fa
Feedback

فریب کلاهبرداران را نخورید! تل‌متریو این کانال‌ها را شناسایی و برچسب‌گذاری می‌کند 👉 برای مشاهده برچسب، اشتراک تهیه کنید

Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

رفتن به کانال در Telegram

نمایش بیشتر

📈 تحلیل کانال تلگرام Кітап үзіндісі

کانال Кітап үзіндісі (@kitapuzindisi) در بخش زبانی قزاقی بازیگری فعال است. در حال حاضر جامعه شامل 15 160 مشترک است و جایگاه 2 509 را در دسته کتب و رتبه 578 را در منطقه كازاخستان دارد.

📊 شاخص‌های مخاطب و پویایی

از زمان ایجاد در невідомо، پروژه رشد سریعی داشته و 15 160 مشترک جذب کرده است.

بر اساس آخرین داده‌ها در تاریخ 18 اکتبر, 2026، کانال فعالیت پایداری دارد. در ۳۰ روز گذشته تغییر اعضا برابر 127 و در ۲۴ ساعت گذشته برابر 5 بوده و همچنان دسترسی گسترده‌ای حفظ شده است.

  • وضعیت تأیید: تأیید نشده
  • نرخ تعامل (ER): میانگین تعامل مخاطب 23.80% است و در ۲۴ ساعت نخست پس از انتشار، محتوا معمولاً 6.65% واکنش نسبت به کل مشترکان کسب می‌کند.
  • دسترسی پست‌ها: هر پست به طور میانگین 3 606 بازدید دریافت می‌کند. در اولین روز معمولاً 1 007 بازدید جمع‌آوری می‌شود.
  • واکنش‌ها و تعامل: مخاطبان به‌طور فعال حمایت می‌کنند؛ میانگین واکنش به هر پست 39 است.

📝 توضیح و سیاست محتوایی

توضیحی برای کانال ارائه نشده است.

به لطف به‌روزرسانی‌های پرتکرار (آخرین داده در تاریخ 19 اکتبر, 2026)، کانال همواره به‌روز و دارای دسترسی بالاست. تحلیل‌ها نشان می‌دهد مخاطبان به‌طور فعال با محتوا تعامل دارند و آن را به نقطه اثرگذاری مهم در دسته کتب تبدیل کرده‌اند.

15 160
مشترکین
+524 ساعت
+417 روز
+12730 روز
آرشیو پست ها
Repost from N/a
Өлуін жұрттың бәрі өледі ғой.Бірақ бірдеңені бітіріп барып өлгенге не жетсін. Әбдіжәміл Нұрпейісов

Бір қызығы, өз өміріңнің ащы екенін басыңа іс түскен сәтте ғана мойындайсың. Былайғы уақытта, күніңнің көзін бұлт шалмаған кезде өмір жайлы ойланып не керек, онсыз да бәрі тамаша емес пе? Тек ежелгі әдетіміз бойынша, шалынып құлап жатып, қиналып жүріп, қабағымызға әлемнің бар ренішін байлап алып жүріп: «Өмір, сені сүйемін!» – дейміз іштей. Өзге адамның бәрі бекер өмір сүріп жүргендей көрініп, өзің қиналған сайын арқаланып, жаңа ерліктерге күн сайын тәуекел етеміз. Осындай сүйіспеншілікпен біздің өмір де өтіп жатыр… Есей Жеңісұлы «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!..» https://t.me/kitapuzindisi

— Немене, бірдеңе боп қалды ма? — Жоқ, тек сенің түрің сондай жабырқау. — Жабырқау? Мен несіне жабырқауым керек? Бүгін менің туған күнім ғой. Жыл бойындағы ең жақсы күн! — Сенің туған күнің бе? — деп сұрады Пух, кәдімгідей қайран қалып. — Әлбетте. Байқамай тұрмысың? Мына сыйлықтарға қарасаңшы. — Иа-Иа алдыңғы аяғын екі жаққа кезек-кезек тарпып қойды. — Туған күнге арналған бәлішке көз салшы! Пух көз салды — әуелі оң жағына, содан соң сол жағына. — Сыйлықтар? — деді ол.— Туған күн бәліші? Қайда ол? — Сен оларды көрмей тұрмысың? — Жоқ, — деді Пух. — Мен де, — деді Иа-Иа. — Бұл қалжың, — деп түсіндірді ол. — Ха-Ха. Пух әбден абдырап, желкесін қасыды. — Өзі бүгін сенің туған күнің екені рас па? — деп сұрады ол. — Рас. — Ойпырмай! Жарайды енді, құттықтаймын сені, әрі бұл күні саған көп-көп бақыт тілеймін. — Мен де құттықтаймын сені, қонжық Пух, әрі бұл күні саған үлкееен бақыт тілеймін. — Неге? Бүгін менің туған күнім емес қой? — Иә, сенің емес, менің. — Ал сен «бұл күні саған үлкееен бақыт тілеймін» дейсің. — Онда тұрған не бар? Әлде менің туған күнімде сенің бақытсыз болғың келе ме? — Ә, түсінікті, — деді Пух. — Өзімнің-ақ, — деді жыларман болған Иа-Иа. — Өзімнің-ақ сонша бақытсыз болғаным жетер — еш сыйлықсыз әрі туған күнге арналған бәлішсіз, жалпы, естен шыққан, елеусіз қалған, мен сөйте тұрып, қалған басқалардың бәрі де бақытсыз болса… Милн А.А. «Винни-Пух және бәрі-бәрі-бәрі» https://t.me/kitapuzindisi

Дүниеде өзіңді шын жақсы көретін бір адамның барын сезіну қандай рахат болса, өзіңді өлердей жек көретін біреудің жер басып жүргенін мойындау да сондай ауыр еді. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi

Шақан өзінің ескі қонысына бет түзеді. Төбесі ойылған, босағасы кұлаған ескі күмбез басында темір кісен күтіп тұр деп ойламаған. Мұхтар Мағауин «Шақан-Шері»

Біздің инста парақшамызға тіркеліп алыңыздар🤗 https://www.instagram.com/p/DeTej9HimM_/?psln=eXUyaTF6NHE0YXg5

Кек — кекке жетелейді екен, жауыздық — тек жауыздық қана туғызады екен, ендігі кезек Шақанға жетіп еді. Бойында жалғыз-ақ сезім қалған. Кек! Қан! Шақан-Шері тымық ауаны, бүкіл төңіректі жаңғырықтыра, қарқылдап күлді. Мұхтар Мағауин «Шақан-Шері»

— ... Е, жаңа есіме түсті ғой. Осы уақытқа дейін неше ән жаздыңыз және неге жаздыңыз? — Алты, жеті әнім бар. Алдағы күнде… — Алдағы күнді қоя тұрыңыз. Сосын алты, жетіңіз не сіздің? Республикалық газетке шыққалы отырсыз, күллі елге насихатталудың мүмкіндігі туып тұр. Ал сіз?.. Мұныңыз тым аз ғой. Кішкене ойлансаңызшы, қоссаңызшы. Ең болмаса он алты, он жеті деңіз. Келістік пе? — Келіскенде енді… Көпшілікке өтірік айтып, газет деген киелі… — Ой, қойыңызшы. Өмір бойы өтірік айтпай келе жатқандай. Отырыңыз онда бес-алты деп… — Енді… Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде» https://t.me/kitapuzindisi

— Мылтык қайда? — деді сосын. — Найза мен кісе қайда? Жолбарыс кісі жейді, ағаш пен темірді жемейтін еді ғой... Өлә, — деді сосын. — Шақанның өзінің сырт киімдері де көрінбейді... Мұхтар Мағауин "Шақан-Шері" https://t.me/kitapuzindisi

Саясатпен айналысқан адам билікке жету үшін сол сәтті бағдарлап, пайдалана білуі керек. Онсыз саясатпен айналысқан адам қайраткер бола алмайды, биікке көтеріле алмайды. Бекежан Тілегенов «Қара жел» https://t.me/kitapuzindisi

— Осылай жұмыс істеп қашанғы жүрмексің? — Бас маман болмайынша. — Отызға дейін? Қырыққа дейін? — Уақыт көрсетеді. — Уақыт өтіп барады, сосын қаласың солып… гүл құсап. Үлкен қала сендерді, әйелдерді бұзған екен. — «Бұзғаны» қалай? — Беталысың дұрыс емес. Айтшы, қызға осының керегі не?! — Біле білсең, мен бес жыл оқыдым. — Не үшін? — Ақша тауып, күйеуіме тәуелді болмау үшін. — Сонда өзіңді еркінмін деп ойлайсың бе? — Иә. Олай емес пе, не? — Жоқ! Сен бәрібір жұмысыңа, басшылыққа, қоғамға, мемлекетке тәуелдісің. Әсел Төлепберген «Таңбалы жол» https://t.me/kitapuzindisi Апам ылғи айтатын, «қатын еркекпен дауласып береке таппайды» деп. Бұл әйелдердің қақысын шектеуден туған сөз деп ойлаушы ем, сөйтсем, еркек өзінікі жөн болмаса да, салғыласқанда әйелден асып түседі екен, мен соны ұқтым. Апам ылғи «Жан аяған жау жеңе алмас, күшін салмаған егін ала алмас» деп айтушы еді.

— О, заманда, бұ заман баланы ұрыспен, айқаймен, қорқытумен тәрбиелеуді қайдан көрдің, а-а?! Көргенсіз неме, сені де «мұ-ға-лім» дейді ғой! Мұғалімдіктен садағаң қалғыр! Ұстаздық, бұл — қасиетті парыз. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін абыройлы іс. Ал сенікі не? Әлім-жеттік көрсетіп, баланың үрейін алу, жанын жаралау ма? Бар білгенің осы ма?! Қызымды неге ренжіттің? — деп, бағанадан бері шапанының етегінен көрінбей қалған Аяжанды нұсқады, — Сорлы қызда не өшің қалды?! Жамиля Бекбосынова «Қыз мұраты – бақыт»

Өмір шіркін адамды ойға да, қырға да жетелейді. Жаңа арман мен мақсат ұсынады. Біріне қолың жетеді, енді бірінен көңілің қалады. Сөйтіп жүргенде уақыт шіркін ақырын-ақырын жылыстап өте береді екен. Қай жерде қуандың, қай жерде ренжідің, ол да бір бұлдыр сағым сияқты: арада жылдар өткенде соның бірі есте тұрса да, енді бірі өшіп қалады. Өтен Ахмет «Адасқан ғасыр» https://t.me/kitapuzindisi

Шындық керек қой, шырағым-ау. — Оны кім тексеріп жатыр дейсіз... Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде» https://t.me/kitapuzindisi

Адамға адам жасайтын жақсылықтың, қанша дегенмен, шегі бар. Айталық, сенің біреуге мейірің түсті, сонда оған нендей ьқылас білдіресің? Ақша бересің, киім әперерсің, жылы сөйлерсің, айналып-толғанарсың, маңдайынан сипарсың немесе маңдайынан сүйерсің. Ал тағы не бар? Бар істейтін жақсылығың беру мен сыйлауға байланысты екен. Берудің шегі — анау үшін өз өміріңді қиярсың. Оның өзі — беру, сыйлау. Енді жамандықты алайық... Адамның адамға жасайтын жамандығында, мысалы, шек жоқ. Жамандықтың мың-миллион түpi бар және өзгеге шын қырсық тілесең — талмай таба беруіңе болады, таба беруіңе болады. Әкім Тарази «Шер» https://t.me/kitapuzindisi

photo content