en
Feedback

Don't get caught by a cheater! Telemetrio finds and tags such channels 👉 If you want to see the tag, subscribe

TESTCENTERKZ

TESTCENTERKZ

Open in Telegram

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Show more

📈 Analytical overview of Telegram channel TESTCENTERKZ

Channel TESTCENTERKZ (@uto92) in the Kazakh language segment is an active participant. Currently, the community unites 164 103 subscribers, ranking 655 in the Education category and 13 in the Kazakhstan region.

📊 Audience metrics and dynamics

Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 164 103 subscribers.

According to the latest data from 15 November, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by -7 677 over the last 30 days and by -201 over the last 24 hours, overall reach remains high.

  • Verification status: Not verified
  • Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 9.10%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 4.30% reactions from the total number of subscribers.
  • Post reach: On average, each post receives 14 934 views. Within the first day, a publication typically gains 7 057 views.
  • Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 29.

📝 Description and content policy

The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
“ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы”

Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 16 November, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the Education category.

164 103
Subscribers
-20124 hours
-1 6437 days
-7 67730 days
Posts Archive
🎙 Құрметті достар! ✨YouTube арнамызда UTO Talk подкастының келесі шығарылымында ETS компаниясының AIT жобалық кеңсесінің дир
🎙 Құрметті достар! ✨YouTube арнамызда UTO Talk подкастының келесі шығарылымында ETS компаниясының AIT жобалық кеңсесінің директоры Esther Tesar-мен «ЖОО-ға қабылдауға арналған жаңа бағалау жүйесі – Admissions Insight Test (AIT)» тақырыбында әңгімелестік. Толық сұхбатты YouTube арнамыздан көріңіздер! ▶️ 🖌🖌🖌🖌🖌🖌🖌🖌🖌 🎙 Дорогие друзья! ✨В следующем выпуске подкаста UTO Talk на нашем канале YouTube мы поговорили с директором проектного офиса AIT, ETS Esther Tesar на тему «Новая система оценивания для поступления в вузы – Admissions Insight Test (AIT)». Смотрите полное интервью на нашем YouTube-канале! ▶️

app.testcenter.kz сайтына тіркелу туралы 🔻Ең бірінші app.testcenter.kz сайтына кіресіз. 🔻Интерфейс тілін таңдайсыз. 🔻Ары қарай «Тіркелу» бөлімін басасыз да, өзіңіздің электронды поштаңызды жазасыз. 🔻Одан кейін электронды поштаңызға кіріп, Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатты тауып аласыз. Хатты ашып, «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басасыз. 🔻Сізге мәліметтерді толтыру парақшасы ашылады. Бұл жерде 18-ге толғаныңызды немесе толмағаныңызды көрсетесіз. Егер 18-ге толсаңыз, өз ЖСН-ыңызды енгізесіз. 18-ге толмасаңыз, ата-анаңыздың мәліметтерін көрсетесіз. Жеке мәліметтерге келісім сұратыңыз. 🔻Егер сіз 18 жасқа толған болсаңыз, сіздің телефон нөміріңізге 1414 нөмірінен бір SMS-хабарлама келеді. Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, 1414 нөмірінен ата-анаңызға немесе заңды өкіліңізге екі SMS-хабарлама келеді. Жауап беріңіз. Содан соң «Келісім бердім» батырмасын басыңыз. Байланыс нөмірін жазыңыз. «Жалғастыруды» басып, Дербес деректерге қол жеткізу келісімімен танысыңыз. «Сақтау» батырмасын басыңыз. 📩Сіздің логин мен құпия сөзіңіз ҰТО-дан келген хатта болатынын атап өткен жөн. Егер хатты «Кіріс» жәшігінен таба алмасаңыз, «Спам» және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет. ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ О регистрации на сайт app.testcenter.kz. 🔻Сначала заходите на сайт app.testcenter.kz. 🔻Выбираете язык интерфейса. 🔻Далее нажимаете на вкладку «Зарегистрироваться». И пишете свою электронную почту. 🔻После переходите в электронную почту, находите письмо от Национального центра тестирования и нажимаете на кнопку «Подтвердить электронную почту». 🔻Откроется страница для заполнения данных. Здесь вы указываете исполнилось вам 18 лет или нет. Если вам исполнилось 18, то необходимо ввести свой ИИН. Если вам нет 18-ти лет, то вводите данные родителя. Запросите согласие на личные данные. 🔻Если вам уже исполнилось 18 лет, на ваш номер телефона поступит одно SMS-сообщение с номера 1414. Если вам ещё не исполнилось 18 лет, два SMS-сообщения с номера 1414 поступят вашему родителю или законному представителю. Ответьте на них. Дальше нажмите на кнопку «Я дал согласие». Напишите контактный номер телефона. Нажимая на «Продолжить», ознакомьтесь с Согласием на доступ к персональным данным. В конце нажмите на «Сохранить». 📩Стоит отметить, что ваш логин и пароль будет указан в письме от НЦТ. Если вы не можете найти его во вкладке «Входящие», посмотрите вкладки «Спам» и «Вся почта».

👋Сәлем, болашақ магистранттар! 💻13 қараша күні кешенді тестілеуге қатысушылардың жеке кабинеттерінде тестілеудің өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпарат жарияланды. Ақпаратпен танысу үшін app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту қажет. 🔁Даярлау бағытын (бейінді және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін КТ басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады. 📌 Сондай-ақ кешенді тестілеуге дайындалу үшін ақылы негізде онлайн байқау тестілеуінен өтуге болатынын еске саламыз. Ол үшін: 🔻app.testcenter.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріңіз; 🔻«Байқау сынағы» ➡️ «Магистратураға түсу үшін байқау тестілеуі (КТ)» ➡️ «Online байқау сынағы» бөлімін таңдаңыз; 🔻«Тестілеу мүмкіндігін сатып алу» батырмасын басып, ережемен танысыңыз да, төлем жасаңыз. 1 нұсқа құны – 3355 тг. 🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓🎓 👋Привет, будущие магистранты! 💻Сообщаем, что 13 ноября в личных кабинетах поступающих опубликована информация о дате, времени и месте проведения комплексного тестирования. Чтобы ознакомиться с информацией, зайдите в личный кабинет на сайте app.testcenter.kz и перейдите в раздел «Моя история». 🔁Направление подготовки (профильное и научно-педагогическое) и язык тестирования можно изменить в личном кабинете до начала КТ. 📌 Также напоминаем, что для подготовки к комплексному тестированию доступно платное пробное онлайн-тестирование. Для этого: 🔻зайдите в Личный кабинет на сайте app.testcenter.kz; 🔻выберите раздел «Пробное тестирование» ➡️ «Пробное комплексное тестирование в магистратуру» ➡️ «Пробное тестирование Online»; 🔻нажмите на «Приобрести попытку тестирования», ознакомьтесь с правилами и совершите оплату. Стоимость одного варианта – 3355 тг.

Статистика_КТ_2026_қысқы_қабылдау_зимний_прием.xlsx0.31 KB

🎓Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға 9 мыңға жуық өтініш қабылданды. 👍Ең көп таңдалған білім беру са
🎓Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға 9 мыңға жуық өтініш қабылданды. 👍Ең көп таңдалған білім беру салалары: 📚Педагогикалық ғылымдар; ⚙️Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары; 💻Бизнес, басқару және құқық. 📌Даярлау бағытын (бейінді және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін КТ басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады. 📍Естеріңізге сала кетейік, 13 қараша күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде жарияланады. 📣📣📣📣📣📣📣 🎓Для участия в комплексном тестировании для поступления в магистратуру принято около 9 тыс. заявлений. 👍Наиболее популярные области образования: 📚Педагогические науки; ⚙️Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли; 💻Бизнес, управление и право. 📌Направление подготовки (профильное и научно-педагогическое) и язык тестирования можно изменить в личном кабинете до начала КТ. 📍Напоминаем, что информация о дате, месте и времени комплексного тестирования будет опубликована 13 ноября в личном кабинете поступающего.

📌 «Қабылдау емтихандары қалай өзгереді?» Алдағы уақытта қабылдау емтихандарында екі маңызды өзгеріс күтілуде. Біріншісі – емтихандарды компьютерлік форматта өткізуге көшу. Екіншісі – бейімделген тестілеуді енгізу. Бұл форматта әрбір тестіленушіге оның дайындық деңгейіне қарай тапсырмалар базасынан жеке тапсырмалар жиынтығы іріктеліп беріледі. Бұл туралы Жоғары экономика мектебі университетінің ғылыми жетекшісі Елена Карданова өз пікірін білдіреді. Жауапты видеодан көріп, пікіріңізді төменде бөлісіңіз 👇 🔹🔹🔹🔹🔹 📌 «Как изменятся вступительные экзамены?» В ближайшем будущем в проведении вступительных экзаменов ожидаются два важных изменения. Первое – переход на компьютерный формат. Второе – внедрение адаптивного тестирования. При таком формате каждому участнику из большого банка заданий подбирается индивидуальный набор с учётом его уровня подготовки. Своим мнением делится научный руководитель Высшей школы экономики Елена Карданова. Смотрите ответ в видео и делитесь своим мнением в комментариях 👇

📚 «Қабылдау емтихандарының мазмұны қалай өзгереді?» Пәндік білім жоғары оқу орнында білім алу және болашақ кәсіби қызмет үшін маңызды. Алайда алдағы уақытта стандартталған пәндік тестілер ойлаудың жоғары деңгейін бағалайтын тапсырмалармен толықтырылады.Олардың қатарында креативті ойлау, мәселелерді шешу, ақпаратпен жұмыс істеу, өзін-өзі ұйымдастыру, жоспарлау және мақсат қоя білу дағдылары бар. Бұл туралы Жоғары экономика мектебі университетінің ғылыми жетекшісі Елена Карданова өз пікірін білдіреді. Жауапты видеодан көріп, пікіріңізді төменде бөлісіңіз 👇 🔹🔹🔹🔹🔹 📚 «Как будет меняться содержание вступительных экзаменов?» Предметные знания важны как для обучения в вузе, так и для будущей профессиональной деятельности. Однако в перспективе стандартизированные предметные тесты будут дополняться заданиями на оценку навыков мышления высокого порядка. Среди них – креативное мышление, решение проблем, работа с информацией, самоорганизация, планирование и умение ставить цели. Своим мнением делится научный руководитель Высшей школы экономики Елена Карданова Смотрите ответ в видео и делитесь мнениями в комментариях 👇

🧠 «Критикалық ойлауды қалай өлшеуге болады?» Бұл сұраққа психометрика ғылымы тұрғысынан жауап береміз. Критикалық ойлауды адамның өзіндік бағалауы арқылы анықтау мүмкін емес. Ол үшін арнайы ғылыми әдістер мен өлшеу құралдары қажет. Психометрика ғылымы психология мен педагогикадағы критикалық ойлау сияқты тікелей өлшеуге келмейтін теориялық құрылымдарды бағалаудың ғылыми әдістерін әзірлейді. Бұл туралы Жоғары экономика мектебі университетінің ғылыми жетекшісі Елена Карданова өз пікірін білдіреді. Жауапты видеодан көріп, пікіріңізді төменде бөлісіңіз 👇 ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ 🧠 «Как измерить критическое мышление?» На этот вопрос мы отвечаем с точки зрения психометрики. Критическое мышление невозможно определить с помощью самооценки человека. Для его измерения необходимы специальные научные методы и инструменты. Психометрика разрабатывает научные методы измерения латентных конструктов в психологии и педагогике, к числу которых относится и критическое мышление. Своим мнением по этому вопросу делится научный руководитель Высшей школы экономики Елена Карданова. Смотрите ответ в видео и делитесь своим мнением в комментариях 👇

🌏 «Еңбек нарығындағы өзгерістер қабылдау емтихандарының мазмұнына қалай әсер етуде?» Еңбек нарығындағы өзгерістер болашақ мамандарға қойылатын талаптарды да өзгертуде. Олардың қатарында сыни ойлау, коммуникация, мәселелерді шешу, өз бетінше міндеттер қоя білу және стандарттан тыс жағдайларда шешім қабылдау қабілеттері бар. Бұл туралы Жоғары экономика мектебі университетінің ғылыми жетекшісі Елена Карданова өз пікірін білдіреді. Жауапты видеодан көріп, пікіріңізді комментарийде бөлісіңіз 👇 ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ 🌏 «Как изменения на рынке труда влияют на содержание вступительных экзаменов?» Изменения на рынке труда формируют новые требования к будущим специалистам. Среди ключевых компетенций – критическое мышление, коммуникация, решение проблем, умение самостоятельно ставить задачи и находить нестандартные решения. Своим мнением делится научный руководитель Высшей школы экономики Елена Карданова. Смотрите ответ в видео и делитесь мнениями в комментариях 👇

🎓 «Әлем елдерінде қабылдау емтихандары қалай өзгеріп жатыр?» Оңтүстік Кореяда бұрын «киллер-тапсырмалар» деп аталған, мектеп бағдарламасының шеңберінен тыс, өте күрделі тапсырмалар қолданылған. Оларды орындау үшін оқушыларға репетиторлармен арнайы дайындалуға тура келген. Алайда мұндай тапсырмалар қоғам тарапынан сынға ұшырап, қазір олардың орнына мектеп бағдарламасының мазмұнына негізделген сұрақтарға басымдық беріліп келеді. Әртүрлі елдердің тәжірибесі әрқилы болғанымен, бүгінде әлемнің көптеген мемлекетінде қабылдау емтихандарының мазмұны мен бағалау тәсілдері өзгеруде. Жоғары экономика мектебі университетінің ғылыми жетекшісі Елена Карданованың пікірінше, Қазақстан да ҰБТ-ны жаңғырту бағытында әлемдік көшбасшылар қатарында келеді. Толығырақ видеодан көріп, пікіріңізді төменде бөлісіңіз 👇 🔹🔹🔹🔹🔹 🎓 «Как меняются вступительные экзамены в разных странах мира?» В Южной Корее ранее использовались так называемые «задания-убийцы» – чрезвычайно сложные вопросы, выходившие за рамки школьной образовательной программы и требовавшие специальной подготовки с репетиторами. Они подвергались серьёзной критике, и сейчас страна постепенно отходит от таких заданий, отдавая предпочтение вопросам, основанным на содержании школьной программы. Опыт разных стран отличается, однако сегодня изменения в содержании и подходах к проведению вступительных экзаменов наблюдаются практически во всём мире. По мнению научного руководителя Высшей школы экономики Елены Кардановой, Казахстан также входит в число мировых лидеров по обновлению системы вступительных экзаменов, в том числе благодаря изменениям в ЕНТ. Подробнее смотрите в видео и делитесь своим мнением в комментариях 👇

📌 «Жасанды интеллект тест тапсырмаларын әзірлеуде қалай қолданылады? Жасанды интеллект көмегімен тест тапсырмаларын автоматты түрде әзірлеу технологиялары қарқынды дамып келеді. Дегенмен зерттеулер нәтижесі жоғары жауапкершілікті талап ететін қабылдау емтихандары кезінде тапсырмаларды нақты уақыт режимінде генерациялауға әзірге болмайтынын көрсетеді. Мұндай тапсырмалар алдын ала әзірленіп, сарапшылардың тексеруінен өтуі, мүмкіндігінше апробациялануы қажет. Бұл туралы Жоғары экономика мектебі университетінің ғылыми жетекшісі Елена Карданова өз зерттеулерімен бөліседі. Толығырақ видеодан көріп, пікіріңізді төменде бөлісіңіз 👇 🔹🔹🔹🔹🔹 📌 «Как искусственный интеллект применяется при разработке тестовых заданий? Технологии автоматической генерации тестовых заданий с помощью искусственного интеллекта активно развиваются. Однако результаты исследований показывают, что пока нельзя генерировать задания непосредственно во время вступительных экзаменов, имеющих высокую значимость. Такие задания должны разрабатываться заранее, проходить экспертную проверку и, по возможности, апробацию. Об этом рассказывает научный руководитель Высшей школы экономики Елена Карданова, делясь результатами своих исследований. Подробнее смотрите в видео и делитесь своим мнением в комментариях 👇

📌 «Жаңа форматтағы емтихандарды әзірлеу үшін мамандарға қандай дайындық қажет? Күрделі дағдыларды, соның ішінде сыни ойлауды бағалайтын жаңа үлгідегі емтихандарды әзірлеу мамандардан арнайы дайындық пен терең білімді талап етеді. Бұрын тест әзірлеу көбіне техникалық үдеріс ретінде қарастырылса, қазір өлшенетін дағдының мәнін түсіну, оның моделін құру және бағалау тәсілдерін дұрыс анықтау маңызды. Өйткені сыни ойлаудың не екенін нақты түсінбей, оны өлшеу мүмкін емес. Сондықтан тест әзірлеуші екі негізгі талапқа сай болуы керек: өзі бағалайтын дағды бойынша пәндік білімге ие болу және тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесін меңгеру. Бұл туралы Жоғары экономика мектебі университетінің ғылыми жетекшісі Елена Карданова өз пікірін білдіреді. Толығырақ видеодан көріп, пікіріңізді төменде бөлісіңіз 👇 🔹🔹🔹🔹🔹 📌 «Какая подготовка необходима специалистам для разработки экзаменов нового формата? Разработка экзаменов нового типа, направленных на оценку сложных навыков, в том числе критического мышления, требует от специалистов специальной подготовки и глубоких знаний. Если раньше разработка тестов представляла собой преимущественно технический процесс, то теперь важно понимать сущность измеряемого навыка, описывать его модель и определять подходы к оцениванию. Ведь невозможно измерить критическое мышление, не понимая, что оно собой представляет. Поэтому разработчик тестов должен соответствовать двум основным требованиям: обладать предметными знаниями в области оцениваемого навыка и владеть методикой разработки тестовых заданий. Своим мнением делится научный руководитель Высшей школы экономики Елена Карданова. Подробнее смотрите в видео и делитесь своим мнением в комментариях 👇

🎓Құрметті педагогикалық мамандықтарға ақылы негізде ауысуды жоспарлап жүрген студенттер! 📆Басқа мамандықтан педагогикалық мамандыққа ауысу үшін қаңтар немесе тамыз айларындағы ҰБТ-ны тапсыру қажет. Өтініш беру кезінде app.testcenter.kz сайтынан «Педагогикалық ғылымдар білім беру саласы бойынша БББТ-на ауысатын студенттер» санатын таңдаңыз. 🔹 ҰБТ 5 пәннен (3 міндетті және 2 бейіндік) тұрады. 🔹 Шекті балл – 75. 🔹 Тестілеу ұзақтығы – 240 минут. 🔹 Қатысу құны – 5 640 теңге. ❗Ескерту: сіздер үшін тестілеу күндерінің саны шектеулі. Ауысу талаптары мен білім беру бағдарламасының сәйкестігін алдын ала жоғары оқу орнынан нақтылап алыңыз. 📣📣📣📣📣📣 🎓Уважаемые студенты, планирующие перевод на педагогические специальности на платной основе! 📆 Для перевода с другой специальности на педагогическую необходимо сдать январское или августовское ЕНТ. При подаче заявления на app.testcenter.kz выберите категорию «Студенты, переводящиеся в ГОП по направлению «Педагогические науки»». 🔹 ЕНТ состоит из 5 предметов (3 обязательных и 2 профильных). 🔹 Пороговый балл – 75. 🔹 Продолжительность – 240 минут. 🔹 Стоимость участия – 5 640 тенге. ❗Обратите внимание: количество доступных дат тестирования для вас ограничено. Заранее уточните в вузе условия перевода и соответствие образовательной программы.

🎓Құрметті колледж түлектері! 📢 2019 жылдан бастап колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырады. КТА тестілеуі өткізілмейді. 📆 Сіздер қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатыса аласыздар. Өтініштер app.testcenter.kz сайтында қабылданады. Тестілеу құны – 5 640 теңге. 📚 Қандай ҰБТ тапсыру қажет? Бұл таңдаған мамандығыңыз бен оқу мерзіміне байланысты. ♦️Қысқартылған оқу мерзімімен (өз немесе сабақтас мамандық бойынша): 🔹Ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес. Қабылдау ЖОО-дағы әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. 🔹Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ тапсыру қажет: әдеттегі бағыттарға – 2 пән (жалпы кәсіптік және арнайы), шығармашылық бағыттарға – 1 арнайы пән. Шығармашылық емтиханды ЖОО өткізеді. ♦️Толық оқу мерзімімен (басқа мамандық бойынша): 🔹Ақылы оқуға түсу үшін төрт ҰБТ кезеңінің бірін таңдауға болады. 🔹Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ тапсыру қажет. 🔹Әдеттегі бағыттарға – 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік); шығармашылық бағыттарға – 2 пән («Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы»), қосымша шығармашылық емтиханды жоо өткізеді. ❗Қысқартылған оқу мерзімі мен гранттардың таңдаған мамандығыңыз бойынша қарастырылғанын алдын ала жоо-дан нақтылаңыз. Мысалы, медицина бағытында қысқартылған оқу мерзімі «Фармация» және «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша ғана қарастырылған. ❗ ҰБТ-ға өтініш бермес бұрын мамандықты, оқу мерзімін және жоо-ның қабылдау талаптарын анықтап алыңыз. 📣📣📣📣📣📣 🎓Уважаемые выпускники колледжей! 📢 С 2019 года выпускники колледжей для поступления в вузы сдают ЕНТ. Тестирование в формате КТА больше не проводится. 📆 Вы можете принять участие в январском, мартовском, основном и августовском ЕНТ. Заявления принимаются на сайте app.testcenter.kz. Стоимость участия – 5 640 тенге. 📚 Какое ЕНТ необходимо сдавать? Это зависит от выбранной специальности и срока обучения. ♦️На сокращённый срок обучения (по своей или смежной специальности): 🔹Для поступления на платной основе ЕНТ сдавать не нужно. Приём осуществляется по результатам собеседования в вузе. 🔹Для участия в конкурсе грантов необходимо сдать основное ЕНТ: 2 предмета (общепрофессиональную и специальную дисциплины) для обычных направлений или 1 специальную дисциплину для творческих. Творческий экзамен проводится в вузе. ♦️На полный срок обучения (по другой специальности): 🔹Для поступления на платной основе можно сдать любое из четырёх ЕНТ. 🔹Для участия в конкурсе грантов необходимо сдать основное ЕНТ. 🔹На обычные направления – 5 предметов (3 обязательных и 2 профильных); на творческие – 2 предмета («История Казахстана» и «Грамотность чтения»), дополнительно проводится творческий экзамен в вузе. ❗Заранее уточните в выбранном вузе, предусмотрены ли сокращённый срок обучения и гранты по вашей специальности. Например, в медицинской сфере сокращённое обучение доступно только по специальностям «Фармация» и «Сестринское дело». ❗ Перед подачей заявления определитесь со специальностью и сроком обучения, а также уточните правила приёма в выбранном вузе.

🎓Өткен жылғы мектеп түлектерінің назарына! 📢 Егер мектепті 2026 жылы немесе одан бұрын бітірсеңіз, қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатыса аласыз. Өтініш беру үшін app.testcenter.kz сайтындағы «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» бөлімін таңдаңыз. 📌Маңызды ақпарат: 🔹 ҰБТ тапсыру үшін университеттен шығудың қажеті жоқ. Алайда грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде түсу үшін оқудан шығу қажет. 🔹 Белгіленген талаптарға сәйкес келсеңіз, грант конкурсында квоталар мен балдар теңдігі жағдайында басымдылық сақталады. 🔹 Тестілеу күндерін таңдау мүмкіндігі 2027 жылғы мектеп түлектерімен салыстырғанда шектеулі. 🔹 Жеке кабинетке кіру деректерін UTO қосымшасы арқылы Face ID көмегімен қалпына келтіруге болады. 💳 ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге. 📣📣📣📣📣📣 🎓Выпускникам школ прошлых лет! 📢 Если вы окончили школу в 2026 году или ранее, вы можете сдать январское, мартовское, основное и августовское ЕНТ. Для подачи заявления выберите на сайте app.testcenter.kz вкладку «Выпускники школ прошлых лет и колледжей». 📌Важно знать: 🔹 Для сдачи ЕНТ отчисляться из вуза не нужно. Однако для участия в конкурсе грантов или поступления на платной основе необходимо отчислиться. 🔹 При соответствии установленным требованиям сохраняется право на участие в конкурсе грантов по квотам и преимущественное право при равенстве баллов. 🔹 Выбор дат тестирования ограничен по сравнению с выпускниками 2027 года. 🔹 Восстановить логин и пароль от личного кабинета можно через приложение UTO с помощью Face ID. 💳 Стоимость участия в ЕНТ – 5 640 тенге.

🎓Құрметті ұлты қазақ шетел азаматтары! 📆 Сіздер қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларында өтетін ҰБТ-ға қатыса аласыздар. Тестілеу құны – 5 640 теңге. 🔹 Ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес. ЖОО-ға әңгімелесу нәтижесі бойынша түсуге болады. 🔹 Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ-ны тапсыру қажет. Өтініштер сәуір айында қабылданады. 📝 Қалай тіркелуге болады? app.testcenter.kz сайтында: 🔹ҚР ЖСН болса, оны енгізіп, 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анаңыздың немесе заңды өкілдің деректерін көрсетіңіз; 🔹ЖСН болмаса, «ҚР ЖСН жоқ» бөлімін таңдап, жеке деректеріңізді толтырыңыз. Сізге 12 таңбалы код беріледі. 📚 Қандай пәндерді тапсыру керек? Пәндер саны оқу мерзімі мен таңдаған мамандыққа байланысты: 🔹Толық оқу мерзімі: әдеттегі мамандықтарға – 3 пән, шығармашылық мамандықтарға – 1 пән; 🔹Қысқартылған оқу мерзімі (тек колледж түлектері): әдеттегі мамандықтарға – 2 пән, шығармашылық мамандықтарға – 1 пән. Шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орындары өткізеді. ❗️Егер сіз Қазақстанда білім алып жатқан қандас болсаңыз: «2027 жылғы мектеп түлектері» санаты бойынша тіркеліп, негізгі ҰБТ-ны 5 немесе 3 пәннен тегін тапсыра аласыз. 📌Грант конкурсына қатысу кезінде: 🔹әдеттегі мамандықтар үшін 3 пәннің; 🔹шығармашылық мамандықтар үшін 1 пәннің нәтижесі есепке алынады. ‼️Маңызды! Қандастар үшін грант конкурсына қатысу кезінде шекті балл белгіленбеген. Яғни негізгі ҰБТ нәтижесі бойынша жинаған балдарыңызға қарамастан конкурсқа қатыса аласыз. 📣📣📣📣📣📣 🎓Уважаемые иностранные граждане казахской национальности! 📆 Вы можете принять участие в январском, мартовском, основном и августовском ЕНТ. Стоимость участия – 5 640 тенге. 🔹 Для поступления на платной основе ЕНТ сдавать необязательно. Можно поступить в вуз по результатам собеседования. 🔹 Для участия в конкурсе грантов необходимо сдать основное ЕНТ. Прием заявлений проводится в апреле. 📝 Как зарегистрироваться? На сайте app.testcenter.kz: 🔹 При наличии ИИН РК введите его. Если вам нет 18 лет, также укажите данные родителя или законного представителя. 🔹 При отсутствии ИИН выберите раздел «Не имеется ИИН РК» и заполните необходимые персональные данные. После этого вам будет присвоен 12-значный код. 📚 Какие предметы необходимо сдавать? Количество предметов зависит от срока обучения и выбранной специальности: 🔹 Полный срок обучения: 3 предмета для обычных специальностей и 1 предмет для творческих; 🔹 Сокращенный срок обучения (только выпускники колледжа): 2 предмета для обычных специальностей и 1 предмет для творческих. Творческие экзамены проводятся непосредственно в вузах. ❗️Если вы кандас и обучаетесь в Казахстане: При регистрации в категории «Выпускники школ 2027 года» вы можете бесплатно сдать основное ЕНТ по 5 или 3 предметам. 📌При участии в конкурсе грантов учитываются: 🔹 результаты 3 предметов – для обычных специальностей; 🔹 результат 1 предмета – для творческих специальностей. ‼️Важно! Для қандасов пороговый балл при участии в конкурсе грантов не установлен. Это означает, что вы можете участвовать в конкурсе независимо от количества баллов, набранных на основном ЕНТ.

🎓Құрметті шетелде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары! 📆Сіз қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларында өтетін ҰБТ-ға қатыса аласыз. 🔻Өтініш беру кезінде app.testcenter.kz сайтындағы «Шетелде білім алған мектеп түлектері» бөлімін таңдайсыз. 🔻«Оқу орны» жолында тек білім алып жатқан еліңізді көрсету жеткілікті. Мектептің атауын жазудың қажеті жоқ. 📌Өтініш беру барысында ұсынылған нұсқалардың ішінен өзіңізге ыңғайлы ҰБТ тапсыру күнін, уақытын және тестілеу пунктін таңдай аласыз. 💸ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге. 📣📣📣📣📣📣 🎓Уважаемые обучавшиеся за рубежом граждане Республики Казахстан! 📆Вы можете принять участие в январском, мартовском, основном и августовском ЕНТ. 🔻При подаче заявления на сайте app.testcenter.kz выбераете вкладку «Выпускники школ, обучившиеся за рубежом». 🔻В поле «Место обучения» укажите только страну, в которой вы обучаетесь. Указывать название школы не требуется. 📌При подаче заявления вы самостоятельно выбираете удобные дату, время и пункт проведения ЕНТ из предложенных на сайте вариантов. 💸Стоимость участия в ЕНТ – 5 640 тенге.

Мәслихат депутаттығына кандидатпен кездесу өтті 📆9 қарашада Ұлттық тестілеу орталығында Астана қаласы мәслихатының №17 сайла
+3
Мәслихат депутаттығына кандидатпен кездесу өтті 📆9 қарашада Ұлттық тестілеу орталығында Астана қаласы мәслихатының №17 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Нұрсұлтан Жұмағазиев және оны қолдаушы азаматтардың қатысуымен кездесу өтті. 💼Кездесу барысында Нұрсұлтан Жұмағазиев өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кандидатқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелер бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде кандидат қызметкерлерді алдағы мәслихат сайлауына қатысуға шақырды. 📑Кездесу қатысушыларға кандидаттың ұстанымы мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді. ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ Состоялась встреча с кандидатом в депутаты маслихата 📆9 ноября в Национальном центре тестирования состоялась встреча с кандидатом в депутаты маслихата города Астаны по избирательному округу №17 Нурсултаном Жумагазиевым и представителями его команды поддержки. 💼В ходе встречи Нурсултан Жумагазиев представил свою предвыборную программу, рассказал об основных направлениях и планах на будущее. Мероприятие прошло в формате открытого диалога. Сотрудники Национального центра тестирования задали кандидату интересующие их вопросы и обменялись мнениями по вопросам, затронутым в предвыборной программе. В свою очередь, кандидат призвал сотрудников принять участие в предстоящих выборах депутатов маслихата. 📑Встреча предоставила участникам возможность ознакомиться с позицией кандидата и его дальнейшими планами.

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ТЕСТИРОВАНИЯ И УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ   Национальный центр тестирования и Управление образования Алматинской области подписали меморандум о сотрудничестве, направленный на развитие системы анализа образовательных результатов и повышение эффективности использования данных Единого национального тестирования (ЕНТ) при принятии управленческих решений. Инициатива соответствует задачам, обозначенным Главой государства Касым-Жомартом Токаевым на республиканской августовской конференции педагогических работников. Президент подчеркнул необходимость сокращения разрыва в качестве образования между городскими и сельскими школами, усиления работы в регионах с низкими показателями ЕНТ, проведения детального анализа ситуации и выработки на его основе комплексных решений. Основная цель сотрудничества – это развитие системного подхода к анализу результатов ЕНТ для выявления тенденций, образовательных различий и определения направлений дальнейшей работы по повышению качества образования. На первоначальном этапе НЦТ совместно с Управлением образования Алматинской области планирует провести первичный анализ результатов ЕНТ, рассмотреть основные тенденции в разрезе области, районов и городов, а также определить вопросы, требующие более детального изучения. По итогам этой работы стороны намерены сформировать предварительные аналитические выводы и определить приоритетные направления дальнейшего взаимодействия, включая возможности проведения углублённого анализа образовательных результатов в разрезе районов, городов, школ, учебных предметов и отдельных тематических направлений. Полученные предварительные результаты могут быть использованы Управлением образования при определении приоритетов дальнейшей работы с организациями образования. В рамках сотрудничества также предусматривается взаимодействие с районными и городскими отделами образования, методическими службами и другими заинтересованными организациями для обсуждения результатов анализа и определения перспективных направлений совместной работы. Таким образом, сотрудничество позволит выстроить более системный подход к анализу образовательных результатов и использовать данные ЕНТ как один из инструментов для совершенствования региональной системы образования.

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ Ұлттық тестілеу ор
+3
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ   Ұлттық тестілеу орталығы мен Алматы облысының Білім басқармасы білім беру нәтижелерін талдау жүйесін дамытуға және Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) деректерін басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тиімді пайдалануға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың педагог қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясында белгілеген міндеттеріне сәйкес келеді. Президент қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту, ҰБТ көрсеткіштері төмен өңірлердегі жұмысты күшейту, қалыптасқан жағдайға жан-жақты талдау жүргізу және оның нәтижелері негізінде кешенді шешімдер әзірлеу қажеттігін атап өтті. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстың басым бағыттарын айқындау үшін ҰБТ нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу, үрдістер мен білім беру ұйымдары арасындағы айырмашылықтарды анықтау. Бастапқы кезеңде Ұлттық тестілеу орталығы Алматы облысының Білім басқармасымен бірлесіп, ҰБТ нәтижелеріне бастапқы талдау жүргізуді, облыс, аудандар мен қалалар бөлінісіндегі негізгі үрдістерді қарастыруды, сондай-ақ тереңірек зерделеуді қажет ететін мәселелерді анықтауды жоспарлап отыр. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша тараптар алдын ала талдамалық тұжырымдар қалыптастырып, одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындауды көздейді. Оның ішінде аудандар, қалалар, мектептер, оқу пәндері және жекелеген тақырыптық бағыттар бөлінісінде білім беру нәтижелеріне тереңдетілген талдау жүргізу мүмкіндіктері қарастырылады. Білім басқармасы алынған нәтижелерді білім беру ұйымдарымен алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындау кезінде пайдалана алады. Ынтымақтастық аясында талдау нәтижелерін талқылау және бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттарын айқындау мақсатында аудандық және қалалық білім бөлімдерімен, әдістемелік қызметтермен және басқа да мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау да көзделген. Осылайша, ынтымақтастық білім беру нәтижелерін талдаудың жүйелі тәсілін қалыптастыруға, ҰБТ деректерін өңірдегі білім сапасының жай-күйін бағалау және оны одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындау құралы ретінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.