1 014
مشترکین
+124 ساعت
+17 روز
-1230 روز
آرشیو پست ها
1 016
жеңгеме күйеуіңнің дерлік сөзін емес, тыңдау керек дүниесін ғана тыңдасайш десем, ермеш мынаған демей ма, итқаанаа🤣
1 016
шаңырақтан келе жатқанмын өзім де.
шешемнің етін жеп, әкеммен шамалы әңгіме айтып.
оларсыз өмір қорқынышты екен сөйтсем)
1 016
өзімді сол көліктің ішіне тастап кеткенім соншааа, үйге кеп, лифттің жетонын ұрмастан ішінде бес минут күтіп тұра бергенмін ғой, бәсе неге көтерілмейміз деп қоям
1 016
таксиде едім.
кенет Тұрардың “әкесі” ойнады.
мен аса ден қоя алмасам да, жүргізушінің өзгергенін байқадым.
жылап жіберді.
байқамаған сыңай таныттым.
кейде адамның ең осал жерін көріп қоюдың өзі әдепсіздік секілді.
әнді ауыстыруға да болар еді.
бірақ кейбір нәрселерді орта жолдан үзуге болмайтын да шығар мүмкін.
сөйтіп, екеуміз екі бөлек оймен бір мұңның жетегінде отырдық.
аура ауыр, қысып жіберді.
1 016
жеті түнде жар салып шоколадты құлпынай жасадым.
үйдегілерге қолымнан бірдеңе келетінін дәлелдеймін деп, натури боқ та келмейтіндігін дәлелдеп бердім😇🥰🤭✊🏻🤙🏻🫸🏻
1 016
ең жұғымсыз, бірақ оны жұрт “коплимент” санайтын сөзін айтайын баа,
“бес бала туса да қыздай”, “үш баласы бар деп кім айтады”😨😨😨😨
қыздар, топас болмаңдарш, пожалуйста
1 016
пенде деген қызық қой: қолы жетпегеннің қадірін көкке көтеріп, қолына қонғанның қанатын өзі қайырады, ал өзіне тиесілі болмаған нәрсені ғұмыр бойы өз сыбағасындай жоқтайды. біреудің маңдайына жазылған бақты өз маңдайынан іздеп, ақырында пешенесіне жазылғанын да жатырқап өтеді)
1 016
баяғыда бір дарияның өткелін өзім бұзып, арғы бетке өтпеймін деп серттескенім бар-ды. суының тереңдігінен емес, жағасының жайдақтығынан сескенгенімді қайдан білсін. содан бері сең соққандай сіресіп, су бетіне қарамадым, арғы беттен біреу қол бұлғаса да, көзімнің қиығын салмадым.
ақыры, дарияның да сабыры таусылыпты білем. арнасы басқа жаққа ауып, баяғы өткелдің орнын қалың қоға басыпты. мен сонда ғана жағалаудың жадағай тасына шөгіп, суға телмірген жұрттың бірі болдым. бірақ су үнсіз. үнсіздіктің тілін кезінде мен өзім кескенмін))
1 016
ғылымы кенже, білімі таяз, ілімі жұтаң жұрттың бар айналдырар кәсібі - өзара араздық, бірін-бірі күндеу.
сондай ел болғанымыз үшін жылаңдар.
1 016
әлемнің даңқы жер жарған мың жазушысын алдыма әкелсе де, арасынан Шерханды жазбай таныр едім.
ол - биік, ол - тау.
✨✨✨✨
1 016
көңілдің көк дөнені өткелдің суын кешпей, арғы жағаның шөбін шүйгін көреді.
Шерағам сол үшін “адам байғұс қол жетпеске құмар. құмар да емес, құштар. қол жетпеске құштарлықты Құдайдың өзі де қаламайды” дейді)
1 016
“тағдыр тәлкегі”, “тағдыр тауқыметі” дейді, сонда тағдырды жасайтын кім?
өзің болмасаң, неге Жасаушы бәрінің несібесін таразыда тең қылмады? бәріне бірдей күміс қасық ұстатып, көрейін ал әлуетіңді десе, бәрін бірдей бір үзім нанға зәру етіп, көрсетші шамаңды десе, жасайтын ӨЗІҢ боласың ба?
түнгі бірде басқа не ойлау керек негізі?)
1 016
бір түйіннің екі ұшын да тарқатуға тырыстық. тартқан сайын күрмеле түсті. ақыры түйіннің беріктігінен емес, оны шешуге деген ниеттің шегінен қайттық.
1 016
манты істейік дедім.
жеңгем керегін турады.
сіңілім қамырын жайды.
екеуі бірігіп манты түйді.
мен жедім.
рақмет)
1 016
“қызыл жебенің” төртінші кітабын оқып отырмын. құлаққабымда мона сонгз. бір кезде бигбэнгтің әуені қосылады рандом.
жайлааап Рысқұловтың шашы қызғылт тартып, жыртық джинсы киді ғой, блин🤣😭
есімді бірден жинап алғаныма қуандым)
