cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Sputnik Қазақстан

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз 🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
10 138
المشتركون
-1024 ساعات
-597 أيام
-18830 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Талибан* делегациясы – Қазандағы «Ресей – Ислам әлемі» форумында Ауғанстан ресейлік тауарларды Оңтүстік Азияға тасымалдамақ. «Біз Түркіменстанмен, Пәкістанмен және Ресеймен транзиттік келісімге қол қоюға дайынбыз», - дейді Ауғанстанның өнеркәсіп министрі м.а. Нуриддин Азизи. ❗️Жоба Қазақстан және Түркіменстанмен келісілген, деп атап өтті Азизи. *Ұйымға лаңкестік әрекеттері үшін БҰҰ санкциялары салынған @sputnik_aitady
إظهار الكل...
😁 3🤔 2👌 2👍 1👀 1🗿 1
Қазанда Абай орталығы ашылды Онда классикалық және қазіргі қазақстандық авторлардың әртүрлі көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттері жинақталған.
إظهار الكل...
👍 4 2🔥 2 1🥰 1👏 1
Су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бір деңгейде бағалауға болмайды – сенатор ▪️Құлсары халқы өтемақы мәселесін көтеріп, әкімдікке жиналған болатын. Осы мәселеге қатысты сенатордың пікірін білдік. Нәутиев халықтың талабы орынды деп есептейді.
«Есептеу жұмыстарын тезірек өткізу керек. Бағаланған баға нарықтық бағаға сәйкес болуы тиіс. Комиссия мүшелері әр тұрғынмен жеке сөйлесуі қажет», - дейді ол.
Толығырақ видеода. @sputnik_aitady
إظهار الكل...
👍 5👏 3❤‍🔥 1🙏 1💯 1
Сенат ЕАЭО елдері өнеркәсіп нысандарының құрылысын бірлесіп қаржыландыру туралы келісімді ратификациялады Баж салығынан түскен қаражат жобаларды салуға жұсмалады. Келісімге 2023 жылдың мамыр айында қол қойылған. «Бір жобаны субсидиялаудың ең жоғары мөлшері жылына 1,8 млрд теңгені (4 млн доллар), 5 жылдан кейін 9,4 млрд теңгені (21,4 млн доллар) құрайды», - деді сенатор Сүйіндік Алдашев.
إظهار الكل...
🤔 2👍 1🥰 1👏 1🙏 1
Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады Президент жиынға қатысушыларды аймақтағы елдерді бір-біріне қарсы қоюға және оларды араздастыруға тырысушы бөгде күштерге бірлесіп қарсы тұруға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи сын-қатерлердің көбі трансшекаралық сипатқа ие екенін айтты. Сондықтан оларға қарсы тұру үшін күш-жігер біріктіру қажет. "Ауғанстанды өңірлік байланыстарға белсенді тарту – дәл қазіргі кездегі стратегиялық міндеттердің бірі. Мұнда көп нәрсе біздің елдеріміздің үйлесімді ұстанымына байланысты. Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу өзекті мәселе деп санаймыз", – деді Тоқаев.
إظهار الكل...
🔥 2🙏 2🤝 2👍 1👏 1
Тасқын су кеуіп қалған көлдерге жіберіліп жатыр Ресейден келген тасқын судың 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған. «Қазсушар" мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр. @sputnik_aitady
إظهار الكل...
👍 12🔥 4🙏 2😨 2
Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды. Ол кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен. Қазіргі уақытта қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
إظهار الكل...
👀 4👍 3👌 2 1👏 1
Қазақстанның iшкi су жолдарында жүк кемелері жүре бастады Бұл шешім гидрометеорологиялық жағдайға және ел аумағындағы суқоймалардың мұздан толықтай тазартылуына байланысты қабылданды. Жоғарғы Ертіс су бассейнінде кемелер 1 мамырдан Семей филиалында 25 сәуірден Павлодар филиалында 23 сәуірден Орал-Каспий су бассейнінде 1 сәуірден Іле-Балқаш су бассейнінде 1 сәуірден «Гидротехникалық құрылыстар» филиалында 5 мамырдан бастап қозғалыс басталып кетті. Еліміздегі жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 2104 шақырымды құрайды. Қазақстан бойынша барлығы 795 өзен көлігі және 19 мың шағын көлемді кеме тіркелген.
إظهار الكل...
👍 7👏 4👀 2😨 2
93 829 қазақстандық өзін құмар ойындардан шектеді Онлайн (eGov mobile) – 90 450 Жазбаша түрде – 3 379 Қазақстанда 400 мың адам букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған 2022 жылы елімізде 3,6 мың адам өзіне қол жұмсап қайтыс болса, олардың әрбір бесіншісіне лудомания себеп болған. Құмар ойынға әуес адамға көмектесу үшін қайда жүгінуге болады?
إظهار الكل...
🙏 3👍 2👏 2👌 2
Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
إظهار الكل...
👍 5👎 2👏 2🤝 2