1 037
Підписники
-124 години
-47 днів
-830 день
Архів дописів
1 037
- Диана ханым, Дианаа хааныым, Тұрардың маған деген сезімі жоқ
- оны кім айтты
- өзі айттыы, ааааа
деп отырмыз біз Тұрар, Наташа үшеуіміз
бауырыма көмектеспедің деп ол отыр, бауырыңды құтқарғаным, елімді сатқаным деп бұл отыр, сендерден жұптың иісі шықпайд, отырыңдар, үміткер күтесің Тұрар
1 037
үш туыс апым дастархан басында күйеулерін өлтіріп жамандап алды да, маған қарап “сен қашан кетесің?” дейді, қой рақмет, тірі мысалдар отырғанда алдымда, шайтан ұқсап аяғымнан шалмаңдар, кетәрі,піш
1 037
“көкем бар ғой” деп іздеп, тау мен баудан ашығып келген бауыры Арманға да селқостық танытып, жоғалтып тынды
қазақтың Арман есімін орыс келіншегі Наташаға ыңғайлап, кейін Артур деп атауға көшті кейін
не істейін бұл баланы мен, а😔
1 037
бірақ Тұрардың Тұрар болуына титімдей болса да жәрдемі тигендердің бірі осы Ахат шал ғой
1 037
Тұрарды расымен неге Ахат шалдың әл-ауқаты көп қызықтыра қоймады, мақсаты тек Ахаттың әулетін ғана емес, күллі аштықтың зарарын көрген адамдарды құтқару болса да, көкемнің көзін көрген, асыл кісі сен ғой, қарашы міні мен үйлендім, келінін осы деп бір хабар беріп, шаңырағына баруды құп көрмепті ме осы?
1 037
мен алданып қалдым, достар)
өөйй, үйге кел, қабат үйлердің төрт қабырғасына қамалып өкпең тарылған шығар, тапшанда таза ауа жұтып ұйықтап, ет жеп кет деп шақырып еді шешем, келсем қорапқорап қызанақ алып қойыптыыы😭😭😭😭
он бес банка салат шықты делік, бәрібір оның жиырма сегізі атылып кетед қысқа дейін
1 037
одан таксистпен төбелестім, десең иә, жоқ анауын көкжынды, мінетін кезде айттым түген ауылға барамын деп, иәиә жүр деп мінгізіп алды да, адамдары көрші ауылдан түсіп-түсіп қалған соң, менің ауылыма бармаймын дейді, сен мені қалай мінгіздің, апарам дедің ғой, тура тарт ауылыма, түспеймін көлігіңнен дедім, қарсы жауапты күтпеді-ау, мені мыңқиып түсіп қала салады деп ойлады ма, болдболд, мен естімей қалған шығармын деп ақталып, терлеп кетті ишяг, шашыңды тақырлап тастайм келесіде
нексипекси
1 037
орамалымның инесі көзімді ойып түсуге сәл қалды, ерегеспе менімен, жүйкем сыр берсе шегелеп қағып қоям тура, итқанажалмауыз
1 037
кеше ме, бүгін бе, тридстан бір жазба көрдім, “міне діннің, текесақалдардың залалы” дейді, қатын сабау, әйелді малға, мүлікке балау, оның тағдырын өзінен сұрамай шешу секілді дүниенің бәрі қазақ қоғамының әуелден айықпаған кеселі.
бүгінгі сен оқитын қазақтың өз әдебиеті өз қоғамының айнасындай болып, әйелдің көз жасын, қорлығын, шарасыздығын қайта-қайта суреттеген жоқ па? қыздың қалың малға сатылғанын, сүймегеніне ұзатылғанын, еркектің тепкісін көргенін, әке-шешесінің өз тағдырын өзінен артық шешкенін жазған қаншама шығарма бар. бұл дін келгеннен кейін бір күнде пайда болған құбылыс емес, қоғамның өз қойнауында әлдеқашан тамыр жайған дерттің көрінісі.
сол үшін бір жақты ойланбайықшы😭
1 037
елімізде исламға деген жаппай өштің табы өршіп тұр. мұны “ілім жетпеді”, “дінді дұрыс түсінбеді” деп бір-ақ ауыз сөзбен жуып-шаю тым оңай. жұрт ҚұдайТағаладан безген жоқ. жұрт кейбір діндар кейіп танытқан адамның өктемдігінен, сөзі мен ісінің қабыспағанынан, өзгенің иманын таразылап, өзін төрге шығаратын тәкаппарлығынан безіп барады, болды)
өз күйеңді өзгеге жағып, әлдекімді табалаған әлдеқайда оңай ғой)
1 037
мамам “ене” рөлінде мен ойлағаннан да нашар екен, тіпті келіні емес, мен шаршап кеттім,
қашанқайтадекенүйіне
