en
Feedback
Жазушы - كاتب

Жазушы - كاتب

Open in Telegram

Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер. Арнайы бір бағытта емес. Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Анонимдік байланыс: t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18

Show more
6 629
Subscribers
-524 hours
-587 days
-24030 days
Posts Archive
Елмен, әсіресе атеистермен айтысқаннан гөрі, айтыспаған жақсы. Ең дұрысы - Бауыржан ұстаздың позициясын ұстану. Яғни шәкірт тәрбиелеу. Болашақта ұстаз боламын дегендерге жақсы ой. Және де сол ұстаздарды қолдау.

Қазақта “Қайтып келген қыз жаман” деген сөз бар ғой. Ал мына хадисте: қайтып келген қызыңа/қарындасыңа жақсылық жасау - ең жа
Қазақта “Қайтып келген қыз жаман” деген сөз бар ғой. Ал мына хадисте: қайтып келген қызыңа/қарындасыңа жақсылық жасау - ең жақсы садақалардың бірі екені айтылған. Яғни, оларға жақсылық жасап, көмек беруіміз керек. Себебі оған қамқор болатын өзіңнен басқа ешкім жоқ. Негізі, мақалға қайшы емес пе?!?! Кеше бір ұстаздың видеосынан көріп қалдым осы хадисті. Ақпарат ретінде бөлісіп жатқаным ғой.

Әндай боьтар бір пәле болды ғой)

Арнаны дұрыстап қолға алармын, ин шәә Аллаһ. Жұмыс, жұмыс деп, тегі бір болып кетті.

Зікір, дұға етіе отқан жандар?! Қабыл болсын.

Барлық ерлер, барлық сақалдылар сондай қылмыскер дегенде көңілге тиеді екен…

Қазақ сақалды жігіттерді және барлық қазақ жігіттерді бірдей қылмыскер етіп көрсету дұрыс емес. Барлығын бірдей деу – жазықсыздардың да ақысына кіру. Бірақ бір қызығы, кейбір әйел қауымы қазақ жігіттеріне келгенде “бәрі сондай” деп жалпылайды, ал Грузин, Түрік, Орыс, Араб, Серб, Тай сияқты ұлттардан қазақ тапқан қыздарға келгенде мәселені ұлттан көрмей, “таңдауы сәтсіз болды, ұлттың жаманы жоқ” деп қана қоя салады. #өкінішті

Әсіресе тердсе халық жауы болып кетесің))

Біздің қоғам агрессивті болып кеткен. Екінші тараптың пікірін қабылдай алмайды. Тек өз пікірін ғана дұрыс санайды.

Құрметті оқырман, бауырлар! Осындай бір кітап жазылған екен. Бір алып, қолдап жіберсеңіздер. Арнайы жарнама емес, кішігірім қ
+4
Құрметті оқырман, бауырлар! Осындай бір кітап жазылған екен. Бір алып, қолдап жіберсеңіздер. Арнайы жарнама емес, кішігірім қолдау ғой.

Бір “Барни” шоколадына болмашы нәрсе үшін әйеліне ұрысу деген сұмдық қой. Әйелі жегісі келсе, несі айып?! Үйде отырған келін түрлі нәрсе жегісі келеді ғой, мысалға алғанда. Мәселе бір шоколадта емес. Әйелдің ішіне біраз дүние жиналып қалған сияқты. Алла жәрдемші болсын!

Ағылшын тілін судай сөйлеп, бұлақтай түсініп, кітапты қазақша оқығандай түсінетін жандар бар ма? 😀

Қартайған молданың жас молдаға мінберін бергісі келмейтіні туралы бұрыннан естуші едік. Қазіргі таңда кейбір жасы келген діни қызметкерлер өзінен жасы кіші діни мамандарды радикал етіп көрсеткісі келеді.

Негізі әрбір діни мәселенің өз толқыны болады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қаншама діни түрлері кірді. Әрқайсысының бір дәуірі болды, толқыны өтті. Кезінде қатты насихаттағандардың көбі қазір жоқ, үндері де өшті. Қазір атеизмнің дәуірі сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның да уақыты өтеді. Одан кейін басқалар келуі мүмкін. Ал дәстүрлі дін бәрібір қалады.

Әйелді “ұрғашы” деген сөз ескі әдеби кітаптарда келеді ғой. Тіпті “зайып” деген сөз де бар. Ал қазіргі уақытта қоғам өзгере, менталитетке байланысты бұл сөздер әйелге қолданылмайды. Сол себептен кітап бетін ашпағандарға шок болып, өкпелеп қалған болса керек. Кейбірі “ескінің адамы” деген түсінікпен де қарады.

Ақшаңды естелікке жұмса, әсер қалдыруға емес. 📕 «Ақша психологиясы» ©️ Морган Хаусел

Кішкентай жинақтар уақыт өте үлкен капиталға айналады. 📕 «Вавилондағы ең бай адам» ©️ Джордж С. Клейсон

Әр сатып алудан бұрын өзіңнен: «Бұл маған шынымен қажет пе?» деп сұра. 📕 «Ақша немесе өмір» ©️ Викки Робин, Джо Домингес

Ақша қалғанын жинама. Алдымен жина, қалғанын жұмса. 📕 «Вавилондағы ең бай адам» ©️ Джордж С. Клейсон

Молдаға жабу мода. Санжар Керімбай ағамыз негізі молда емес. Алдыңғы бір әңгімесінде қазақтағы кейбір ырым-дәстүрді Х.З. Әлиден келген дегенде, желіде наразылық болғаны бар. Оның дұрыс-бұрыс екені тарихшылар айтқаны дұрыс. Айтпағым ол емес. Соңғы кезде байқап жүрмін: атеистік подкасттарда, посттарда болсын, осы әңгімені “молда айтқан” дегенді естідім. Санжар ағамыз қашаннан бері молда? Жалпы, бізде даулы діни әңгіме болса, бірден молда деп шыға келеді екен. Кешегі тойдағыны да молда деп жатыр.😀