cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Більше
Рекламні дописи
1 953
Підписники
-324 години
+87 днів
+3430 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Көпен Әмірбек. "Көрмейін десем көзім бар" кітабынан
Показати все...
👍 1
Сүю деген – көкірегіңде жүрек барын түсіну, Сүю деген – сезімталдық дертіменен ұшыну. Сүю деген, сүю деген – тысың бал да, ішің у, Бойжеткендік ұялу мен бозбалалык қысылу. Сүю деген – қаперіңнен өзге үшін ұмтылу, Сүю деген – нәрестелік көздеріңе мұң тұну. Жұлдызды түн көзді жұмып, ерініңді тiстелеу, Жігіттегі құмарлық пен арудағы ынтығу. Сүю деген – күлгін таң мен күрең кештен қызғану, Бұл ғаламның мұңындағы бар обалдың ызғары. Ай сәулесі жылу беріп, күн нұрынан сыздану, Тәңірін де сескентетін сезімдердің құздары. Сүю деген осы десем, неге, гүлім, сенесің, Сүю жайлы сұрамашы, ол немене демеші, Мені сүйіп көрді ғой деп ойлайсың-ау сен осы. Күздің сағынышы, қыстың пәктігімен іздесең, Көктемде жүрер бәлкім махаббаттың елесі. // Ерлан Жүніс - Сүю деген...
Показати все...
👍 2
Біреу көріп қалмасын деп, Ұят болып қалмасын деп, Намыс өліп қалмасын деп Жасырынудан шаршадым. Жаман сөз ермесін деп, Сұқ пен көз ермесін деп, Дұшпан безермесін деп, Тасаланудан шаршадым. Туыс ренжімесін деп, Жаным елжіресін кеп, Бəрін "Сен білесің" деп, Жалтақтағаннан шаршадым. Қалды сұрай ма деген, Əлде сынай ма деген, Дұрысы - былай ма? деген, Сұрақтардан да шаршадым. Əдейі қырсығып жүрген, Мұңды жыр сығып жүрген, Іштен тұншығып жүрген, Өзімнен де шаршадым. Өтірік батыл болудан, Жатқа жақын болудан, Жылауық ақын болудан, Шаршадым! Ағат па, күлеміз естіп, Бұл ісім сонда. Өмірді сүреміз өстіп, Кім үшін сонда? // Мергүл Асылханова - Кім үшін сонда.!
Показати все...
8
"Әсіресе, бұл саясат 1954 жылы, Қазақстанда тың жерлерді игеру науқанында жетер жеріне жетті. Сырттан әкелінетін жұмыс күші ретінде тек қана бір миллионнан астам славяндар тартылып, оларға барлық жағдай жасалды. Осы кездегі 700 қазақ мектебі жабылып, ондағы оқушылардың бәрі де жаңадан ашылған аралас мектептерде білім алды. Ол аз болғандай, атом бомбасын сынау полигонын әдейі қазақ жеріне орналастыру мен жер үстінде жару — қазақ елінің өсуіне салынған өлім тұзағы еді. Осы жау ниетті жағдайлар қазақтардың өз жерінде азшылыққа айналып, санасы жағынан тезірек мәңгүрттенуіне барлық жағдай алдын ала жасалғанын айғақтап тұр. Осы кезде қазақтардың тіл жағынан таза қазақ, шала қазақ, ада қазақ болып бөліну үдерісі жүріп жатты. «Қазақстан — жүз ұлтты планета», «халықтар достығының лабораториясы» деп даңғазаланып жатты. Шынында да, қазақ жері 130 ұлттың екінші Отанына айналды. Осыдан келіп Қазақстан көп ұлтты республика деген ұғымды кеңестік идеология термин есебінде санамызға сіңірді. Шындығында, мәселе осылай ма? Маңайдағы шекаралас елдерге назар салып қарайықшы, қалай екен? Мысалы, отаршыл Ресей мен Қытайды немесе Өзбекстанды алып қарайық: Ресейдегі барлық жергілікті ұлттардың бәрі де тарихи атамекенінде отыр. Бір кезде олардың бәрін де Ресей жаулап алып, өз жеріне бодан етіп күшпенен зорлап қосты. Кеңестік дәуірде олардың бәрі де одақтас республикалар мен автономиялы республикаларға, ұлттық округтарға айналып, соның негізінде федерациялық құрылымға айналып, көп ұлтты республикаға айналды. Ол ұлттардың атамекен жері болуы себепті де, олардың бөлініп кетуге конституциялық заңды құқы бар. Қытай Халық республикасы жерінің 60%-ы ұсақ ұлттардың жері болса да, қытайлар өзін көп ұлтты республикамыз демейді. Өзбекстанда өмір сүретін қазақ, тәжік, қарақалпақ, қырғыз халықтары да өз атамекен жерінде отыр. Осы себептен де олар Өзбекстан үшін диаспора деп есептелмесе де, Өзбекстан өзін көп ұлтты республикамыз деуге саналы түрде бармай отыр. Ал біз не себепті, қандай заңдылыққа негізделіп көп ұлтты республика боламыз? Біз өмір сүріп отырған атамекен жерде қазақ елі толық отарлауға ұшырағанға дейін бірде-бір бөтен халық отырмаған. Осы себепті де Қазақстан тәуелсіздік алысымен әлем халқына унитарлы мемлекет деп танылды. Біздің жерде өмір сүріп отырған 130 ұлттың бірінің де заңды атамекен жері жоқ. Олар біз үшін диаспора ғана. Кеңестік тоталитарлық идеология біздің санамызға Қазақстан көп ұлтты республика деген стереотиптік кеңестік ұғымды орнықтырды. Көп ұлтты республика болу үшін оларға жерімізді бөліп беруіміз керек болар еді. Бермейтін болсақ, онда біз көп диаспоралы республикамыз. Терминде үлкен саяси мән барлығын ескеру керек". // Мекемтас Мырзахметұлының “Қазақ қалай орыстандырылды” кітабынан
Показати все...
👍 5
Өмір деген – өлімменен жарысу, жыл құстары жетпес жерден əрі ұшу; тыным таппай, тоқтар жерде тоқтамай, бармайтұғын бас жақтарға барысу; əрі əуен, əрі өлең, əрі шу, нəр татып кеп, зəр ішу, не дəрі ішу; шоқтан шығып төске түскен темірдей көп тоқпақтан көз ашпақ боп қарысу; сүт пе, бал ма, у ма, əлде сарысу? ыстықпенен, суықпенен танысу; өкпең барда өкпелесіп біреумен, бауыр барда біреулермен табысу; жүрек барда – өліп-өшіп қауышу, сезіміңмен, нəпсіңменен алысу; өсіп-өніп, көшіп-қонып, күн жетсе құсқа айналып, Құс жолымен əрі ұшу... // Ұлықбек Есдәулет
Показати все...
👍 5 2
Жазушылар одағында өт­кен Ғабит Мүсіреповтің 75 жылдық мерейтойында түсірілген фото
Показати все...
🔥 10
1918 жылы сәуірде А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Р. Мәрсеков қатарлы Алаштың арыстары Шәуешек қаласына барған болатын. Әсет ақынның қазіргі бейнесі сол жолғы басқосуда топтық түскен суреттен алынған... // Тарихи деректен Аңыз болған қазақтың даласына, Мәшһүр болған Алаштың баласына – Ахмет, Міржақып пен Райымжан... Барған кезі Шәуешек қаласына. Жел сүйіп жасып түсті желегінен, Күй төкті қайыңы мен терегінен. Жас бақта басын қосты кілең жақсы, Ал, Ахаң ой толғады тереңінен: «От бастық, қызыл қолмен күл көседік, Жүрсіңдер, ей, ағайын, кімге сеніп?! Береке, бірлігіміз жарасқанда, Өзгенің боданы боп жүрмес едік. Сәбидей бұлқынамыз жөргектегі, Әр қазақ – бір-ақ Алаш жер-көктегі. Басыңда темір ноқта, қайыс ноқта, Қайран жұрт, маңдайыңнан сор кетпеді! Бөтенге телім болды ен даламыз, Құл болды елге тұтқа бел баламыз. Екі қазақ бірігіп Отан болмай, Аю мен айдаһарға жем боламыз ...» Өткізген ғазиз бастан сан сынақты, Ер Ахаң көпті солай қамшылапты. Күйіктен соқыр көзден жас шығыпты, Намыстан өлмеген соң жан шыдапты. Теңгедей болғанынша темір етік, Күрсінтіп бара жатты өмір өтіп. ...Найманбайдың Әсеті ән салыпты, Сол топты тебірентіп, еңіретіп. Мезгілсіз бақ қонбайды құр күткенге, ...Сапарда келеді әлі ілбіп пенде. Әсеттің, Ахаңдардың шерін қозғар, Шіркін-ай сол суретке тіл біткенде. Бусанып Тарбағатай қырқалары, Шәуешек шаһарына нұр тарады. Мың тоғыз жүз он сегіз. Сәуір айы – Алаштың тарихының бір парағы. // Ғалым Қалибекұлы
Показати все...
Адамзат төрт нәрседен болған екен, Адамзатты төрт нәрседен қылған екен. Адамға су нәсілі көп қосылса, Жомарттық, шешен болмақ содан екен. Адамзат төрт нәрседен болған екен, Адамзатты төрт нәрседен қылған екен. Адамға топырақ нәсілі көп қосылса, Мінезінің ауырлығы сонан екен. Адамзат төрт нәрседен болған екен, Адамды төрт нәрседен қылған екен. Адамға жел нәсілі көп қосылса, Дегбірсіздік, сабырсыздық сонан екен. Адамзат төрт нәрседен болған екен, Адамды төрт нәрседен қылған екен. Адамға от нәсілі көп қосылса, Ашуланшақ болуы сонан екен. // Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)
Показати все...
👍 6
Лұқпан хакімге бір сопысымақ адам жиналыста былай дейді: – Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза-бәлесіне себеп табамын деген Құдайға қарсылық болып табылады деп білемін. Сонда Лұқпан: – Олай болса сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса біз тоба етіп, дәрігерлікті қоялық,–дейді. Сопы бұл сөзді еш кітаптан көрген жоқ, кітап алып келемін деп қозғалмады. Жиылып отырған халық шулап қоя берді: – Сопы, Лұқпан жесірге ағадай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз. Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп Лұқпан халықтан өтініш етіп, сопыны тысқа шығарып, оңаша қалдырып, былай дейді: – Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: «Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді, Құдайтағала адамға әр түрлі дене берді, қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді естуге, ақыл берді, ойланып, жаман-жақсыны аңғаруға. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсау обал болмаса керек,–дейді. @adebiett
Показати все...
👍 5