ch
Feedback
Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

前往频道在 Telegram

Қазақ әдебиеті

显示更多
2 177
订阅者
无数据24 小时
-67
-2830
帖子存档
Қайтыс болар алдын Арыстанбаб әулие жиналған ел-жұртқа: «Менің сүйегімді ақ аруанаға артып, басын бос қоя беріңдер, түйе қай жерге шөксе – сол жер бейітім болсын»,– депті. Ел-жұрт солай етсе, ақ аруана біраз жерді шарлап-шарлап барыпты да қазіргі сағанасы тұрған жерге шөгіпті деседі. Сонан сол жер Арыстанбаб басы деп аталып кетеді. Бірде Ақсақ Темір әмір беріп Қожа Ахмет Яссауиға зор ғимарат салдыра бастапты. Қабырғасы көтеріле бергенде, бір нән өгіз келіп бұзып кетеді. Ұсталар жабылып ғимаратты қайта тұрғызады, еңсесін биіктетіп, күмбезін де көтере бастайды. Бір түні ол тағы құлап қалады. Ел аң-таң болады. Ақсақ Темір ойланып жатып, ұйықтап кетсе, түсінде оған бір ақсақал кісі аян береді. Ол - Қожа Ахмет Яссауи жарықтық екен дейді. «Ғимаратты алдымен менің ұстазым Арыстанбабқа тұрғызыңдар» депті. Ақсақ Темір бар әскерін қатар қойып Түркістаннан 60 шақырым Отырарға кірпіш тасытып, Арыстанбаб әулиеге сағана тұрғызыпты. Арыстанбаб әулие жөнінде: Самарқанда сансыз бап, Түркістанда түмен бап, Отырарда отыз баб, Ең үлкені – Арыстан баб,– деген нақыл содан қалыпты. Қазақ әдебиеті

Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй, Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй. Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ үй, Батырларға бекініс қамал болған қазақ үй. Бұл ғажап үй төзімді аязыңа, қысыңа, Жайбар жауса нөсерлі, су болар деп қысылма. Сол себепті ол даланың қақ төрінде тұрады, Қай жолаушы болса да, аттың басын бұрады. Ата-бабам мекені, баспанасы – осы үй, Кең далада қазақтың астанасы – осы үй. Абай атам отырып, өлең жазған қазақ үй, Қазақ, орыс досын да қабылдаған ғажап үй. Арман-мұңын жыр етті менің атам Жамбыл да, Дүниені толтырып бөлендірді əн-жырға. Даласындай кең келер киіз үйі елімнің, Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін. Əн шырқасаң керемет ашып қойып түндікті, Жымыңдаған жұлдызы сұлу-ақ қой түн тіпті. Сайрағанын бұлбұлдың жеткізеді кереге, Түріп қойсаң кереге – кəдімгі бір терезе. Самал соқса іргеден бетіңізді аймалап, Сығаласа түндіктен жылт-жылт етіп Ай қарап. Шіркін, сонда ұйықтамай, жатар едің балбырап, Ағып жатса тұсыңнан сылдырлаған балбұлақ. Бақыт таңын сондағы ұмытуға мүмкін бе, Балалыққа қайтадан ораласың бір күнде. Өмір – деген мықтының қызығына тоймайсың, Сол өмірдің сол үйде қысқалығын ойлайсың. Даласындай кең келер киіз үйі елімнің, Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін. // Рза Қунақова - Қазақ үй

Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй, Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй. Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ ү
Жасыл мақпал жерлерге тігілетін қазақ үй, Жұмыртқадай ақшаңқай көзді тартқан ғажап үй. Шілдедегі ыстықта самал болған қазақ үй, Батырларға бекініс қамал болған қазақ үй. Бұл ғажап үй төзімді аязыңа, қысыңа, Жайбар жауса нөсерлі, су болар деп қысылма. Сол себепті ол даланың қақ төрінде тұрады, Қай жолаушы болса да, аттың басын бұрады. Ата-бабам мекені, баспанасы – осы үй, Кең далада қазақтың астанасы – осы үй. Абай атам отырып, өлең жазған қазақ үй, Қазақ, орыс досын да қабылдаған ғажап үй. Арман-мұңын жыр етті менің атам Жамбыл да, Дүниені толтырып бөлендірді əн-жырға. Даласындай кең келер киіз үйі елімнің, Мен сол үйдің қызымын, мен сол үйге келінмін. Əн шырқасаң керемет ашып қойып түндікті, Жымыңдаған жұлдызы сұлу-ақ қой түн тіпті. Сайрағанын бұлбұлдың жеткізеді кереге, Түріп қойсаң кереге – кəдімгі бір терезе. Самал соқса іргеден бетіңізді аймалап, Сығаласа түндіктен жылт-жылт етіп Ай қарап. Шіркін, сонда ұйықтамай, жатар едің балбырап, Ағып жатса тұсыңнан сылдырлаған балбұлақ. Бақыт таңын сондағы ұм

Ертеде сүп-сүйкімді бір қыз болыпты. Шешесі оны өте жақсы көреді екен, әжесі де оны жанындай жақсы көріпті. Бірде мейірімді кемпір немересіне қызыл телпек тігіп беріпті. Телпек оған сондай жарасады екен. Содан жұрт қыздың өзін де Қызыл Телпек деп атап кетіпті. Бір күні шешесі күлше нан пісіріп, Қызыл Телпекке былай дейді: – Әжең науқас көрінеді. Барып көңілін сұра, мына күлше мен бір құмыра майды соған апарып бер. Қызыл Телпек дереу жолға шығады. Баратын жері алыс еді, әжесі орманның арғы жағындағы екінші бір ауылда тұрады екен. Қызыл Телпек орман ішімен жүріп келе жатады. Бір кезде қарсы алдынан қасқыр шығады. Қасқыр оны жеп қойғысы келеді, бірақ қорқады, себебі өте жақын жерде отыншылар жұмыс істеп жүр екен. Қасқыр Қызыл Телпектен: – Қайда барасың?–деп сұрайды. Қасқырдың зұлым екенін және онымен сөйлесудің қауіпті екенін білмеген аңқау қыз: – Әжемнің халін білуге бара жатырмын. Оған апамның сәлемдемесін, мына күлше мен бір құмыра майды, апарып беремін, - дейді. – Әжең алыста тұра ма? - дейді Қасқыр. – Өте алыс тұрады, - дейді Қызыл Телпек. - Анау диірменді, сол диірменнің арғы жағындағы ауылды көріп тұрсыз ба, әжем сол ауылдың шет жағындағы бірінші үйде тұрады. – Білесің бе?– дейді Қасқыр. – Мен де сенің әжеңнің халін білгім келеді. Бірақ сен мына соқпақ жолмен жүр, ал мен анау соқпақ жолмен кетейін. Қайсымыз бұрын барар екенбіз? Қасқыр өзіне ең төте жолды таңдап алып, бар пәрменімен жүгіре жөнеледі. Ал Қызыл Телпек асықпай, ең алыс жолмен жүріп кетеді. Ол жолшыбай жаңғақ жинап, көбелек қуып, гүл тереді. Қасқыр лезде кемпірдің үйіне келіп, есігін қағады: – Тық-тық! – Бұл кім?– дейді кемпір. – Бұл мен, сіздің немереңіз Қызыл Телпекпін,– дейді Қасқыр даусын жіңішкертіп. – Мен сізге апамның сәлемдемесін, күлше нан мен бір құмыра май әкелдім. Кемпір шынында да науқастанып төсекте жатыр екен. Сол себепті орнынан тұрмастан: – Жіпті тартып қалсаң, есіктің ілгегі ашылады!– деп айқайлайды. Қасқыр жіпті тартып қалған кезде, есік ашылып кетеді. Үш күн бойы нәр татпай, қатты ашыққан қасқыр кемпірді бас салып, жұтып қояды. Содан кейін ол есікті жауып алып, кемпірдің төсегіне жатады да, Қызыл Телпектің келуін күтеді. Біраздан соң Қызыл Телпек есік қағады: – Тық-тық! – Бұл кім?– дейді Қасқыр даусы қырылдап. – Бұл мен, сіздің немереңіз Қызыл Телпекпін. Мен сізге апамның сәлемдемесін, күлше нан мен бір құмыра май әкелдім,– дейді. – Жіпті тартып қалсаң, есіктің ілгегі ашылады,– дейді Қасқыр даусын жіңішкерте сөйлеп. Қызыл Телпек жіпті тартып қалған кезде, есік ашылып кетеді. Қызыл Телпек үйге кірісімен-ақ Қасқыр көрпенің астына жасырынып: – Күлше мен құмыраңды сандықтың үстіне қой да өзің менің төсегіме жатып, біраз демал,– дейді. Қызыл Телпек төсекке жатады. – Әже, мынадай үлкен қолдың не керегі бар сізге?– дейді ол Қасқырдың серейген ұзын қолдарына таңырқай қарап. – Сені қаттырақ құшақтау үшін, балам. – Әже, ал мынадай үлкен аяқтың сізге не қажеті бар? – Жылдам жүгіру үшін, балам. – Әже, ал мынадай үлкен құлақтың сізге не керегі бар? – Жақсырақ есту үшін, балам. – Әже, ал мынадай үлкен көздің сізге не қажеті бар? – Жақсырақ көру үшін, балақайым. – Әже, ал мынадай үлкен тістің сізге не керегі бар? – Сені жеп қою үшін!– деп, Қасқыр Қызыл Телпекті бас салады да, жұтып қояды. Тап сол кезде үйдің жанынан жұмыстан қайтқан отыншылар етіп бара жатыр екен. Олар айқай-шуды естіп, үйге жүгіріп кірген бойда кемпірдің төсегінде жатқан Қасқырды көреді. Отыншылар оны өлтіріп, көп ойланбастан ішін жарады. Қасқырдың ішінен аман-сау кемпір мен Қызыл Телпек шығады. // Шарль Перро t.me/adebiett

Оңашада ой жүгіртсем өткенге, Армансыз боп көз жұматын жоқ пенде. Сен туылған күннен бастап құлыным, Арман да көп, уайым да к
Оңашада ой жүгіртсем өткенге, Армансыз боп көз жұматын жоқ пенде. Сен туылған күннен бастап құлыным, Арман да көп, уайым да көп менде. Өмірімнің бар мәні сен білерім, Қасымда сен болсаң ғана күлемін. Құлдыраңдап жүгіресің, құлайсың, Дір етеді сонда менің жүрегім. Сен құласаң менде жүрек қалмады, Амандығың – ең бірінші арманым. Балалықпен жығылғаның түк етпес, Ер жеткенде сүрінбесең болғаны. Тағдыр – қатал, пенде байғұс көнбіс-ақ, Өзіңе, еркем, ұғынатын келді шақ. Абайлап жүр, құлап жатсаң жүгіріп, Ешкім сені жұбатпайды мен құсап. Бастар солай тағдыр қиын сабағын, Орындарсың небір түрлі талабын. Бар тілегім, кір шалдырмай жүргейсің, Өмір деген қарт анаңның қабағын! // Балагүл Бакиева - Ұлыма

Аумайсыңдар өрілген егіз гүлден, Тәңірім сақтасын тек көз бен тілден. Екі елге қос аққу болыңдаршы, Өмір атты айдында бірге жүзген. Ғұмыр-ғалам таусылмас сан сұрағы, Жауап таппай қанша жан сансырады?! Қуаныш пен бақытқа шашылсын тек, Маңдайдың інжу-маржан тамшылары. Шарпысқанда қос жүрек жан шуағы, Шат көңілден шадыман ән шығады. Өмір жолың, екі жас, нұрлы болсын. Сәуле шашып тағдырдың шамшырағы. Шарықтайтын күн бүгін тәтті бір саз, Қалықтайтын күн бүгін гәккулі наз. Ақ айдында мамырлап тербелуден, Жалықпайтын түн бүгін аққу мен қаз. Байыз тапсын қос жүрек алып-ұшқан, Айқассыншы қос білек сағынысқан. От басқандай отаудан аулақ қашсын, Ұрыс-керіс, дау-дамай – кәрі мыстан. Көңілі күндей, ал жаны гүлді ананы, Азаматтан төмен деп кім санады? Қанатымен су сепкен қарлығаштай, Қадірлеңдер ақ шашты екі ананы. Жүрген жерін жақсы жан ән етеді, Жақсылықты жанына тән етеді. Екі өрімтал екі әулет, уыз бала, Екі елдің болыңдар дәнекері. Тосқан алдан аяз бар, аптабың бар, Татулықты тұғыр қып, бақ табыңдар! Ығып кеткен дауылдан қайықтар көп, Суық көздің сұғынан сақтаныңдар. Кең пейілді сақтасын тарылғаннан, Дейтін елміз «Жанымды ал, арымды алма!» Көп болып көсегеден көгеріңдер, Әрі етсін бөлінген, жарылғаннан! // Қабылбек Төретайұлы - Жас жұбайларға Қазақ әдебиеті

Абайда мынандай сөздің бары рас: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыс та тұр". Осы сөзді қолда
Абайда мынандай сөздің бары рас: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыс та тұр". Осы сөзді қолдаушылар Абайдың есімін бетке ұстап, орысшыл болу керек дейтін ниетті өзеурей насихаттап жүр. Ондайлар бара-бара "өз тіліңді білмесең де орыс тілін біл" деген пиғылын көлденең тарта бастағандай. Мұндай сорақылықты қазіргі саясат аңшының итін сипағандай еркелететін болып алды. Бұларға бүтін дүниетаным, бүтін тұлға керек емес. Керек болса, сол Абайдың келесі сөзін оқыр еді ғой. Келесі сөзі былай: "Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек". Қандай зарарынан қашық болуымыз керек ? Мұны ойлап жүрген де ешкім көрінбейді, ойлануға мұрша беретін заман да байқалмайды. // Ақселеу Сейдімбек (15.12.1973) Қазақ әдебиеті

Қолыңдағы өз туың, өз байрағың, Байрақ деген — бағалы сөз ғой, жаным. Өлгеніңше құлатпа, биік ұста, Сөнгенінше суалып көз қай
Қолыңдағы өз туың, өз байрағың, Байрақ деген — бағалы сөз ғой, жаным. Өлгеніңше құлатпа, биік ұста, Сөнгенінше суалып көз қайнарың. Аузыңдағы өз үнің, өз ұраның, Шырқа, кетсін ғаламды кезіп әнің. Дақ түсірме даңқына, жатыр мұнда — Абыройың, Айбарың, Сезім, Арың! Төріңдегі өз белгің, өз елтаңбаң, Адам бақты жаңа атқан сезер таңнан. Аманатқа қиянат жасап алма, Құдіреттің қарап тұр көзі арқаңнан. Ту, Әнұран, Елтаңба — үш қасиет, Үш қасиет ұғынсаң күшті өсиет. Айбарымен, Үнімен, Өр рухымен, Тұрар сені сүрінген тұста сүйеп. // Қалқаман Сарин - Үш қасиет t.me/adebiett

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойыны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу, Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су. Көл жағалай мамырлап қу менен қаз, Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз. Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда, Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз. Құс қатарлап байлаған қанжығаға Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз. Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек. Қырда торғай сайраса, сайда – бұлбұл, Тастағы үнін қосар байғыз, көкек. Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, Диханшылар жер жыртып, егін егер. Шаруаның бір малы екеу болып, Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер. Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер, Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. Анамыздай жер иіп емізгенде, Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. Жаз жіберіп, жан берген қара жерге Рахметіне Алланың көңіл сенер. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер. Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның пейілі енер. Тамашалап қарасаң Тәңірі ісіне, Бойың балқып, ериді іште жігер. Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар, Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар. Жыршы құстар әуеде өлең айтып, Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай, Таң атқан соң шығарын күннің біліп, Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай. Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті. Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап, Күйеу келді, ай, жұлдыз к... қысты. Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, Жан-жануар қуанар тойға елеріп. Азалы ақ көрпесін сілке тастап, Жер күлімдер, өзіне шырай беріп. Күн – күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан соң Жер толықсып, түрленер тоты құстай. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін. Қызыл арай сары алтын шатырына, Күннің кешке кіргенін көрді көзім. // Абай Құнанбайұлы - Жазғытұры

Осы біз неткен бақытты халық едік: орайын десе - егіні жоқ, себейін десе - көңілі жоқ, өлейін десе кебіні жоқ, жел сөзі менен
Осы біз неткен бақытты халық едік: орайын десе - егіні жоқ, себейін десе - көңілі жоқ, өлейін десе кебіні жоқ, жел сөзі менен желігі көп, өз үйінде өзінің орыны жоқ. Осы біз неткен бақытты халық едік: біреуге иек артпаса жүре алмайтын, өз үйін өз қолымен құра алмайтын, өмірді өз бетімен сүре алмайтын, белі тақым сағынып бұраңдайтын, қит етсе қырамын деп ұрандайтын, өзінен басқа ешкімді ұра алмайтын. Неткен бақытты халық едік: Табыла алмай ту қасынан, елеуішпен су тасыған, алтын шықса құм-тасынан, оның өзі у сасыған. Неткен бақытты халық едік: Құйрық-жалы күдіре боп, жүгіретін сүріне кеп, үй дейтұғын үйі де жоқ, күй дейтұғын күйі де жоқ, шығатұғын үні де жоқ, бостандықтан басқа түгі де жоқ, Неткен бақытты халық едік! // Ұлықбек Есдәулет - Бақытты халық Қазақ әдебиеті

Күй тартылсын, Барлық ойын ойналсын, Ана күліп жақсы күнін ойға алсын. Басқа тойды тойламасаң өзің біл, Балалардың туған күні
Күй тартылсын, Барлық ойын ойналсын, Ана күліп жақсы күнін ойға алсын. Басқа тойды тойламасаң өзің біл, Балалардың туған күні тойлансын. Барыңды да, жаныңды да сал соған, Осы тойда ата-бабаң аңсаған. Баласына бір той жасап бере алмай, Дүниеден өтіп кетті қанша адам. Өтіп тұрған, жетіп тұрған шағыңда, Шығын шығып кетеді-ау деп тарылма. Аяғыңды батылырақ басасың, Арман еткен балаң болса жаныңда. Мейлі гүлдеп, мейлі көңілің тарықсын, Ұрпағыңмен ұлан асыр халықсың. Әкем мені жақсы көруші еді-ау деп, Балаң ертең еске алғанда қамықсын. Ән айтылсын, барлық ойын ойналсын, Ана күліп жақсы күнін ойға алсын. Басқа тойды тойламасаң өзің біл, Балалардың туған күні тойлансын. // Тұманбай Молдағалиев Қазақ әдебиеті

Аман қалған соғыстан да, дерттен де, Шамаменен жасы 84-терде. Төбе құйқаң шымырлайды, біздің қарт Аштық жайлы әңгімесін шерткенде. “Еске түссе жүректі аяз қариды-ақ, Шошқа жедік, жайына қап шариғат. Тәубесін тез ұмытатын құлына, Көмек берді кең пейілді табиғат. Азық болды қорсылдаған мақұлық, Атып алып, қуырып жедік қатырып. Алып қалдық аштан өле жаздаған, Сәлде ораған молдаға да татырып. Ол кезеңнің көп болды ғой әттеңі, Азық болды кеуіп қалған қап, тері. Қошқарата қорасынан атылған Қабан еті қазыңыздан тәтті еді. Біреу қырда, енді біреу сайда өлді, Ел аспаннан қаны тамған ай көрді. Осы өлкеде, сенсең егер, қарағым Қабан түгіл адам жеген жай болды. Ұн жасадық ұлы өсімдік алғыдан, Быламық қып аш өзекке қалғыған. Шынашақтай шабақ қуып, тұншықтық, Долы судан тастан-тасқа қарғыған. Рауғаш, желкек, жауқазынның түбірін, Тастақ жердің тарысы мен жұмырын. Байқап қалсақ, сілекейіміз шұбырып, Балпақтарды қазып алдық, құлыным. Көз ала алмай тас қайнатқан қазаннан, Қайран күндер, қатып-семіп сазарған. Сары долана, таупияз бен қазықұйрық, Бұл атаңды алып қалған ажалдан. Өлген өлді, Өлмегені тірлік қып, Қанша уақыт ес жия алмай бұрлықтық, Бүгін, міне, орталарыңда отырмын, Бейбіт күн мен тоқ заманға құлдық қып...” Сақалынан сорғалаған жасына Көз түскенде, жұбатамыз асыға... О, Жаратқан! Ондай сұмдық кезді енді, Бере көрме адамзаттың басына! // Бауыржан Үсенов - Қарттың әңгімесі

Ашаршылық Алдымен талғап жұтты. Соңынан түк қалдырмай Жалмап жұтты. Жұтты, Жұтты, Жұтты! Құртты! Ақылдасатын Дана қалдырмады.
Ашаршылық Алдымен талғап жұтты. Соңынан түк қалдырмай Жалмап жұтты. Жұтты, Жұтты, Жұтты! Құртты! Ақылдасатын Дана қалдырмады. Құшақтасатын Бала қалдырмады. Алатау мен Арқаның, Алтай мен Атыраудың арасы Қынадай қырылды, Шалғындай жапырылып, Шөптей жұлынды. Жад пен ойымда Қайғы мен қасiрет Желдай ағылысты. Ертiс пен Жайық, Есiл мен Ойылда Iсiнген өлiктер Сеңдей соғылысты. Құзғындар Қара бұлттай қаптады. Атқан күн батпады, батқан күн атпады. Бiздiң жерiмiздегiдей Еш жерде Құзғындар Көп болған емес. Бiздiң жерiмiздегiдей Еш жерде Құзғындар Тоқ болған емес. Шашылып жатты Шоқыған, жегенi... Содан ба елiмде Құзғындар көп әлi. // Темірхан Медетбек - Ашаршылық жылдар суреттері

Айтарымды аяқтамай бөлмеші, Көктем шықса қара да тұр, көр де осы! Автобуста, трамвайдың ішінде, Басталады кіндіктердің көрмес
Айтарымды аяқтамай бөлмеші, Көктем шықса қара да тұр, көр де осы! Автобуста, трамвайдың ішінде, Басталады кіндіктердің көрмесі. Иіріміндей тұнып аққан арықтың, Шұп-шұқыр боп көз тартады жарықтық. «Батыс жақтың пәлесі» – деп біреу жүр, Қарсы тұрар қауқары жоқ халықтың. Жас қарындар жұрдай болған ұяттан, Жұлдыздардай жарқыл қағып жиі аққан. Әрлі-берлі ауысады алдыңда, Шырқап тұрып, шорт үзілген сияқты ән. Қипақтап-ақ қарамайын десең де, Қаймақтай-ақ қалқып шыққан кесеңде. Назарыңды аударады еріксіз, Өз шаруаң: көзбен ішіп-жесең де. Араласып ағы менен қарасы, Қаз-қатар боп тізіледі жарасып. Бірен-саран мінген қарттар күйбеңдеп: Күбірлейді әлде не деп жаны ашып. «Қара-қара дей ме маған – қысылма», Бір кіндік тұр мұрынымның ұшында. Бір кіндік тұр құлағымның түбінде, Бір кіндік тұр иегімнің тұсында. Үйіріледі, иіріледі айналып, Тіл мен жағың қарысқандай байланып... Терезеге телміресің күрсініп: «Заман бізді барады – деп – қайда алып?!» // Темірше Сарыбайұлы - Кіндіккөрме

Ашық болса көңілдің есік-төрі Көрші қонар несібе көшіп бері. Бақыт деген бал да емес, шекер де емес, Тулап жатқан бала ғой бе
Ашық болса көңілдің есік-төрі Көрші қонар несібе көшіп бері. Бақыт деген бал да емес, шекер де емес, Тулап жатқан бала ғой бесіктегі! // Исраил Сапарбай

Әзіл түбі дауға айналса – сол жаман, Алғыр қыран шауға айналса – сол жаман. Бала кезде тапқан досың Бір күні Жалт бұрылып жау
Әзіл түбі дауға айналса – сол жаман, Алғыр қыран шауға айналса – сол жаман. Бала кезде тапқан досың Бір күні Жалт бұрылып жауға айналса – сол жаман. Алған жарың доңыз болса – сол жаман, Доңыз дауге негіз болса – сол жаман. Құмыр бұлбұл ғашық болған өлгенше Қызыл гүлге қоңыз қонса – сол жаман! Жарыместі зерек десең – сол жаман, Жаман ұлды өбектесең – сол жаман. Әйеліңе, Бала-шаға, Туысқа – Бір адамға керекпесең – сол жаман! Ата жауың шалықтаса – сол жаман. Өшігуден жалықпаса – сол жаман. Шыбын жаны шырқыраған жері үшін Шәйірлерін елі ұқпаса – сол жаман! Иесіне ит абаласа – сол жаман, Сүрінгенді табаласа – сол жаман. Өзгелерден төмен тұрған ағайын Өзін биік бағаласа – сол жаман! Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман. Өлім – бесік әлдилесе – сол жаман. Бір жыл емес, Бес жыл емес, Ұзақ жыл Ақымақ бастық ел билесе – сол жаман! Мықты жырды мақтамасаң – сол жаман, Мақтағанда ақтамасаң – сол жаман. Сәтті бастап өлеңіңді, Сөзіңді Тоқтар жерде тоқтамасаң – сол жаман! // Қадыр Мырза Әли

Жамандық көрсең – өзіңнен, Жақсылық көрсең – өзіңнен. Сынаса тағдыр жылама, Жеңе біл бәрін төзіммен. Мұңайған, әсте, кезім ке
Жамандық көрсең – өзіңнен, Жақсылық көрсең – өзіңнен. Сынаса тағдыр жылама, Жеңе біл бәрін төзіммен. Мұңайған, әсте, кезім кем, Әр кеште күліп көз ілгем. Мың мадақ айтам Аллама, Кіршіксіз әппақ сезіммен. Бақытсыз өзін сезінген, Тағдырға налып, безінген. Қайнайды қаным Абайша, Жандарды көрсем езілген. Болса егер жанда төзім кем, Боздайды-ау іште бозінген. Орынсыз күйіп, тар қылар, Алтын уақыттың өзін кең. Бор кемік, жасық, жігерсіз, Болмаса, озбыр жүгенсіз. Қара мен сұр түстердей, Өн бойы тартар сүреңсіз ... Жайдары жаздай сезілген, Тіршілік мәнін сезінген. Қуана білсең – шын бақыт Көрем өмірдің өзін мен. // Лида Жанбота - Өлең-өмір

Құлақ сал жыл пердесін ысырғандар, Жалғасқан мәңгілікпен тұщымды ән бар. Жолына құдайының құрбан шалған, Айттарың құтты болсы
Құлақ сал жыл пердесін ысырғандар, Жалғасқан мәңгілікпен тұщымды ән бар. Жолына құдайының құрбан шалған, Айттарың құтты болсын, мұсылмандар! Құрбан айт кембағалға қайыр қылу, Қыдырып, бір-бірінің жайын білу. Өзіңнің ізгі ісіңнен рахат алып, Жүрек пен бауырыңды шайындыру. Алланың қалауы ұлын атағанда, Әкесі аяқ-қолын матағанда. Паш етіп құлдарының адалдығын, Түсірген көк қошқарын Жасаған да. Сынағы бұл жалғанның тым ауырлау, Пендеге оңай емес, күнә қылмау. Жиылып жал-жаяны бөліскендей, Құранның құдіретін уағыздау. Арсыздың айты алты күн дейді қазақ, Мезі етіп ауылдасқа болма мазақ. Ысырапсыз орнымен пайдаланса, Дініңнің дүниесі қандай ғажап?! // Әселхан Қалыбекова - Құрбан айт құтты болсын, мұсылмандар

Әке, Ауылды сағындым, Көркем қала шаршатты. Ерке қызды басынды да тағы мұң, Жастығымда жайы болмай жанымның, Балалықтың бал қ
Әке, Ауылды сағындым, Көркем қала шаршатты. Ерке қызды басынды да тағы мұң, Жастығымда жайы болмай жанымның, Балалықтың бал қылығы аңсатты. Кеттім сенен бір арманның соңында, Сұлу қала жасырыпты сырларын, Сырты сұлу саябақтың ұрларын, Жазылмаған жырларын. Сенген қызың сынық қалам қолында Кім ұғынған мәнге жұтаң тірлігім – Кімге дәрі өлеңім? Көшеде ұзақ сенделемін кештерде Сағынышым сабыр таппай еш жерде. Бір бұйырмай сезім мен жыр бірлігі Жаңа күнге жаңа мұңмен төнемін. Ешкім мұнда елеңдемес халіме, Ақын қыздың осы сірә, тағдыры, Тек арманға арналғандай сандығы. Іште шындық шырылдаған әріге, Жан төтемес жалғыздықтың зәріне Шыдап келем әлі де. Ақылымнан алыс кетсем, жан мұңы Әке, Кешір бәріне... // Анар Шамшадинова

Балалық балдәуренге «Хош» деу үшін. «Болашақ ақ жолыңды аш» деу үшін Бітіріп он бір жылдық дәріс жолын Келеді ерен жастар жас
Балалық балдәуренге «Хош» деу үшін. «Болашақ ақ жолыңды аш» деу үшін Бітіріп он бір жылдық дәріс жолын Келеді ерен жастар жастық күшім. Қимайды алтын ұя мекенінде Қомдайды қанаттарын көтеріле, Жалындап жастық оты жүректерде Келеді ұлы арман жетегінде. Болашақ басталады бесігіңнен Тарыдай болып кірді есігіңнен, Келеді азаматтар, азаматша Жөн білген, білім алған, есі кірген. Қуанған ұстаздары бағбандайын, Гүлзарда гүл егудің білген жайын Қуанды ата ана елі бүгін Қол соқты, қарсы алуға болып дайын. // Жәниба Қарасайқызы - Жас түлек t.me/adebiett