📣Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары үшін квота 1%-ды құрайды.
Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2026 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 12 228 грант бөлінген. Оның ішінде 122 грант немесе 1%-ы жетім балаларға арналған.
📍Бұл квота бойынша грант конкурсына:
✅ екі немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар;
✅ ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
✅ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары қатыса алады.
❓ Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
✔️екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі);
✔️баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі;
✔️жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама.
☎️Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.
🤗Пайдалы ақпаратпен достарыңмен бөліс!
📚📚📚📚📚📚📚📚
📣Квота для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, а также граждан РК из числа молодежи, потерявших или оставшихся без попечения родителей до совершеннолетия составляет 1%.
То есть, 1% от общего количества грантов будут распределяться по данной квоте. Например, в 2026 году по направлению «Педагогические науки» выделено 12 228 грантов, из них 122 гранта или 1% детям-сиротам.
📍По данной квоте в конкурсе грантов могут участвовать:
✅ дети-сироты, у которых умерли оба или единственный родитель;
✅дети, оставшиеся без попечения родителей;
✅ граждане РК из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия.
❓ Какие документы необходимо предоставить для участия в конкурсе грантов по данной квоте?
✔️копию свидетельства о смерти обоих или единственного родителя или иные документы, подтверждающие отсутствие родителей (решение суда о лишении родительских прав, об ограничении, о признании безвестно отсутствующими, объявлении их умершими, признании недееспособными (ограниченно дееспособными);
✔️копию договора о передаче ребенка на патронатное воспитание;
✔️справку, подтверждающую факт пребывания в учреждении для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.
☎️По дополнительным вопросам вы можете обратиться в приемные комиссии вузов. Их контакты опубликованы на нашем Telegram-канале.
🤗Поделись полезной информацией с друзьями!