2 222
订阅者
-224 小时
+97 天
+5130 天
数据加载中...
吸引订阅者
十月 '2610月 '26
十月 '26
+11
在0个频道中
九月 '26
+114
在2个频道中
Get PRO
八月 '26
+68
在2个频道中
Get PRO
七月 '26
+59
在1个频道中
Get PRO
六月 '26
+51
在1个频道中
Get PRO
五月 '26
+44
在1个频道中
Get PRO
四月 '26
+92
在1个频道中
Get PRO
三月 '26
+66
在1个频道中
Get PRO
二月 '26
+75
在1个频道中
Get PRO
一月 '26
+85
在2个频道中
Get PRO
十二月 '25
+60
在1个频道中
Get PRO
十一月 '25
+93
在1个频道中
Get PRO
十月 '25
+109
在2个频道中
Get PRO
九月 '25
+117
在2个频道中
Get PRO
八月 '25
+74
在1个频道中
Get PRO
七月 '25
+70
在1个频道中
Get PRO
六月 '25
+56
在1个频道中
Get PRO
五月 '25
+48
在1个频道中
Get PRO
四月 '25
+71
在1个频道中
Get PRO
三月 '25
+70
在1个频道中
Get PRO
二月 '25
+89
在2个频道中
Get PRO
一月 '25
+89
在0个频道中
Get PRO
十二月 '24
+60
在1个频道中
Get PRO
十一月 '24
+85
在0个频道中
Get PRO
十月 '24
+95
在0个频道中
Get PRO
九月 '24
+144
在1个频道中
Get PRO
八月 '24
+72
在1个频道中
Get PRO
七月 '24
+57
在1个频道中
Get PRO
六月 '24
+68
在1个频道中
Get PRO
五月 '24
+88
在0个频道中
Get PRO
四月 '24
+98
在1个频道中
Get PRO
三月 '24
+75
在0个频道中
Get PRO
二月 '24
+139
在1个频道中
Get PRO
一月 '24
+181
在1个频道中
Get PRO
十二月 '23
+131
在0个频道中
Get PRO
十一月 '23
+126
在1个频道中
Get PRO
十月 '23
+92
在0个频道中
Get PRO
九月 '23
+142
在0个频道中
Get PRO
八月 '23
+87
在0个频道中
Get PRO
七月 '23
+97
在0个频道中
Get PRO
六月 '23
+70
在0个频道中
Get PRO
五月 '23
+80
在0个频道中
Get PRO
四月 '23
+91
在0个频道中
Get PRO
三月 '23
+103
在0个频道中
Get PRO
二月 '23
+136
在0个频道中
Get PRO
一月 '23
+141
在0个频道中
Get PRO
十二月 '22
+106
在0个频道中
Get PRO
十一月 '22
+158
在0个频道中
Get PRO
十月 '22
+124
在0个频道中
Get PRO
九月 '22
+139
在0个频道中
Get PRO
八月 '22
+108
在0个频道中
Get PRO
七月 '22
+89
在0个频道中
Get PRO
六月 '22
+82
在0个频道中
Get PRO
五月 '22
+95
在0个频道中
Get PRO
四月 '22
+126
在0个频道中
Get PRO
三月 '22
+130
在0个频道中
Get PRO
二月 '22
+180
在0个频道中
Get PRO
一月 '22
+154
在0个频道中
Get PRO
十二月 '21
+98
在0个频道中
Get PRO
十一月 '21
+122
在0个频道中
Get PRO
十月 '21
+145
在0个频道中
Get PRO
九月 '21
+118
在0个频道中
Get PRO
八月 '21
+101
在0个频道中
Get PRO
七月 '21
+99
在0个频道中
Get PRO
六月 '21
+66
在0个频道中
Get PRO
五月 '21
+109
在0个频道中
Get PRO
四月 '21
+143
在0个频道中
Get PRO
三月 '21
+1 223
在0个频道中
| 日期 | 订阅者增长 | 提及 | 频道 | |
| 06 十月 | +2 | |||
| 05 十月 | 0 | |||
| 04 十月 | +2 | |||
| 03 十月 | +1 | |||
| 02 十月 | +2 | |||
| 01 十月 | +4 |
频道帖子
Ашыққанға нан арман,
Адасқанға таң арман,
Ауырғанға жан арман,
Арман, арман, сан арман.
Бұлбұл құсқа бақ арман,
Мансапқорға тақ арман,
Шөл далаға қақ арман,
Арман, арман, тағы арман.
Елдік арман данаға,
Ерлік арман балаға,
Арманға әркім садаға.
Армансыздар бола ма?
Ажар арман шор болсаң,
Ажал арман қор болсаң.
Арман да зор зор болсаң,
Арман да бор, бор болсаң.
Арман – қаны жүректің,
Қансыз жүрек соқпайды.
Арман – жаны тілектің,
Жансыз тілек тоқтайды.
Ендеше арман мол болсын,
Сұлу болсын, зор болсын,
Жарқын болсын, жол болсын,
Не тілесең, сол болсын.
// Жұбан Молдағалиев - Армандар
| 2 | «Пәленшеев, Төленшеев» деп, әкеміздің атына «...ев» пен «...овты» қосақтап айту дағдыға айналған-ды. Мұның өзі бір мезгіл ұйықтап, үш мезгіл тамақ ішкендей бойымыз үйренген үрдіс болатын. Өйткені Кеңес өкіметі бізді солай оқытып, солай тәрбиелегені кім-кімге де жасырын емес. Көзімді тырнап ашып, көркем шығармаларға ден қоя бастаған кезде фамилиясының артында не «...ев» жоқ, не «..ов» жоқ үш адамның аты-жөніне қайран қалғанмын.
1. Бауыржан Момышұлы.
2. Балғабек Қыдырбекұлы.
3. Шона Смаханұлы.
Үш тұлғаның үшеуі де – ұлы! Неге? Сұлтан болуға ұмтылған жоқ, ұлты үшін ұлтан болды. Ұлы болуға ұмтылған жоқ, ұлтының құлы болуға тырысып бақты.
Тәуелсіздік тұсында тәрбие алған кейінгі жастар Шона ағамыздың сын-сықақтарын оқығанмен, ана тіліміздің мәртебесі үшін «мыңмен жалғыз алысып», жауға жалғыз шапқан батырлығын біле ме?
Тіл үшін тіресіп жүріп Алматыда қаншама қазақ мектептерін ашқызды! Бұл жөнінде сәл шегініс жасап балалар ақыны Абдрахман Асылбектің естелігіне құлақ түрейікші. « Ол кезде Алматыда небәрі бір ғана қазақ мектебі болатын. Шона ағамызды қазақ мектебі мен қазақ тілінің мүшкүл хәлі толғандырып, Үкімет алдына мәселе қоя бастады. Қазақ мектебін ашу оңай еместігін жақсы түсінген Шөкең амал-айлаға көшіп,ең алдымен орыс мектептерінің ішінен қазақ сыныптарын ашуды қолға алды. Үй-үйді аралап, қаракөздердің тізімін және ата-аналарының ұлт мектебіне бергіміз келеді деген келісімін ала жүріп, қазақ мектептерін қалайда көбейту жолдарын қарастыра бастады. Бұл оңай шаруа ма? Жан-жақтан жанашырларды шақырып жасақ жинады. Әуелгіде Қадыр Мырза-Әлі, Қабдеш Жұмаділов секілді атақты ақан-жазушылар, кейінірек Марат Тоқашбаев, Нұрдаулет Ақышев қостаған жорналшы жігіттер ілкінді істі ілгері жылжытты. Оларға мен де қосылдым. Сөйтіп жүріп, он шақты жыл ішінде Алматы қаласында біраз қазақ мектебі ашылды».
Ал, қазақ мектебі мен балалар бақшасын ашу үшін жоғары-төменді шенеуніктерге дүркін-дүркін хат жолдап, қара терге түскенін білеміз бе? Үмбетбай Уайдиннің 2006 жылы 10 қазан күні Қазақ радиосына берген сұқбатынан үзінді келтірейік. « Қонаевтің қабылдауында болыпты деген әңгіме құлағыма тиіп, Шөкеңнен «Сол рас па?» деп бір-екі рет сұрағанымда, күліп жауап берді. «Есіктен кіріп келгенімде күректей қол алдымнан шықты. Қолым қолының ішінде жоғалып кетті» деді. Бұйымтайын сұрапты. Сонда Шөкең: «Мен соғыстан аман-есен келдім. Бала оқыттым. Еліме күлкі сыйлап жүрмін. Ендігі арманым – қазақ мектептерін көбейтсем екен!» депті. Сол сәтте Қонаев « Менің алдыма келгендер үй сұрап, машина сұрап бүгежектейтін еді» деп ризашылықпен елжірей қарапты.
Шона ағадай қазақ тілінің мәртебесі үшін ашық күрестік пе? Көбіміз үндемедік. Бұғып қалдық. Партиядан қорықтық. Саясаттың салқыны тисе, тұмауратып қаламыз ба деп үріктік. Шона ағамыз бұққан да жоқ, үріккен де жоқ. Әй, батыр екен-ау!
// Көпен Әмірбек. «Сөйле десең, сөйлейін» кітабынан үзінді | 232 |
| 3 | Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде, бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп Байұлы қасына барып:
– Сен неге атыңа мінбейсің?– деді.
Бала қамығып:
– Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім,– деді.
Сонда Байұлы аттан түсіп, әкесіне жаяу барып:
– Мен атқа мінгенде ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем, сіз ұрыспайсыз ба?– деді.
Әкесі:
– Кімге бересің?– деді.
Бала қысылыңқырап тұрып жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті:
Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп:
– Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде,– деді. Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп көп балаға қосылды.
Сол уақытта бір ақсақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен, Байұлының әлгі мырзалығын көріп разы болып, сыртынан бата берді:
– Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер,– деп.
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі.
// Ыбырай Алтынсарин | 256 |
| 4 | Сұрасаң Нұрмұхамбет Балуан Шолақ менің атым,
Мағұлым дүр бір Құдайға заһыр батын.
Ішінде Орта жүздің өсіп-өнген,
Болады Ұлы жүзден арғы затым.
Нұрекең көп дұшпанмен қарсыласқан,
Қарсысына келгенде қаршылдасқан.
Омбы да əрбір ру бас қосқанда,
Өзіңдей əр жақсымен жемсауласқан.
Сен дегенде құриды жарым жасым,
Жаңбыр жауып көгертпес таудың тасын.
Жақсының шарапаты көпке тиед,
Ит те асырап күнелтед жалғыз басын.
Мен Шолақ, он жасымнан сайрап жүрмін,
Талай-талай бау-шарбақты жайлап жүрмін.
Тəңірім берген өнерді таңу қылып,
Арыстандай айға шабысып, жайнап жүрмін.
Арыстан талай-талай қалған өліп,
Қапы болма жігіттер, досқа сеніп.
Заманның ақыры таяу болып,
Жақының қас боп кетер, дұшпанға еріп.
Ғажап көп жер мен көктің арасында,
Біреу шат, біреу қапа саласында.
Егерде сары шымшыққа бақыт қонса,
Самұрық қызмет етер саясында.
Бұл күнде арғымақтан мəстек озды,
Асылдың сол секілді бəрі тозды.
Ғаламат жердің жүзін жусан қаптап,
Өзгертті шегіртке жеп шыққан бозды.
«Тəуекел» ер жігіттің шамшырағы,
Ашылар талап қылса, ердің бағы.
Беліңді тəуекелге бел байласаң,
Əрқашан арымайды арғымағы.
// Балуан Шолақ Баймырзаұлы | 308 |
| 5 | Қанатың болайын,
Қонғанда жерге тірейтін.
Тілекшің болайын,
Амандығыңды тілейтін.
Бал араң болайын,
Жинайтын гүлдің шырынын.
Жастығың болайын,
Алатын көздің шырымын.
Жайлауың болайын,
Жүргенде жаның жабырқап,
Құлпырып қайта түлейтін.
Құшағың болайын,
Сағынып келгенде алыстан,
Талықсып түнейтін.
Қуатың болайын,
Асауға салатын құрығын.
Қиялың болайын,
Есіне салатын сұлудың бұрымын.
Төзімің болайын,
Салса да тасқа шыдайтын.
Көңілің болайын,
Бір көргенде құлайтын.
Жанарың болайын,
Үмітпен алға қарайтын.
Адамың болайын,
Жаныңа жалғыз балайтын.
// Гүлсара Ысмағұл - Адамың болайын
t.me/adebiett | 404 |
| 6 | Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығады.
Адамды аздыратын жаман қылықтар да адамның өзінен шығады. Ол да тат. Оны сабындап жуып кетіре алмайсың.
Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады. Әрине, асыл кітап, адал кітап.
Ең бірінші – Құран!
Екінші – хадистер!
Ұлы классиктер.
Қазақтың ұлы ақын-жазушылары.
Кітап жем, су сұрамайды. Кітап – ғажайып қазына.
Кітап – өмірсерік.
Кітапты сүймеген Құдайды да сүймейді
Бір кем дүние.
// Шерхан Мұртаза | 421 |
| 7 | Отырып-отырып, Өмекеме (Өмірбек Байгелдіге) телефон соғайын. Мың болғыр орнында отыр екен.
– Өмеке, Оразаңыз қабыл болсын! Мен ескі жазбаларымды ақтарып отырып, Манастың 1000 жылдығын тауып алдым. Есіңде ме сол той?
Өмірбек:
– Есімде. Тараздан 170 үй апарып тіккенбіз.
– Әп бәрекелде-е-е! Ал, сонда деймін-ау, бізде Манас тұлғалы қайраткер болмаған ба? Әлгі Кирдің басын кесіп алып, қан толтырған меске сол басты салып: – “Кир! Іздегенің қан еді, іш енді тойғаныңша!” – дейтін біздің Тұмар анамыз емес пе?
Өмірбек: – Тұмар-иіс
Мен: – Е, еуропалықтардың Томирис деп жүргені сол екен ғой. Ал енді содан бері қанша жыл?
– 2500 жыл.
– Манас оның қасында бала екен ғой.
– Сонда деймін-ау, Тұмар-иіс анамыздың 2500 жылдығын біз неге атамаймыз? Мұны білетін тарихшылар жоқ па?
– Жоқ.
– Бұдан мыңдаған жыл бұрын гректерден шыққан Геродот болмаса, Тұмар-иіс анамыздан хабарсыз қалатын екенбіз ғой.
– Солай. Тұмар-иіс анаң өз алдына. Зарина апаңды айтсаңшы.
– Ендеше неге жазбайсың, ойбай?!
– Ертең кел, сөйлесейік.
– Құп болады, мақұл.
. . .
Сонда деймін-ау, бұрын бейшара қазақ зиялысы дегені қазақтың тарихын 1917 жылғы ұлы Октябрь революциясынан бастаушы еді. Ендігі қол жеткізгені ХV ғасырдағы Керей мен Әз Жәнібек құрған қазақ хандығы. Одан арыға құлашы жетпеген.
Ал, Өмекемнің құлаш сілтесі мынау… Кәсіби тарихшылар жолда қалды.
Ғылымдағы, тарихтағы бір кем дүние. Зор кем дүние.
// Шерхан Мұртаза | 428 |
| 8 | Шерхан Мұртаза. "Қызыл жебе" романынан үзінді | 358 |
| 9 | Шерхан Мұртаза. Тілдің кілті - Парламентте
t.me/adebiett | 372 |
| 10 | ...бізде намыс оты өлегізген. Намыссыздықтан, екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлейді. Өйткені, ұлттық рухты отарлау саясаты сындырған.
// Шерхан Мұртаза | 360 |
| 11 | Шерхан Мұртаза алты жерде бас редакторлық қызмет атқарған. 1970 – 72 жылдары «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972 – 75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1980 – 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 – 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізді. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ойын-суықтық бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.
1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.
Шерхан Мұртазаға тән қасиет – талантты жастарға қамқорлығы. Шығыста облыстық газетті қызмет етіп жүрген Оралхан Бөкейді, Атырауда жүрген жас ақын Фариза Оңғарсынованы, оңтүстікте трактор жүргізушісі болып еңбек етіп жатқан Мұхтар Шахановты және Арқада аймақтық газетте тілші Ақселеу Сейдімбекті «Лениншіл жас» газетіне тартты. Аты атылған бұл кісілер қазақ руханияты мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты, ел таныған үлкен азаматтарға айналды. | 360 |
| 12 | Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесіне ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпеді.
1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Шерхан Мұртазаның тұмарындай болған туындысы – «Қызыл жебе» эпопеясы. Бес кітаптан тұратын шығарма - қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді. | 328 |
| 13 | Шер-Ағаңның есімі қазақ әдебиеті алыптарының көш басындағы санаулыларының арасында тұр. Ол – қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер.
Ол – Тұрар есімін қайта тірілткен теңдессіз қалам иесі. Ол – қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қайраткер. Ол – қазақ журналистикасының өзіндік мектебін қалыптастырған Ұстаз. «Шерхан дәуірінде» қалам шерткендердің барлығы дерлік «Шер-Ағаңның шекпенінен» шыққанын мақтан тұтады. | 320 |
| 14 | Бүгін халықтан тамырын үзбеген қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы, қазақ көсемсөзінің қолбасшысы, қара сөздің байрағын желбіреткен талай талантқа ұстаз болған көрнекті суреткер, өмір бойы ұлт мүддесі жолында басын бәйгеге тігіп, кешегі Алаш ардақтыларының текті жолын жалғаған бірегей тұлға, халқы Шер-аға деп сүйіспеншілікпен әспеттеген Шерхан Мұртазаның дүниеге келген күні. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған. | 376 |
| 15 | Ей, жігіттер, қазақтың батырлары,
Болыстары, байлары, ақындары,
Біз емес пе қазақтың қыздарының,
Жанашыры, қорғаны, ақылманы.
Біз емес пе солардың тас қамалы,
Қазақ деген халықтың қасқалары.
Біз аяққа таптасақ ар-намысын,
Басынбай ма, ботаңды басқалары.
Ей, жігіттер, тар болмай, нар болайық,
Әрбір қызы қазақтың ханға лайық.
Намысымыз бар шығар шешен құрлы
Аялайық, сыйлайық, алдамайық.
Кемшілігін санайық қателік деп,
Кешірейік, кешіру әкелік деп.
Сол қазақтың қызы ғой атаңды да,
Аттандырған жауына ат ерттеп.
Жұтқан бірдей ауамыз, су-нанымыз,
Қу жанымыз, қанымыз, руларымыз.
Міндеттіміз қорғауға қазақ қызын,
Қазақ қыздан, шын болса, туғанымыз.
Ер жігітте ақыл көп, айла күшті,
Тас қопарды, тау бұзды, айға да ұшты.
Бірақ, бірақ, қазақтың болашағы,
Болашақ аналарға байланысты.
// Қайнар Алагөзов | 530 |
| 16 | Бір үйші жұмысымен кеп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:
– Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді,– деді.
Үйші айтты:
– Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.
Көрші:
– Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? – деді.
Үйші айтты:
– Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе, – деді.
t.me/adebiett | 569 |
| 17 | Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Өтер кім бар ойнадым-күлдім демей?
Кейде мылқау секілді тіл қатпайсың,
Кейде әнші боп кетесің бұлбұл көмей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Күмілжімей кім жүрер, кірбіңдемей?
Күліп тұрса «байлығым» миығынан,
«Кедейлігім» тұнжырап тұрды үндемей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Біреуіне біреуін білдірмегей.
Кедейлік пен байлығың бірдей болса,
Көкірегің тұра ма күмбірлемей?
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Жатыр дейсің кім солмай, кім гүлдемей.
Қысқа ғұмыр қамшының сабы болса,
Нәзік жүрек үзілер бүлдіргедей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Жамандыққа жаныңды ілдірмегей.
Айналады түбінде жоғың барға,
Жоқ екен деп барыңды бүлдірмегей.
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Айтарыңды ашық айт, міңгірлемей.
Қара шаңның астында қалсаң-дағы,
Жаны таза, жарқыным, жүр кірлемей!..
// Несіпбек Айтұлы - Көңіл, шіркін... | 526 |
| 18 | Бір-бірінің бақытына бал ашып,
Күні кеше жүрген ауыз жаласып.
Алакөз боп кетті қанша ағайын,
Алмағайып мансап үшін таласып.
Мансап үшін жақты күйе қанша аққа,
Мақсаты тек – «бәрін сат та, жан сақта!»
Өлерменнің өсіп кетті бәз бірі,
Махаббатты айырбастап мансапқа.
Қара күйе жақты дағы қанша аққа,
Қаралады, жүгіртті нақақ сан саққа.
Жақсылар мен жақындардан жырақтап,
Қуыс кеуде құл боп кетті мансапқа.
Анасынан артық көрді мансапты,
Баласынан артық көрді мансапты.
Мансап үшін малын, барын шығындап,
Мансап үшін намыс, Арын сан сатты.
Мансап үшін біреу асты жақсы асын,
Мансап үшін біреу шашты ақшасын.
Сатты біреу атасының сақалын,
Сатты біреу анасының ақ шашын.
Бұл сөзімде ақиқат көп, аз әзіл,
Мансап деген - жақсы адамға жаза бұл.
Бай құтаймас баяны жоқ қатындай
Ақшадан да асып түсер әзәзіл!
Қуалаймыз құмарымыз бір қанбай,
Құлағанша тасқа тиіп қу маңдай.
Мансап болса маңғазданып, мардамсып,
Мазақ қылып адамдарды тұрғандай..
// Нарша Қашағанұлы - Мансап | 493 |
| 19 | Қыз боп тудым, жүрем кейде жыным кеп,
Жол жіңішке, арқалаған жүгім көп.
Қуансам да, мұңайсам да жебеушім –
Қара өлеңім, одан басқа түгім жоқ!
Затым – әйел, неткен қиын сынақ бұл,
Жанарымда жауабы жоқ сұрақ кіл.
Әлем сыйған менің құйттай жүрегім
Жалғыздықты жатырқаушы ед(і) жылап тұр.
Ғашық болдым, айта алмадым, шерлендім,
Сүю ләзім, Хауа туған жерденмін.
Мен жаны – сыз, кеудесі – күз жандарды,
Жырымменен жылытуға келгенмін.
Көп еркелеп, сәл көбірек назданам,
Еркелесем ез бесігім, өз далам.
Өлең дейтін тағдырым бар, аяулы,
Көп арудың маңдайына жазбаған.
Жарық күннен еншімді әлі алғам жоқ,
Жүр басыма ақыл, арым қорған боп.
Ділі қазақ азаматқа жар болып,
Ұлым азат ана болсам арман жоқ!
Қажеті жоқ жұлдыздың да, айдың да,
Бір жоғым бар кең дүниенің қойнында.
Табайын деп асуларға беттедім,
Күнге қарсы құшағымды жайдым да.
...Шат күндерін қимаса да, қиса да,
Өлең – дертім жаныма мұң жиса да.
Тағдырыма сұрамаймын араша,
Жазмышы көп маңдайымнан
Сүйші, Аға!
// Балагүл Бакиева | 478 |
| 20 | Қосағың – бағың,
Тек соны сағын.
Тек соны пір тұт,
Тек соған бағын.
Қосағың – бағың,
Тап соның бабын.
Сыйла да сыйлан,
Түскенше жағың.
Қосағың – бағың,
Шұғылалы шамың.
Татқызар ләззат,
Бал-шырын шағың.
Қосағың – бағың,
Қалаулы жарын.
Кез еткен Алла,
Бақытын, барын.
Қосағың – бағың,
Арайлы таңың.
Бірге кеш тағдыр,
Мұзы мен қарын.
Қосағың – бағың,
Мәртебең, тағың.
Бірге тат өмір,
Кермек пен балын.
Қосағың – бағың,
Тек соған табын
Жолдарыңды ашсын,
Жаратқан Раббым!
// Қабылбек Төретайұлы
t.me/adebiett | 496 |
