cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Sputnik Қазақстан

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз 🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Більше
Рекламні дописи
10 142
Підписники
-324 години
-567 днів
-18030 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Показати все...
👍 3🤝 1
eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды "Bilim" бірнеше бөлімнен тұрады. Онда білімі, оқуды аяқтағаны туралы цифрлық құжаттар, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ педагогтер үшін "Педагог портфолиосы" қолжетімді. Мұнда мұғалімнің электронды құжаты қалыптастырылады. "Онда еңбек өтілі, қызмет жолы, санаты, аттестаттаудан өтуі бойынша мәліметтер топтастырылған", - деп атап өтті оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова.
Показати все...
👍 2
Алматы облысында полигонда екі полицей жарақат алды Шулы жарық граната оқу-жаттығу кезінде жарылған. Екі қызметкер контузия мен жарақат алды. Олардың бірі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. ▪️Граната жарылған жағдайда адам біраз уақыт естімей және көрмей қалуы мүмкін. Ал қолында жарылса, тіпті, өлімге әкеп соғады.
Показати все...
😱 3🤯 1😢 1😨 1
1957 жылы 15 мамырда «Р-7» зымыраны алғаш рет ұшырылды Бірақ зымыран небәрі 400 км ұшқаннан кейін артқы бөлігіндегі өртке байланысты құлады. Алғашқы сәтті ұшыру бірнеше айдан кейін – 21 тамызда өтті.
Показати все...
👍 8
Мына бала небәрі 3-те Аттың құлағында ойнайды. Әкесі мінгізіп түсіреді екен. Есімі - Ернұр Қанат. Тілшіміз Жетісу облысындағы талантты баламен сұхбаттасып қайтты. Кішкентай Ернұрды бір жасынан бастап әкесі Алмас атқа мінгенде алдына алып отырғызып үйреткен. "Екі жасынан есекке мініп үйренді. Үш жасқа толмай жатып атқа өзі мініп үйрене бастады. Мінезі ауыр, атқа құмар. Ағаларымен атқа таласып өсіп келеді", - дейді Ернұрдың әкесі. Алмас Мұратбаевтың төрт ұлы бар. Ең үлкені 7 жаста, кенже ұл бір жаста. Төртеуі де атты жақсы көреді. Толық сұхбатты сайтымыздан оқи аласыз.
Показати все...
👍 28 2👏 2
Бурабай жартастарындағы жазуларды өшіруге жыл уақыт кетеді Бұл туралы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәлімдеді. Парк вандалдардың қалдырған жазулары мен суреттерін тазартуды бастады.
«Жартастарда, сондай-ақ судың ортасында тұрған Жұмбақтаста келушілердің «қолтаңбасы» қалған. Бояуды өшіру қиын. Сарапшылардың пікірінше, толық тазалап шығуға бір жыл уақыт кетеді», - деп мәлімдеді олар.
Сондай-ақ қашау немесе басқа да құралды қолданып, жазуды өз бетінше қолмен өшіруге тыйым салынғанын атап өтті. @sputnik_aitady
Показати все...
👍 5🔥 2👌 2👏 1💯 1
Словакияда үкімет ғимаратында премьер-министрге оқ атты Фицо жарақат алды, шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Показати все...
👍 4🤔 2😱 2😢 2👀 1😨 1
Шығыс Қазақстанда оқушылар сабақта отырып, букмекерлік сайттарға кірген Прокурорлар 15 мыңнан астам оқушы тыйым салынған сайттарда отырғанын анықтады. Жалпы өңірде 56 мектеп тексерілді. Бірқатар мектепте балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарлама мүлдем болмаған. Ведомство кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді. @sputnik_aitady
Показати все...
👍 4😨 3😁 2🤬 2🤯 1👀 1
Жолда орташа жылдамдық енгізіледі Мәжіліс республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдықты шектейтін заңға өзгертулерді мақұлдады. Бұл жол апатының санын азайтуға септігін тигізеді, деп есептейді депутаттар. ▪️Бақылау-өлшеу құрылғылары орнатылған жерлерде орташа жылдамдық автоматты түрде есептеледі. Жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл әзірге өзгеріссіз қалады.
Показати все...
👍 6 3🤯 1😱 1👀 1🤷 1
🇰🇿 Қазақстанда импорт 10%-ға, экспорт 9%-ға артқан Ал 🇧🇾Беларуське жүк тасымалдау бір жылда 99%-ға көбейген. 🇰🇬Қырғызстанда экспорт бірден 72%-ға өсті. ТМД елдеріндегі жүк тасымалының нарығы туралы инфографика ұсынамыз. @sputnik_aitady
Показати все...
👍 4😐 4😁 2🆒 2👀 1