ar
Feedback
Abu Hammad al-Hanafi☕️

Abu Hammad al-Hanafi☕️

الذهاب إلى القناة على Telegram

бұл дүниеге жатпын. буржуаз-демократ.

إظهار المزيد
2 311
المشتركون
-124 ساعات
-147 أيام
-3530 أيام
أرشيف المشاركات
Ничего не могу делать. Лень. Лень. Лень. — Лев Толстой, 18 июля, 1855 г.

оқып шыққан соң, аудармаға байланысты пікіріңізді анонимді түрде жазсаңыз болады: http://t.me/anonaskbot?start=yuov2jtfe4vll

Шейх Низар Хаммадидің (хафизаһуллаһ) "әл-Баян ли қауағиди тәәдиб әс-сыбйян" атты шағын еңбегінің қазақ тіліндегі аудармасы. Аталған еңбек Имам Абу Хамид әл-Ғазалидің (рахимаһуллаһ) "Ихья улум әд-дин" еңбегінде бала тәрбиесіне қатысты тақырыптан ықшамдалып алынған. Оқып шықсаңыздар болады. 10 минут уақытыңызды алады.

Бүгін 24 жасымның соңғы сәттері... Алла қаласа, ертең өмірімнің 25-інші жылын бастаймын)

Шейх Низар Хаммади (хафизаһуллаһ) әкесі баласына үйрету керек болған тамақтану әдебін келесідей тізбектейді: Тамақтанудың шариғат бойынша әдептері: 1. Оң қолмен тамақтану; 2. Тамақтанар алдын «Бисмиллә» айту; 3. Жеке отырса да, топпен болса да, өз алдындағы тамақты ғана жеу; 4. Тамаққа басқалардан бұрын ұмтылмау, өзгелер қол созғанша сабыр сақтау. 5. Тамаққа немесе тамақ жеп отырған адамға көз тастап, тесіле қарамау. 6. Тамақты асығып жемеу, оны тісімен мұқият әрі жақсылап шайнау. 7. Асты бірінен соң бірін тоқтатпай ауызға тыға бермеу. Себебі бұл әрекеттердің бәрі — ашқарақтықтың, нәпсінің төмендігі мен әдепсіздігінің белгісі. 8. Қолды үш саусақтан артық тамаққа батырып кірлетпеу. 9. Тамақты үстіне түсіріп, киімін былғап алмау.

кеше үйдің жанындағы кофейняға барып жұмыс істей қояйын деп едім. сөйтсем, кофейняның жанында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жүр екен. кофейняға кіріп, баристадан: "мына жерде не болған?", - десем, бариста: "мәәә, ағай, мына жерде жынннддыыы төбелес болды ғой", - дейді. айырылып қалғансың ғо)

💬 У тебя новое анонимное сообщение! Нмуда 2 курс оқимын, дипломдық жұмысқа қазірден дайындалған дұрыс па. Бірақ не ден бастау керек толық ақпарат болама. Әлде қазірден дайындалуға курс сатып алған дұрыс па? —————- Жалпы, НМУ болсын, басқа да ЖОО болсын, дипломдық жұмыс жазу үшін алдын ала дайындық болуы маңызды. Өз тәжірибеме сүйеніп айтарым: 1. Қазірден бастап кішігірім мақала, пост, аударма жазып, жалпы ғылыми стильде жазуға машықтану; 2. Ғылыми әдебиеттер, ғылыми мақалалар көбірек оқу; 3. Белгілі бір тақырыпты өзіңе міндеттеп, соның төңірегінде кішігірім болса да, ізденіс жасап көру; 4. Дипломдық жұмысқа таңдайтын тақырыптың өзін зерттеп алу; Яғни, ол тақырыпқа қатысты бұрындары дипломдық жұмыс жазылғандығын тексеру, тақырыптың өзектілігі, маңыздылығын қарау, антиплагиаттан өту мәселесін қарау, аталған тақырыпқа қатысты мәліметтердің бар-жоғын, қолжетімділігін қарау, т.б. 5. Таңдалған тақырыпты магистратура, докторантура кезінде де жалғастыра алатындай болу. Қысқаша осы)

қызық сұрақтар болса, қойыңыздар: сілтеме сұрақтар анонимді түрде келеді.

қабылдау дүйсенбіге дейін ашық

2 орын

Google Gemini AI арқылы Қазақстанда әр оқу жылының алдын проблема болатын орамал мәселесін шешудің жолдарын іздеп көрдім. Жалпы осы мәселенің себебі, салдары, арба да сынбай, өгіз де өлмейтіндей шешу жолын қарастыру, заңнамалық өзгерістер, т.б тақырыптарды қарастырдық. ЖИ ұсынған шешім қызық боп көрініп тұр. Оқып көріңіздер. Пайдасы тиіп қалар. Жалпы, бұл тек исламтанушы ретінде осы мәселені қалай шешуге болады деген сұрақтан туындаған ізденіс.

дүйсенбіге дейін ашық, 3 орын бар тек жеке дәрістерге

Ізгілердің бірі түсінде дүниеден өткен тақуа жанды көріпті. Сөйтіп, түсінде: "Алла саған не іс қылды?", - деп сұрапты. Сонда әлгі марқұм болған тақуа жан: "Алла менен: "Маған не нәрсемен келдің?", - деп сұрады, мен Оған: "Уа, Раббым! Мен - құлмын. Ал, құл өзінің қожайынына алып келер мүлкі болмайды. Тек, оның мейіріміне деген құштарлық пен кеңшілігіне деген үміт болады", - дедім", - деп жауап берген екен. (Рамадан әл-Бути (рахимаһуллаһ). Шарх уа тахлил әл-хикам)

📍Ақида пәні бойынша дәріске қабылдау ашық 📎Дәріс онлайн форматта (Zoom/Telegram) өтеді. Оқитын кітап пен уақыты шәкіртпен индивидуалды түрде бекітіледі. Дәрісті осы арнаның админы өтеді. 📌Дәріс ақылы Сұрақтар бойынша: @abuhammad001

Фокусты құртатын, миды «зависать» қылатын 4 ред-флаг (Ой кеселдері): ​Уайымсыз салғырттық: Ештеңеге пысық болмау, бәріне NPC сияқты немқұрайлы қарау. ​Ойын-күлкішілдік: Тек арзан дофамин қуып, пайдасыз контентке, мемдер мен тиктоктарға мас болу. ​Артық қайғы: Депрессивті вайбта тұнып, өзіңді іштей тоздыру. ​Құмарлық мен тәуелділік: Бір нәрсеге тым триггерленіп, нәпсінің соңынан еріп кету. (түсінікті болу үшін😁)

Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. Ибраһим Құнанбайұлы (رحمه الله)

Баланы тәрбиелеудің негізі - оны нашар жолдастардан қорғау. Низар Хаммади (хафизаһуллаһ)

باب تعاون المؤمنين بعضهم بعضا/ محمد بن عثمان النجار التونسي/ نزار حمادي

оқу жылы басталды, жеке дәрістерді де бастау керек еді😁