ru
Feedback
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Открыть в Telegram

📈 Аналитический обзор Telegram-канала Кітап үзіндісі

Канал Кітап үзіндісі (@kitapuzindisi) языкового сегмента Казахский является активным участником. Сейчас сообщество объединяет 14 984 подписчиков, занимая 2 489 место в категории Книги и 569 место в регионе Казахстан.

📊 Показатели аудитории и динамика

С момента создания невідомо проект демонстрирует стремительный рост, собрав аудиторию из 14 984 подписчиков.

Согласно последним данным от 22 сентября, 2026, канал показывает стабильную активность. За последние 30 дней изменение числа участников составило -153, а за последние 24 часа — -8, при этом общий охват остаётся высоким.

  • Статус верификации: Не верифицирован
  • Уровень вовлечённости (ER): Средний показатель вовлечённости аудитории составляет 24.11%. В первые 24 часа после публикации контент обычно набирает 6.87% реакций от общего числа подписчиков.
  • Охват публикаций: В среднем каждый пост получает 3 612 просмотров. В течение первых суток публикация набирает 1 029 просмотров.
  • Реакции и взаимодействия: Аудитория активно поддерживает контент: среднее количество реакций на один пост — 36.

📝 Описание и контентная политика

Описание канала не предоставлено.

Благодаря высокой частоте обновлений (последние данные получены 23 сентября, 2026) канал поддерживает актуальность и высокий уровень охвата публикаций. Аналитика показывает, что аудитория активно взаимодействует с контентом, что делает его важной точкой влияния в категории Книги.

14 984
Подписчики
-824 часа
-417 дней
-15330 дней
Архив постов
photo content

Кім көрінгенмен шатысқанша, жалғыз болғанның өзі артық. Әсел Төлепберген «Таңбалы жол» https://t.me/kitapuzindisi

Тәубе десеңдерші осы күндеріңе. Тәубе! Баяғыдай қалаға кіргізбей қойса, қалаға кіре қалсаңдар, баққа маңайлатпай қуса қайтер едіңдер? Қызық-ей, осы қазақтар… Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде» https://t.me/kitapuzindisi

Кісінің кісіге ауған көңілі түзу де адал болса, одан артық не керек? Өтен Ахмет «Адасқан ғасыр» https://t.me/kitapuzindisi

— Оу, жарандар, босқа айтысқанды қойып, одан да мен сияқты білетін адамнан сөз тыңдаңдар. Мына біз қазақ деген аз халықпыз. Оның өсуіне кедергі соңғы кезде жаңа бір кесел тағы пайда болды. Тақырып өзгергені Нұрғайшаға жағып кетті білем, дереу сөзді іліп ала қойды: — Ол қандай кесел? Құпия емес шығар. — Қыздар шетінен оқымысты болып кетті. Бұл тақырып маған оңтайлы сияқты көрінді. Нұрғайша алдында ұпайымды өсіре түспек ниетпен: — Оқығандары жаман ба? — дедім өзімше қуланып. — Нұрғайша сияқты білімдар, алғыр болып өседі. Жақсы әйелдің жақсы бала тәрбиелейтінін ескерсек… — Айтқаныңның жаны бар. — Рысхан сөзімді бөліп жіберді. — Алайда қыздар оқуларын жиырма үш-жиырма бес жас аралығында аяқтайды. Ана боп бала табатын нағыз қуатты шақтары... Өтен Ахмет «Адасқан ғасыр» https://t.me/kitapuzindisi

«Қазіргілер білімсіз. Кітап оқымайды. Шешендік сөздерді, мақал-мәтелді білмейді» деп осы жұрт бекер шулап жүр. Ал маған ешкімнің ештеңе білмейтіні жақсы болды. Кез келген жерде аузым көпіріп, көсіле сөйлеймін. «Тәйт, қате айтып отырсың!» дейтін пенде жоқ. Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде» https://t.me/kitapuzindisi

Бір кездері Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабын оқып, кейін театр сахнасынан да, экраннан да тамашалаған едік.
Бір кездері Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабын оқып, кейін театр сахнасынан да, экраннан да тамашалаған едік. Бүгін автордың өзін тыңдаудың сәті түсті.

«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды! Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуд
«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды! Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың бірі. Толығырақ: https://reading-nation.kz/ https://t.me/kzkitap

Қинайды тағдырымды табалап күз, Қайғысыз, жан ба едіңіз қанағатсыз?.. Алыстап күннен-күнге менен, аға, Апырмау, қайда кетіп бара жатсыз? Исраил Сапарбай «Мен сізді сүйген едім» https://t.me/kitapuzindisi

Адамның бір әлсіздігі - сол: кейде өз сырыңды басқа түгіл, өзіңе ақтара алмайтын кез болады. Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді» https://t.me/kitapuzindisi

Адамның қорқатын нәрсесі – жалғыздық. Ал жалғыздың атаулының ішіндегі ең жаманы – құлазыған жан дүниеңнің жалғыздығы. Бальзак «Үзілген үміттер» https://t.me/kitapuzindisi

Адамды адамға жақын ететін көңіл екен ғой. Көңілде жылу қалмаған жерде, қойныңдағы әйедің де тас кесектей суық тарта береді. Тіпті жүрек қызуы, тән ләззаты да жан жақындығына кепілдік бере алмайды. Төсек қызығын, әсіресе, әйел заты тез ұмытады. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi

Атом көлі – жансыз, нәрсіз көл. Қыбыр еткен жәндігі жоқ, ешкімге пана, сая бола алмайтын пайдасыз, өлі табиғат. Жағасында жайқалған көгі жоқ, өңі жоқ. Жері де, топырағы да нәрсіз, құнарсыз, шөл даладай қурап, қаңсып, қаңырап жатыр. Түн баласына қарай көл бойында бөтен дауыс гүрілдеп, күңіренгендей, күрсінгендей болады. Содан жүрексінген жолаушы бұл тұсқа беттемейді, көл басына түнемейді. Бекежан Тілегенов «Қара жел» https://t.me/kitapuzindisi

Билік ауру сияқты. Биліктің шыңына шыққан адам содан құлап түскенше, сол ауруы меңдеп, жіңішкеленіп, айыға алмай үзіліп тынады. Құлаған күні сол аурудың зардабынан өледі. Билік пен өмір қашанда үзеңгілесіп, қабырғаласып қатар жүреді. Биліктің ғұмыры келте, өлшемі қысқа, соңы аянышты. Билік елдің, жердің халықтың қамын ойлайды деген өтірік. Ол тек өз күйін ғана ойлайды. Бекежан Тілегенов «Қара жел» https://t.me/kitapuzindisi

Мүмкіндігінше күнәға аз бату адамның ұстанар заңы осы. Күнәдан мүлдем ада болу ол періштенің арманы. Жер бетіндегілердің бәрі күнәға бейім. Күнәнің пендені тартып тұратын күші болады. Виктор Гюго «Аласталғандар» https://t.me/kitapuzindisi

Қазақ қанша қонақжай болғанымен, үйінде еркегі жоқ жас әйелдің сыпайы сылтау айтып, жолаушыны қондырмай жіберуге қақысы бар. Ертең сөз болады, күйеуімнің бетіне шіркеу келеді деп жасқанар еді. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» https://t.me/kitapuzindisi

— Алға бассаң, дамисың, бір орында отыра берсең, кері кетесің, ұқтың ба?! — дейді қатты дауыстап, телефонмен сөйлесіп тұрған ұзын күрең күртелі әйел, — еңбек қана бәрін жеңбек. Әсел Төлепберген «Таңбалы жол» https://t.me/kitapuzindisi

Адамның жазмыш деп аталатын тағдырын жолын басқа бір арнаға салып, аяқ асты өзгертіп жіберетін – бір ғана сәт екен. Бір ғана әрекетің. Бір ғана қателігің. Бітті... Сосын өмір деп аталатын жайбарақат қана ағып жатқан өзеніңнің арнасы дереу басқа бір бағытқа бұрылып, астан-кестен тасқынға айналып жүре береді. Сайлау Байбосын «Ажалын жоғалтқан адам» https://t.me/kitapuzindisi

– Сен өзгеріп кетіпсің, - деді дауыстап. – Енді…он сегізге келдім. – Әлі бір ай жиырма екі күн бар. – Ұмытпапсыз… Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» https://t.me/kitapuzindisi

Бетке айтылмаған сөз өсек. Ол есепке алынбайды. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау» https://t.me/kitapuzindisi