es
Feedback
Abu Hammad al-Hanafi☕️

Abu Hammad al-Hanafi☕️

Ir al canal en Telegram

бұл дүниеге жатпын. буржуаз-демократ.

Mostrar más
2 341
Suscriptores
-224 horas
-117 días
-1130 días
Archivo de publicaciones
✅🔥
✅🔥

Көшеде бір әженің кішкентай қызға: "Неге қазақша білмейсің? Мұсылман емессің бе?", – деп естіп қалдым. Соған қарағанда, кеңестік дәуірді көрген ата-әжелеріміздің санасында мұсылмандық ұғымы қазақылықпен тең болып тұр ғой. Әлде олай емес пе?)

Шейх Мұхаммад Аууаманың (хафизаһуллаһ) "Тадриб ар-Рауи" кітабынан дәрісі 2017 жылы басталып, 2024 жылы аяқталған екен. Шейх Хамза Бакри (хафизаһуллаһ) жеті жылдық дәрісті тек екі мәрте (бір күн толық, бір күн жарты) ғана қалдырған екен. Біреуінде сапарда болса, екіншісінде баласын ауруханаға апару керек болған.

Шейх Мұхаммад Аууаманың (хафизаһуллаһ) "Тадриб ар-Рауи" кітабынан дәрісі 2017 жылы басталып, 2024 жылы аяқталған екен. Шейх Хамза Бакри )

Дүние істеріне асығып, сол дүниені беретін Алланың міндет қылған амалын [намазды] салғырттықпен орындап жүрміз. #уағыздан

Шейх Хамза әл-Бакри (хафизаһуллаһ) бір сұхбатында өзінің әкесі жайлы мағұлмат береді. Айтуынша, әкесінің жеке кітапханасы болған. Яғни, үйдің бір бөлмесін арнайылап, кітапхана ретінде жасаған. Шейх сөзінің жалғасында 10-15 жас аралығында әкесінің кітапханасында сағаттап уақыт өткізгендігін, түрлі кітаптар оқып, ілімге құштарлығын оятқанын айтады. Әрі әкесі сол бөлмеде түрлі ілім жиындарын өткізіп, ол мәжіліске баласын (Шейхты) қатыстырып, сол арқылы ұлына алғашқы білім дәнегін еккен. Осыны тыңдап отырып, Шейх Низзар Хаммадидің (хафизаһуллаһ) де бір сөзі еске түседі. Ол бала тәрбиесіне қатысты жазған мақаласында баланы жастайынан ілім-білімге баулу үшін үйдің ішінен кішігірім кітап бұрышын болса да әзірлеу керек деген. Шейх Әли ат-Тантауи де (рахимаһуллаһ) бір сөзінде әке балаларын білімге баулу үшін аптасына 2-3 рет, кешкі уақытта отбасы мүшелеріне арналған кітап алқасын ұйымдастырған жөн дейді.

Біздің заманда шәһуаттың (нәпсі) бүлігі мен шубуһаттың (күмәннің) бүлігі араласып, көбейіп жатыр. Әрі оның көбейіп, кең таралуына пайдалы білімге ұмтылмауымыз және надандыққа бас ұруымыз себеп болуда. #кітаптан

Адамдар арасында күпірлікке бейім келетіндері – сабыры жоқ кедей адам. Зун-Нун әл-Мысри (рахимаһуллаһ)

Асыл дінімізде аскеттік өмірді мадақтаған аят-хадистер кедейлікті мақтағанды білдірмейді. Өйткені, аскетизм қолда бар затқа тәркідүниелік қылумен есептеледі. Демек, нағыз аскет – байлықты қолында ұстап, жүрегіне кіргізбеген жан.

Арнаның статистикасы Тесланың акциясы сияқты құлап жатыр екен)

Бұл мақалада қазақ даласында ашылған медреселер, олардың дамуы, қазақ даласындағы медреселердің білім беру жүйесі, оқытылған кітаптары мен медреседе тәлім алған танымал тұлғалар туралы жазылған.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына тиесілі "Рисалий жанаиз" еңбегіне қатысты мақала. Аталған еңбек алғаш рет Мәшһүр Жүсіптің 20 томдық шығармалар жинағында "Діни уағыз" деген атаумен жарияланған. Алайда, томдық шығарманы жариялағандар "Рисаля ий жанаиз" еңбегіне лайықты түрде тахқиқ жасамаған. Жалпы, бұл трактат ханафи мәзһабындағы жаназа бабын толық қамтыған, әрі 17-19 ғасырлар аралығындағы қазақ даласындағы жаназа, өсиет, мұра мәселелеріне байланысты сұрақтарды көтерген, әрі соған сай жауаптар берілген.

Ханафи_мәзһабындағы_Мауараннаһр_мектебі_және_ғалымдардың_рөлі.pdf5.46 KB

"Нұр-Мубарак" ЕИМУ ұстазы Самет Оқанның "Ханафи мәзһабындағы Мауараннаһр мектебі және ғалымдардың рөлі" мақаласында Ахмет Өзелдің "Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламалары" атты кітап көрсетілген. Бұл кітап ҚМДБ мен Түркия дін істері басқармасының бірлесіп шығарған еңбегі екен. Кітап өткен жылы түрік тілінен қазақ тіліне аударылған. "Кітап авторы профессор Ахмет Өзелдің сөзімен айтсақ, еңбекте 308 Ханафи, 44 Шафиғи, 25 Малики, 13 Ханбали мен 41 өзге ілім салаларынан таңдап алынған ғалымдардың өмірдерегі мен рухани мұрасы ұсынылған", - деп ҚМДБ ресми сайтында жазылған. Енді осы кітапты тауып алу керек еді.

Repost from Yusuf al-Qazani
Любить Мухаммада - одно, но подражать ему, стараться быть «как он» - другое. Он — последний посланник и последний пророк. Как имитировать уникальное и невоспроизводимое? Прежде всего - в его добродетелях, которые промыслительно проявились в необычайном разнообразии человеческих обстоятельств, выпавших на его шестьдесят два года. Он был сиротой, но познал тепло семейной любви в заботе деда; был верным мужем одной жены много лет, а после её смерти - мягким и внимательным мужем многих. Он был отцом, испытавшим высшее счастье, и отцом, видевшим смерть всех своих детей, кроме одной. Он был пастухом и торговцем, стал правителем, государственным деятелем, военачальником и законодателем. Он любил родной город и был изгнан , чтобы вернуться победителем и явить пример милосердия , не имеющий равных в истории. Мы знаем не только, что он делал, но и как именно делал. — Гай Итон «Ислам и предназначение человека»

Адамдардың екіжүзділігі ең қуанышты және ең қайғылы кезде көрінеді. Ең қуанышты кез — тойда. Ең қайғылы кез — жаназада.

Кеше жұрт мақтаған Одиссейге бардық. К.Нолан Гомердің әйгілі шығармасын заманауи нақышта әсерлегені, әрлегені қатты байқалды. Бірақ, аңыздың негізгі сюжеті сақталған. Кейіпкерлерге сай әртістерді таңдауда Еленаға ғана көңіліміз толмады. Грек мифологиясында қайдан шыққан қара нәсілді деген ой миымнан кетпеді. Одан бөлек, К.Нолан соңғы фильмдері арқылы антисоғыс идеясын насихаттағандай көрінді. Мысалы, Оппенгеймер немесе осы Одиссей фильмінде соғыстың қандай зардапқа алып келетіні ашық көрсетілген. Сонымен қатар, Одиссей фильмінде адам өзі әрекеті үшін өзі жауапты екенін көрсеткен. Сондай-ақ, ел басына қиындық келгенде қалталы адамдар өз балаларын ел қорғауға жібермейтінін, оның орнына құлдың, кедейдің балаларын жіберетінін көрсетіп, олардың тағдыры мен өмірі біреу үшін ойыншықтай дүние екенін көрсеткен. Жалпы, фильм ұнады. Айтары бар фильм. Тек жеке сүзгіден өткізу керек. Фильмге барар алдын Гомердің еңбегімен танысып, Одиссей туралы, жалпы Троя соғысы, грек мифологиясын, тарихын бір шолып шыққан дұрыс.

Repost from dapterone
Беймораль – адамгершілікке қарсы келетін дүниелерді беймарал айта беретін адам

Бүгін ойламаған жерден Шейх Яхъя аль-Ахсаи аль-Ханафидің (хафизаһуллаһ) жанында отырып, оның уағызын қазақшаға аудару нығметі
Бүгін ойламаған жерден Шейх Яхъя аль-Ахсаи аль-Ханафидің (хафизаһуллаһ) жанында отырып, оның уағызын қазақшаға аудару нығметі бұйырды. Шейхтың батасын алып қалдық. Әльхамдулилләһ!