелдім. Кемпір шынында да науқастанып төсекте жатыр екен. Сол себепті орнынан тұрмастан: – Жіпті тартып қалсаң, есіктің ілгегі ашылады!– деп айқайлайды. Қасқыр жіпті тартып қалған кезде, есік ашылып кетеді. Үш күн бойы нәр татпай, қатты ашыққан қасқыр кемпірді бас салып, жұтып қояды. Содан кейін ол есікті жауып алып, кемпірдің төсегіне жатады да, Қызыл Телпектің келуін күтеді. Біраздан соң Қызыл Телпек есік қағады: – Тық-тық! – Бұл кім?– дейді Қасқыр даусы қырылдап. – Бұл мен, сіздің немереңіз Қызыл Телпекпін. Мен сізге апамның сәлемдемесін, күлше нан мен бір құмыра май әкелдім,– дейді. – Жіпті тартып қалсаң, есіктің ілгегі ашылады,– дейді Қасқыр даусын жіңішкерте сөйлеп. Қызыл Телпек жіпті тартып қалған кезде, есік ашылып кетеді. Қызыл Телпек үйге кірісімен-ақ Қасқыр көрпенің астына жасырынып: – Күлше мен құмыраңды сандықтың үстіне қой да өзің менің төсегіме жатып, біраз демал,– дейді. Қызыл Телпек төсекке жатады. – Әже, мынадай үлкен қолдың не керегі бар сізге?– дейді ол Қасқырдың серейген ұзын қолдарына таңырқай қарап. – Сені қаттырақ құшақтау үшін, балам. – Әже, ал мынадай үлкен аяқтың сізге не қажеті бар? – Жылдам жүгіру үшін, балам. – Әже, ал мынадай үлкен құлақтың сізге не керегі бар? – Жақсырақ есту үшін, балам. – Әже, ал мынадай үлкен көздің сізге не қажеті бар? – Жақсырақ көру үшін, балақайым. – Әже, ал мынадай үлкен тістің сізге не керегі бар? – Сені жеп қою үшін!– деп, Қасқыр Қызыл Телпекті бас салады да, жұтып қояды. Тап сол кезде үйдің жанынан жұмыстан қайтқан отыншылар етіп бара жатыр екен. Олар айқай-шуды естіп, үйге жүгіріп кірген бойда кемпірдің төсегінде жатқан Қасқырды көреді. Отыншылар оны өлтіріп, көп ойланбастан ішін жарады. Қасқырдың ішінен аман-сау кемпір мен Қызыл Телпек шығады. // Шарль Перро t.me/adebiett
534
14
Оңашада ой жүгіртсем өткенге, Армансыз боп көз жұматын жоқ пенде. Сен туылған күннен бастап құлыным, Арман да көп, уайым да к
Оңашада ой жүгіртсем өткенге, Армансыз боп көз жұматын жоқ пенде. Сен туылған күннен бастап құлыным, Арман да көп, уайым да көп менде. Өмірімнің бар мәні сен білерім, Қасымда сен болсаң ғана күлемін. Құлдыраңдап жүгіресің, құлайсың, Дір етеді сонда менің жүрегім. Сен құласаң менде жүрек қалмады, Амандығың – ең бірінші арманым. Балалықпен жығылғаның түк етпес, Ер жеткенде сүрінбесең болғаны. Тағдыр – қатал, пенде байғұс көнбіс-ақ, Өзіңе, еркем, ұғынатын келді шақ. Абайлап жүр, құлап жатсаң жүгіріп, Ешкім сені жұбатпайды мен құсап. Бастар солай тағдыр қиын сабағын, Орындарсың небір түрлі талабын. Бар тілегім, кір шалдырмай жүргейсің, Өмір деген қарт анаңның қабағын! // Балагүл Бакиева - Ұлыма
515
15
Аумайсыңдар өрілген егіз гүлден, Тәңірім сақтасын тек көз бен тілден. Екі елге қос аққу болыңдаршы, Өмір атты айдында бірге жүзген. Ғұмыр-ғалам таусылмас сан сұрағы, Жауап таппай қанша жан сансырады?! Қуаныш пен бақытқа шашылсын тек, Маңдайдың інжу-маржан тамшылары. Шарпысқанда қос жүрек жан шуағы, Шат көңілден шадыман ән шығады. Өмір жолың, екі жас, нұрлы болсын. Сәуле шашып тағдырдың шамшырағы. Шарықтайтын күн бүгін тәтті бір саз, Қалықтайтын күн бүгін гәккулі наз. Ақ айдында мамырлап тербелуден, Жалықпайтын түн бүгін аққу мен қаз. Байыз тапсын қос жүрек алып-ұшқан, Айқассыншы қос білек сағынысқан. От басқандай отаудан аулақ қашсын, Ұрыс-керіс, дау-дамай – кәрі мыстан. Көңілі күндей, ал жаны гүлді ананы, Азаматтан төмен деп кім санады? Қанатымен су сепкен қарлығаштай, Қадірлеңдер ақ шашты екі ананы. Жүрген жерін жақсы жан ән етеді, Жақсылықты жанына тән етеді. Екі өрімтал екі әулет, уыз бала, Екі елдің болыңдар дәнекері. Тосқан алдан аяз бар, аптабың бар, Татулықты тұғыр қып, бақ табыңдар! Ығып кеткен дауылдан қайықтар көп, Суық көздің сұғынан сақтаныңдар. Кең пейілді сақтасын тарылғаннан, Дейтін елміз «Жанымды ал, арымды алма!» Көп болып көсегеден көгеріңдер, Әрі етсін бөлінген, жарылғаннан! // Қабылбек Төретайұлы - Жас жұбайларға Қазақ әдебиеті
571
16
Абайда мынандай сөздің бары рас: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыс та тұр". Осы сөзді қолда
Абайда мынандай сөздің бары рас: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыс та тұр". Осы сөзді қолдаушылар Абайдың есімін бетке ұстап, орысшыл болу керек дейтін ниетті өзеурей насихаттап жүр. Ондайлар бара-бара "өз тіліңді білмесең де орыс тілін біл" деген пиғылын көлденең тарта бастағандай. Мұндай сорақылықты қазіргі саясат аңшының итін сипағандай еркелететін болып алды. Бұларға бүтін дүниетаным, бүтін тұлға керек емес. Керек болса, сол Абайдың келесі сөзін оқыр еді ғой. Келесі сөзі былай: "Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек". Қандай зарарынан қашық болуымыз керек ? Мұны ойлап жүрген де ешкім көрінбейді, ойлануға мұрша беретін заман да байқалмайды. // Ақселеу Сейдімбек (15.12.1973) Қазақ әдебиеті
580
17
Қолыңдағы өз туың, өз байрағың, Байрақ деген — бағалы сөз ғой, жаным. Өлгеніңше құлатпа, биік ұста, Сөнгенінше суалып көз қай
Қолыңдағы өз туың, өз байрағың, Байрақ деген — бағалы сөз ғой, жаным. Өлгеніңше құлатпа, биік ұста, Сөнгенінше суалып көз қайнарың. Аузыңдағы өз үнің, өз ұраның, Шырқа, кетсін ғаламды кезіп әнің. Дақ түсірме даңқына, жатыр мұнда — Абыройың, Айбарың, Сезім, Арың! Төріңдегі өз белгің, өз елтаңбаң, Адам бақты жаңа атқан сезер таңнан. Аманатқа қиянат жасап алма, Құдіреттің қарап тұр көзі арқаңнан. Ту, Әнұран, Елтаңба — үш қасиет, Үш қасиет ұғынсаң күшті өсиет. Айбарымен, Үнімен, Өр рухымен, Тұрар сені сүрінген тұста сүйеп. // Қалқаман Сарин - Үш қасиет t.me/adebiett
577
18
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойыны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу, Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су. Көл жағалай мамырлап қу менен қаз, Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз. Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда, Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз. Құс қатарлап байлаған қанжығаға Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек. Қырда торғай сайраса, сайда – бұлбұл, Тастағы үнін қосар байғыз, көкек. Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, Диханшылар жер жыртып, егін егер. Шаруаның бір малы екеу болып, Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер. Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер, Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. Анамыздай жер иіп емізгенде, Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. Жаз жіберіп, жан берген қара жерге Рахметіне Алланың көңіл сенер. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер. Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның пейілі енер. Тамашалап қарасаң Тәңірі ісіне, Бойың балқып, ериді іште жігер. Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар, Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар. Жыршы құстар әуеде өлең айтып, Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай, Таң атқан соң шығарын күннің біліп, Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай. Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті. Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап, Күйеу келді, ай, жұлдыз к... қысты. Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, Жан-жануар қуанар тойға елеріп. Азалы ақ көрпесін сілке тастап, Жер күлімдер, өзіне шырай беріп. Күн – күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан соң Жер толықсып, түрленер тоты құстай. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін. Қызыл арай сары алтын шатырына, Күннің кешке кіргенін көрді көзім. // Абай Құнанбайұлы - Жазғытұры
593
19
Осы біз неткен бақытты халық едік: орайын десе - егіні жоқ, себейін десе - көңілі жоқ, өлейін десе кебіні жоқ, жел сөзі менен
Осы біз неткен бақытты халық едік: орайын десе - егіні жоқ, себейін десе - көңілі жоқ, өлейін десе кебіні жоқ, жел сөзі менен желігі көп, өз үйінде өзінің орыны жоқ. Осы біз неткен бақытты халық едік: біреуге иек артпаса жүре алмайтын, өз үйін өз қолымен құра алмайтын, өмірді өз бетімен сүре алмайтын, белі тақым сағынып бұраңдайтын, қит етсе қырамын деп ұрандайтын, өзінен басқа ешкімді ұра алмайтын. Неткен бақытты халық едік: Табыла алмай ту қасынан, елеуішпен су тасыған, алтын шықса құм-тасынан, оның өзі у сасыған. Неткен бақытты халық едік: Құйрық-жалы күдіре боп, жүгіретін сүріне кеп, үй дейтұғын үйі де жоқ, күй дейтұғын күйі де жоқ, шығатұғын үні де жоқ, бостандықтан басқа түгі де жоқ, Неткен бақытты халық едік! // Ұлықбек Есдәулет - Бақытты халық Қазақ әдебиеті
552
20
Күй тартылсын, Барлық ойын ойналсын, Ана күліп жақсы күнін ойға алсын. Басқа тойды тойламасаң өзің біл, Балалардың туған күні
Күй тартылсын, Барлық ойын ойналсын, Ана күліп жақсы күнін ойға алсын. Басқа тойды тойламасаң өзің біл, Балалардың туған күні тойлансын. Барыңды да, жаныңды да сал соған, Осы тойда ата-бабаң аңсаған. Баласына бір той жасап бере алмай, Дүниеден өтіп кетті қанша адам. Өтіп тұрған, жетіп тұрған шағыңда, Шығын шығып кетеді-ау деп тарылма. Аяғыңды батылырақ басасың, Арман еткен балаң болса жаныңда. Мейлі гүлдеп, мейлі көңілің тарықсын, Ұрпағыңмен ұлан асыр халықсың. Әкем мені жақсы көруші еді-ау деп, Балаң ертең еске алғанда қамықсын. Ән айтылсын, барлық ойын ойналсын, Ана күліп жақсы күнін ойға алсын. Басқа тойды тойламасаң өзің біл, Балалардың туған күні тойлансын. // Тұманбай Молдағалиев Қазақ әдебиеті
583