cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Sputnik Қазақстан

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз 🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Show more
Advertising posts
10 252Subscribers
-124 hours
-417 days
-17730 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Бишімбаев ісі: прокурор Байжановқа тағылған бір айыптаудан бас тартты ▪️Экс-министрдің туысына қылмыстық кодекстің екі бабы: 432-бап «Қылмысты жасырып қалу» және 434-бап «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. «Айыптаушы тарап Байжановқа қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша тағылған айыпты ішінара алып тастайды», - деді прокурор Саяхат Нұрбеков. Бұл ретте Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталуда. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, ол Бишімбаев айыпталып отырған қылмысты жасыруға тырысқан. @sputnik_aitady
Show all...
📆 Мамырда мереке күндері ЦОН-дар қалай жұмыс істейді? 1 мамырда және 7-9 мамыр аралығында жабық болады. 8 мамыр күні тек кезекші ЦОН-дар мен кезекші мамандандырылған ЦОН-дар ғана жұмыс істейді Азаматтарға сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетіледі. @sputnik_aitady
Show all...
👍 2🔥 2👏 1🙏 1👀 1
✈️🇰🇿🇰🇷 Астанадан Сеулге тікелей рейстер қайта ұшады 15 маусымынан бастап аптасына екі рет Аirbus A321LR ұшағы ұшады. Астанадан Сеулге ұшатын рейстер 2015 жылы іске қосылған болатын, алайда 2020 жылы коронвирус пандемиясынан кейін тоқтатылған болатын. Алматыдан ұшатын рейстер: ▪️ Ташкентке – аптасына 14 ретке дейін; ▪️ Бішкекке – аптасына сегіз ретке дейін; ▪️ Тбилисиге – аптасына тоғыз ретке дейін; ▪️Душанбеге аптасына төрт ретке дейін; ▪️Бакуге аптасына үш ретке дейін артады. @sputnik_aitady
Show all...
🔥 5👍 2👏 1
🇦🇲🇦🇿 Армян тарапы Алматыда Армения мен Әзербайжан СІМ басшыларының кездесуіне дайын Бұл туралы Армениян сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды @SputnikARM. «Хабарлағанымыздай, қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Армения мен Әзербайжан СІМ басшыларының кездесуі туралы уағдаластық бар: оның Алматыда өтетіні расталды», - деді армян ведомствосының баспасөз хатшысы Ани Бадалян. @sputnik_aitady
Show all...
👍 1
💰💰💰 Заңсыз байығандар өз еркімен 40 миллиард теңгені мемлекетке қайтарды Оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай түрде, 2 млрд теңгесі Астанадағы бизнес-орталық ретінде қайтарылды. Қазақстан үкіметі бұл қаражатты су тасқыны салдарын жоюға жібереді. @sputnik_aitady
Show all...
👍 4🤔 3👏 2🥰 1
Петропавлда полиция қызметкерін қағып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр СҚО полиция департаменті жетінші басқармасының басшысы Сапар Ауғалиевті көлік қағып, мерт қылғаны туралы ақпарат тарады ІІМ Челябі – Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші іздестіріліп жатыр. @sputnik_aitady
Show all...
👍 3😢 3🔥 2
Абайлаңыз, алаяқ! Танымал алаяқтардың бет-бейнелері Полиция өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстыратын танымал интернет-алаяқтардың жүздерін ашық көрсетті. Олар «ҰҚК тексеріп жатыр» деген сылтаумен шоттарына шұғыл ақша аудару қажет екенін жазған. Видео: Polisia.kz @sputnik_aitady
Show all...
👍 2🥰 2👏 2
🇰🇿🇦🇿🇦🇲 Алматы Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының кездесу алаңына айналады – Әлиев Бұл туралы ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкенмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мәлімдеді. Әзербайжан тарапы Қазақстандағы Армения өкілдерімен кездесуге дайын екенін ашық түрде растады. Әзірге армян тарапы кездесуге ниетті екенін растаған жоқ. @sputnik_aitady
Show all...
👍 6🥰 2👏 2
Атырау облысында құтқарушылар жылқыны судан шығарып алды Индер ауданының Өрлік ауылының маңында жылқы жардан суға құлаған. Қызылордалық құтқарушылар арнайы арқан пайдаланып, оны судан алып шықты. @sputnik_aitady
Show all...
👍 10👏 3🔥 2
🇰🇿🇺🇦  Украина қалаларында қазақстандықтарды алдап соққан алаяқтардың бес call-орталығы жойылды Қазақстандық полицейлер қылмыстық топтарды жою үшін Ураинаға барды. Запорожье қаласында екі, Одессада үш қылмыстық топ ұсталды. Олар қазақстандықтарға өздерін банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып хабарласқан. Барлығы 32 адам ұсталды, олардан тыйым салынған заттар табылды. @sputnik_aitady
Show all...
👍 19🔥 2👏 2