2 167
المشتركون
-324 ساعات
-27 أيام
-630 أيام
جاري تحميل البيانات...
القنوات المماثلة
سحابة العلامات
لا توجد بيانات
هل تواجه مشاكل؟ يرجى تحديث الصفحة أو الاتصال بمدير الدعم الخاص بنا.
الإشارات الواردة والصادرة
---
---
---
---
---
---
جذب المشتركين
سبتمبر '26
سبتمبر '26
+13
في 0 قنوات
أغسطس '26
+68
في 2 قنوات
Get PRO
يوليو '26
+59
في 1 قنوات
Get PRO
يونيو '26
+51
في 1 قنوات
Get PRO
مايو '26
+44
في 1 قنوات
Get PRO
أبريل '26
+92
في 1 قنوات
Get PRO
مارس '26
+66
في 1 قنوات
Get PRO
فبراير '26
+75
في 1 قنوات
Get PRO
يناير '26
+85
في 2 قنوات
Get PRO
ديسمبر '25
+60
في 1 قنوات
Get PRO
نوفمبر '25
+93
في 1 قنوات
Get PRO
أكتوبر '25
+109
في 2 قنوات
Get PRO
سبتمبر '25
+117
في 2 قنوات
Get PRO
أغسطس '25
+74
في 1 قنوات
Get PRO
يوليو '25
+70
في 1 قنوات
Get PRO
يونيو '25
+56
في 1 قنوات
Get PRO
مايو '25
+48
في 1 قنوات
Get PRO
أبريل '25
+71
في 1 قنوات
Get PRO
مارس '25
+70
في 1 قنوات
Get PRO
فبراير '25
+89
في 2 قنوات
Get PRO
يناير '25
+89
في 0 قنوات
Get PRO
ديسمبر '24
+60
في 1 قنوات
Get PRO
نوفمبر '24
+85
في 0 قنوات
Get PRO
أكتوبر '24
+95
في 0 قنوات
Get PRO
سبتمبر '24
+144
في 1 قنوات
Get PRO
أغسطس '24
+72
في 1 قنوات
Get PRO
يوليو '24
+57
في 1 قنوات
Get PRO
يونيو '24
+68
في 1 قنوات
Get PRO
مايو '24
+88
في 0 قنوات
Get PRO
أبريل '24
+98
في 1 قنوات
Get PRO
مارس '24
+75
في 0 قنوات
Get PRO
فبراير '24
+139
في 1 قنوات
Get PRO
يناير '24
+181
في 1 قنوات
Get PRO
ديسمبر '23
+131
في 0 قنوات
Get PRO
نوفمبر '23
+126
في 1 قنوات
Get PRO
أكتوبر '23
+92
في 0 قنوات
Get PRO
سبتمبر '23
+142
في 0 قنوات
Get PRO
أغسطس '23
+87
في 0 قنوات
Get PRO
يوليو '23
+97
في 0 قنوات
Get PRO
يونيو '23
+70
في 0 قنوات
Get PRO
مايو '23
+80
في 0 قنوات
Get PRO
أبريل '23
+91
في 0 قنوات
Get PRO
مارس '23
+103
في 0 قنوات
Get PRO
فبراير '23
+136
في 0 قنوات
Get PRO
يناير '23
+141
في 0 قنوات
Get PRO
ديسمبر '22
+106
في 0 قنوات
Get PRO
نوفمبر '22
+158
في 0 قنوات
Get PRO
أكتوبر '22
+124
في 0 قنوات
Get PRO
سبتمبر '22
+139
في 0 قنوات
Get PRO
أغسطس '22
+108
في 0 قنوات
Get PRO
يوليو '22
+89
في 0 قنوات
Get PRO
يونيو '22
+82
في 0 قنوات
Get PRO
مايو '22
+95
في 0 قنوات
Get PRO
أبريل '22
+126
في 0 قنوات
Get PRO
مارس '22
+130
في 0 قنوات
Get PRO
فبراير '22
+180
في 0 قنوات
Get PRO
يناير '22
+154
في 0 قنوات
Get PRO
ديسمبر '21
+98
في 0 قنوات
Get PRO
نوفمبر '21
+122
في 0 قنوات
Get PRO
أكتوبر '21
+145
في 0 قنوات
Get PRO
سبتمبر '21
+118
في 0 قنوات
Get PRO
أغسطس '21
+101
في 0 قنوات
Get PRO
يوليو '21
+99
في 0 قنوات
Get PRO
يونيو '21
+66
في 0 قنوات
Get PRO
مايو '21
+109
في 0 قنوات
Get PRO
أبريل '21
+143
في 0 قنوات
Get PRO
مارس '21
+1 223
في 0 قنوات
| التاريخ | نمو المشتركين | الإشارات | القنوات | |
| 03 سبتمبر | +8 | |||
| 02 سبتمبر | +1 | |||
| 01 سبتمبر | +4 |
منشورات القناة
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ.
Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.
Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін, мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.
// Тұманбай Молдағалиев - Ана
| 2 | Талайға Алтын ұям өріс болған,
... Ауласы жас шәкіртке тегіс толған.
Алғашқы қоңыраудың сыңғырымен,
Кеудеде лүпілдейді періште арман.
Болатын шәкіртіне көп істе үлгі,
Ұстазы тұтатады зор ұшқынды.
Үніне жұдырықтай жез қоңырау,
Құлағын үлкен-кіші тегіс түрді...
Күлімдеп күн төккенде шуақ алдан,
Кішкентай жүректерде тұнады арман.
Еркесі бір-бір үйдің тұңғыш рет,
Сап түзеп салтанатта тұра қалған...
Артында балалықтың қалған ізі,
Бәрінің албырайды алма жүзі.
Алғашқы қоңырауды сыңғырлатқан,
Мезгілдің мизам шуақ-арма, күзі!
Өткіздім көп жылдарды... көп күндерді,
Айтшы сол арманыма жеттім бе енді?!
Алғашқы қоңыраудың үніменен,
Бала боп баяғыша кеткім келеді...
Білімнің басқан алғаш баспалдағын,
Бәріңе айқара есік ашты арманың.
Келешек көшіне еріп,
осы жолда
Телегей-теңіз болсын тасқан бағың!
Беліңді буып бекем шыққанда алыс,
Білімнің биігінде күткен жаңа іс.
Ішінен шығады ертең осылардың,
Маңдайы жарқыраған Мұхтар... Қаныш...
Бойлаған бұл әлемге енді ғана,
Көпті алғаш маңайынан көрді жаңа.
Жатырқап жаңа ортаны кетті ме екен,
Топтағы боздап қоя берді бала...
Қимаған балалықтың тәтті елесін,
Тұра ғой кіп-кішкентай, сапқа, досым.
Сен де ертең ақ желкенді арманыңның,
Айдында жүздіресің ақ кемесін.
// Толыбай Абылаев - Алғашқы қоңырау | 254 |
| 3 | Ерке қызым мектепке бара жатыр,
Қылығына сүйсініп қала жатыр.
Менің аппақ, үкілі үмітімді,
Ақ бантигі ақтайды, қара да тұр!
Бір мақтасам ұлдарды бір ұрысамын,
Қызым менің – ойнаған құлыншағым.
Қызыл сөмке асынды оқушы боп,
Қимай-қимай күлімкөз қуыршағын.
Қызым менің мектепке барады енді,
Әліппесін қолына алады енді.
Аңқылдаған жанындай ақ параққа,
Қуыршағын айнытпай салады енді...
Ерке қызым мектепке барады енді.
Мектебіне барады Айым, Күнім,
Астан-кестен мазасыз жайым бүгін.
Қаламымды отырмын көтере алмай,
«Жеңіл ме екен сөмкесі?» уайымдымын...
Ұққандаймын, бар маңай, дала сырын,
Гүл кеудеме аямай жаяды үнін.
Көңілімнің төрінен қол бұлғайды,
Сағыныштан сарғайған балалығым...
Қос бұрымы желбіреп қызғалдағым,
Жүреді енді аялап, ізгі арманын.
Қос дүние бар сырын ашсын саған,
Бақытыңды білімнен ізде ардағым.
Соғылды әне, көп күткен қоңырау кеп,
Жүгірісті балалар тарыдай боп.
Жаутаң-жаутаң қараумен қала бердім,
«Қарамайды соңына, өмір-ай» деп...
// Жәлел Қуандықұлы - Ерке қызым мектепке бара жатыр
t.me/ad | 315 |
| 4 | Алданбайын арзанқол жұбанышқа,
Алданып жұбанышқа, құрақ ұшпа!
Қазір менен қашықтап қуаныш та,
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста.
Белгісіз жетем бе оған, жетпеймін бе,
Қалам ба орта жолда жетпей мүлде?
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста,
Көрем бе, көгерем бе, көктеймін бе?!
Болғанмен қанша мұңым, қанша қайғым,
Іздеуден бақытымды шаршамаймын.
Өмірім, берер болсаң, ұзағынан,
Өткінші бақытты мен аңсамаймын.
Өмірім!
Сен деп келгем, сен деп келгем!
Ақ еділ арманымды теңдеп келгем.
Айырма алыстағы бақытымнан,
Армандап аңсап көрген, шөлдеп көрген
Жылдардың ұзаруда тізбектері,
Жаз өтті.
Бара жатыр күз де өткелі.
Қыс та өтер,
Қыспен бірге мен де өтермін...
Бақытым жүрсе болды іздеп мені.
// Мұқағали Мақатаев - Бақытым менің алыста | 412 |
| 5 | Жан-жарым сыйлаған гүл —
Ешкімге қимаған гүл,
Қыр гүлін үзіп емес,
Сезіммен суғарылған,
Көңілдің бұлағынан,
Жүректің жайлауынан,
Кеуденің қойнауынан,
Махаббат айдынынан,
Таңда шық, ай нұрынан
Ұйықтамай жинаған гүл.
Жан-жарым гүл бергенде —
Қуанып
Күн келген бе,
Жүзіме нұр енген бе?
Ғаламның періштесі
Біз үшін дұға етіп
Әумин деп үлгерген бе.
Бар бағым еселенді,
Бақытты кешем енді,
Құдайым қолдап бізді,
Сағатқа, жүрген жолға,
Уақытқа, оңға, солға,
Біз үшін тілек қылар,
Миллион гүл төсеген-ді.
Сұлуға тұрған теңеп,
Жарымның гүлі ерек,
Гүлдердің үні бөлек,
Тұрғандай күйеуіңе
Деп сөйлеп
Жүрегіне
Сен ғана дәру, керек.
Жайқалып қуанамын,
Сүюге бұл да себеп.
Жаһанға сыймаған гүл -
Жан-жарым сыйлаған гүл.
Әлемнің гүлі барша
Түсінсе, мұны ұға алса,
Жарыңа гүл сыйла деп,
Жолында күйеулердің
Кетпестен тұрып алса!
Әлемнің әйелдері
Дәл менше бақытты боп,
Жарына бақыт тілеп,
Жырымды оқығанда
Жымиып күліп алса!
// Жұлдыз Бейсек | 391 |
| 6 | Кешегі қайран қыздар!
Қос бұрымды,
Толқындап қос бұрымы тосты кімді,
Жүрсем де өздеріңнен мен алыста,
Толғаймын мен кешегі жас күніңді.
Сиғызып құшағыма барлығыңды,
Аламын есіме сол бал күніңді.
Тұнып тұр жүрегімде
Сыңғыр үнің,
Тыңдадым тебіреніп зар-мұңыңды.
Әр тұсқа кететіндей тарап тасқын,
Өмірге өздерінше аяқ бастың.
Жүрсең де бірің ойда,
Бірің қырда,
Тағдырлас,
Өздеріңмен қанаттаспын.
Кетсем де өздеріңнен ірге бөліп,
Бірге ұшып жүремін,
Бірге қонып.
Өздеріңе ұқсаған қоңыр тірлік,
Шаттыққа деме мені жүр кенеліп.
Отырмын қарап, міне,
Жүздеріңе,
Көз тастап алыстаған іздеріңе.
Жанарға келе жатыр жас мөлдіреп,
Сендерді сағынды ма,
Іздеді ме...
Балалық бал дәуренді іздеді ме,
Телміріп қарай берем жүздеріңе.
Жыр жазып жарқын жазда сәлем жолдап,
Жүзімді төсей түсем күз лебіне.
Байқаймын,
Ызғырық бар күз лебінде,
Ұқсаған жандармыз ғой
Гүлге біз де.
Әуенін тырналардың тыңдай түсіп,
Кетіп бара жатамын тізбегінде...
// Марфуға Айтхожина - Қыздар-ай | 356 |
| 7 | Қиял – теңіз,
Кетем кейде шым батып,
Бұлбұлдарға жүрек үнін тыңдатып.
Кейде еңсені көтертпейді мұң басып,
Ғашық болу – шын бақыт!
Арманым – шың,
Өрнектедім гүлге орап,
Түстер көріп оянамын, бір ғажап!
Қаншама ойлар, жүректі жүр жұлмалап,
Ойлы болу – бұл да азап...
Үміт – шексіз,
Өшеді өкпем жетсем деп,
Шексіз дүние жалған,
Шексіз аспан көкпеңбек!
Жетсем деймін,
Жеткем жоқ,
Жаным қалай кектенбек?!.
Көктем – арман,
Жаз жылыстап,
Жетті күз...
Есіңдеме,
Жалтармайтын отты қыз?!.
Күншуаққа тосайыншы арқамды,
Табанымнан өтті мұз...
Қиял – теңіз,
Кетем кейде шым батып,
Бұлбұлдарға жүрек үнін тыңдатып.
Кейде еңсені көтертпейді мұң басып,
Ғашық болу – шын бақыт!..
// Марфуға Айтхожа - Ғашық болу – шын бақыт!
Қазақ әдебиеті | 316 |
| 8 | Аңдығаным, баққаным өзің болдың,
Бәрін тастап келеді сезімге ергім.
"Қазақтың қызы өйтпейді"- деген анам,
Тепкісінде жүрмін мен төзімдердің…
Ұрланып бақылаймын желілерден,
Жетелеп қоймаған соң сезім өрден.
Әне бір қыз асырды мақтауыңды,
Көзіме шаң кіреді соны көрген.
Күндестік көңілімді бұзады аппақ,
Отырам содан сені ұзааақ ақтап.
Қыздармен түскен көріп суретіңді,
Қалам тағы жан таппай қызарақтап.
Жанарыңның сыр тұнған ұйығында,
Тым болмаса қимайсың қиығын да.
Сағынам да мен сені дәл осылай,
Батып өле жаздаймын жиі мұңға.
Сан қиялдан тозғанда адам өзі,
Күткен деген не деген жаман еді?
Хабарласпай қойғаның қатігездік,
Есіңе алшы бір ауық, аға, мені...
// Әмина Адайхан - Есіңе алшы
t.me/adebiett | 312 |
| 9 | Егер біздің қазақтың:
Көп оқыған бабасы ғалым болса,
Жаңа туған баласы дарын болса,
Қыздарының барлығы ару болса,
Көргенсізге бұл қазақ зәру болса.
Өз ұлының өскенін күндемесе,
Тұрмысы шат көршісін тілдемесе,
Ру санап жан-жаққа бөлінбесе,
Тегіс қазақ Даласын Елім десе.
Атқа мінген ардақтап азаматын
Кірлетпесе еш жерде қазақ атын,
Шет елдіктің өзгеріп көзқарас,
Өз байлығын билесе өз баласы.
Құлақ асып жарлының шағымына
Мастанбаса қалтаның қалыңына,
Арман қуып шетінен қанаттанса,
Өлең оқыр бәрінде сауат болса,
Қастерлесе ерлерін еңіреген
Сол кезде мен жарылып қуаныштан
Сенше Жайық, арнамнан төгілер ем!
// Ақұштап Бақтыгереева - Егер біздің қазақтың
t.me/adebiett | 362 |
| 10 | Аптыққан жалын дәуреннің
Өтетініне,
Бойдағы жігер дәрменнің
Кететініне,
Гүл теріп белден сағымды
Қайтпайтыныма,
Сүйікті жарға назымды
Айтпайтыныма
Сенгім келмейді.
Ән сал деп қимас құрбыны
Қыстамайтыныма,
Қаламды қайта бір күні
Ұстамайтыныма,
Арманшыл жүрек лүпілі
Тоқтайтынына,
Мамалап қызым бір күні
Жоқтайтынына
Сенгім келмейді.
Сағыныш лаулап бойымда
Жанбайтынына,
Құрбының қызық тойына
Бармайтыныма,
Тек ұрпақ мені өмірге
Жалғайтынына,
Жыр жолы болып көңілде
Қалмайтыныма
Сенгім келмейді.
// Ақұштап Бақтыгереева - Сенгім келмейді
t.me/adebiett | 358 |
| 11 | «Анау сатқын, мынау адал емес» деп,
«Дәлдүріш» деп, «ақымақ» деп, «кем ес» деп.
Баға беріп бас қатырып қайтеміз,
Алад(ы) өзі, уақыт пен ел екшеп.
Даурығамыз, қызып қызыл шекеміз,
Ал, онымен не мақсатқа жетеміз.
Сұрыпталып бәріміз де түбінде,
Уақыттың елегінен өтеміз.
Қыран болып көкке самғап, ұшсақ та,
Ескерткіш боп отырсақ та мыс-тақта.
Ау, ағайын, бірлік керек, қазаққа,
Талас-тартыс шығармайды ұшпаққа.
Аз кетті ме, жатқа үлес, есеміз,
Енді қанша, даурығамыз, бөсеміз.
Алтау ала бола бермей ағайын,
Бірлік керек, ел боламыз десеңіз.
Басшы керек дәулетіңді, шашпайтын,
Қосшы керек қиындықтан, қашпайтын.
Ау, ағайын, бәрін айтта, бірін айт,
Бірлік керек берекеге бастайтын.
// Мүсіркеп Сейдахмет - Бірлік керек берекеге бастайтын | 334 |
| 12 | Тасқындардың алдында тұна білген,
Жан сырыңды жанардан ұға білген.
Күліп тұрып, көзіне жас үйірер,
Сабақ алып көрдің бе мұғалімнен?
Адам жаны тым қымбат бәрінен де.
Бір сен үшін түсетін әбігерге.
Мейірлене тосатын алақанын,
Қаралып көрдіңіз бе дәрігерге?
Жұмасында қасиетті бір жетіңнің,
Маңдайынан сипалап тұл жетімнің.
Садақа, қайыр қылып, құдайды ойлап,
Дедіңіз бе мен сенің үмбетіңмін?
Не сыр жатыр әкенің қабағында?
Неге жұмақ ананың табанында?
Кімсің өзің, берерің, аларың не?
Осы жайлы ойланып қарадың ба?
Ойлап қара жүгенсіз, жүгенді де,
Аштық, мастық, үнемсіз, үнемді де.
Сен сонда да алмасаң түк өндіре,
Онда бауыр тектен-тек ренжіме.
// Сайлаухан Жоланов - Ренжіме
t.me/adebiett | 388 |
| 13 | Бақытты жас-жұбайлар қол ұстасқан,
Жаңа ұя, жас отауға қадам басқан.
Деген бар қалған көңіл шыққан жандай,
Ынтымақ берік болсын әуел бастан.
Өмірдің оңай емес барлық жолы,
Ми батпақ, кей жерінің шыққан соры.
Бармақтай басқа қонған бақыт құсын,
Ұшырып абайсызда алмас оны.
Ұшырсаң ұстармын деп қарманарсың,
Сұңқардың орынына қарға аларсың.
Қай жерден аяғымды тайдырдым деп,
Өкініп өмір бойы зарланарсың.
Жасыл бақ, тақыр шөлдер араласқан,
Өмір ғой өте алмайсың қарамастан.
Аңқауы, арамзасы бәрі ішінде,
Жақсылық жамандықпен жағаласқан.
Иығы таулардың да талатындай,
Махаббат соқпағы ауыр Қарақұмдай.
Болмайды жәбірлеуге, гүлдей нәзік,
Қанаты көбелектің қанатындай.
Ашудың аулақ ұста найзасынан,
Күдіктің зияны көп пайдасынан.
Ақылмен барлық істе терең бойла,
Шығармай жүрегіңнің қоймасынан.
Махаббат сонда бірге өздеріңмен,
Тұрады шуақ шашып көздеріңнен.
Естайдың жүзігіндей серік болар,
Сексен асып, тоқсанға келгеніңмен.
Лайық ұл боп тусаң қазағыңа,
Қарттардың қайғы салма қабағына.
Бақытты құлындарым болса екен деп,
Тілейді жақсысы да, жаманы да.
Лайық қыз боп тусаң қазағыңа,
Басқаға ата-енеңді таба қылма.
Қолыңа жас баладай қарайды енді,
Бұл үйдің жаны түгіл, қонағы да.
Дүние бола бермес білгеніңдей,
Күйбеңіне түсесің күнде ерінбей.
Бір үйдің отын жаға білу деген,
Бір елдің туын ұстап жүргеніңдей.
// Әселхан Қалыбекова - Жас жұбайларға | 423 |
| 14 | Жазылмаған жыр ма екен,
Шертілмеген сыр ма екен?
Көктөбенің етегі –
Көктем көшкен бір мекен.
Алмасы да азайып,
Арнасы да азайып,
Қайран шаһар ғажайып...
Сәл мұңайып тұр ма екен?
Шабыт болып шарықтап,
Бақты құшқан Алматы.
Жеті өзеннен қалықтап
Аққу ұшқан Алматы.
Желтоқсанның жанылған
Қайрағындай Алматы.
Азаттықтың сағынған
Байрағындай Алматы.
Арайларың өпкенде
Көгеретін көктембіз.
Көктөбедей көк белге
Өлең іздеп жеткенбіз
Өмір іздеп жеткенбіз.
Сайрағасын ұмтылдым
Таңда құсым, Алматы.
Қазақ деген жұртымның
Арманысың, Алматы.
Тұндыратын тұмамды
Тұнығымсың, Алматы.
Мұнармұнар мұнарлы
Ғұмырымсың, Алматы.
Ақын болып фәниге
Кірдік кеше, Алматы.
Өлең атты сәбиге
Кіндік шеше – Алматы.
// Ғалым Жайлыбай - Алматы
t.me/adebiett | 434 |
| 15 | Дараланар мінезімен Ер кісі,
Көркем мінез – нағыз мәрттік белгісі.
Жаны жайсаң, мінезге бай болса егер,
Ол адамның нағыз сұлу, реңдісі.
Тосыннан кеп сынақ түссе мойынға,
Бағаланар ақылың да, ойың да.
Бірақ, бірақ көзге оғаш көрінер,
Шәлкес мінез болса егер бойыңда.
Көрінгенмен сыртқа сырбаз, сыпайы,
Түгелдене қалмас адам ұпайы.
Құны оның көк тиын-ау егер де,
Көп болса үйде шатағы мен құқайы.
Әдемілеп бояғанмен бетіңді,
Болғанменен жұртқа сөзің өтімді,
Нашар мінез сүйкімсіз қып көрсетер,
Көзге шыққан жайсыз сүйел секілді.
Жақсы істердің алдан шығар өтемі,
Жақсы адамның болмас сірә бөтені.
Бірақ кейде игі істерін адамның,
Жаман мінез жуып-шайып кетеді.
Жаймашуақ болса дейміз әр күнді,
Жайсаң жандар қай кезде де тартымды.
Алланың да назары ауар егер де,
Сақтап жүрсең көркем мінез қалпыңды.
// Иса Омар - Көркем мінез
t.me/adebiett | 467 |
| 16 | Үш ұлы адам дарын ескен түрінен,
Келбетіне Құдайдайын үңілем.
Бір-ақ жылда қайтыс болған, тарихи
Құбылыс деп ойлайтынмын мұны мен.
Бір тынбаған қамын ойлап халықтың,
Күреңітіп тұрмасын деп жарық күн.
Бірақ халық жауы болып ұсталып,
Кеткендігін кейін біліп, қамықтым.
Естеліктер жазып жүрген сан адам,
Бірақ бүгін көрінбейтін арадан.
Қалайша жау қазақ әдебиетінің,
Іргетасын құлдар құсап қалаған?!
Адамзаттың ажарлысы, өзі ақын,
Қазағым деп қамшылаған боз атын.
Сырнай үнмен әсем әнін созатын,
Жан бар ма еді Сейфуллиннен озатын.
Алатаудан Ақсу болып бұрылған,
Қыран жырды қайыратын қырымнан.
Жансүгіров емес пе еді Құлагер,
Ол қалайша айбалтаға ұрынған?!
Антына табынам мен қай елдің?
Мен өзімнің қазағымнан май емдім.
Бейімбеттің жазығы не, паш еткен,
Еркек түгіл комунисін әйелдің?
Қалайша жау ардагерлер топ жарған?
Ақиқатын сұрадым мен көп жаннан.
Қырандарға көкте қаққан қанатын,
Кімдер екен, кімдер екен оқ жонған?
Оларға көк жаумағаны хақ көктен,
Жауабы жоқ, жаныма осы батты өктем.
Бірде біреу деді: «Оларды бір түнде,
Қара машинамен келіп ап кеткен...»
Қалың топты жарып шыққан мергенді,
Қазақ қашан асылына теңгерді?
Қолымызбен ұстап берген ерлерді,
Іздегенмен тірілтпейсің сенде енді...
Содан бері шошынамын дүсірден,
Содан бері көз алмаймын мүсіннен.
Қараңғы түн, қап-қара бір машина,
Шықпай қойды, шықпай қойды түсімнен.
Әлі алдымда батпағым көп кешпеген,
Көкейімде құпиям көп шешпеген.
Шындық жайлы айта берсем, бір түнде,
Қара машина ап кетердей сескенем...
// Бауыржан Үсенов - Қара машина | 453 |
| 17 | Бүгін аса көрнекті сазгер, қазақ вальсінің королі, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Әйгілі сазгер 1930 жылы тамыздың 15 күні Түркістан облысының Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келді. Туа біткен табиғи талантымен жастайынан талайды тамсандырған оның әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді.Оның шығармашылық та сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.
https://www.youtube.com/watch?v=kbZeZqGkN1k | 422 |
| 18 | Алла – бiр. Барлығынан сол ғана асқан.
Қарасам, ғаламатқа толған аспан.
Жұлдыздар керуен түзеп,
Кеңiстiкке
Тәңiрлiк шеберлiкпен орналасқан.
Құс жолын құндағымда көрсем керек.
Қарасам, биiктейдi еңсем бөлек.
Ауқымын алыс көктiң парықтауға
Ғарыштық құдiреттi өлшем керек.
Шарқ ұрып,
Таппаған соң теңбе-теңiн,
Ойымды жер бетiмен тербетемiн.
Мәңгi бол,
Жаратқанның хикметтерiн
Көтерген көгiлдiр шар, кең мекенiм!
Дәл мендей тауға бiреу құштар ма екен?
Сонша асқақ, сонша сұлу сұс бар ма екен?
Ауаға бауырымды төсеп қана
Ақ таулар үстiменен ұшсам ба екен?
Су – менiң таңданғаным сосын анық,
Iлесем киттерге iштей қосыла құп –
Жүзгендей кең мұхитта кедергiсiз
Түпсiздi түзу жарып, осып ағып.
Мұхиттар дөңбекшидi шабыт қысып,
Бұлттар да жүйелi бiр бағытқа ұшып,
Ай мен Күн алмасады
Айнасынан
Айналған Жер жүзiне жарық түсiп…
Табиғат толықтырып бiр-бiрiн бек,
Жел тұрып, жасын ойнап, су гүрiлдеп,
құс ұшып, орман шулап, аң жайылып,
Шегiртке секiредi,
Гүл дiрiлдеп!
// Күләш Ахметова - Жаратылыс | 457 |
| 19 | Құпиям жоқ,
Болса да сақтамаймын,
Көңілім бір кірбіңсіз аппақ айдын.
Адал достың алдынан құшақ жайып
Айқарыла ашылған қақпадаймын.
Құпиям жоқ,
Бәрін де ақтарғанмын,
Сырымды айтып беремін достарға әр күн.
Құпиясы болса егер болар мүмкін
Мансап үшін ұятын сатқандардың.
Құпиям жоқ,
Болса егер білерсіздер,
Бәлкім, сіздер осыған күлерсіздер.
Құпиямды біліп ап,
Қыл мойныма
Құрық салмақ болады жүгенсіздер.
Құпиям жоқ,
Ақтарып айтам бәрін,
Ішімде жоқ жасырын сайтандарым.
...Бала қыз-ай, бар еді бір құпиям
Соны ғана мен саған айта алмадым.
// Есенқұл Жақыпбек - Құпиям жоқ
t.me/adebiett | 450 |
| 20 | Шыбық мініп,
Жейдені қаспақ қылып,
Тентек кезім жүретін сақ-сақ күліп.
Көршіміздің байлаулы төбетіне
Еріккенде ойнаушы ем тас лақтырып.
Қарасирақ балалар жол көсеген,
Өттік бірде топтанып сол көшеден.
Байлаулы итті көрдім де,
Тас заулаттым,
«Сағынып-ақ» қалыппын мен кешеден.
Тұра қуды қабаған қарғып тұрып,
Бос жатқанын сол сәтте қалдық біліп.
Тапыр-тұпыр біздер де тұра қаштық,
Балақтарға бозала шаң жұқтырып.
Балалардың бәрінен желаяқпын,
Озып кеттім оқ бойы оңай-ақ тым.
Тал басына өрмелеу ойымда бар,
Бір іліксем шетіне сая-бақтың.
Жүйрікпін-ақ ...
Дәл соған сөз бар ма еді?
Өтсе керек өштігім жаздан бері,-
Артта қалған баланың бірін қаппай
Қуып жетіп ит қапты озған мені!..
Көрдім солай көкесін масқараның,
Содан бері ит десе жасқанамын.
Кейде бірақ...
Тас атам тағдырыма,
Біле тұрып бір күні бас саларын!..
// Ұлықбек Есдәулет - Балалық балладасы
t.me/adebiett | 439 |
