es
Feedback
TESTCENTERKZ

TESTCENTERKZ

Ir al canal en Telegram

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Mostrar más

📈 Análisis del canal de Telegram TESTCENTERKZ

El canal TESTCENTERKZ (@uto92) en el segmento lingüístico de Kazajo es un actor destacado. Actualmente la comunidad reúne a 186 282 suscriptores, ocupando la posición 511 en la categoría Educación y el puesto 12 en la región Kazajistán.

📊 Métricas de audiencia y dinámica

Desde su creación el невідомо, el proyecto ha mostrado un crecimiento acelerado, reuniendo a 186 282 suscriptores.

Según los últimos datos del 15 septiembre, 2026, el canal mantiene una actividad estable. En los últimos 30 días la variación de miembros fue de -26 055, y en las últimas 24 horas de -769, conservando un alto alcance.

  • Estado de verificación: No verificado
  • Tasa de interacción (ER): El promedio de interacción de la audiencia es 14.78%. Durante las primeras 24 horas tras publicar, el contenido suele obtener 6.98% de reacciones respecto al total de suscriptores.
  • Alcance de las publicaciones: Cada publicación recibe en promedio 27 578 visualizaciones. En el primer día suele acumular 13 030 visualizaciones.
  • Reacciones e interacción: La audiencia responde de forma activa: el promedio de reacciones por publicación es 73.

📝 Descripción y política de contenido

El autor describe el recurso como un espacio para expresar opiniones subjetivas:
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Gracias a la alta frecuencia de actualizaciones (últimos datos recibidos el 16 septiembre, 2026), el canal mantiene la vigencia y un amplio alcance. La analítica demuestra que la audiencia interactúa activamente con el contenido, lo que lo convierte en un punto de referencia dentro de la categoría Educación.

186 282
Suscriptores
-76924 horas
-5 2117 días
-26 05530 días
Archivo de publicaciones
📣Құрметті тестіленушілер! ❓Егер сіздер app.testcenter.kz сайтына кіру логинін немесе құпия сөзін ұмытып қалсаңыздар, мына нұсқаулықты мұқият орындауларыңызды сұраймыз. 1️⃣ AppStore немесе PlayMarket-тен UTO қосымшасын жүктеп алыңыз. 2️⃣ Бірден «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» деген батырманы басасыз. 3️⃣ Ары қарай «Face ID арқылы құпия сөзді қалпына келтіру» деп таңдайсыз. 4️⃣ ЖСН-ді енгізіңіз. 5️⃣ Идентификациядан өтесіз. 6️⃣ Жаңа құпия сөз құрастырасыз. 7️⃣ «Кіру» бөліміне өтіп, ЖСН, телефон нөміріңізді және жаңа құпия сөзіңізді тересіз де, «Кіру» батырмасын басасыз. ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 📣Уважаемые тестируемые! ❓Если Вы забыли логин или пароль входа на сайт app.testcenter.kz, просим Вас внимательно ознакомиться с данной инструкцией. 1️⃣ Скачайте приложение UTO через AppStore или PlayMarket. 2️⃣ Сразу нажмите на «Забыли пароль?». 3️⃣ Далее выбираете «Восстановить пароль через Face ID». 4️⃣ Введите ИИН. 5️⃣ Пройдите идентификацию. 6️⃣ Создайте новый пароль. 7️⃣ Перейдите в раздел «Вход», наберите ИИН, номер телефона и новый пароль, и нажмите «Вход».

🎓ҰБТ қалай ұйымдастырылады? 🛡 ҰБТ өткізу үшін талапкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалады. Әр талапкер емтихан күнін және өзіне ыңғайлы тестілеу пунктін таңдай алады. Сондай-ақ тестілеуді түске дейін немесе түстен кейін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. 📍 Бүгінде елімізде 45 тестілеу пункті жұмыс істейді. Бір мезетте, түске дейін және түстен кейін, ҰБТ-ны 6,5 мыңнан астам талапкер тапсырады. ▶️ Бұл туралы ҰТО директорының кеңесшісі Елдос Нұрлан UTO Talks подкастында айтты. ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 🎓 Как организовано проведение ЕНТ? 🛡 Для проведения ЕНТ создаются комфортные и безопасные условия для абитуриентов. Каждый участник самостоятельно выбирает дату экзамена и удобный пункт тестирования, а также может пройти его в первой или второй половине дня. 📍 Сегодня в стране работают 45 пунктов тестирования. Одновременно в первой и во второй половине дня ЕНТ проходят более 6,5 тысячи человек. ▶️ Об этом рассказал советник директора НЦТ Елдос Нұрлан в подкасте UTO Talks.

🎓 ҰБТ – бұл тек емтихан күні емес 🖌Талапкерлер тестілеу пунктіне келіп, тест тапсырып шыққанға дейін Ұлттық тестілеу орталығы үлкен ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді. 📒Тест мазмұны анықталып, спецификациясы әзірленеді, тапсырмалар апробациядан өтеді. Осы кезеңдерде олардың түсініктілігі және талапкерлердің қажетті пәндік дағдыларын қаншалықты дұрыс бағалайтыны тексеріледі. Тек барлық тексеру кезеңдерінен өткеннен кейін тест тапсырмалары Ұлттық тестілер базасына енгізіліп, талапкерлердің білім деңгейін бағалауда қолданылады. ▶️ Бұл туралы ҰТО директорының кеңесшісі Елдос Нұрлан UTO Talks подкастында айтты. ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 🎓 ҰБТ – это не только день экзамена 🖌До того как абитуриент приходит в пункт тестирования, Национальный центр тестирования проводит большую научно-методическую работу. 📒Определяется содержание тестирования, разрабатывается спецификация, тестовые задания проходят апробацию. На этом этапе проверяется их ясность и то, насколько корректно они позволяют оценить необходимые предметные навыки абитуриентов. И только после прохождения всех этапов проверки задания включаются в Национальную базу тестов и используются для оценки уровня знаний абитуриентов. ▶️ Об этом рассказал советник директора НЦТ Елдос Нұрлан в подкасте UTO Talks.

🖥app.testcenter.kz сайтына тіркелу бойынша нұсқаулық 🔻Ең бірінші app.testcenter.kz сайтына кіресіз. 🔻Интерфейс тілін таңдайсыз. 🔻Ары қарай «Тіркелу» бөлімін басасыз да, өзіңіздің электронды поштаңызды жазасыз. 🔻Одан кейін электронды поштаңызға кіріп, Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатты тауып аласыз. Хатты ашып, «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басасыз. 🔻Сол кезде сізге мәліметтерді толтыру парақшасы ашылады. Бұл жерге өз ЖСН-ыңызды енгізу қажет. Соңында «Сақтау» батырмасын басасыз. ♦️Сіздің логин мен құпия сөзіңіз ҰТО-дан келген хатта болатынын атап өткен жөн. Егер хатты «Кіріс» жәшігінен таба алмасаңыз, «Спам» және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет. 🙌Сәттілік! ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 🖥Инструкция по регистрации на сайт app.testcenter.kz 🔻Сначала заходите на сайт app.testcenter.kz. 🔻Выбираете язык интерфейса. 🔻Далее нажимаете на вкладку «Зарегистрироваться». И пишете свою электронную почту. 🔻После переходите в электронную почту, находите письмо от Национального центра тестирования и нажимаете на кнопку «Подтвердить электронную почту». 🔻Тогда вам откроется страница для заполнения данных. Здесь необходимо ввести свой ИИН. В конце нажмите на «Сохранить». ♦️Стоит отметить, что ваш логин и пароль будет указан в письме от НЦТ. Если вы не можете найти его во вкладке «Входящие», посмотрите вкладки «Спам» и «Вся почта». 🙌Удачи!

🖐🏻Сәлем, 2027 жылғы талапкерлер! Сіздер үшін керемет жаңалық! 🥳Енді ҰБТ-ға дайындыққа арналған байқау сынақтарын ҰТО-ның аймақтық тестілеу орталықтарында тапсыра аласыздар! 🤩Офлайн байқау сынағына өтініш беру 2026 жылғы 16-29 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Тестілеу 21- 30 қыркүйек аралығында өтеді. 💸Байқау сынағының құны – 1500 теңге. 🖥Өтініш беру үшін: ✅️аpp.testcenter.kz сайтында тіркеліп, Жеке кабинетіңізге кіріңіз; ✅️ «Байқау сынағы» бөлімін таңдаңыз; ✅️ары қарай «ҰБТ байқау сынағын» таңдап, «ҰТО-ның аймақтық тестілеу орталықтарындағы байқау сынағы» бөліміне өтіңіз; ✅️тестілеу мүмкіндігін сатып алу батырмасын басыңыз, офертамен танысып, төлем жасаңыз. 📌Берген өтінішіңізді «Байқау сынағы» бөлімінде өңдей аласыз (өтінішті жою мүмкіндігі жоқ). 🙌🏻Сәттілік! 📌📌📌 🖐🏻Привет, абитуриенты 2027 года! 🥳Рады сообщить, что теперь Вы можете сдать пробные тестирования для подготовки к ЕНТ в региональных центрах тестирования НЦТ! 🤩Прием заявлений на офлайн пробные тестирования проводится с 16 по 29 сентября 2026 года. Тестирование пройдет с 21 по 30 сентября. Стоимость пробного тестирования – 1500 тенге. 🖥Чтобы подать заявку Вам необходимо: ✅️зарегистрироваться на сайте app.testcenter.kz и зайти в Личный кабинет; ✅️ выбрать раздел «Пробное тестирование»; ✅️выбрать «Пробное ЕНТ» и перейти в раздел «Пробное тестирование в региональных центрах тестирования НЦТ»; ✅️нажать на кнопку «Приобрести попытку тестирования», ознакомиться с офертой и совершить оплату. 📌Поданное заявление можно отредактировать в разделе «Пробное тестирование» (удалить заявление нельзя). 🙌🏻Удачи!

🎙 Құрметті достар! ✨YouTube арнамызда UTO Talk подкастының келесі шығарылымында Ұлттық тестілеу орталығы директорының кеңесш
🎙 Құрметті достар! ✨YouTube арнамызда UTO Talk подкастының келесі шығарылымында Ұлттық тестілеу орталығы директорының кеңесшісі Елдос Нұрланмен ҰТО-ның қызметтері туралы әңгімелестік. Толық сұхбатты YouTube арнамыздан көріңіздер! ▶️ 🖌🖌🖌🖌🖌🖌🖌🖌🖌 🎙 Дорогие друзья! ✨В следующем выпуске подкаста UTO Talk на нашем канале YouTube мы поговорили с советником директора Национального центра тестирования Елдосом Нурланом о деятельности НЦТ. Смотрите полное интервью на нашем YouTube-канале! ▶️

Әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ 💻2026 жылғы 10-11 қы
+3
Әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ 💻2026 жылғы 10-11 қыркүйек аралығында app.testcenter.kz сайтында әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары үшін ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі. ⏳ПББ-ның өзі 14-15 қыркүйек аралығында өтеді. ✅Бұл тестілеуге ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін: ✍️әдіскерлер (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін — тегін, екінші мүмкіндік үшін — 5640 тг); ✍️білім беру ұйымдарының басшылары (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін — тегін, екінші мүмкіндік — 5640 тг); ✍️басшы орынбасарлары (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін — тегін, екінші мүмкіндік үшін — 5640 тг) қатыса алады. 👏Сәттілік! 📣📣📣📣📣📣 ОЦЕНКА ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ для методистов, руководителей и заместителей руководителей организаций образования 💻С 10 по 11 сентября 2026 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на ОЗП для методистов, руководителей и заместителей руководителей организаций образования. ⏳Само тестирование пройдет с 14 по 15 сентября. ✅ В данном тестировании могут принять участие специалисты, которые в текущем году проходят аттестацию: ✍️ методисты (в 2026 году первая попытка предоставляется бесплатно, вторая попытка — 5 640 тенге); ✍️ руководители организаций образования (в 2026 году первая попытка предоставляется бесплатно, вторая попытка — 5 640 тенге); ✍️ заместители руководителей (в 2026 году первая попытка предоставляется бесплатно, вторая попытка — 5 640 тенге). 👏Удачи!

📣2026 жылғы 18 қыркүйекте қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеу
📣2026 жылғы 18 қыркүйекте қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді: 📍Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан. 📆Өтініш қабылдау мерзімі: 7-16 қыркүйек аралығында 📆Тестілеу күні: 18 қыркүйек ✅Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады: 🔻сайтта тіркеліңіз; 🔻«Өтініш беру» басыңыз; 🔻«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз. 🔻«ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз. ⚜️ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады: ✔️Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут); ✔️Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут); ✔️Жазылым – 2 тапсырма (50 минут); ✔️Айтылым – 2 тапсырма (7 минут). ‼️Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс. Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады 💸Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге. ℹ️Толық ақпарат: testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡️ «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді. 🙌Баршаңызға сәттілік тілейміз! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 📣18 сентября 2026 года состоится сертификационное тестирование по системе КАЗТЕСТ для оценки уровня владения казахским языком. Тестирование в электронном формате пройдет в следующих городах: 📍Астана, Алматы, Шымкент, Актобе, Актау, Атырау, Жезказган, Кокшетау, Караганда, Костанай, Кызылорда, Усть-Каменогорск, Уральск, Петропавловск, Павлодар, Семей, Талдыкорган, Туркестан. 📆Период приема заявок: с 7 по 16 сентября 📆Дата тестирования: 18 сентября ✅Заявки принимаются на сайте app.testcenter.kz: 🔻зарегистрируйтесь на сайте; 🔻нажмите «Подать заявку»; 🔻выберите «Система оценки уровня владения казахским языком – КАЗТЕСТ»; 🔻нажмите «Сертификационное тестирование по системе КАЗТЕСТ». ⚜️Сертификационное тестирование по системе КАЗТЕСТ состоит из 4 блоков: ✔️Аудирование – 20 тестовых заданий (20 минут); ✔️Чтение – 40 тестовых заданий (50 минут); ✔️Письмо – 2 задания (50 минут); ✔️Говорение – 2 задания (7 минут). ‼️Для получения сертификата, тестируемый должен набрать по каждому блоку необходимый пороговый балл. Результаты тестирования по блокам Письмо и Говорение будут опубликованы в личном кабинете тестируемого на сайте app.testcenter.kz в течение 15 рабочих дней после даты завершения тестирования. 💸Стоимость участия в тестировании – 7 121 тенге. ℹ️Более подробная информация предоставлена на сайте testcenter.kz в разделе «Тестируемым» ➡️ «КАЗТЕСТ». 🙌Желаем всем удачи!

Repost from Aqorda 🇰🇿
⚜️Білім күні құтты болсын! ***** ⚜️С Днем знаний! t.me/aqorda_resmi
⚜️Білім күні құтты болсын! ***** ⚜️С Днем знаний! t.me/aqorda_resmi

БІРІНШІ БАСШЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ТЕСТІЛЕУ 💻2026 жылғы 29-30 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында Білім беру ұ
БІРІНШІ БАСШЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ТЕСТІЛЕУ 💻2026 жылғы 29-30 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында Білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі. ⏳Тестілеудің өзі 31 тамызда өтеді. ✅Тестілеу 6 блок бойынша өтеді: ✔️Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; ✔️Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; ✔️Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; ✔️Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы – 10 тапсырма, шекті балл – 5 балл; ✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл; ✔️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы – 4 тапсырма, шекті балл – 2 балл. ✅Ең жоғары балл – 48 балл, шекті балл – 24 балл. 💸Тестілеуге қатысу құны – 9 403 тг. ℹ️ Толық ақпарат testcenter.kz сайтында қолжетімді. ♦️Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде – 2 140 тг.) байқау сынағы ұсынылған. ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ ТЕСТИРОВАНИЕ НА НАЗНАЧЕНИЕ НА ДОЛЖНОСТЬ ПЕРВОГО РУКОВОДИТЕЛЯ 💻С 29 по 30 августа 2026 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на Тестирование на назначение на должность руководителей организаций образования. ⏳Само тестирование пройдет 31 августа. ✅Тестирование проходит по 6 блокам: ✔️Трудовой кодекс Республики Казахстан – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов; ✔️Закон Республики Казахстан «Об образовании» – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов; ✔️Закон Республики Казахстан «О противодействии коррупции» – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов; ✔️Закон Республики Казахстан «О статусе педагога» – 10 заданий, пороговый балл – 5 баллов; ✔️Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 – 4 задания, пороговый балл – 2 балла; ✔️Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 – 4 задания, пороговый балл – 2 балла. ✅Максимальный балл – 48 баллов, пороговый балл – 24 балла. 💸Стоимость участия в тестировании – 9 403 тг. ℹ️ Более подробная информация предоставлена на сайте testcenter.kz. ♦️Для претендентов, которые хотят улучшить подготовку представлено платное (на сайте app.testcenter.kz в разделе «Пробное тестирование» – 2 140 тг.) пробное тестирование.

«ПЕДАГОГ» санаты үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ 💻2026 жылғы 29-30 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында «ПЕДАГОГ»
«ПЕДАГОГ» санаты үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ 💻2026 жылғы 29-30 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында «ПЕДАГОГ» санаты үшін ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі. ⏳ПББ-ның өзі 31 тамыз-1 қыркүйек аралығында өтеді. ✅Бұл тестілеуге қатыса алады: ✍️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және жоо түлектері болып табылатын тәжірибесі жоқ кандидаттар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін - тегін, келесі мүмкіндіктер үшін - 5640 тг); ✍️педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін - тегін, келесі мүмкіндіктер үшін - 5640 тг). 📝Тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады. ⏰Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут. ✅Ең жоғары балл – 50 балл, шекті балл – 25 балл. 👏Сәттілік! 📣📣📣📣📣📣 ОЦЕНКА ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ для категории «ПЕДАГОГ» 💻С 29 по 30 августа 2026 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на ОЗП для категории «ПЕДАГОГ». ⏳Само тестирование пройдет с 31 августа по 1 сентября. ✅В данном тестировании могут принять участие: ✍️кандидаты без стажа, которые являются выпускниками колледжей и вузов по педагогическим (специальностям) направлениям (для первой попытки в 2026 году - бесплатно, для последующих попыток - 5640 тг); ✍️лица, желающие возобновить педагогическую деятельность (для первой попытки в 2026 году - бесплатно, для последующих попыток - 5640 тг). 📝Тестирование состоит из 1 блока и 50 тестовых заданий. ⏰Продолжительность тестирования – 80 минут, а для сдающих предметы «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» – 125 минут. ✅Максимальный балл – 50 баллов, пороговый балл – 25 баллов. 👏Удачи!

📌 2027 жылы ҰБТ дәстүрлі форматта өтеді ҰБТ жылдағы тәртіппен өткізіледі. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін AIT ҰБТ-мен қатар пилоттық форматта сыналады. Пилоттық кезеңге қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл кезең тест тапсырмаларының дұрыс құрастырылғанын, талапкерлердің сұрақтарды қалай қабылдайтынын және қандай тұстарды жетілдіру қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді. ▶️ Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек UTO Talk подкастында айтты. Сіздің ойыңызша, жаңа тестті пилоттық форматта өткізу кезінде қандай мәселелерге назар аудару қажет? Пікірге жазыңыз👇 ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 📌 В 2027 году ЕНТ пройдёт в традиционном формате ЕНТ будет проводиться в привычном ежегодном порядке. После завершения исследований AIT пройдёт апробацию в пилотном формате одновременно с ЕНТ. Участие в пилотировании будет добровольным. Этот этап позволит оценить качество тестовых заданий, понять, как абитуриенты воспринимают вопросы, и определить направления дальнейшего совершенствования теста. ▶️ Об этом рассказал министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек в подкасте UTO Talk. Каким вопросам, по вашему мнению, следует уделить особое внимание во время пилотирования нового теста? Напишите в комментариях👇

🔬 Қазақстанда бағалау ғылымының жаңа бағыты дамиды Жобаның басты құндылығы білім мен технология трансферіне негізделген серіктестікте жатыр. ETS компаниясы отандық мамандарға тест әзірлеудің заманауи әдістемесін үйретеді. Қазақстандық сарапшылар халықаралық мамандармен бірлесіп жаңа тест әзірлейді. Жұмыс барысында әдістеменің сақталуы мен тест сапасы әр кезеңде бақыланады. Бұл елімізде бағалау ғылымын дамытуға және білікті отандық сарапшылар даярлауға жол ашады. ▶️ Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек UTO Talk подкастында айтты. Сіздің ойыңызша, мұндай серіктестік Қазақстандағы бағалау жүйесінің дамуына қалай әсер етеді? Пікірге жазыңыз👇 ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 🔬 В Казахстане будет развиваться новое научное направление в области оценивания Главная ценность проекта заключается в партнёрстве, основанном на передаче знаний и технологий. ETS обучит отечественных специалистов современным методикам разработки тестов. Казахстанские эксперты совместно с международными специалистами разработают новый тест. На каждом этапе работы будет обеспечен контроль за соблюдением методики и качеством теста. Проект создаст условия для развития науки об оценивании и подготовки квалифицированных отечественных экспертов. ▶️ Об этом рассказал министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек в подкасте UTO Talk. Как вы считаете, какое влияние такое партнёрство окажет на развитие системы оценивания в Казахстане? Напишите в комментариях👇

НЦТ ОБСУДИЛ С РЕГИОНАМИ ПОДХОДЫ К АНАЛИЗУ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ДАННЫХ   В рамках Августовской конференции Национальный центр тестирования провел стратегическую сессию с представителями управлений образования регионов страны. Основной темой встречи стали результаты оценочных процедур и возможности их использования для более детального анализа образовательной ситуации в регионах. Вопрос региональных различий в результатах образования в этом году получил отдельное внимание на республиканском уровне. В своем выступлении на пленарном заседании Августовской конференции Президент Касым-Жомарт Токаев отметил различия в результатах ЕНТ между регионами и поручил усилить работу в областях с более низкими показателями. В этой связи на стратегической сессии НЦТ представил региональным управлениям образования расширенный массив данных по результатам ЕНТ. Участники рассмотрели динамику средних баллов, долю выпускников, преодолевших пороговые значения, результаты по отдельным предметам, различия между регионами, городскими и сельскими школами, а также изменения показателей за несколько лет. Отдельно обсуждалось, как корректно сопоставлять эти показатели и какие дополнительные данные необходимо учитывать при анализе результатов. ЕНТ позволяет оценить уровень подготовки выпускников к поступлению в вузы и используется при конкурсном присуждении образовательных грантов. При этом для анализа образовательной ситуации в регионе результаты ЕНТ рассматриваются в совокупности с другими показателями. В рамках сессии также были представлены результаты Оценки знаний педагогов (ОЗП). Данные позволяют анализировать уровень предметной подготовки педагогов, выявлять различия по направлениям и определять области, требующие дополнительного внимания. Отдельный блок был посвящен сопоставлению результатов учащихся и педагогов. Такой анализ позволяет рассматривать образовательные результаты одновременно с данными о предметной подготовке учителей и выявлять направления, по которым необходима более детальная работа. Еще одним направлением стала профориентация. Представители регионов ознакомились с возможностями платформы EduNavigator, которая предоставляет инструменты для определения интересов и способностей учащихся, а также выбора образовательной траектории. Представленные материалы могут использоваться регионами для детального анализа образовательной ситуации.  

ҰТО ӨҢІРЛЕРМЕН БІЛІМ БЕРУ ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ Тамыз конференциясы аясында Ұлттық тестілеу орталығы елімізд
+4
ҰТО ӨҢІРЛЕРМЕН БІЛІМ БЕРУ ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ   Тамыз конференциясы аясында Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің өңірлеріндегі білім басқармаларының өкілдерімен стратегиялық сессия өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы бағалау рәсімдерінің нәтижелері және оларды өңірлердегі білім беру жағдайын егжей-тегжейлі талдау үшін пайдалану мүмкіндіктері болды. Биыл білім беру нәтижелеріндегі өңірлік айырмашылықтар республикалық деңгейде ерекше назарға алынды. Тамыз конференциясының пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ нәтижелерінің өңірлер бойынша айырмашылығына тоқталып, көрсеткіштері төмен облыстардағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Осыған байланысты стратегиялық сессия барысында ҰТО өңірлік білім басқармаларына ҰБТ нәтижелері бойынша кеңейтілген деректер жиынтығын ұсынды. Қатысушылар орташа балл динамикасын, шекті балдан өткен түлектердің үлесін, жекелеген пәндер бойынша нәтижелерді, өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы айырмашылықтарды, сондай-ақ көрсеткіштердің бірнеше жыл ішіндегі өзгерістерін қарастырды. Сондай-ақ көрсеткіштерді дұрыс салыстыру және нәтижелерді талдау кезінде ескерілуі тиіс қосымша деректер талқыланды. ҰБТ түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді және білім беру гранттарын тағайындау конкурсында пайдаланылады. Бұл ретте өңірдегі білім беру жағдайын талдау кезінде ҰБТ нәтижелері басқа көрсеткіштермен бірге қарастырылады. Сессия барысында Педагогтердің білімін бағалау (ПББ) нәтижелері де ұсынылды. Деректер педагогтердің пәндік даярлық деңгейін талдауға, бағыттар бойынша айырмашылықтарды анықтауға және қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды белгілеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, оқушылар мен педагогтердің нәтижелерін салыстыру мәселесі қаралды. Мұндай талдау білім алушылардың нәтижелерін педагогтердің пәндік даярлығы туралы деректермен қатар қарастыруға және егжей-тегжейлі жұмысты қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Тағы бір бағыт – кәсіптік бағдар беру. Өңір өкілдеріне оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға, сондай-ақ білім беру траекториясын таңдауға арналған құралдарды ұсынатын EduNavigator платформасының мүмкіндіктері таныстырылды. Стратегиялық сессияда ұсынылған материалдар өңірлерге білім беру жағдайын егжей-тегжейлі талдауға пайдаланыла алады.

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ТЕСТИРОВАНИЯ ПРЕДСТАВИЛ ПРОЕКТ AIT   В рамках августовской конференции работников образования «Нормы и ценности новой Конституции: развитие человеческого капитала – стратегическая основа системы образования» руководитель Управления AIT и искусственного интеллекта Национального центра тестирования Мирас Баймырза представил проект нового формата вступительного теста для поступления в вузы –Admissions Insight Test (AIT). В своем выступлении спикер отметил, что разработка AIT ведется Национальным центром тестирования совместно с международной организацией Educational Testing Service (ETS, США) во исполнение поручения Президента РККасым-Жомарта Токаева. Новый формат тестирования предполагает оценивание не только предметных знаний, но и ключевых навыков, необходимых для дальнейшего обучения и профессионального развития: критического мышления, академического письма и исследовательских навыков, коммуникативных навыков, количественной, цифровой и ИИ-грамотности, а также креативного и дизайн-мышления. Такой подход соответствует современным международным тенденциям в сфере оценивания навыков и развития человеческого капитала, отраженным в исследованиях и докладах ОЭСР, Всемирного банка и других международных организаций. Отдельное внимание в ходе презентации было уделено обеспечению справедливости и доступности поступления. Новый формат тестирования направлен на создание равных условий для абитуриентов независимо от региона проживания и социально-экономических возможностей. Внедрение AIT планируется осуществлять поэтапно. Итоговый дизайн теста и конструкты заданий будут дополнительно уточнены с учетом результатов научной стажировки специалистов НЦТ в ETS.

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ AIT ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ «Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – біл
+1
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ AIT ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ   «Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясы аясында Ұлттық тестілеу орталығының AIT және жасанды интеллект басқармасының басшысы Мирас Баймырза жоғары оқу орындарына түсуге арналған жаңа форматтағы тест – Admissions Insight Test (AIT) жобасын таныстырды. Өз сөзінде спикер AIT тестін әзірлеу Ұлттық тестілеу орталығының АҚШ-тың Educational Testing Service (ETS) халықаралық ұйымымен бірлесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Тестілеудің жаңа форматы пәндік біліммен қатар одан әрі білім алуға және кәсіби дамуға қажетті негізгі дағдыларды: сыни ойлауды, академиялық жазу және зерттеу дағдыларын, коммуникативтік дағдыларды, сандық, цифрлық және жасанды интеллект сауаттылығын, сондай-ақ креативті және дизайндық ойлауды бағалауды көздейді. Мұндай тәсіл ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық ұйымдардың зерттеулері мен баяндамаларында көрініс тапқан дағдыларды бағалау және адами капиталды дамыту саласындағы заманауи халықаралық үрдістерге сәйкес келеді. Презентация барысында қабылдау үдерісінің әділдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тестілеудің жаңа форматы тұрғылықты өңіріне және әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, талапкерлер үшін тең жағдай жасауға бағытталған. AIT тестілеуін кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. Тесттің түпкілікті дизайны мен тапсырмалардың конструкттары ҰТОмамандарының ETS-тегі ғылыми тағылымдамасының нәтижелерін ескере отырып, қосымша нақтыланатын болады.

🎓 Кешенді бағалау ЖОО-ға өз талапкерін анықтауға мүмкіндік береді Жоғары оқу орындары үшін талапкердің пәндік білімімен қатар оның тұлғалық қасиеттері мен түрлі дағдылары туралы ақпараттың болуы маңызды. Кешенді бағалау арқылы ЖОО талапкердің креативті ойлау, академиялық жазу, зерттеу жүргізу қабілеттерін, цифрлық және жасанды интеллект сауаттылығын анықтай алады. Бұл әр университетке өз бағыты мен білім беру бағдарламасына сәйкес келетін талапкерді таңдауға мүмкіндік береді. ▶️ Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек UTO Talk подкастында айтты. Сіздің ойыңызша, талапкердің пәндік білімінен бөлек қандай қабілеттері бағалануы тиіс? Пікірге жаза кетіңіздер👇 ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 🎓 Комплексная оценка позволит вузам определить подходящего абитуриента Для высших учебных заведений важны не только предметные знания абитуриента, но и информация о его личностных качествах и различных навыках. Комплексная оценка позволит вузам определить уровень креативного мышления абитуриента, его способности к академическому письму и исследовательской работе, а также цифровую грамотность и навыки в области искусственного интеллекта. Благодаря этому каждый университет сможет выбрать абитуриента, соответствующего его направлению и образовательной программе. ▶️ Об этом рассказал министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек в подкасте UTO Talk. Какие способности абитуриента, помимо предметных знаний, по вашему мнению, необходимо оценивать? Напишите в комментариях👇

🧠 AIT ең алдымен талапкердің өзіне қажет Кешенді әрі жүйелі бағалау құралы ең алдымен білім беру ұйымдары үшін емес, әр талапкердің өзі үшін маңызды. Ақпарат тасқыны күшейген қазіргі заманда адам өзіне: «Мен сыни тұрғыдан ойлай аламын ба? Өз ойымды анық жеткізе аламын ба? Көлемді ақпаратты қорытып, оның ішінен мақсатыма қажеттісін іріктей аламын ба?» деген сұрақтар қоюы керек. AIT талапкерге өзінің ойлау, талдау, ақпаратты саралау және коммуникациялық қабілеттерінің қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. ▶️ Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек UTO Talk подкастында айтты. Сіз ақпарат ағыны күшейген заманда ең маңызды қабілет қайсы деп ойлайсыз? Пікірге жазыңыз👇 ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️ 🧠 AIT необходим прежде всего самому абитуриенту Комплексный и системный инструмент оценки важен прежде всего не для образовательных организаций, а для самого абитуриента. В условиях постоянно растущего потока информации каждый человек должен задать себе вопросы: «Умею ли я критически мыслить? Могу ли я ясно выражать свои мысли? Способен ли я анализировать большой объём информации и находить в нём именно то, что необходимо для достижения моей цели?» AIT позволит абитуриенту определить, насколько у него развиты мышление, аналитические и коммуникативные способности, а также умение отбирать необходимую информацию. ▶️ Об этом рассказал министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек в подкасте UTO Talk. Какой навык, по вашему мнению, наиболее важен в условиях растущего потока информации? Напишите в комментариях👇

📣Құрметті болашақ магистранттар! 💻 Грант куәлігі grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді екенін еске саламыз. Енді 28 тамызды қоса алғанда, магистратураға грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларына құжат тапсыру қажет. 📑 Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет: 🔻 жеке куәлік; 🔻 3×4 көлеміндегі фотосурет; 🔻 жоғары білім туралы диплом және оған қосымша; 🔻 № 075/у нысанындағы медициналық анықтама; 🔻 білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда); 🔻 шет тілін білу деңгейін анықтайтын тестілеу сертификаты және басқа да құжаттар (болған жағдайда). 🙌 Магистратураға түсуде сәттілік тілейміз! 📣📣📣📣📣📣📣 📣Уважаемые будущие магистранты! 💻 Напоминаем, что свидетельство о присуждении образовательного гранта доступно на сайте grant.testcenter.kz. Теперь до 28 августа включительно необходимо подать документы в организации высшего и (или) послевузовского образования для зачисления на обучение на грант или на платной основе. 📑 В приемную комиссию необходимо предоставить следующие документы: 🔻 удостоверение личности; 🔻 фотографию размером 3×4; 🔻 документ о высшем образовании с приложением; 🔻 медицинскую справку по форме № 075/у; 🔻 электронное свидетельство о присуждении образовательного гранта (при наличии); 🔻 сертификат о сдаче теста по иностранному языку и другие документы (при наличии). 🙌 Желаем успехов при поступлении в магистратуру!