uk
Feedback
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Відкрити в Telegram

Показати більше

📈 Аналітичний огляд Telegram-каналу Кітап үзіндісі

Канал Кітап үзіндісі (@kitapuzindisi) у мовному сегменті Казахська є активним учасником. На даний момент спільнота об'єднує 14 388 підписників, посідаючи 2 580 місце в категорії Книги та 618 місце у регіоні Казахстан.

📊 Показники аудиторії та динаміка

З моменту свого створення невідомо, проект продемонстрував стрімке зростання, зібравши аудиторію у 14 388 підписників.

За останніми даними від 19 червня, 2026, канал демонструє стабільну активність. Хоча за останні 30 днів спостерігається зміна кількості учасників на -174, а за останні 24 години на -33, загальне охоплення залишається високим.

  • Статус верифікації: Не верифікований
  • Рівень залученості (ER): Середній показник залученості аудиторії становить 26.77%. Протягом перших 24 годин після публікації контент зазвичай збирає 7.88% реакцій від загальної кількості підписників.
  • Охоплення публікацій: В середньому кожен допис отримує 3 854 переглядів. Протягом першої доби публікація в середньому набирає 1 134 переглядів.
  • Реакції та взаємодія: Аудиторія активно підтримує контент: середня кількість реакцій на один пост – 68.

📝 Опис та контентна політика

Опис каналу не надано.

Завдяки високій частоті оновлень (останні дані отримано 20 червня, 2026), канал підтримує актуальність та високий рівень охоплення публікацій. Аналітика показує, що аудиторія активно взаємодіє з контентом, що робить його важливою точкою впливу в категорії Книги.

14 388
Підписники
-3324 години
-867 днів
-17430 день
Архів дописів
Біз ғылыми білімдерді меңгермейінше еңбек те, адами қарым-қатынас та, азаматтық міндеттерді орындау да мүмкін болмайтын уақытта өмір сүріп отырмыз. Оқу тек ләззат пен қуаныш сыйлайтын жеңіл әрі қызықты ойын бола бермейді. Және өскелең ұрпақтың өмір жолы үнемі даңғыл бола бермейді. Біз өздерінің әкелері, ата-бабалары жеңген қиындықтардан да зор қиындықтарды жеңіп шығуға әзір, жоғары білімді, еңбекқор, қажырлы адамдарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Василий Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы» https://t.me/kitapuzindisi

Қайталанған, парақталып ақысы берілген кей кітаптарымды оқығысы келетін жандар болса сатам деп шештім. Қандай кітап, қанша деген сұрақтар қызықтырса @Assellbay-ға жазыңыздар🫶

Қыздың шамалауынша мұндағы ең құнды дүние — жұмыс істеуді әлдеқашан есінен шығарған көне тоңазытқыштың ішіндегі кітаптар. Кітап сөресінің жоқтығы бұл қызды қайғыртпаған, жұрт мұндай дүниені қоқысқа сүйресе, бұл пайдаға асырғанына мәз. Тоңазытқыштың бетіне жапсырылған қағазда авторының ақымақтығын һәм қатыгездігін айқындайтын «Кітаптарыма тиіспе болма! Алдымен рұқсат сұра!» деп одырайған сөйлем жазылған. Мұнан соң да ескі тоңазытқыштың есігін ашып ешкім мазаламайды. Бірақ, іші сезеді, қонақтары мен туыстары тоңазытқыштың бетіндегі дөрекілеу ескертпеден емес, кітап парақтауға деген ынтаның жоқтығынан көне тоңазытқыш жаққа аяқ баспайтын секілді. Лира Қоныс «Шахарбанудың сыңсуы» https://t.me/kitapuzindisi

Зиялы адамға қашанда парасатты адам табылады... Лев Толстой «Крейцер сонатасы» https://t.me/kitapuzindisi

Ер болатын адам ең әуелі өткеннің жоғын, халқының асылдарын іздейді. Жәди Шәкенұлы «Бозмұнар» https://t.me/kitapuzindisi

Адамның ұлы байлығы – көркем мінезі. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан» https://t.me/kitapuzindisi

– Бүркіт ұясын неге құзға, биікке, суық желдің өтіне салады? Өйткені ол балапандарым да өзім сияқты ыстық суыққа төзімді, батыл, жүректі боп өссін дейді. Бүркіт баласын қаталдықпен өсіреді. Қаталдығы оның махаббаты. Ұрпаққа қаталдықтың бір шегі оған деген сүйіспеншілікпен келіп жалғасады. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау» https://t.me/kitapuzindisi

Біз адамдар кейде жәй ойлай білетініміз үшін бақытсызбыз. Торғын Жолдасбекқызы «Пана» https://t.me/kitapuzindisi

Адамды байлығына, мансабына қарай емес, алдына қойған мақсатына, ақыл-парасатына қарап бағалау керек. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi

Күн сайын әлдекімдермен алыспасаң, арпалыспасаң, тіреспесең, тіркеспесең, жықпасаң, жығылмасаң, онда мына шап-шағын ауылдың ө
Күн сайын әлдекімдермен алыспасаң, арпалыспасаң, тіреспесең, тіркеспесең, жықпасаң, жығылмасаң, онда мына шап-шағын ауылдың өзінде жер басып жүру, тіршілік ету мүмкін емес. Немат Келімбетов «Күншілдік» https://t.me/kitapuzindisi

Өмір деген сол, мырзалар. Бір күнгідей болмай өте шықты... Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi

Қасіреттің үлкені – дерексіздік, күдік, екі ойлылық, әйелімді сүю керек пе, жек көру керек пе, соны білмеу екен. Лев Толстой «Крейцер сонатасы» https://t.me/kitapuzindisi

— Сонау алыстан бақыттың жүгін арқалаған керуен келеді, жақсылық толтырылған жүгі тым ауыр болғандықтан қадамын баяу алады. Олар саған келеді. Иә, саған келеді, — деді. Лира Қоныс «Шахарбанудың сыңсуы» https://t.me/kitapuzindisi

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ Біз балаларды білімсіздіктен, енжарлықтан, намыссыздықтан, ұлтсыздықтан, қара басын ғана ойлайтын өзімш
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ Біз балаларды білімсіздіктен, енжарлықтан, намыссыздықтан, ұлтсыздықтан, қара басын ғана ойлайтын өзімшілдіктен, күншілдіктен, отансыздықтан, аштықтан, кедейліктен, қауіп-қатерден (жол апатынан, оттан, судан, дауылдан), қыл аяғы гриптен қорғауымыз керек! Осы жолда Алла өзі жар болсын. Жақсылықтың үлкені де сол балаға жасалған жақсылық емес пе? Балаларға көңіл бөле жүріңіз. © Бейбіт Сарыбай

Өтер де кетер дүние, көз саттырған боқ дүние... Көзді ашсаң бар дүние, көзді жұмсаң жоқ дүние... Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі» https://t.me/kitapuzindisi

Атам қазақ «Мықтылық он болса, жартысы мінезбен, жартысы ақылмен бітеді» деген екен. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан» https://t.me/kitapuzindisi

photo content

Сенің әлі толық жетілмеген көздерің сені алдап соғуы мүмкін, берілме, өзіңді алдауға, басқа жолға бастап әкетуіне жол берме! Бұл өмірдегі барлық маңызды нәрсе — көзге көрінбейтін нәрселер. Кристин Лёненс «Құрсаулы аспан» https://t.me/kitapuzindisi

Ақшасы көп, жиған-терген қазынасы мол, дүниеқоңыз, сараң адамдар қояндай қорқақ келеді. Олар өз жанынан гөрі артымда қазынам босқа қалады, әлдекім пайдаланады деп үрейленеді. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау» https://t.me/kitapuzindisi

Алдағы жексенбі IbookyouAktobeмен бірге осы кітапты талқылаймыз. Оқысаңыздар да, оқымасаңыздар да 10:00-де триатлон саябағына
Алдағы жексенбі IbookyouAktobeмен бірге осы кітапты талқылаймыз. Оқысаңыздар да, оқымасаңыздар да 10:00-де триатлон саябағына тіскебасар мен жантаятын көрпеше құшақтап пикникке келіңіздер🤗