cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Кітап үзіндісі

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Бұл арнада сондай үзінділер беріледі. 💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Більше
Рекламні дописи
11 618
Підписники
Немає даних24 години
+87 днів
+13430 днів
Час активного постингу

Триває завантаження даних...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Аналітика публікацій
ДописиПерегляди
Поширення
Динаміка переглядів
01
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ Біз балаларды білімсіздіктен, енжарлықтан, намыссыздықтан, ұлтсыздықтан, қара басын ғана ойлайтын өзімшілдіктен, күншілдіктен, отансыздықтан, аштықтан, кедейліктен, қауіп-қатерден (жол апатынан, оттан, судан, дауылдан), қыл аяғы гриптен қорғауымыз керек! Осы жолда Алла өзі жар болсын. Жақсылықтың үлкені де сол балаға жасалған жақсылық емес пе? Балаларға көңіл бөле жүріңіз. © Бейбіт Сарыбай
7894Loading...
02
Өмір атты тіршілік әлемінде әдемі ғұмыр кешу әр пенденің асқақ асыл арманы болғанмен, оны іске асыру көп адамдардың қолынан келе бермейтініні мәлім, ол өзі оңай шаруа емес. Қалай болғанда да, қателіктердің кетіп жататындығы да өмір заңдылығы шығар, ол жағы да көпшілікке аян ғой. Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым»
8093Loading...
03
Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «Алжир» лагерінде азапталған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
1 0277Loading...
04
Қазақстанда аштық салдарынан 1,5 миллионға жуық қырылған 31 мамыр — 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған ашаршылықтан қаза тапқандарды да еске алу күні.  Ұжымдастыру салдарынан республикада 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. 200 мың қазақ өзге мемлекетке көшіп кетті. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қырылған. Кей деректерде бұл статистикадан да көп екені жазылады. Қазақстанда түгелімен жоқ болып кеткен ауылдар да бар. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
290Loading...
05
Қабілеттің төмендігі туралы стеротип қыздардың санасына сіңіп, оларға таңба салып, сенімі мен тынышынан айырды. Мен мұнда оларды кінәлі деп тапқым келмейді. Стереотиптер – тамыры тереңге бойлаған қоғамдық проблема, сондықтан мұның құрбаны болған жандарға кінә артқым келмейді. Тек ойлау үлгісі өсуге бейім адамдарға стереотип пен теріс түсініктің жай ғана өзге біреудің пікірі екенін түсініп, оларға сергек сенімімен, бар қабілетімен бұған қарсы тұруға көмектесетінін айтқым келеді. Кэрол Дуак «Ойлау»
1 6906Loading...
06
Бақытты қыламын деп алдың ба, енді бақытты қылып ұста! Мұрат Қолғанат «Махаббат бар ма?»
2 06123Loading...
07
Кейде қызық мәселелер бар. Бір жағынан қарасаң, үйленіп тұрмыс құруға ниетті жандар бір-біріне деген талапты көбейтіп, планканы жоғарылатып тастағандай көрінеді. Ал басқа жағынан қарасаң, «сауатты жаза алу» да критерийге айналыпты. Уәпшета ол стандарт болу керек еді ғой. Әдейілеп, әзілдеп, ойнап арасында жазса, түсінуге болады. Калаисн, нормолный, абет ыштынба, жох, балдар, киеуім, дабаи, быйыл, ызбандаим, юхтадм, боватр ма, суем, ахша, кутпеим, қаирлы тан, мын тенге, өзы караит... Жө, нәғіп ондай болды? Настройкадан қосып қойса, Т9, Google board өзі түзеп береді ғой.
250Loading...
08
Сұлу деп қазақта көрікті әйелді айтады. Ал көркінің үстіне ақыл-парасаты мол әйелді ару деп атайды. Өмірде сұлу көп те, ару аз. Ауыз әдебиетінде ару бейнесіндегі Құртқа, Қарашаш, Мендісұлу сияқты қыздар ғана суреттеледі. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
2 07037Loading...
09
Меніңше дүниедегі тірліктің тірегі, қайнар көзі екеу – ол өлім мен махаббат. Өлімнің ақиқаттығы бізді өмір сүруге ынталандырады. Ал махаббатсыз өмір мәнсіз... Пәктік мәңгі, махаббат мəңгі... Таза сезімді ешқашан кір шалмақ емес. Тозса өмір тозсын, махаббат тозбаса, кіршіксіз болса екен... Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»
2 43823Loading...
10
– Өзіңнің бақытсыздығың үшін бақыттылардан өш алуды ойлама. Лира Қоныс «Келіншек тал»
3 25439Loading...
11
Бір байқайтыным, кей жастар бос уақытын қадірлемейді. Бос уақытты тиімді пайдалану керек, пайдалы іспен айналысу керек. Мейрамханаға емес, театрға бару керек оларға. Өнер үйрену қажет, қазір ол үшін бар мүмкіндік жасалған. Өнер – қазақ өнері жанрлық жағынан байып келеді. Біз соған қуанамыз. Өнер адамның рухын оятады, жан дүниені байытады. Өтеген Оралбай «Серпер сезім»
3 03518Loading...
12
Ақтөбелік достар! 31 мамыр күні «I BOOK YOU AKTOBE» кітап клубымен бірге Эрих Мария Ремарктың «Батыс майданда өзгеріс жоқ» атты шығармасын талқылауға келіңіздер🤗 Толық ақпарат инста парақшада: https://www.instagram.com/ibookyou_aktobe?igsh=MTlucjVrdncxY2FncA==
1 4130Loading...
13
Өзің шеш. Адамның өзінен асқан ақылшысы жоқ. Сәуле Досжан «Өгей жүрек»
3 27222Loading...
14
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»
3 4507Loading...
15
Мамыр ғой деймін, мамыр ғой мынау баяғы, Қай тұсқа барсам, жолыма кілем жаяды. ...Тым бақытты боп кеттім бе, тәңірім, осы жаз Не болар екен аяғы?! Есенғали Раушанов «1987 жылдың басты оқиғалары»
3 70928Loading...
16
BookVibe-қа барып, кітап әлеміне саяхаттап қайтайық🤗
9565Loading...
17
Өзің сөккен адамдардың қателігін қайталама. Қанат Тілеухан «Шатырдағы әйел» https://t.me/kitapuzindisi
3 74018Loading...
18
Жай әйелдер біздің санамызды ойнатпайды, өйткені олар өз ернеулері мен дәуірлерінен еш шықпайды. Олардың жаны бұлайша өзгере алмайды. Олардың жаны мен тәні бізге басына киген шляпалары сынды жаттанды. Оларда құпия-сыр жоқ. Біз үшін олар парақталып біткен кітап. Оскар Уайльд «Дориан Грейдің портреті» https://t.me/kitapuzindisi
3 6307Loading...
19
Біз, әйелдер, аяғымызды шалыс бассақ болды әйел шайтан, азғырушы, азғындаушы. Жұмақта рахаттанып өмір сүріп жүріп едік, осы қатындардың кесірінен қуылдық деп жазғырасыңдар. Біз шайтан болсақ, несіне шайтанмен бірге тұрып ұрпақ өсіріп жүрсіңдер? Мұрат Қолғанат «Махаббат бар ма?» https://t.me/kitapuzindisi
3 91413Loading...
20
Гүлназ, қасымда жүргенің қандай жақсы. Өйткені сен барда өзімнің біреуге қамқоршы екенімді сезінем. Меніңше бақыт деген осы болар... Талғат Теменов «Гүлназ» https://t.me/kitapuzindisi
4 20731Loading...
21
Жазушылық – жаттығу жасау емес. Жаттығуыңды әдебиетке келгенше жаса, айналайын! Әдебиетке келдің екен, халықтың арына ар қос! Таза арды шөп-шаламмен бастырма! Жазушымысың, болды! Бұл атауға ешқандай эпитет керек емес. Жас жазушы деген болмайды. Жазушы екенсің, әрине, жаз! Бірақ әлгі бір асқар шыңдарға қарап, арыңмен жаз, барыңды сал! Шебер жаз! Жақсы жаз! Жаман жазасың екен, жазба! Жазушылықты оңай кәсіпке, әсіресе құлқынның кәсібіне айналдырма! Толстой айтқан ғой: «Жер жырт, етік тік, тағы бірдеңе етіп тамақ асыра, бірақ жазушылықты кәсіпке айналдырушы болма!» Тағы да сол Толстой айтқан: «Асылы, жазбауға мүмкіндігің болса, жазба! Жаман жазғаннан жазбаған жақсы! Сонда әлгі бір ар таза тұрады...» Өтеген Оралбай «Серпер сезім» https://t.me/kitapuzindisi
4 62925Loading...
22
— Жоға!.. Қажеті жоқ, қайтесің жарамсақтанып... Бірақ бар ма сенде сергек сезім, жан жылылығы... Не десем екен... Сүйген адамға, тек бір ғана адамға арналған аяулы пейіл, ықылас деген атымен жоқ. Сүйгенім мені дәл өзімдей сүйсе, шын сүйсе, алаңсыз сүйсе!.. Міне, маған керегі осы ғана. Әйтпесе, тіршілік — рахат емес, азап. Солай емес пе? Сен соны ойладың ба? — Білмеймін, не деп отырсың осы сен?.. Не деген күйкілік, неге керек осылар?.. Соған біз екеуімізде уақыт бар ма? Күндіз-түні сарылып, диссертация жазып жүрсің. Ал, әлдекім әйелінің шұлығын жөндесін; сенің соны көре қалғандай, соған таңдана қалғандай нең бар! Жарық дүниеде одан гөрі мағыналылау нәрсе болмағаны ма? Шыңғыс Айтматов «Қызыл алма» https://t.me/kitapuzindisi
4 35615Loading...
23
Бағзыдан жеткен бірлі-жарым сөздің өзінен аталарымыздың қай істе қандай ұстанымда болғанын, негізгі болмыс, танымын аңғара беруге болады. Мысалы, «ысқырып атқан киіктің обалы жоқ» дейді. Қадірін білген адамға осы сөз ұлы қазына. Бұл – бізге бабаларымыздың биік парасатын көрсетіп тұрған бір белгі. Алла адам үшін жаратқан соң киік несібе болады. Қажеттіліктен аулайды. Ғажап, сөйте тұра «ысқырып ат» дейді. Киікке де берілген бір мүмкіндік. Қапы кетпеуі тиіс. Әйтпесе «обал болады» дейді. Ұлы дала заңы. Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы» https://t.me/kitapuzindisi
4 59611Loading...
24
Иә, адам баласы барған сайын, төрт құбыласы теңелген сайын ескі өмірді, баяғы арбамен қоян қуған заманың сағынар. Бәлкім, табиғатқа қайтадан жақындау дегеніміз осы шығар... Осы шығар... Оралхан Бөкей «Өліара» https://t.me/kitapuzindisi
4 53922Loading...
25
Әркім өз басына қиындық туғанда басқаның басындағы қиындықты қаперіне алып, тереңірек түсініп санадан өткізуі өмірдің жарлықсыз жазылған заңдылығы сияқты... Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым» https://t.me/kitapuzindisi
5 16615Loading...
26
Эстетика - келешектің этикасы. Эстетикалық биік талғамы болу, сұлулықты түсіне, әрі бағалай білу және сол сұлулықты жасай білу деген сөз, осының бәрі жинақталып келгенде сұлулық, әдептілік сапасын көтереді. Тек сондай адам ғана қоғам мен келешек ұрпақ алдындағы өз борышын өтей алады. Айнұр Шамшейтова "Тағдыр сыйы" https://t.me/kitapuzindisi
10 36849Loading...
27
Мал, дәулет – ғылыммен табылады. Балаларыңа жақсы өнеге беріп, ғылым, өнер үйретсең, бұлар сізге бек разы болар һәм ол дүниеде де сіздерді Алла тағала жарылқар. Кім-кімге болса да балаларына тәрбие беріп, бұларды оқуға бермек – сын. Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз» https://t.me/kitapuzindisi
5 09114Loading...
28
– Бүгін бар, ертең жоқ. Мәңгі жасайтындай алысасың. Жұлысасың, тартысасың, қуанасың, күлесің, ұрсысасың, енді бір ұмтылғаң, ұшпаққа жетіп қалатындай, торғайдай шырылдап от пен суға түсесің. Сөйтесің де... Әні, із-түзсіз ғайып боласың. Енді бір он-он шақты жылда сені білетін, сені көрген он шақты адам да өте шығады. Сонан соң қалдың... Молаң да қараусыз қалады. Ол кімге керек?.. Не үшін келдің, не үшін кеттің, не бітіріп кеттің? Тұңғиық... Дулат Исабеков «Өкпек жолаушы» https://t.me/kitapuzindisi
5 84670Loading...
29
Тағы бір нәрсе айтайын, былай да ұрсыспаған жақсы ғой, десе де балалардың көзінше анасына ұрса көрме. Беделін түсіресің. Сөзін тыңдамайды. Анасының сөзін тыңдамаса, өзің араласуға тура келеді. Ол деген асқар тауыңыздан төмендеп келіп балалармен тәжікелесу деңгейіне түсу деген сөз. Ана деген балаға әкені құпия көрсетіп тұрған қақпа ғой, ол қақпаны өзің сындырсаң «шабуыл» сізге төтесінен басталады. Андағайлап келген ашу құпия құрметтің тас-талқанын шығарады. Одан кейін баланың сізді сыйлауы қиындау. Қорқатын шығар, бірақ сыйламайды. Бір нәрсе есіңде болсын! Отбасында әкенің беделі қалпына келмей, бала тәрбиесі түзелмейді» деді жазушы апай. Ойланып қалдым... Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы» https://t.me/kitapuzindisi
5 38433Loading...
30
Осы бір әйелдердің өткенді ұмытпайтын қасиеті-ай, сұмдық пәлекет дүние! Әр үтір-нүктесіне дейін сақтайды! Адам өмірін сүрген сайын бойына оның түрлі қырларын сіңіреді, бірақ оның қалай, қашан болғаны жөнінде айта беру деген ең жалықтырар, түкке тұрмайтын дүние емес пе. Оскар Уайльд «Дориан Грейдің портреті» https://t.me/kitapuzindisi
5 05517Loading...
31
Ұлы жаратушы адамдарды өмірінде үш рет сынайды екен. Соған орай сынақтың шарттары да әр түрлі жағдайға сай болады. Негізінен әділдік, тазалыққа бағышталады. Одан дұрыс өтсең қорғаушың - періштең болады. Өте алмасаң... онда сезімің қор, еңбегің сор, сокырдың кебін киіп, айналанды сипалап, айналшық күн кешесің. Көп тобырдан, қорадағы хайуаннан айырмаң жоқ. Иә, солай! «Айт!» десе үріп, «шайт» десе жусап, қарын тойса қалғисың дегендей... Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр» https://t.me/kitapuzindisi
5 27415Loading...
32
Қазақ: «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ қыз қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз», — дейді. Тұрақсыз болу да адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да еш дүлей күш жеңе алмайды. Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады. Тек сол бір мінезділікке екінің бірінің күші жетер ме? Ілияс Есенберлин «Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар» https://t.me/kitapuzindisi
5 77630Loading...
33
Ақтөбеліктер, ертең Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабы талқылауға келіңіздер🤗 📍 С. Бәйішев атындағы облыстық кітапхана 🕑 14:00
1 1493Loading...
34
Махаббатты өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады. Теңіз сияқты мұның да бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады. Адамның жыныстық соқыр сезімінен туған сусыма жүйрік тілек толқынға ұқсаса, шын санадан шыққан жан тебірентер жақсы мұрат, асыл арман тізбегі махаббаттың тереңдігін танытады. «Бір көргеннен ғашық болу» деген сөз де сол «толқын» іспеттес, ол тән құмарлығынан туған, жалт етпе сезім ғана. Алғашқы лап еткен сәтте оның күшті боп көрінуі де ықтимал. Бірақ бұған қарап алданып қалуға болмайды. Тән құмарлығы алдамшы, өткінші, тұрақсыз сезім. Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. «Бір көргеннен ғашық болдым» дегеннің өзі-ақ ол сезімнің таяздығын танытады, көре сала соны құшуға құмартқан жүгенсіз, ұшқыр тілекті көрсетеді. Теңізді бірінші рет көрген адам оның суының ашы немесе тұщы екенін, астында не барын бірден білмейді. Мұны теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүңгіген адам ғана айта алады. Сол сиякты бір көргеннен адамның бойындағы барлық адамгершілік қасиетін аңғаруға болмайды. Оны анықтамаған сон ғашық болу да мүмкін емес. Ендеше «Сізді бір көргеннен ғашык болдым» деген сөзге сенудің орны жоқ. Олай деп оңай олжа» тапқысы келген қу жігіттер мен шын сезімнен хабары жоқ, жасөспірім, бейкүнә қыздар ғана айтуы ықтимал. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» https://t.me/kitapuzindisi
6 15648Loading...
35
Тахауи Ахтановтың өмірі өзінің ең сүбелі шығармаларының бірі – «Боран» романының күрделі сюжеті секілді. Бұл кісі ылғи бораннан шығып, боранға ұрынып отырған. Отызыншы жылдардағы аштық зұлматы боран ба? Боран. Жеңген. Аман қалған. Сұрапыл соғыс боран ба? Боран. Жеңген. Аман қалған. Елуінші жылдардағы қайтара қудалау, боран ба? Боран. Жеңген, аман қалған. Тоқырау жылдарындағы тымырсық саясат боран ба? Боран. Жеңген. Аман қалған. Өтеген Оралбай «Серпер сезім» https://t.me/kitapuzindisi
4 8635Loading...
36
"Соғысты жариялау деген халықтық мереке сияқты өткізілсін, музыка тартылып, ойын-тойдағы өгізбен айқас кезіндегідей билет сатылсын", — деп ол өзінше ұсыныс тастайды. Содан кейін ортадағы алаңға жауласушы елдердің министрлері мен генералдары дамбалшаң шықса, әрқайсысының қолына шоқпар беріліп, бір-бірімен өзара шайқасса деп армандайды. "Тірі қалғаны өзінің елін жеңді деп жариялайды. Бұл әрі оңай, әрі әділ. Ал қазіргі мына соғыста әділет жоқ, майданда қан төгушілер соғысты тілеген жандар емес", – дейді. Эрих Мария Ремарк "Батыс майданда өзгеріс жоқ" @kitapuzindisi
10Loading...
37
Баланың жас күнінде сүйкімді болып, атыңа кір келтірмей, ер жеткен соң көзге шыққан сүйелдей көрінуі өміріңді өксітеді-ақ! Сүлеймен Мәмет «Көңіл көзі» (Қамшының сабы немесе айқаспаған кірпік) https://t.me/kitapuzindisi
5 7409Loading...
38
«...Құрбым екеуміз кинотеатрға бардық, біз достасқалы қырық жылға жуықтап қалды, соғыста жасырын жұмыста болғанбыз. Билет алайық десек, кезекте тұрғандардың қарасы қалың екен. Құрбымның Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі жанында болған, ол кассаға барды да, әлгі құжатын көрсетті. Сонда жасы шамамен он төртке келген бір қыз бала: «Сендер, әйелдер, соғысып па едіңдер? Мына куәлікті қандай ерліктеріңе берген, қане, айтыңдаршы?» – деді. Бізді, әрине, өзге адамдар кезектің алдына жіберді, бірақ киноға кірмедік. Біз, тап бір безгек ұстағандай, қалшылдап кеттік...» (Астыртын қызметші Вера Григорьевна Седова.) Светлана Алексиевич «Соғыстың сұрқы әйелге жат»
1 1041Loading...
39
Өмірдің өзі көбінесе майда тіршіліктерден құралады, тұрады емес пе? Майда болғанымен кейбір кездерде шешуші рөл, маңызды іске айналып кетуі ықтимал. Ұлғайып, істің теріс бағытқа, жағымсыз нәтижеге айналмауын, насырға шаппауын қадағалау үшін де ақыл-парасат, ой-сана қажет-ақ. Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым» https://t.me/kitapuzindisi
6 27518Loading...
40
Жатқанға – жан жуымайды. Өзі тырбанып, іс қылмаған жұртқа тегін нәрсені ешкім әкеліп бермейді. Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз» https://t.me/kitapuzindisi
6 11725Loading...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ Біз балаларды білімсіздіктен, енжарлықтан, намыссыздықтан, ұлтсыздықтан, қара басын ғана ойлайтын өзімшілдіктен, күншілдіктен, отансыздықтан, аштықтан, кедейліктен, қауіп-қатерден (жол апатынан, оттан, судан, дауылдан), қыл аяғы гриптен қорғауымыз керек! Осы жолда Алла өзі жар болсын. Жақсылықтың үлкені де сол балаға жасалған жақсылық емес пе? Балаларға көңіл бөле жүріңіз. © Бейбіт Сарыбай
Показати все...
👍 14 9👏 5🔥 3🥰 2
Өмір атты тіршілік әлемінде әдемі ғұмыр кешу әр пенденің асқақ асыл арманы болғанмен, оны іске асыру көп адамдардың қолынан келе бермейтініні мәлім, ол өзі оңай шаруа емес. Қалай болғанда да, қателіктердің кетіп жататындығы да өмір заңдылығы шығар, ол жағы да көпшілікке аян ғой. Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым»
Показати все...
14👏 2🍓 2🔥 1🕊 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «Алжир» лагерінде азапталған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😢 21💔 7 3🔥 3🕊 3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қазақстанда аштық салдарынан 1,5 миллионға жуық қырылған 31 мамыр — 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған ашаршылықтан қаза тапқандарды да еске алу күні.  Ұжымдастыру салдарынан республикада 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. 200 мың қазақ өзге мемлекетке көшіп кетті. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қырылған. Кей деректерде бұл статистикадан да көп екені жазылады. Қазақстанда түгелімен жоқ болып кеткен ауылдар да бар. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
💔 1
Қабілеттің төмендігі туралы стеротип қыздардың санасына сіңіп, оларға таңба салып, сенімі мен тынышынан айырды. Мен мұнда оларды кінәлі деп тапқым келмейді. Стереотиптер – тамыры тереңге бойлаған қоғамдық проблема, сондықтан мұның құрбаны болған жандарға кінә артқым келмейді. Тек ойлау үлгісі өсуге бейім адамдарға стереотип пен теріс түсініктің жай ғана өзге біреудің пікірі екенін түсініп, оларға сергек сенімімен, бар қабілетімен бұған қарсы тұруға көмектесетінін айтқым келеді. Кэрол Дуак «Ойлау»
Показати все...
21👍 6🔥 4💯 4🍓 2
Бақытты қыламын деп алдың ба, енді бақытты қылып ұста! Мұрат Қолғанат «Махаббат бар ма?»
Показати все...
44👍 11🔥 3🍓 3👏 2
Repost from Invintel
Кейде қызық мәселелер бар. Бір жағынан қарасаң, үйленіп тұрмыс құруға ниетті жандар бір-біріне деген талапты көбейтіп, планканы жоғарылатып тастағандай көрінеді. Ал басқа жағынан қарасаң, «сауатты жаза алу» да критерийге айналыпты. Уәпшета ол стандарт болу керек еді ғой. Әдейілеп, әзілдеп, ойнап арасында жазса, түсінуге болады. Калаисн, нормолный, абет ыштынба, жох, балдар, киеуім, дабаи, быйыл, ызбандаим, юхтадм, боватр ма, суем, ахша, кутпеим, қаирлы тан, мын тенге, өзы караит... Жө, нәғіп ондай болды? Настройкадан қосып қойса, Т9, Google board өзі түзеп береді ғой.
Показати все...
👌 1
Сұлу деп қазақта көрікті әйелді айтады. Ал көркінің үстіне ақыл-парасаты мол әйелді ару деп атайды. Өмірде сұлу көп те, ару аз. Ауыз әдебиетінде ару бейнесіндегі Құртқа, Қарашаш, Мендісұлу сияқты қыздар ғана суреттеледі. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
Показати все...
73👍 16🔥 4🥰 4🌚 3
Меніңше дүниедегі тірліктің тірегі, қайнар көзі екеу – ол өлім мен махаббат. Өлімнің ақиқаттығы бізді өмір сүруге ынталандырады. Ал махаббатсыз өмір мәнсіз... Пәктік мәңгі, махаббат мəңгі... Таза сезімді ешқашан кір шалмақ емес. Тозса өмір тозсын, махаббат тозбаса, кіршіксіз болса екен... Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»
Показати все...
47👍 6🔥 6💯 6🦄 3
– Өзіңнің бақытсыздығың үшін бақыттылардан өш алуды ойлама. Лира Қоныс «Келіншек тал»
Показати все...
66👍 21🔥 12💯 7🦄 3