1 000
订阅者
-224 小时
-147 天
-3130 天
帖子存档
1 000
“қызыл жебенің” төртінші кітабын оқып отырмын. құлаққабымда мона сонгз. бір кезде бигбэнгтің әуені қосылады рандом.
жайлааап Рысқұловтың шашы қызғылт тартып, жыртық джинсы киді ғой, блин🤣😭
есімді бірден жинап алғаныма қуандым)
1 000
ептваюмать, есек кілең)
мысығымды езгілеп, ұруларына рұқсат екен де, менің иелік ететін жануарымды одан тартып алып, өзіне кері жауап қайтаруым тәртіпсіздік екен(
санасыз, топас кілең
“мысық үшін не болды сонша” дейді еще, ұялмағыр айуандар,
жүйкееем қалай жұқарып тұрғанын білсеңдер
үйтіп бала баққанша, бақпаңдар, санасызды “ұрпақ” демейд, биомусорлар кілең
1 000
жаңа ғана Голсуорсидің “первые и последние” романын оқып бітірдім)
недеген қақтығыс, неғылған шайқас, бітпейтін адам мен арының арасындағы айқааас😲
неге ертерек оқымадым екен дедім)
1 000
немересі ұйқысынан “гранатовый сок” деп ырбиып жылап оянып еді, одан мен оған ұрысып берекетсіз етегіңді көлдетпеші деп, сөйтіп шешем өзіме дүрсе қоя беріп, екеуі шыттай боп, дүкенге жүріп кетті)
келесіде ұйқымнан “ақшааа” деп жылап оянбасам, жақсы тәсіл сияқты)))
1 000
орамалдың өзімен айқасуға шама-шарқысы бітті жұрттың, ендігі амалы қарапайым тұрмыс-тіршілігіне сын айту тек)
1 000
автобустамыз. қасымда сіңілім бар. қолында кәмгі айфонның ескі түрі, қателеспесем 7-ші, оның өзін әке-шешесі ютуб қарапсауға, ойнапсағанға берген ғой енді.
сөйтіп қарама-қарсы екі әйел отырған, пыш-пыш өсектеп үлгеріп жатыр, няғылдейді десей сондағ,
“өзі орамалда, қызының қолына айфон беріп қойыпты, пфф” дейді.
адамдардың надандығы, білімсіздігі сонша осындай әңгіме айтатын болған.
бір күні киген түрсікке дейін өсек қылад, өйткені бәрі бақытсыз. өз өміріне көңілі толмайды.
1 000
алияның орнында басқа біреу болса “қайтқан кісінің артынан…” деп бірдеңе айтар ед,
алиятоппадампадам
1 000
мен Әуезовті оқи алмаймын, тілін түсінбегеннен емес, түсінемін, сөзін де, ойын да ұғамын. бірақ “кінәшіл бойжеткен” әңгімесінен де жаман кітап оқығаным есімде жоқ. “Әуезов қой” деп әр бетін ақтап алуға тырысу да бір қызық екен))
1 000
ал кім жауап береді? кім бұйрық берді? кім жауапсыз қалды? кімнің салғырттығы осынша шаңырақты қара жамылдырды? міне, осы сұрақтар көмескіленіп барады.
жазу керек болса айыптылардың жазалануын сұрайық. талап ету керек болса - жауапты тұлғалардың жауап беруін, қажет болса, лауазымынан кетуін талап етейік.
мәселе жетеді.
концертке телміріп, блогердің сторисін санап, кімнің қанша теңге аударғанын түгендеп отырған сайын, нағыз жауаптылардың төбесіне түскен назар сейіледі. сондықтан ашуды бір-бірімізге емес, жауапсыздыққа бұрайық. ұсақ әңгіменің шаңын көтеріп жүріп, үлкен шындықты көміп тастамайық, достар)
1 000
ақша - он төрт үйдің орнын толтырмайды. бір концерттің өтпей қалуы - он төрт шаңырақтың қарасын сейілтпейді.
блогердің бір сторисі - ата-ананың көңілін бүтіндемейді. қайырымдылықтың есебі мен сахнаның тағдырына қадалып отырып, қаралы үйдің қасіретін өлшеп, таразылап әлек болмаңдар. қаралы көңілді ешбір дүние бүтіндеп бере алмайды.
біз қазір майда әңгіменің айналасында шыр көбелек айналып жүріп, үлкен мәселенің өзін көзден таса қылып барамыз.
кім барды?
кім қашты?
кім сторис салды?
кім ақша аударды?
концерт бола ма, болмай ма?
осы сұрақтардың соңына түсіп, бір-біріңді түтіп жеуге шеберміз.
1 000
қазіргі мәселе әскерге кімнің баласының барғанында да, қай ұлттың өкілі әскерден қашып жүргенінде де, әнші мен блогердің бір ауыз сөз айтқанында да, Садр концерті кейінге шегерілгенінде де, кәсіпкерлердің пәлен миллион теңге аударғанында да емес. мұның бәрін талқылап, бір-біріңді жеп, жаға жыртысып отыратын уақыт емес.
мәселе шын айыптылардың жазасыз қалуында.
1 000
өзен мен теңіздің мезгіл сайын құбылып, мінезінің де соған қарай құбатынын қараша халық баяғыдан білген. тіпті табиғаттың тілін жатқа оқитын ел суының түсін, желінің бағытын, толқынының мінезін аңдап отырған.
ал сарбаз өмірін қатерге тіккендер мұнан мақұрым қалды деу - ақылға сыймайды)
1 000
мен адамдардың адамдықтан таюынан қорқамын.
жамандықтың өзінен емес, жамандықтың бірте-бірте қалыпты нәрсеге айналуынан қорқамын. бүгін арын аттаған адам ертең одан ұялмайтын, бүрсігүні оны ақтайтын заманнан қорқамын.
1 000
күндеее, Құдайдың құтты күні бір аяғы сынған, әдеміше келген мысықты үйдің ауласынан көретінмін. еркелетіп, тамағын алып беріп, құшақтап отырып уақытымды арнайтынмын.
содан кіреберіс нәжіс сасыды. лифтте әлдекімдермен тұрсам “мысық былғайды” деп шағым түсірді. мен ес білгелі мысық асырайтын кісімін, яки бұдан айтпағым ұят болса да, мысықтың нәжісінің иісін мен білмесем, кім біледі? кіреберісте шығатын иіс кәдімгі үйінің әжетханасы жетіп үлгермеген бүлдіршін бүлдірген, не болмаса қараусыз қалған біреудің “кім көред” дегенінен туған ароматы, мысықтікі болу неғайбыл)
мысықты құртып жіберді, обалы сол еркекке, өзі кембағал, дімкәс мысық, приютке апарып тапсырса да құдай бір шапағатын кемсіндетпер еді))
