uk
Feedback
Abu Hammad al-Hanafi☕️

Abu Hammad al-Hanafi☕️

Відкрити в Telegram

бұл дүниеге жатпын. буржуаз-демократ.

Показати більше
2 355
Підписники
+224 години
-37 днів
-4930 день
Архів дописів
Бүгін ойламаған жерден Шейх Яхъя аль-Ахсаи аль-Ханафидің (хафизаһуллаһ) жанында отырып, оның уағызын қазақшаға аудару нығметі
Бүгін ойламаған жерден Шейх Яхъя аль-Ахсаи аль-Ханафидің (хафизаһуллаһ) жанында отырып, оның уағызын қазақшаға аудару нығметі бұйырды. Шейхтың батасын алып қалдық. Әльхамдулилләһ!

Қазіргі таңда кейбір "оқымыстылар" шариғатта әйелге үй жинау, тамақ пісіру сияқты үй ішіндегі қызметтер міндетті емес деген пікірді насихаттап жүр. Алайда бұл мәселені дұрыс түсіну қажет. Фиқһ кітаптарында қазылық (соттық) тұрғысынан әйелді бұл істерге мәжбүрлеу қарастырылмағаны айтылғанымен, бұл Алла Тағала мен құлдың арасындағы діни міндет емес дегенді білдірмейді. Ханафи мәзһабының үлкен ғалымы Имам Кәсәни р.а былай дейді:
«Егер ер адам әйелін ай сайын белгілі бір ақыға өзіне үй қызметін атқаруға жалдаса, бұл дұрыс болмайды. Себебі үйдің ішкі қызметтерін атқару – әйелдің Алла Тағаланың алдындағы діни міндеті. Өйткені Пайғамбар ﷺ Әли мен Фатиманың (Алла екеуіне де разы болсын) арасындағы жұмыстарды бөліп берген: үйдің ішіндегі жұмыстарды Фатимаға, ал сырттағы жұмыстарды Әлиге жүктеген. Сондықтан міндетті болған іске жалдау дұрыс саналмайды.»
(Имам Кәсәни, «Бәдәәи' әс-Сәнәәи'», 4/192). Демек фиқһтағы «қазылық тұрғысынан міндетті емес» деген сөзді «діни тұрғыдан да міндетті емес» деп түсіну дұрыс емес. Бұл екеуі екі бөлек ұғым. Қазылық тұрғысынан – күйеуі әйелін сот арқылы үй шаруасына мәжбүрлей алмайды. Діни тұрғыдан – ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты. Үй ішіндегі қызметтерді атқару – әйелдің Алла алдындағы міндеттерінің бірі, егер маған міндетті емес деп орындамаған жағдайда күнә болады.

Окружение всегда влияет на индивида, даже когда вас никто прямо не порицает, за то что вы «никак все» и всем вроде понятно, что в обществе распространены не самые здоровые привычки типа курения. Если вы один не курите, а все вокруг курят это подсознательно будет вызывать дискомфорт, потому что так устроена психика большинства людей, которая старается не выбиваться из окружающей среды. Это давно было подмечено психиатрами, а потом и пиарщиками с маркетологами, которые стали активно это использовать в своих корыстных целях. Создавая у обывателя ощущение, что большинство пользуется их продуктом, или большинство успешных людей или профессионалов а конкретной области. Так один из отцов пропаганды и PR Эдвард Бернейс, для популяризации курения среди женщин, по заказу табачной компании Lucky Strike, использовал проплаченные статьи в газетах где, курящие женщины были представлены как пример прогрессивных и эмансипированных. Что разрушило нормы приличия, того общества, когда курить женщине было неприлично, зато это было выгодно табачным компаниям. Одним словом «человек находится на религии своего друга» как сказано в известном хадисе, и его смысл можно расширить до «своего окружения». Поэтому выбирайте не только друзей, но и окружение где вам приходится находиться.

Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم) неке құтпасында: "Кімде-кім Алла мен Оның Елшісіне бойұсынса, онда ол туралықта болғаны. Ал, кімде-кім Алла мен Оның Елшісіне қарсы келсе, онда ол тек өзіне ғана зарар келтіргені". 📜Мирқат әл-мафатих, 1 т. 141 бет.

От Аббаса ибн Абдуль-Мутталиба передается, что Посланник Аллаха сказал: «Кто доволен Аллахом как Господом, Исламом как религией и Мухаммадом как пророком, тот ощутил вкус веры». Хадис передает Муслим. Комментарий:
Ибн Атаиллях аль-Искандари аш-Шазали сказал, что если в человеке нет перечисленных качеств, то он не ощутит вкус веры, а его вера будет формой без содержания. ‌И этот хадис указывает на то, что если человек сможет побороть духовные пороки и страсти, то сладость веры он почувствует так же, как ощущает сладость фруктов.
(«Мишкат аль-масабих» («Ниша светильников»). Том 1. Собрание основных хадисов Ислама — перевод и комментарии Абу Али аль-Ашари. — 1-е изд. Казань: «Махмудийя», 2025 г.) ‌

В наше время грехи интернета и порочного общения в социальных сетях не отпускают погрязших в них людей, и даже если человек будет жить в Мекке, но его сердце будет погружено в порок, он не сможет убежать от себя. Муфти Абу Али аль-Ашари (хафизаһуллаһ)

«А самая низкая — устранение с дороги того, что мешает», — это важное указание Посланника Аллаха: стремление к чистоте и уюту на улицах — это ветвь имана. К сожалению, во многих мусульманских странах забыли про это общественное благо, и люди не задумываются, где выбрасывают мусор. Их не беспокоит, что их города уже давно превратились в мусорные свалки, которые создают негативный образ мусульман.

«И самая высокая из них — это слова: “Нет никого достойного поклонения, кроме Аллаха”», — основа принятия благих дел человека — единобожие, и поэтому без правильной акыды праведные дела не будут приняты Всевышним Аллахом. Напротив, они будут тщетны, и поэтому ничего не может быть выше и значимее таухида. («Мишкат аль-масабих» («Ниша светильников»). Том 1. Собрание основных хадисов Ислама — перевод и комментарии Абу Али аль-Ашари. — 1-е изд. Казань: «Махмудийя», 2025 г. )

Зерттеушілер сонымен қатар адамның басқа да жеке ерекшеліктері мен медиа тұтыну әдеттері, соның ішінде шолақ (қысқа) видеолардан жаңалықтар көру және өзін-өзі бағалау (ішкі сенімділік) деңгейі ойыншы таңдауына әсер ете ме деген мәселені қарастырды. Жаңалықтарды көбіне TikTok және Instagram сияқты шолақ видео платформаларынан алатын респонденттер де Роналдуды көбірек қолдайтыны анықталды. Зерттеушілердің пікірінше, бұған Роналдуның визуалды әлеуметтік желілердегі белсенділігі себеп болуы мүмкін, өйткені мұндай платформаларда пайдаланушылар оның мұқият қалыптасқан образымен жиірек кездеседі. Өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары респонденттердің де Роналдуды таңдау ықтималдығы көбірек болған. Ғалымдар бұл тұжырымның психологиядағы «өзін-өзі бекіту» (self-affirmation) теориясына сәйкес келетінін айтады. Ықтимал түсіндірмелердің бірі — өзіне сенімді адамдар өздерінің оң көзқарастарын нығайта түсетін, табысты әрі доминантты тұлғалармен өздерін көбірек теңестіруге бейім келеді. Қауымдастырылған профессор Сайфуддин: «Адамдар өздерін қарапайым етіп көрсеткісі келуі мүмкін, бірақ бұл олардың міндетті түрде қарапайым танымал тұлғаларды қолдайтынын білдірмейді. Өзін-өзі жоғары бағалайтын жандар, керісінше, мінсіздікті, сенімділік пен жетістікті бейнелейтін тұлғаларға тартылуы мүмкін — бұл қасиеттерді олар өз бойынан да көргісі келеді», — деп түсіндірді.

Сингапурда Наньян технологиялық университеті халықаралық сауалнама жүргізіпті. Ол сауалнама Лео Месси мен Криштиану Роналдуды таңдау адамның жеке саяси ұстанымымен байланысты болу мүмкін бе деген тақырыптың аясында жүргізілген. Бұл сауалнамаға 26 елдегі 10 мыңнан астам респондент қатысқан. Қызығы - өзін либерал (прогрессивті) санайтындар Мессиді, консерватор (дәстүрлі) санайтындар Роналдуды таңдаған. Зерттеуге жетекшілік еткен NTU-дың Уи Ким Уи атындағы Коммуникация және ақпарат мектебінің қауымдастырылған профессоры Сайфуддин Ахмедтің айтуынша, бұл тұжырымдардың маңызы футбол шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Нәтижелер саяси сәйкестіктің саясатқа еш қатысы жоқ сияқты көрінетін мәдени талғамдармен де байланысты болуы мүмкіндігін меңзейді. Қауымдастырылған профессор Сайфуддин былай деді: «Месси мен Роналдудың көпшілік алдындағы образдары бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Месси әдетте тұйық, командалық мүддені ойлайтын образбен байланыстырылса, Роналду өз амбициясын ашық білдіруімен және жеке жетістіктерін тойлауымен танымал. Адамдар көпшілік алдындағы образы өздерінің кең ауқымды құндылықтарына сәйкес келетін ойыншыға көбірек тартылуы мүмкін». Ол саяси сәйкестік пен мәдени талғам арасындағы байланыс осыған дейін негізінен Америка Құрама Штаттарында терең зерттелгенін, бірақ бұл сауалнама нәтижелері бұл үрдістің тек америкалық контекстпен шектелмейтінін көрсететінін айтты. «Бұл нәтижелер саяси сәйкестіктің әртүрлі қоғамдардағы танымал мәдениетпен және күнделікті таңдаулармен қалай ұштасып жатқанын зерттеуге бастау болады», — деді ол.

4 курс. Диплом қорғау уақыты. Дедлайн тақалып қалған. Өз-өзіме осылай мотивация беріппін. Сол кездің өзінде 3-4 адамның дипло
4 курс. Диплом қорғау уақыты. Дедлайн тақалып қалған. Өз-өзіме осылай мотивация беріппін. Сол кездің өзінде 3-4 адамның дипломдық жұмысына көмектесіп, оларға арабшадан ақпараттар аударып беріп жүр едім. Сөйтіп, өз дипломдық жұмысымды 3-4 күнде аяқтадым. Тақырыбы қатты болды: "Ибн Камал Пашаның муждаһиттер классификациясына салыстырмалы талдау".

Шейх Мужир әл-Хатиб (Хафизаһуллаһ)
Шейх Мужир әл-Хатиб (Хафизаһуллаһ)

Шейх сөзінің жалғасында: "Сол уақытта әһли сүннет ғалымдары осындай ақидалық мәселені саяси бағытта пайдалану арқылы қаланың діни қауіпсіздігін сақтап қала алған", - дейді.

Саманилер билігінің соңғы уақыттарында Бұхара аймағында әһли сүннет ғалымдары мен мұғтазилә ағымының арасында бақталастық пайда болады. Сол уақытта мансапты орындардың көбінде, тіпті орталық мешіттердің имамдық қызметінде де ханафи-мұғтазилиттер болған. Осы орайда әһли сүннеттен болған (матуридилер) ханафилер Бұхараның әміріне барып, ақида мәселесін саяси мақсатта қолдану арқылы қаланы мұғтазилиттерден тазартқан. Олар (матуридилер) Бұхара қаласының әміріне барып: "Мұғтазилиттер үлкен күнә жасаушыны кәпір деп айтады. Егер сен қандай да бір күнә жасасаң, олар саған тәкфир жариялайды. Сөйтіп, саған қарсы шығып, билігіңді басып алады. Ал, біз, әрі кетсе, сені пасық деп айтамыз", - деген. Сөйтіп, өз билігі мен байлығын сақтағысы келген әмір теріс пиғылды мұғтазилиттерді қаладан қуып жіберген екен. (Шейх Хамза Бәкридің (хафизаһуллаһ) лекциясынан)

Егер релятивизм мен скептицизм рас болса, онда өмірде этика, заң, сот, сауда деген ұғымдар жойылуы керек. Онда қылмыскердің «менің релятивистік дүниетанымым бойынша бұл қылмыс емес» деген уәжін сот қабылдауы тиіс еді. Софист өзінің теориясында «әлемді тану мүмкін емес» десе де, іс жүзінде аш болса тамақ ішеді, қауіп төнсе қашады, яғни объективті болмыстың заңдылықтарымен өмір сүреді.

Матуриди сенім мектебінің мәтіндерінде, кітаптарында кездесетін софистизмнің түрлері туралы. Арабша "Лә әдрия", "ғинадия", "Ғиндия" деп аталады. Лә әдрия - Агностицизм. Ғиндия - Релятвизим Ғинадия - Скептицизм

Софистика феномені ежелгі грек философиясындағы гносеологиялық (танымдық) бетбұрысты айқындап, объективті болмыс мәселесінен адамның танымдық қабілеті мен тілдік құралдарының шекарасына назар аударды. Софистік ойлау жүйесінің іргетасын құрайтын үш негізгі концептуалды бағыт — релятивизм, агностицизм және скептицизм — бір-бірімен тығыз диалектикалық байланыста дамыған біртұтас философиялық парадигманы құрайды. Софистиканың гносеологиялық негізі ретінде, ең алдымен, релятивизм (лат. relativus — салыстырмалы) ілімін атауға болады. Бұл бағыт ақиқаттың абсолюттік, объективтік және субектен тыс өмір сүру сипатын жоққа шығарады. Протагордың «Адам — барлық заттардың өлшемі» деген атақты тезисі таным процесіндегі субектінің рөлін абсолюттендірді. Релятивистік тұрғыдан алғанда, қоршаған орта туралы кез келген білім оны қабылдаушы субектінің психофизиологиялық күйіне, мәдени контексіне және жеке тәжірибесіне байланысты өзгереді. Сәйкесінше, болмыс туралы қарама-қайшы екі пікір бір мезгілде бірдей шынайы деп танылуы мүмкін, өйткені бәріне ортақ, бейтарап ақиқат критерийі өмір сүрмейді. Бұл позиция логикалық тұрғыдан таным шекарасын шектейтін келесі бағыт — агностицизмге (грек. а — терістеу, gnosis — таным) ұласады. Егер релятивизм ақиқатты субектінің қабылдауына қарай құбылса, агностицизм адам ақылының метафизикалық мәселелерді, әлемнің алғашқы негіздерін (архэ) және трансцендентті құбылыстарды танып-білуге қауқарсыздығын алға тартады. Мәселен, Протагордың теософиялық мәселелерге қатысты білдірген күмәні адам пайымының шектеулілігін мойындаудың айқын мысалы. Агностицизм болмыстың мәнін толық қамту адамның танымдық аппаратының (сезім мүшелері мен пайымдау қабілетінің) шеңберінен тыс жатқандықтан, абсолютті білімге ұмтылудың мағынасыздығын негіздейді. Софистік мектептің ең радикалды әрі логикалық тұрғыдан аяқталған формасы — скептицизмнен (грек. skeptikos — зерттеуші, күмән келтіруші) көрініс тапты. Софистика контексіндегі скептицизм жай ғана күмән емес, кез келген догматикалық тұжырымның ақиқаттығын жүйелі түрде теріске шығару әдісі болды. Бұл бағыттың апогейі Горгийдің атақты үш онтологиялық-гносеологиялық қағидасында жинақталған: «Ештеңе де өмір сүрмейді; өмір сүрген күннің өзінде оны тану мүмкін емес; танылған күннің өзінде оны басқаға жеткізу мүмкін емес». Горгий бұл жерде болмыс, таным және тіл (логос) арасындағы байланысты үзіп тастайды. Тіл — заттардың объективті табиғатын емес, тек адамның субъективті бейнелерін ғана тасымалдаушы құралға айналады. Осылайша, скептицизм кез келген тұжырымға қарсы тең дәрежелі дәлел (изостения) келтіруге болатынын көрсетіп, үкім шығарудан бас тартудың (эпохе) қажеттілігін дәлелдеді. Қорыта айтқанда, софистиканың бұл үш типі біртұтас танымдық тізбекті құрайды: релятивизм ақиқаттың субъективті сипатын көрсетсе, агностицизм оның трансцендентті тереңдігін танудың мүмкін еместігін тұжырымдайды, ал скептицизм осы үдерістің логикалық нүктесін қойып, кез келген білімнің абсолюттілігіне іргелі күмән ұялатады. Бұл концепциялар жиынтығы ежелгі грек ойлау жүйесін догматизмнен арылтып, кейінгі классикалық философияның (Сократ, Платон, Аристотель) қалыптасуына үлкен серпін берді.

Ошибки ждут лишь от двух людей: у мужчины с бородой и женщины в хиджабе. У всех остальных все нормально. Иман же в сердце)

Шагавиев Д.А. Критические заметки Ш.Марджани в отношении комментария ‘Али аль-Кари на книгу «аль-Фикх аль-акбар» имама Абу-Ханифы. Minbar. Islamic Studies. 2025;18(1):77–100. DOI:10.31162/2618-9569-2025-18-1-77-100