📣2026 жылғы 18 қыркүйекте қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді:
📍Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан.
📆Өтініш қабылдау мерзімі: 7-16 қыркүйек аралығында
📆Тестілеу күні: 18 қыркүйек
✅Өтінімдер
app.testcenter.kz сайтында қабылданады:
🔻сайтта тіркеліңіз;
🔻«Өтініш беру» басыңыз;
🔻«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.
🔻«ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз.
⚜️ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
✔️Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
✔️Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
✔️Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
✔️Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
‼️Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде
app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады
💸Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
ℹ️Толық ақпарат:
testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡️ «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.
🙌Баршаңызға сәттілік тілейміз!
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
📣18 сентября 2026 года состоится сертификационное тестирование по системе КАЗТЕСТ для оценки уровня владения казахским языком. Тестирование в электронном формате пройдет в следующих городах:
📍Астана, Алматы, Шымкент, Актобе, Актау, Атырау, Жезказган, Кокшетау, Караганда, Костанай, Кызылорда, Усть-Каменогорск, Уральск, Петропавловск, Павлодар, Семей, Талдыкорган, Туркестан.
📆Период приема заявок: с 7 по 16 сентября
📆Дата тестирования: 18 сентября
✅Заявки принимаются на сайте
app.testcenter.kz:
🔻зарегистрируйтесь на сайте;
🔻нажмите «Подать заявку»;
🔻выберите «Система оценки уровня владения казахским языком – КАЗТЕСТ»;
🔻нажмите «Сертификационное тестирование по системе КАЗТЕСТ».
⚜️Сертификационное тестирование по системе КАЗТЕСТ состоит из 4 блоков:
✔️Аудирование – 20 тестовых заданий (20 минут);
✔️Чтение – 40 тестовых заданий (50 минут);
✔️Письмо – 2 задания (50 минут);
✔️Говорение – 2 задания (7 минут).
‼️Для получения сертификата, тестируемый должен набрать по каждому блоку необходимый пороговый балл.
Результаты тестирования по блокам Письмо и Говорение будут опубликованы в личном кабинете тестируемого на сайте
app.testcenter.kz в течение 15 рабочих дней после даты завершения тестирования.
💸Стоимость участия в тестировании – 7 121 тенге.
ℹ️Более подробная информация предоставлена на сайте
testcenter.kz в разделе «Тестируемым» ➡️ «КАЗТЕСТ».
🙌Желаем всем удачи!